Балқаштың экологиялық ахуалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 12:37, реферат

Краткое описание

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.

Вложенные файлы: 1 файл

балхаш.docx

— 36.63 Кб (Скачать файл)

 

Есік өзені Жарсай және Тескенсу өзендерінің қосылуынан пайда  болады. Өзеннің жоғарысында Тескен-Көкбұлақ топтарының мұздықтары орналасқан, оның ішінде ең ірісі- «Григорьева», «Пальгова» және «Касина». Есік өзеннің ұзындығы -121 км.

 

Қаратал өзені – бастауын солтүстік-батыс бөктеріндегі Жоңғар Алатаудың Орталық үстіртінен және ағысы 3200-3900 м биіктікте орналасқан Қарой және Шежін өзендерінің  қосылуынан алады. Төменгі қосылған Қарой және Шежін өзені тау  аралық жазыққа шығады. Көксу өзені  тармағының құйылысынан кейін Қаратал  Оңтүстік Балхаш маңы құмды шөлімен ағады.40 км шақырымда өзен сағасынан 860 км2 көлеміндегі дельтаны құрайды. Өзен ұзындығы -390 км.

 

Ақсу өзені бастауын Жоңғар Алатау үстіртінің солтүстік бөктерінен 3700-3800 м биіктіктен алады. Өзеннің  ұзындығы-316 км.

 

Лепсі өзені. Оның бұлақтары  Жоңғар Алатау үстіртінің солтүстік  бөктеріндегі мұздықтар облысында 3000 м-ден жоғары биіктікте орналасқан. Негізгі тармақтары Сарымсақты, Ағанақты және Басқан өзендері болып табылады.Өзеннің  ұзындығы -417 км.

 

Аягөз өзені екі үлкен  өзендердің қосылуымен пайда болады: Үлкен Аягөз және Кіші Аягөз. Бұл  өзендердің бұлақтары бастауын Тарбағатай үстіртінің солтүстік тау тарамдарынан алады. Аягөз өзені Балхаш көліне құйылады; өзеннің ұзындығы 492 км.

 

Тентек өзені – бастауын Жоңғар Алатау мұздықтарынан алады; ұзындығы 200 км.Өзен Үшарал ауылының ауданындағы  сол жағалаудан Шынжалы өзенінің тармағын алады. Өзен Сасықкөл көліне құяды.

 

Үржар өзені Тарбағатай үстіртінің орталық бөлігінде екі таулы  өзендердің қосылуынан пайда болады.Өзеннің  ең ірі тармақтары: сол жағында  –Қусақ өзені, оң жағында –Егінсу  өзені болып табылады. Өзен үзындығы 206 км.

 

Хатынсу өзені бастауын Тарбағатай үстіртінің оңтүстік бөктерінен алады. Өзеннің сол жақ тармағы- Көктерек өзені. Хатынсу өзені Алакөл көліне құяды.

 

Эмель өзені өз басатуын Тарбағатай және Үрқашар үстірттерінің  бөктерінен алады. Өмель өзені оң жақтан Жантезек өзенінің тармағын қосады. Өзен Алакөл көліне құяды.


Информация о работе Балқаштың экологиялық ахуалы