Балаларды табиғатпен таныстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 19:14, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады.

Содержание

І.КІРІСПЕ...............................................................................................................3


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................................7

БАЛАБАҚШАНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ.............................................5


2.1.БҮГІНГІ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕСІ .......................................................10

2.2. БАЛАБАША ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ..............................................................................................................13


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

балабақша бұгіні.doc

— 138.50 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

 

 

ЖОСПАР:

 

І.КІРІСПЕ...............................................................................................................3

 

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................................7

 

 БАЛАБАҚШАНЫҢ  БҮГІНІ  МЕН  БОЛАШАҒЫ.............................................5

 

 

2.1.БҮГІНГІ   БАЛАБАҚША ТӘРБИЕСІ  .......................................................10

 

2.2. БАЛАБАША ТӘРБИЕСІНДЕ   ХАЛЫҚТЫҚ  ПЕДАГОГИКАНЫҢ  МАҢЫЗЫ..............................................................................................................13

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................23

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

КІРІСПЕ

              Тәрбиенің сан алуан келелі  мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды  бала санасына орнықтыратын алғашқы  білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын  бала бойына сіңіре отырып  имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. Кәмелетке толмаған балғын шақ баланың адам болып қалыптасуындағы ең күрделі әрі қызықты шағы. Осыған қарай  ғылым баланың туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңін төрт топқа бөліп қарастырады.

      1. Бөбектік шақ (туылғаннан 1  жасқа дейін);

      2.Сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);

      3.Мектеп жасына  дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);

      4.Төменгі сынып  жасындағы балалар (6-7, 10-11 жас аралықтары).

 Жалпы балалардың дамуының  ерекшеліктері олардың іс-әрекеттерінің  түрлері мен оларды қоршаған  нақтылы орталарына, көзқарастарына  байланысты болып келеді. Сондай-ақ  балалық шақ кезеңіндегі қоғамның  әлеуметтік-экономикалық, этномәдени  жағдайының әсері баланың болашақта қабілетінің дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ал жасөспірімдердің тым ерте жастан мектепке дейінгі мекемелерге тартылуы олардың психикалық және дене–тұлғалық денсаулығын нығайтуға, тілалғыш, салмақты болуына, ұжымдық ынтымақтастыққа, достыққа адалдық, түр-сипаты мен бітім-болмысы мығым азаматтар болып өсіп-өнулеріне, жетіліп кемелденулеріне ықпал етеді. Мектепке  дейінгі тәрбиелеу және оқытып, үйрету ұйымдарына жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай мыналар жатады: балалар бақшасы, мектепалды тәрбиелеу мен оқыту мекемелері, т.б. Осылардың ішінде жасөспірімдердің жан-жақты жетіліп, өсіп-өнулеріне ықпалы зор ұйым-балалар  бақшалары болып саналады.

Балабақша - бұл балдырғандардың ойын дамытуға, оқуға құлшынысын арттыруға, мінез-құлқын көпшілік ортада ұстай білуге, әдептілікке, имандылыққа, жоғары адамгершілікке  баулитын, сөйтіп отбасымен қатар жасөспірімдердің қабілет-дарындарының дамып, жан-жақты жетілулеріне тікелей ықпал ететін әлеуметтік институт.

Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл – балдырған, бүлдіршін. Балдырған – сәби жасынан асқан  ойын дамытуға, білуге ұмтылған, мінез-құлқынан әдептілік, имандылық көріністері сүйсіндіретін бала, өсер ұрпақ. Балдырған шақта баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі айрықша болады да, тәрбиені, білімді тез қабылдайды. Оқуға, ойнауға, ізденуге құмар болады, әдептілігі қалыптасады. Осыған қарай балдырған тәрбиесі балабақшадан терең әлеуметтік, рухани-моральдық тәрбие мен білім беруді  талап етеді .

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың:  «Жаңа  әлемдегі  жаңа   Қазақстан»  атты  Қазақстан халқына жолдауында  еліміз   дамуының  жаңа  кезеңінің   келесі  он   жылға   арналған  бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс–тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады .

             Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» – деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері тәрбиешілер алдында балаға білім., білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші – тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді

          Іс-әрекеттің  тап осы түрлерін ғана дамыту  арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз.

             Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.

            Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер  рухында баулу, құлағына сіңіру  әдет-дағдысына айналдыру – парызды  іс. Қазақ сөз өнерін қатты  құрметтеген халық: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті.

         Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

              Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді , деген екен. 
             Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс. 
         12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді. 
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.     Адамды - жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы және оның өркендей өзгеріп жетілген биік шыңы деп қарастыратыны орынды.

             Баланың 4-5 жасар шағы, ең бір танымдық қабілетті, үздіксіз жұмыс істеген, айналасындағы құбылыстарды сезіну, білуге деген ынталығы да мол байқалатын мезгілі. Көп жағдайларда оның жан дүниесінің қозғалыстарына тән құбылыстардың үлгере алмауынан, үнемі асығыс-қимылдардың артықшылығынан сүрініп-жығылып, құлап жататыны байқалады. (Біз оны қазақша тұсау кесер мезгілі дейміз. Ол да шындыққа ұласады). Өйткені олар "көнілдегі көк дөненнің" жүрісін тежей алмай әлекке түседі. Ондай қозғалыс осы мерзімде өте жиі кездеседі. Бала бұл шағында сан-сапалы тағылымдарды игеріп, неше түрлі күрделі құбылыстарды ұсына алатын жағдайда жетеді. Оның миының үстіңгі қабығы қауырт жетілу себепті - баланың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін пәрменді ықпал етумен бірге, өзінің күллі нерв талшықтары мен жұлын-жүйкелерінің жұмыс істеу қабілетін күшейте береді. Жан дүниесінің осыншалық қауырт жетілуінің арқасында, оның тән құрылыстары да ерекше икемділікпен тығыршықтай тарылып марқая түседі.

Әрдайым қозғалыс үстінде баланың денесі қалыпты салмақты мөлшер-де өсіп отырады.

Олардың әр жастағы көрсеткіштері төмендегідей болып келеді.

-  4 жастағы орташа салмағы 15-16 кг, бойы - 100 см болса, бір жылда 1,3 кг салмақ қосып, тұлғасы 6,7-7 см өседі.

-  5 жастағы орташа салмағы 17-18 кг, бойы 106-107 см болады.

-  6 жастағы орташа салмағы 19-20 кг, ал бойы 1, 12-1, 13 см.

- 7 жастағы орташа салмағы 22-23 кг, бойы 1,19 см. Кеуде қуысы көлемі 58-59 см болуға тиіс.

Балалардың бала бақшасы жасындағы кезеңінде, яғни, 4 пен 7 жас аралығында әсіресе ұлдар үшін жалпы қозғалыстың көлемі 7 және 9 км мөлше-рінде болады. Нақтырақ айтсақ ұлдар 4-5 жасында 6-7 км, 6-7 жастағылар

-  9 км, жол жүре алады. Мұндай жас мөлшеріндегі қыз балалардың қозғалысының мөлшері 2 км аз болып келеді.

Төрт-бес жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды игеріп, аз және көп сандарды, қалың мен жүқаны ажыратумен қоса, айдың айын, күннің сәтін дегендей, жыл мезгілдерін ажырата алатын халге жетеді. Бұл жастағы балалардың танымындағы артықшылық мөлшері де әр түрлі болып келеді. (Кейбір балалардың қалада, бала бақшасы бар, жан ұяда информатикалық хабар алатын компьютер бар жерде танымдары терең, жан-жақты болуы мүмкін. Ал керісінше үй жағдайы жоқ, бақша көрмеген, үйінде жарық та жоқ, компьютердің не екенін білмейтін балаларда бар, ол тіптен мәңгүрт десе де артық болмайды). Бірақ ондай балалар тез жетіледі. Техниканы, компьютерді тез меңгереді.

Біз көбінесе өмірде байқалып, анықталып, зерттеліп, өмір тәжірибесінде көрініп жүргеніндей осы жастағы (4-5) балалардың айнала қоршаған дүниеге, өзінің айналасында жүрген адамдарға, ата-анасы мен тәрбиешілерге, тіптен кез-келген адамдарға деген ізеті мен мейірімділігін байқай бермейміз. (Біз әлі де болса тәрбиенің әкімшілік әдісін кеңінен пайдаланамыз. Олардың бұйрық арқылы қатаң тәртіпте ұстауды жақсы көреміз. Ол солай бұрыннан қалыптасқан).

Осы жастағы балада табиғи дамудың гендікжүйесінен (немесе ұрпақтан ұрпаққа берілудің қасиетінен) сүттей тұнық, үлкеннің айтқанын қағыс қалдырмай орындайтын қасиеттері пайда болады. Сол ерекшелікті ата-ана да, тәрбиеші де ескеріп отырғаны жөн. Олар айтылған, тапсырылған жұмысты жан-тәнімен (бар мүмкіндігімен) орындауғатырысады. Дұрыстығына қуанады, марқаяды, мақтанады. Өзін өзгеге солай көрсеткісі келеді, осы кезде ата-ана, тәрбиеші сол жас ерекшелікті, бала орындай алатын жұмысты көбірек тапсырған жөн. Оны ары қарай бірте-бірте жетілдіріп отырса, бала болашағына жаңа іске, жаңа нәтижелерге деген үлкен құлшыныс туады. Осы жастағы "Еңбекке баулу" балалар ер жетіп өскен кезде ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке, бар ынта-жігерімен бой алдырады. Әрине оған жоғарыдағы талаптарды орындау мүмкіндігі болған кезде ғана ол әсерлі болады.

Информация о работе Балаларды табиғатпен таныстыру