Аутэкология особьтар экологиясы экологиялык фактор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 17:57, курсовая работа

Краткое описание

Бидайдың орташа түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз ете алады
Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.
Фосфордың органикалық қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.

Вложенные файлы: 1 файл

bios.docx

— 24.11 Кб (Скачать файл)

 

Элементтер

Мөлшер

Бидайдың орташа түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз ете алады


Топырақтағы азоттың  көп бөлігі органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.

Фосфордың органикалық  қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың  көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы  калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.

Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тарады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы.

Өсімдіктерге сіңімді  түрдегі химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда өте аз.Сондықтан мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.

Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азаяды, бұл егін өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20% — ке кеміген, келесі 20 жылда 10% — ке, келесі 20 жылда 7% — кеміген.

Топырақ құнарлылығы  тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты. Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс қасиеттеріне байланысты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімі құнарлылық тыңайтқыш қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге және т.б. шараларға сәйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады:

Табиғи құнарлылық


Тиімді

Әлеуметті


Жасанды тиімді құнарлылық


Ғылым мен ауылшаруашылығындағы тәжірибе дамыған сайын жасанды құнарлылық арта түседі. Тиімді құнарлылық адамзат қоғаының дауына, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың дауына байланысты.

Өткен ғасырда «кемуші құнарлық заңы» деген қате және реакцияшыл заң тұжырымдалды. Ол көптеген тәжірибелер нәтижесінде шығарылды. Ол тәжірибелер кезінде топырақ құнарлығына және өнім түсіміне бір фактордың әсері зерттелді. Мысалы: топырақтағы судың арпа өніміне әсері анықталды. Тәжірибе деректері бойынша топырақ ылғалдығы 60%-ке жеткенше өнім артып отырды, ал ылғалдықты көтерген кезде өнім азайып, 100% ылғалдық кезінде нөлге тең болған.

Мұндай тәжірибелер басқа да өсімдіктермен олардың тіршілігіндегі басқа да факторларға қатысты жасалып отырған. Барлығында да берілен фактордың онтайлы құрамына сәйкес ең көп өнім алған да, бұл фактордың мөшерін әрі қарай көбейткен сайын өнім жинау төмендей берген.

Тәжірибе нәтижесін  өндіріске енгізіп, кейбір зерттеушілер жансақ пікірге: топырақты өңдеп пайдаланған сайын топырақ құнарлығы топыраққа салынған еңбек пен қаржыны ақтамай, бірте-бірте азая береді. Осы қорытыдыдан қате тұжырымдар жасалған.

В.Р.Вильямс осындай тәжірибелердің ғылыми негізсіздігін дәлеледі. Оларды өткізгенде әдістемелік қателік бар фактодың өсімдік тіршілігіне әсері алынғанын, тәжірибені бірнеше фактор мен өткізсе, өнім өсе түсетіні дәлелденді.  

 

5 Топырақ  георафиясы

Топырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т.б. шаалар географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы керек. Бұл жайт ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты деректері бойынша берілген тыңайтқышты түрлі топыраққа қосу тиімділігі туралы кестеде жақсы көрсетілген.

Табиғи аймақтар

Топырақтар

Тыңайтқыш әсері

Орманды

Күлді және шым-күл  топырақты жерлер

Жоғары. әк (известь)

Орманды-далалық

Сұр орманды, күларалас, негіз аралас қара топырақ

Жоғары. Фосфорит қосылған аймақ

Далалық

Типтес, кәдімгі, оңтүстік

Орташа. Көбіне топырақ

 

және шабындық – қара топырақты жерлер

тұрақсыз және жеткіліксіз ылғалданады

Құрғақ

Каштан

Әлсіз. Қуаңшылық  жағдай

Шөл дала

Сұр топырақтар

Күшті. Суармалы егіншілік


Егіншілік дұрыс ұйымдастыру үшін топырақта ғана емес, топырақты түзуге қатысатын табиғат жағдайларын да жан-жақты зерттеу керек. Сондықтан топырақ географиялық және жер қыртысы карта георафиялық жұмыстар маңыға ие болып келеді.

 

 

6 Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызы

Топырақ және халықтың денсаулығы, топырақтың санитарлық-гигиеналық және медициналық маңызы зор.

Топырақ көптеген қарапайым  жануарлар мен микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып табылады. Ірі совет ғалымы-медик, географ А.И.Павловский зерттеулері бойынша табиғатта жұқпалы және паразиттік аурулар «ошактары» бар.

Бұл ошактар ауру тудырушылардың тіршілік етуіне қолайлы орта. Сондай орта – топырақ болып саналады. Мысалы: гистоплазмоз тудырушы грибоктар тек қызыл-сары күл топырақты жылы климатты аймақта жақсы дамиды да, басқа топырақта дамымайды.

Индияда соңғы кезге дейін холера (тырысқақ) ауруы сақталып келді. Оның кең тарап, адам өліміне жие әкелетінтарауы аймағы – гидроморфы топырақты (аллювиал, атыраулық, батпақты) аймақ холера дамуына өте қолайлы.

Топырақ ауру тудырушы микробтар үшін ғана емес, ауру тасымалдаушы жануарлар үшінде қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан кейбір жұқпалы аурулар белглі бір жерлерде ғана болады.

Адам денсаулығына топырақтың химиялық құрамы да әсер етеді. Топырақта кейбір элементтердің артық не кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер ететінін жоғарыда атап өттік.

Адамға жеткілікті геохимиялық ерекшеліктер аз әсер етеді, себебі халық тек жергілікті өнімді ғана пайдаланбайды. Бірақ кейде жекелеген химиялық элементтердің топырақтағы тапшылығы (артықшылығы) сондай, бұл халық денсаулығына әсер етпейқоймайды. Кальций, темір, йод, фтор тапшылығынан болатын көптеген аурулардың болатыны белгілі.

Әсіресе, өмірлік  маңызы бар процестерге қатысатын биологиялық белсенді заттар құрамына кіретін химиялық элементтердің етіспеушілігі халық денсаулығына едәуір зиянын тигізеді.

Мұндай аурулар эндемиялық деп аталады. өсімдіктер мен жнуарлар арасында ауытқулар болатын аумақты А.П.Виноградов биогеохимиялық провинция деп атаған. Шаруашылықты жоспарлы түрде дұргізгенде эндемиялық ауруларды жоюға болады. Мысалы: топырағында йод жетіспейтін таулы аудандарда ас тұзына әдейі йод араластыру арқылы зобтың ауыр түрлері жойылады. 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. А.М.Лыков, А. А. Коротко, Т. Г. Громокова «Земледение с почвоведеним»
  2. А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков «Почвы Казахстана»
  3. В. В. Добролький География почвы»
  4. Х. П. Миримонян «Почведение»
  5. «Общее земледения с почвоведеним»
  6. М. Құспанов «Топырақ, өсімдік, тыңайтқыш»
  7. Н. А. Димо «Шөлейт облыстарда»
  8. Н. А. Каинский «Топырақ, оның қасиеттері және тіршілік»

Информация о работе Аутэкология особьтар экологиясы экологиялык фактор