Ауа бассейінінің ластануынан туындайтын проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 14:31, научная работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде.

Вложенные файлы: 1 файл

Жергілікті ж.е әлемдік атмосфера бассейнінің ластануынан туындайтын проблемалар.pptx

— 948.55 Кб (Скачать файл)

Жергілікті ж/е әлемдік  атмосфера бассейнінің ластануынан  туындайтын проблемалар. 
 
 
 
 
 
 
                                                                                    Орындаған: Альдикенов Е.  
                                                                                                  Педагогикалық факультет 102гр.  
                                                                                   Тексерген: Кенжебаева Ш.  
 
 

 

Абылай  хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдер университеті.

 Педагогика және психология кафедрасы

Педагогикалық факультет

 

 

 

 

 

Алма-ата 2013

    • Жұмыстың өзектілігі.

Қазіргі кезеңдегі  ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп  өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте  өткір мәселеге айналып отыр. қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық  жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде. 
Ластаушы заттардың негізгі түрлері газ тәрізді заттар. Отын жанғанда, автокөлік қозғалысы кезінде көміртек оксиді бөлінеді. Ол өте улы газ. Қанның құрамындағы гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, организміді улайды. Сондықтан, автокөліктерден және өндіріс нысандардан шығатын улы қалдықтарды азайту өте өзекті мәселе болып отыр.

    • Жұмыстың мақсаты.  
      Атмосфералық ауа бассейнінің ластану проблемаларын, сондай-ақ оның стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан улы да зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау. 

 

Кіріспе

 

  
Атмосфераның құрамы мен оның ластану проблемалары қазіргі кезеңдегі өткір проблемалардың бірі болып отыр.  
Проблеманың өткірлігі анторпогендік фактормен өте тығыз байланысты. Ауа бассейнін ластаушы көздер өндіріс орындары, автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін зиянды заттар. 
Ластанған ауа материалдарының, бұйымдар мен өнімдердің бұзылуын жылдамдатады, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі, адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізеді. Атмосферадағы көміртек оксидінің шамадан тыс жиналуы парникті эффект туғызады. Оның нәтижесінде полярлы мұздың еру процесі, мухиттар мен теңіздер деңгейінің көтерілуі т.б. сияқты ауқымды проблемалардың тізбегін жалғастырады.  
Жылу электр станциялары атмосфераға күкірт, азот және көміртек оксидтерін, материалдарды, күлді шығарады. 
Автокөліктерден шығатын газдарда 200-ден астам зат түрлері кездеседі. Автокөлік транспорты шамамен 92 пайыз СО, 63 пайыз көмірсутектер және 46 пайыз азот оксидтерін шығарады. Олардың құрамында қорғасын қосылыстары да болады. 
Олай болса атмосфералық ауаның құрамына талдау жасап, бөлінетін зиянды заттардыңтірі организмдерге әсері жан-жақты зерттеліп, ластануды болдырмаудың тиімді шараларын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. 

Атмосфераны ластағыштардың құрамы.  

 

Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындының құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, әр түрлі ұшпа көмір сутегілері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутегі, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

Бензинді мұнайды  айдау арқылы алғанда да күкірттің  біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнай мен көмірге қарағанда  табиғи газда күкірт болмайды. Осы  тұрғыдан қарағанда газ экологиялық  таза отын болып саналады.

 

1-кесте. Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері.  
(млн. Т.)

 

Заттектер

Дүние жүзі бойынша

Қазақстан

Тұрақты көздер

Көлік

Тұрақты көздер

Көлік

Қатты бөлшектер

57

80

6,4

3,7

Көміртек  оксиді

177

200

7,6

10,1

Күкірт  оксиді

99

0,7

9,2

-

Азот  оксиді

68

20

3,0

1,1

Көмір сутектері

4

50

0,2

2,0


2- кесте.  
Өндірістің негізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардың үлес салмағы (млн. Т.)

 

Негізгі өндіріс салалары

Шаң-тозаң

Күкіртті  газ

Көміртек  тотығы

Азот  тотығы

Көмірсутек

Жалпы үлес салмағы

Жылу  электр станциялары

39

38

-

-

-

29,0

Құрылыс материалдарын өндіру

25

-

-

-

-

8,1

Қара  металлургия

10

16

43

23

3

24,0

Түсті металлургия

16

22

-

-

-

10,5

Мұнай өңдеу, мұнай-химия өндірісі

-

3

13

-

82

15,5

Химия өнеркәсібі

-

-

-

12

-

1,3


Туындайтын проблемалар

 

Өнеркәсіптің көп салынуы, адамның  өндірістік

Улы газдар мен ауыр металдардың  ауаға көп бөлінуіне, озон қабатының  жұқаруы алып келеді

Экологияға және жалпы  табиғат пен тірі дүниеге әсері

Қышқылдық жаңбыр

Парник эфектісі

Мұздықтардың еруі

Озон тесіктері

Жергілікті және жер шары биоценоздың  бүлінуі

Жануарлар мен өсімдіктердің  ауруға, мутацияға ұшырауы, ал біз  олармен қоректенетіндіктен біздің де денсаулығымыздың нашарлауы.

Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.

 

    • Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосфера (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат.
    • Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді. 
      Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

 

 

Озон қабатының адам әрекетінен бұзылу нәтижесі

Парникті эффект (жылу эффекті).

 

    • Өрттер және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектерінің жоғары концентрациясы: метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

Парникті эфект

Қышқылды жаңбыр

 

    • Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылдар және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады
    • Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқ а жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.

 

Қышқылды жаңбырлар әсері

Қышқылды жаңбырдың пайда  болуы

Смог

 

Смогтар: – біріншіден – көп мөлшерде ауаға тарайтын шаң мен газдардан, екіншіден  – ауа-райының антициклонды жағдайының ұзақ болуынан пайда болатын улы  ауа массалары. Олардың пайда  болу себебі: қазіргі кездегі адамның  өндірістік әрекетінен қоршаған ортаға химиялық заттардың мың-мың дап  шығаруы. Айтып өту керек ғаламдық және жергілікті проблемалардың бәріне де адамның өндірістік әрекеті кінәлі, яғни адам өзіү.

Смогтың түрлері;

    1. Ылғалды смог – жер бетінен 100 метр қашықтықта пайда болатын сарғыш түсті улы тұман. Теңіз климатты мемлекеттерге тән. Мысалға: Лондон
    2. ҚҰрғақ смог – Ауа құрғақ, ылғалы аз жерлерге тән, көкшіл түтін. Мысалға: Лос-Анджелес смогі
    3. Арктикалық смог – төменгі тепературада пайда болатын, улы заттары кристалданған, яғни ұсақ мүзкристалдарынан тұратын тұман.

 

Қорытынды

 

Менің ойымша атмосфераны қорғау үшін

    • Техникалық тазалық шаралары: түтін мұржаларын биік салу, түтін, газ тазартқыштарын орнату, жабық газ шығармайтын технологиялық және тасымал машиналары, қондырғылар қолдану
    • Технологиялық шаралар: толық немесе жартылай тұйықталған технология құру; шикізатты қалдықсыз өңдеу; шикізаттың, отынның зиянсыз түрлерін қолдану; өндірісті автоматтандыру.
    • Өндірісті ұйымдастыру шаралары: өндірістік жасыл алаңдар, санитарлық алқаптар құру; өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті қаладан тысқары жерге орналастыру; қалалар, елді-мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру;
    • Тыйым салу, бақылау шаралары: ластаушы заттардың шығарылуын нормалау, шектерін белгілеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, оларды уақыт, территория және зерзаттар бойынша шектеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау. Жекелеген өте зиянды заттар шығаруды тоқтату, өндірісте қолдануға тыйым салу және т.б. Іс шараларды жүргізу керек.

Ауа бассейнінің  ластануы туатын проблемалар біздің уақытымыздағы басты проблемалардың бірі. Озон қабатының жұқалауы адамзат  түрінің жоғалуына алып келеді, жылулы эфектіден мұздықтар еритін болса, адамзат қауымында мемлекеттердің жойылуына, көптеген түрлердің жойылуына, ол адам дамуын артқа шегереді.Қышқылдық  жаңбыр мен смогта адам қауымы мен  жалпы табиғатқа зардабын тигізеді. Адам өз құйрығын жеген жылан. Біз жер біздікі деп санаймыз шын мәнінде біз жердің балаларымыз. Табиғат өзін өзі емдей алады ол адамсыз өмір сүрген және біссіз де өмір сүре береді. Оған дәлел Чернобыльдағы қазіргі ормандар, жәндік пен кейбір жануарлардың қайтадан гүлденуі. Ал біз табиғатсыз құрыймыз.

 

Глосари

 

    • Озоносфера , озон қабаты (гр. ozon – аңқығыш және sphaіra – шар), озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі 10 – 50 км) қабат.
    • Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар.
    • Озон - оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі.
    • Қышқылды жаңбыр - ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс: SO2, NO2, HCl, т.б.), қышқылдың құрам (pH<5,6) мөлшерінің көптігінен пайда болған атмосфералық жауын-шашын түрі.
    • Смог - өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман, улы газдар мен ауыр металл және шаңнан тұратын ауа.
    • Парник эфектісі - Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін.

Пайдаланған әдебиеттер  

 

    • Ә.Бейсенбаева, А.Самақова, Т.Есболов, Ж.Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану».
    • Ғ.Сағымбаев. «Экология негіздері».
    • Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозматаева «Экология».
    • Денсаулық журналы.
    • Арустамов Э.А. и др. Экологические основы природопользования. Москва,2001.
    • Федоров А.И, Никольская А.Н. Практикум по экологи. Москва: Гумм.изд. центр Владос,2001.
    • Одум Ю.М. Экология 2х томах М.Мир, 1986г.
    • Петров В.В Экологическое право Россия// Москва Изд. ВЕК 1996

Информация о работе Ауа бассейінінің ластануынан туындайтын проблемалар