Атмосфераның құрамы және ластаушы көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 18:10, реферат

Краткое описание

Атмосфера (гр. atmos — «ауа» және гр. sphaira— «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимінің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды.

Содержание

І. Кіріспе.

Атмосфераның жалпы сипаттамасы

ІІ. Негізгі бөлім:

А) Атмосфераның қабаттары

Б) Атмосфераның құрамы

В) Атмосфераның ластаушы көздері

ІІІ. Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Атмосфера реферат.docx

— 49.75 Кб (Скачать файл)

 

            Атмосфераның маңызды қасиеттеріне  оның жылдам араласуы мен үлкен  ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен  байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы  нәтижесінде мұхит атмосферадағы  көміртегінің қос оксиді мен  оксидін, күкіртті газ және басқа  қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы  қосылыстардың басым бөлігін  өсімдіктер сіңіреді және зат  алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальді ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады. Адам атмосфераның әр түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтілік, электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.

Ерте кездерден-ақ ауаның ластануына қарсы шаралар қолға алына бастады. XVIII ғасырда Англияда ірі қалаларда, Лондонда, көмірді отын ретінде қолдануға шектеу қойылды. Осы кездерден бастап жер үсті суларының ластануына қарсы ( мысалы, тұрмыстық қалдықтармен) шаралар қолдана бастады.

Адам ауаның құрамына кіретін негізгі химиялық элементтер- азот пен оттегінің концентрациясының өзгермеуі олардың концентрациясының жоғары ( азот-78,09%, оттегі- 20,95%) болуына байланысты. Бірақ мұны біз көмірқышқыл газына қатысты деп айта алмаймыз.Оның концентрациясы біртіндеп артып келеді, бұл көмірқышқыл газының атмосферада аз болу жағдайында келіп түскен мөлшерінің анағұрлым жоғары болуына байланысты.

Сонымен қатар атмосфераның міндетті емес заттарының конценрациясы елеулі өзгеріске ұшырауда. Бұларға ең алдымен көптеген ластаушылар, соның ішінде тіршілік үшін бөгде заттар жатады. Адам қызметінің нәтижесінде атмосфераға атамосфера үшін бөтен немесе атмосфераға тән заттардың концентрациясының өзгеруіне байланысты ластаушы зат болып табылытын жүздеген заттар келіп түседі. Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, орманды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын және т.б. салу нәтижесінде басталады.

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  • Экология: Жоғарғы және орта оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы Экономика 2002.

 

  • Сәтімбеков Р. Биология: Алматы «Атамұра» баспасы, 2009.

 

  • География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Алматы 2010.

 


Информация о работе Атмосфераның құрамы және ластаушы көздері