Батыс Қазақстан облысының табиға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 19:02, реферат

Краткое описание

Батыс Қазақстан облысының аймағында мемлекетік және облыстық маңызы бар табиғат- қорығы қорының 10 нысаны жұмыс жасайды.

Олардың ішінде үшеуі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Олар - Кирсанов, Бударин және Жалтыркөл зоологиялық қаумалы.

Вложенные файлы: 1 файл

Батыс Қазақстан облысының табиғат.docx

— 440.70 Кб (Скачать файл)

Батыс Қазақстан облысының  табиғат - қорығы қоры нысандары 
 
Батыс Қазақстан облысының аймағында мемлекетік және облыстық маңызы бар табиғат- қорығы қорының 10 нысаны жұмыс жасайды.  
 
Олардың ішінде үшеуі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Олар - Кирсанов, Бударин және Жалтыркөл зоологиялық қаумалы.  
 
Кирсанов зоологиялық қаумалы бұлан, қабан, елік, борсық, түлкі, қоян, өзен құндызы сияқты сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мен өсіру мақсатында ұйымдастырылды.

 
Қаумалдың ауданы 61,1 гектарды құрайды, облыстың Бөрлі, Теректі және Зеленов аудандарының аймағында орналасқан.  
 
Жануарлар әлемін қорғау жөнінде қорықты ұйымдастыру табиғат кешенін аман-сау сақтап қалуға себеп болды. Осының арқасында өңірдегі сирек кездесетін жануарлар түрлері сақталынды. Быковка және Ембулатовка өзендерінің жайылмалары бойымен құндыз көбейіп, жерсінді.  
 
Қаумал аумағы жайылмасында Орал өңірінің далалық табиғи кешенінің бірегей тамаша еменді және үйеңкі ормандары сақталған. Олар жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлері үшін керемет жағдайлар жасады, олардың көбісі тек Батыс Қазақстанда ғана кездеседі.  
 
Өсімдіктер әлемі өте қызықты. ҚР Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің көптеген түрлері таратылып қана қоймай, сансыз көбейген. Мысалы: емен, қурай, қабыржақ, бүлдірген, алма ағашы, қарақат, мойыл ормандарды құрайды. Бұнда облыстағы сирек өсімдік түрлеріне: бетір, шыбынсалы, қосбас, шерменгүл, сүйелшөптер тән.  
 
Бударин зоологиялық қаумалы жануарлар мен құстардың сирек түрлері: европалық қара күзен, орман сусарысу тышқандар, аққұйрық суқарақұс, құрды сақтап қалу мен өсіру үшін, қорықты мекендейтін жануарлар әлемінің табиғи ортасын сақтауға, сонымен бірге басқа жануарлар түрлері: қабан, қоян, түлкі, қарсақ, бұлан, елік, борсықты өсіру мен пайдалануға ұйымдастырылды.  

 

Қаумалдың ауданы 80,0 гектарды құрайды, Ақжайық және Зеленов аудандарында орналасқан.  
 
Қаумал аумағында басқа аудандарда жануарлардың бағалы түрлері: бұлан, елік, қабан, қоян, ондатраның мекендеуі, көбеюі және сақталуы үшін барлық жағдайлар жинақталған.  
 
Бұдан басқа, қаумал аймағы Орал өзенінің жайылмасындағы сирек реликтісіндегі су жаңғағы мен су папоротник-сальвиниясының мекендейтін ең оңтүстік жері. Қорғау арқасында сальвиния сақталып қана қойған жоқ, сонымен бірге Көшім бойымен және оның су қоймасында Қамыс-Самар көліне дейін орналасты. Қаумалды сақтау орман өсімдіктерін қалпына келтіруге септігін тигізетін болады.  
 
Соңғы жылдарда зоологиялық қорықты ұйымдастыру - тек жануарлар әлемін ғана емес, барлық табиғи кешендерді аман-сау қорғауға септігін тигізді.  
 
Жалтыркөл зоологиялық қаумалы ҚР Қызыл кітабына енген құстардың сирек түрлері: бұйра бірқазан, ақбас тырнасы, қарабайлар, қылаң қарабас шағала және т.б. сақтап қалу және өсіру мақсатында, сонымен бірге жануарлардың басқа түрлері: қабан, қоян, түлкі, борсық, сұр қаз, үйректі өсіру мен пайдалану ұйымдастырылды.  
 
Қаумалдың ауданы 19,0 гектарды құрайды, ол Жаңақала ауданында орналасқан.  
 
Жалтыркөл көлінің су айдыны жан-жағынан жіңішке жапырақты қоға, қамыс қопасымен қоршалған. Қопа алқабының ені 50-ден 200 м-ге дейін. Өзеннің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағаларында жыңғыл қопалары мол.

 
Өзен жағалауларын батыстан, шығыстан және солтүстіктен ақ жусанды өсімдіктері қоршайды.  
 
Қаумал аймағында 70-ке тарта құс түрі мекендеп, ұя салады. Оның ішінде 14 Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар: бұйра бірқазан, лашын, ақбас тырнасы, сұңқылдақ-аққу, отүйрек, аққұйрық суқарақұс және тағы басқалары. Сүтқоректілерден дала тышқаны мекендейді.  
 
Қоршаған ортаны, өндіріс жағдайларды жақсарту және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатында Батыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын 7 табиғи аумақ құрылды.  
 
«Дубрава» жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаникалық қаумалы 
 
Теректі ауданы Жамбыл ауылының солтүстік бетінде Орал өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Көлемі 6 га жерді алып жатыр. Бұл қорық облыста теңдесі жоқ емен, жаңғақты ормандарды және қоңыраугүлдер, прапорник-орляк, страусопер, биік қараңдыз және басқа да сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау мақсатында құрылды. Емендердің биіктігі 15-20 метрге дейін жетеді.  

 

«Большая Ичка» жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіші 
 
Бұл ескерткіш табиғи ландшафты сақтау мақсатында құрылды. «Большая Ичка» Тасқала ауданында орналасқан. Көлемі 175 га.  
 
Шығыс баурайындағы тау баурауындағы бұлақтың қасында бұталары бар қалақай алқабы сақталған. Сондай-ақ, орманда сағақты гүлтәжі, жаужапырақ, батпақты калужница, орман бүлдіргені, бүлдірген, қара мойыл, қайызғақшөп және басқа да сирек кездесетін шөптер бар. Жануарлар әлемінен қыран, суыр, безгелдек, удод және қоян, түлкі кездеседі.  
 
«Селекционный» жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаникалық қаумалы 
 
Ескерткіш Деркөл өзені мен бетегелі даланың иінінде Маштаков ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш тобылғы және бидайық-арпабас кокорайлары бар түрлі-түсті бетегелі далалар табиғи кешенін сақтау мақсатында құрылды.  
 
«Садовское көлі» жергілікті маңызы бар ландшафтты табиғат ескерткіші 
 
Бұл ескерткіш «Садовское» көлінің бірегей табиғи кешенін сақтау мақсатында құрылды. Облыс орталығының солтүстік бетінде орналасқан. Көл Шаған өзенінің оң жағында орналасқан, оның ауданы 150 га шамасында.

 
Көл рекреациондық, су қорғау, гидрологиялық және басқа әр-түрлі функцияларды орындайды. Солтүстік және оңтүстік аймақтарында қамысты-қоғалы сілемдер бар. Көлдің ішкі жағында сирек кездесетін ақ теректер бар тал өсетін алқаптар жатыр.  
 
«Ақ-Құм» жергілікті маңызы бар ландшафтты табиғи қаумалы 
 
Қорық Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарының аумағында орналасқан, оның көлемі 9042 га. Бұл қорық сирек кездесетін өсімдіктерді, жануарларды сақтау, қалпына келтіру және өсімін молайту, сондай-ақ құм ландшафтын сақтау мақсатында құрылды. Қуағаш өзені бойын орманды алқаптар, батпақты жерлер, дөңесті құм шұңқырлары және жерасты сулары алып жатыр.

 
Қараағаш аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген алып соқыр  тышқан кездеседі. Қорықтың оңтүстік беткейінде Қарасу жылғасының бойымен Қаратал орман сілемі орналасқан. Мұнда папортник өсетін қайың алқабы, орман айналасында әр түрлі шөп өсетін көкорай бар. Орман батпақты. Сондай-ақ, шәңкіш, крушина өседі. Қорықтың солтүстік аумағында ауданы шамамен 5 га жер Қайыңды орманы алып жатыр. Оның айналасында әр түрлі талдар өсіп тұр. Қорықтың батыс бөлігінде Сегізсай жырасы орналасқан. Мұнда қайың, көктерек ағаштары өседі. Төмпешіктердің баурайында құмды желден қорғап тұратын арша бұталары бар.  
 
«Миргород» жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаника-зоологиялық қаумалы 
 
Бөрлі ауданының аумағында орналасқан, көлемі 3950 га жерді алып жатыр. «Миргород» қорығының өсімдік әлемінде гүлдейтін өсімдіктердің 365 түрі, ал реликт өсімдіктерінің төрт түрі бар. Қорықта қызғалдақтар, бетеге өсетін түрлі-түсті дала жақсы сақталған. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қатты қоңырбас өсімдігі тек осы жерде өседі.

 
Дала бұталарымен қатар  ырғай, ұшқат, жостер, мойыл тіпті жабайы алманы кездестіруге болады. Арқалық пен шұңқырдың ең терең түптерінде шоқылар аралығында қайыңдар араласқан көктеректі тоғайы бар. Утва өзенінің иірімінде қорғауға алынған ақ кувшинка өсімдігі сақталған. Қорық аумағында сирек кездесетін және жойылу жағдайы туып отырған құстар мен жануарлар түрлері: дуадақ, безгелдек, ақбас тырна, дала қыраны, ал балықтардан: шортан, алабұға, мөңке балық, қара балық сақталған.  
 
«Орда» жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаникалық қаумалы  

 


 
Бұл қорық нарын құмдарының бірегей қарағайлы және теректі ормандарын, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды, сондай-ақ жалпы ауданы 16405 га жерде табиғи ландшафтың эталонды аймақтарын сақтау мақсатында құрылды.  
 
Орман отырғызу үрдісі сонау 19 ғасырдың басында қолға алынып, өсімдіктің ерекше түрі пайда болған. Кезінде бекітілген толқынды-жазықты құмдарда түрлі дақылдар мен шөптер өседі. Сондай-ақ теректер және дүзгін, астролог бұталары да бар. Үлкен шұңқырларға жер асты сулары жақын ағатындықтан (2 м. дейін), бұл жерлерде қырым қарағайы, ақ қараған, қара қандағаш, аморфа, сары қараған, қайың ағаштары отырғызылады. Көптеген шұңқырларда 75-80 жыл өмір сүрген қарағайлы ормандар қалыптасқан.

 
Батыс Қазақстан облысының  тек осы жерлерінде ғана жиде мен  нарын теректер тоғайлары сақталған. Жануарлар әлеміндегі маңызды жануарлардың бірі - сүтқоректі - ақбөкен де кездеседі. Олардың саны қыс мезгілінде тығыздала түседі, кейде бұл құмда қара құйрық жүреді.  

 

 

 




Информация о работе Батыс Қазақстан облысының табиға