Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 13:53, статья
Кез-келген өркениетте білім беру негізіне – келесі ұрпаққа алынған тәжірибе мен білімді, мәдениет пен құнды өнер алынады. Қазіргі жағдайда, қатаң экологиялық тоқырау жағдайында, оны жеңгенде ғана планетадағы адамзатты сақтап қалуды қамтамасыз етуге болады, оның әлеуметтік негізіне адамның білім мен тәрбиесі, соның ішінде адамның және табиғаттың өзара қарым-қатынас принциптерін жасау алынады. Осыған байланысты оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесі маңыздылыққа ие.
Экологиялық білім деп үздіксіз жүргізілген оқыту, тәрбиелеу жеке бастың даму процесін айтады, ол жүйелі ғылыми және практикалық білімдер негізінде қалыптасады, құнды бағыт, тәртіп пен әрекет адамның қоршаған әлеуметтік-табиғи ортаға жауапты қатынасын қамтамасыз етеді.
Ойынға өсімдіктер мен жануарлардың суреттері бар карточкалар керек: жидектер – 15, жапырақтар – 15, бунақденелілер – 10, құстар – 10, сутқоректілер мен жорғалаушылар – 10, ұлулар – 10, құрттар – 10.
Ойынға бүкіл класс қатысады. Тақтаға қорек тізбегінің сызбасы салынады, ол өсімдіктен, өсімдік қоректі жануардан және жыртқыштан тұрады. Класты үш топқа бөлуге болады: өсімдік қоректілер, бунақденелі қоректілер, жыртқыштар. Столға жайылып қойылған карточкалар ішінен әр топ өзіне қажетті қоректі таңдайды, қорек сол жануардың тіршілігін сақтап қалуына жететіндей болуы шарт. Сондықтан әр топқа қажетті карточкалардың саны айтылады. Ойынға қатысушы әр командадан кезекпен келіп, карточкаларды таңдайды. Әрбір дұрыс таңдалып алынған карточка үшін командаға бір ұпай беріледі, ал әрбір қате үшін ұпай алынады. Ең көп ұпай санын жиған команда жеңеді.
Оқушылар арасынан ''сараптама комиссиясы'' сайланады, ол ұпайларды санап, команда қиналғанда көмекке келе алады.
Оқушыларға таңдап алған карточкаларынан қорек тізбегін құрастыру ұсынылады. Ол үшін әр топтан бір оқушыдан алынып, 3-4 адамнан тұратын жаңа топ құрылады, оларға басқа үш топтың өкілдері міндетті түрде енуі тиіс. Олар өздерінде бар карточкалардан қорек тізбегін құрастырады.
1 класс, дүниетану, ''Құстар қалай қыстайды?'' тақырыбында оқушылармен құстарға мектеп ауласындағы ағаш бұтақтарына жемтақта жасап ілу, жем шашу, ''Құстардың туған жерге оралуы. Ұрпақ қамы '' тақырыбын өткенде көктемде келетін құстарға ұя жасап ілу, ерте көктемде келетін құстарды қосымша қоректендіру, құс асханасын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
Тақырыптарды экологияландыру мұғалімнің көптеген шығармашылық ізденістерін қажет етеді. Аталған ұсыныстарды үздіксіз жүргізіп отырса, ол нәтижелі болмақ.
Информация о работе Бастауыш мектептегі экологиялық білім мен тәрбие