Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 13:42, реферат
Ауа бассейні екі түрлі жолмен табиғи және антропогендік ластанады. Күшті шаңды борандар мен тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау.
Ауа бассейні екі түрлі жолмен табиғи және антропогендік ластанады. Күшті шаңды борандар мен тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері қалалардың кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. «Маңғыстау мұнай» өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ бостан бос жағып жіберілді.
Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.
Атмосфераның лсатауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыстарда ондай 40 жуық қондырғы бар.
Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік
үлгілерге сай
ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді, бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б. осының бәрі жеке елдің емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-біртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.
Адамзаттың барлық ғаламдық
проблемаларын бір ғана
Бұл қазіргі таңдағы
ең негізгі мәселе болып отыр,
өйткені құрғақшылық пен тұщы
су көздерінің болмауы
Адам экологиясы
Аталған мәселелердің барлығы бір нүктеде қиылысады. Ол - Адам. Адам-биологиялық, сондай-ақ әлеуметтік тіршілік иесі. Адам табиғаттың құрамдас компоненті болып табылады. Табиғат, табиғи географиялық орта белгілі - бір дәрежеде адамның өмір сүру образы, оның басты өмірлік кәсібін, яғни мәдени-шаруашылық типін анықтап береді. Мәдени-шаруашылық тип кез-келген этностың мәдениеті мен өнерін, дүниетанымын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін анықтайды.
Ауаның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді.
(Тау-кен ісі, кен байыту
және металлургия салалары
Ауаның өндіріс қалдықтарымен зиянды газдармен ластануы
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік
ортасы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды.
Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы
болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат
үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның
құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан
– тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера
(40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км)
және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр
қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі,
газдық құрамы, тіршілік нышаны болады.
Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының
тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық
сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның
негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік
іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың
шығарлуы. Оларды ауаны ластағыш заттар
деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын
қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді
таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке
қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот,
көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады
және жерді метеорит әсерлерінен, күн
және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден
қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды,
ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер
шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы
ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге
ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы.
Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрcеткіштері
оның ластану дәрежесі болып саналады.
Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың
шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты
құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда
ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері -
өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу
энергетикасы, қару жарақтарды сынау,
ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда
аталған объектілерден атмосфераға түскен
заттар ауа құрамындағы компоненттерінің
қатысумен химиялық немесе фотохимиялық
өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда
болған химиялық өнімдер суға, топыраққа
түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды,
құрлыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл
газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің
тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі
тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз
ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық
реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген
жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға
бастайды.
Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер
әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі.
Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті
мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың
тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа
құрамындағы негізгі екі газдың тепе-теңдік
мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы
жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера
экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны
ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің
экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше
үлес қосып келеді.
Біздің республикамызда атмосфера ауасына
шығарылатын зиянды заттар мен газдар,
т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет
ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында
болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға
және тоқсанға жіктеліп «Ақпараттық экологиялық
бюллетен» журналы арқылы көпшілікті
хабардар етеді.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау
бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы
ең көп ластанатын қалаларға Ленинград,
Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине
бұл үнемі өзгеріп отырады.
Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің
т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны
бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп
ластанған қалалардан бірінші орынға
Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал
1999-2001 жылдары Өскемен шығып отыр. Бұл
жерде қара металлургияның ластағыштары
және түсті металлургия кәсіпорындарынан
шығатын қалдықтар көп.
Алматы мен Зырян қалаларының
зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы
Республика жағдайында атмофераның ластануына
өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан
нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген
технологиялық процестер нәтижесінде
құрамында қатты және сұйық бөлшектері
бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде
бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар
өте қауіпті, улы келеді. Олар негізінен
күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот
оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі
қатты және сұйық заттар.
Атмосфера тұрақты көздерден шығатылатын
зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген
деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763,0
мың т.), Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған
(487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан қаларында
(170,0 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола
(120,0 мың т.), Атырау (90,0 мың т.) облыстары
болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы,
металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары
шоғырланған.
Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар
мен газдардың көпшілігі осы облыстар
мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді,
суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы
қоршаған ортаны ластап жатыр. Қазгидромет
мәліметі бойынша республиканың әрбір
шаршы километріне жылына орта есеппен
1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.
Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың
ау бассейні автокөліктерден шығарылатын
зиянды заттармен ластанып отыр.
Соңғы 2001 жылдың мәліметі бойынша Өскемен
қаласының ауасында күкірт диоксиді және
фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты
денгейден 1-4 ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты
ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент,
Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе,
улы формальдегид (3 есе көбейгені ) Шымкент,
Тараз және Петропавл қалаларында байқалып
отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері
Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК)жетсе,
ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне
жеткен.
Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің
ластануы көбінесе қатаң континентальды
ауа райына да байланысты. Жауын-шашын
мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи
тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент,
Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында
ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары
балмайды, соның себебінен қалалар үнемі
қалын зиянды улы тұманмен оранып жатады.
Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың
болуы да өте қауіпті.
Әсіресе, кадмий, қорғасын, мырыш, сынап,
мөлшері үнемі бақылауға алынады. Ауыр
металлдармен ауаның ластану республика
бойынша жоғары болмағанмен жекелеген
қалалар бойынша жағдай жақсы емес. Мысалы,
қорғасын көрсеткіші Ленинградта – 17
ШМК, Балқашта – 8, Шымкентте – 6 есе болып
отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдар
17-81 ШМК-ға жеткен.
Қазақстан ауа бассейінің ластануы көршілес
мемлекетердің ауаға шығарлатын зиянды
заттардың есебінен де көбейе түседі.
Өйткені, ауа бассейнінің бәрімізге ортақ
екені айқын.
Информация о работе Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау