Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:25, курсовая работа
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда ақаба сулардың мөлшері мен құрамы уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Ол өндірістің технологиялық ерекшеліктерімен және технологиялық процесте суды әркелкі шығындаумен шартталған. Су шығынының және құрамының әркелкілігі тазалау ғимараттар жұмысын қиындатады. Осыған байланысты ақаба су шығынын және құрамын орташалау қажеттігі туындайды. Ақаба суды ластаушы заттар концентрациясын орташалау үшін араластырғыштар, тесік бөгетті араластырғыштар, механикалық бұлғауыштар және с.с. қолданылады.
Кіріспе
1 Өндірістік ақаба суларды тазарту әдістерінің түрлері және қолданылатын қондырғыларға сипаттама
2 Қорғасын өндірісінде түзілетін ақаба сулардың тазалау әдістерін таңдау
2.2 Бейтараптау әдісі 2
2.3 Қорғасынмен ластанған суларды тотықтыру әдісі бойынша анықтау 2
Қорытынды 4
Пайдаланған әдебиеттер
Мазмұны
Тұжырым |
6 |
Мазмұны |
|
Белгілер мен қысқартулар, анықтамалар |
|
Кіріспе |
|
1 Өндірістік ақаба суларды тазарту әдістерінің түрлері және қолданылатын қондырғыларға сипаттама |
|
2 Қорғасын өндірісінде түзілетін ақаба сулардың тазалау әдістерін таңдау |
|
2.2 Бейтараптау әдісі |
2 |
2.3 Қорғасынмен ластанған
суларды тотықтыру әдісі |
2 |
Қорытынды |
4 |
Пайдаланған әдебиеттер |
4 |
Тұжырым
Бұл курстық жобада «Қорғасын өндірісінде түзілетін ақаба сулардың қоспаларын тұндыру жүйесінің жабдықтарын таңдау және есептеу» тақырыбында Ақаба суларды физикалық-химиялық тазалау әдістеріне экстракция, сорбция, эвапорация, кристалдау, флотация, ион алмасу, диализ, дезактивация, дезодорация, тұзсыздандыру түрлеріне толық түсініктеме берілген.
Белгілер мен қысқартулар, анықтамалар.
Экстракция – сумен араласпайтын еріткіш-экстрагентпен өңдеу арқылы ақаба судан органикалық қоспаларды бөлу.
Сорбция - қатты дене бетінде концентрациялау, ерітіндіден қатты денемен немесе сұйықтықпен сіңіру жолымен немесе қатты денемен еріген заттарды химиялық әрекеттеу жолымен ақаба судан еріген органикалық заттарды және газдарды шығару.
Кристалдау – ақаба судағы ластаушыны кристалл түрінде шығару.
Флотация – ағынды судағы қоспаларды қоспа бөлшектерін қаптайтын және онымен бірге кететін флотореагентті ендіру жолымен шығару (мысалы, ауа арқылы).
Ион алмасу – иониттер көмегімен судағы ластаушыларды шығару.
Диализ – коллоидтарды өткізбейтін микрокеуекті бөгет көмегімен еріген заттарды және коллоидты бөлшектерді бөлу.
Дезактивация – ақаба судан радиоактивті заттарды шығару.
Дезодорация – аэрация, хлорлау және озондау жолымен иістерді кетіру.
Тұзсыздандыру – ақаба судан тұзды буландыру, мұздату, ион алмасу және осмос жолымен шығару.
ПЭИ- полиэтилин
ПАА -полиакриамид
Кіріспе
Ақаба суларда ластаушылар өзінің физикалық күйі бойынша ерімеген, коллоидты және еріген түрінде болады. Ақаба судағы ерімеген заттар бөлшек өлшемі 100 мк ірі суспензия түрінде және бөлшек өлшемі 100-0,1 мк майда суспензия түрінде болады. Зерттеулерде тұрмыстық ақаба суларда ерімеген қалқыма заттардың мөлшері тұрақты екені және канализацияны қолданатын бір адамға 65г/тәул. құрайтыны анықталды.
Өндірістік ақаба сулардың құрамы мен мөлшері әртүрлі. Тіпті бірдей кәсіпорында, мысалы тері зауыттарында технологиялық процестің сипатына байланысты әртүрлі құрамды және әртүрлі мөлшерде ақаба сулар тасталады. Кейбір өндірістік ақаба суларда ластаушылар тұрмыстық ақаба суларға қарағанда аз болады, кейде көп болады.
Өндірістік ақаба сулар аз ластанған және ластанған болып бөлінеді. Аз ластанған сулар көбінесе салқындату үшін қолданылған сулар, олар ластанбайды, тек қыздырылады. Сонымен қатар, су энергия көзінің қызметін атқарады, электр тоғын тасымалдағышы ретінде қолданылады. Сондай-ақ су ауыл-шаруашылығында, өнеркәсіпте, коммуналды – тұрмыстық мұқтаждықтарға өте қажет.
Қазіргі кезде тұрмыстық және өндірістік ақаба сулармен ластанған суаттарды тазалау мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Суаттарға шығарылатын тазаланған ақаба сулардың сапасына қойылатын талаптар өте жоғары. Сондықтан суаттардың санитарлық күйін жақсартуға үлесін қосатын келесі негізгі шаралар жүзеге асырылуы қажет:
Минералды ластаушыларға құм, саз бөлшектері, кен бөлшектері, шлак бөлшектері, суда еріген тұздар және т.б. жатады.
Органикалық ластаушылар
өсімдікті және жануарлы болады. Өсімдікті
органикалық ластаушыларға
Бактериялды ластаушыларға тірі микроорганизмдер, яғни ашытқы, зең түскен саңырауқұлақтар және әртүрлі бактериялар жатады. Тұрмыстық іркінді суларда ауру тудыратын бактериялар (патогенді) бар. Олар ақаба суға адамдар мен жануарлардың бөлінулерімен түсетін іш сүзегі, паратиф, дизентерия, сібір күйдіргісі ауруларын тудыратын қоздырғыштар.
1 Өндірістік
ақаба суларды тазарту
қолданылатын қондырғыларға сипаттама
Кәсіпорындарында ережеге сейкес канализацияның екі дербес желілерінің қондырғылары қарастырды: өндірістік ластанушылар мен тұрмыстық ағындар үшін және ластанбаған және жаңбырлы ағын сулар үшін.
Ауылды жерлерде орналасқан, қуаттылығы үлкен емес кәсіпорындарда барлық ағындар үшін ортақ бір канализация орнатады.
Ластанған ақаба суларды жергілікті пункттердің тұрмыстық ақаба сулармен немесе басқа кәсіпорындық ақаба сулармен бірге тазартады. Дербес тазарту тек техникалық мүмкіндік жоқ кезінде немесе ағындарды жалпы тазарту қондырғыларына берудің экономиканың тиімділігі кезінде жүзеге асырды.
Кәсіпорын аумағында ағындарды канализациялық желіге лақтырудың алдына келесі қондырғыларды орнатады: өңделген жуу ерітінділерінің шығынын орташаландырушылар, олар қалдықтардың қабылдануының тегістей шығарылуын қамтамасыз етеді; автокөліктерді жуу алаңдарындағы майбензинұстағышты ластұндырғыштар; мазутты ластұндырғыштар; мазутты шаруашылықтағы мазутұстағыштар.
Механикалық тазарту. Кәсіпорындарының ақаба суларын механикалық тазарту үшін торлар, құмұстағыш,майұстағыш, табиғи аэроциялы жарық түсіргіштер, жарық түсіргіш қондырғылар мен тігінен тұндыру қондырғылары қарастырылады.
Құм ұстағыштарды тәулігіне 100м3 ақаба суларды биологиялық тазарту станцияларында шығындау кезінде қолданылады.
1-сурет. Реактивті су бөлгішті май ұстағыштың сұлбасы.
1-корпус, 2-орталық камера; 3-тазарған суды әкету; 4-май қуғыш; 5-периферлік жайма; 6- патрубкалар; 7-ақаба суды берудің құбыр өткізгіші; 8-реактивті айналмалы су бөлгіш; 9-тазартылған суды жинағыш жайма; 10-май массасының жаймасы; 11-тұнба құбыры; 12-май массасын жоюдың құбыры; 13-тұнбалық бөлім; 14-сақиналық су құйғыш.
Ақаба судың ылғалдығы 60% болған кездегі құмұстағышта ұсталып қалған шөгіндінің мөлшері 1м3 ақаба суға 0,2-литрден келеді.
Майұстағыштарды ереже бойынша, майлылығы жоғары өнімдерді шығаратын цехтар мен зауыттарда, ақаба судағы май шоғыры 100мг\л-ден жоғары болған кезде орналастырады.
Сүт зауыттарының ақаба сулары үшін көлденең типтегі май ұстағыштарды қолданудың тиімділігі аз. Өйткені олардың май шоғырын төмендету дәрежесі бар болғаны 30-35%-ды құрайды. Онда сұйықтар төменнен қозғалады және май массасы автоматты түрде жиналады. Бұл қондырғыда ақаба сулардың теңдей бөлінуінің арқасында сұйықтықтың табиғи аэроциясымен ағыстың реактивті бөлгішке түсуі кезінде көлденең майұстағыштарға қарағанда тұндырудың тиімділігі 20-25%-ға жоғары және 50-70%-ды құрайды. Оның үстіне жаңа конструкциялы майұстағыштарда айналып тұрған май қууыдың көмегімен қалқып жүрген май массасының үздіксіз жиналуы мен жойылу жүзеге асырылады. Мұндай майұстағыштар тағыда биологиялық тазарту станцияларында бастапқы тұндырғыштармен бірге орналасады.
Ет өнеркәсіп кәсіпорындарының ақаба суларының зарарсыздандырылуы тұрмыстық ақаба сулардың зарарсыздандырылуы іспеттес және СНжәнеСЕ 11-32-74 бойынша жобаланады.
Қажет болған жағдайда ақаба суларды соңына дейін тазартуды тұрмыстық ақаба суларды соңына дейін тазартуға арналған қондырғыларда: микросүзгілерде, құмды сүзгілерде және биологиялық тоғандарда орындайды.
Еткомбинаттарының ақаба суларын биологиялық тазарту үшін өнімділігі тәулігіне 1100,1700 және 2400м2 болатын тазартқыш қондырғыларының типтік жобалары әзірленген.
Орталық майұстағыштан май массасы механикалық жинағышпен арнайы бункерге жиналады, ал ол жерден вакуумды- ауалық қондырғының көмегімен май жинаушыға қуылады.
2-сурет. Ақаба суды тазартқыш қондырғы 1-қабылдағыш камера; 2-торлар
ғимараты; 3-құм ұстағыштар; 4-су өлшегіш
тоған; 5-жарықтанғыш-қыздырғыш; 6-аэротенктер;
7-екіншілік тұндырғыштар 8-араластырғыш;
9-контактілік резервуар; 10-лайлы
алаңдар; 11,12,13-тұнбалар мен су резер |
Орталық майұстағыштан май массасы механикалық жинағышпен арнайы бункерге жиналады, ал ол жерден вакуумды- ауалық қондырғының көмегімен май жинаушыға қуылады. Флотатордың бетінен көбікқуғышпен алынған көбік тұндырғыш–декататорға түседі. Ол жерде көбіктер бұзылып, көбіктік өнімнен май массасына, шөгіндіге, суға бөлінеді. Тұндырғыштың шөгінділері кезең-кезеңімен жойылып отырады. Декантталған су тазару үшін қондырғының басына бағытталады.
Ұсталынған май тапталғаннан кейін және тұндырылғаннан кейін ыдыстарға салынады және одан әрі өңделу үшін автокөлікпен әкетіледі, сөйтіп олардан техникалық майлар мен жем-шөп өнімдері алынады.
Орталық май ұстағыштың және флотациялық қондырғылардағы шөгінділер сусыздандырылуға шайқатылады. Сусыздандырылған шөгінділер қоқыстарға көму үшін алаңдарға әкетіледі.
Шөгінділерді сусыздандырудан алынған фугат және фильтрат қондырғылардың басына шөгу үшін бағытталады. Алаңнан тыс тазарту қондырғыларында ұсталып қалған шөгінді сусыздандырылады және тығыздалып алаңдарда компостерленеді. Шөгінділерді биотермиялық өңдегеннен кейін ауылшаруашылық тыңайтқыштар ретінде пайдаланылады. Тығыздағыш тұнба алаңының жылдық жүктемесі мына формула бойынша анықталады.
мұндағы: К-климаттық коэффициент;
Н- жұмыстық тереңдік, м
К және Н мөлшері, сондай-ақ тұнба алаңдарын жобалау бойынша нұсқаулықтар СНжәне СЕ 11-32-74 бойынша жобаланады.
Ақаба суларды тазарту мен шөгінділерді өңдеудің перспективті техникалық шешімдері келесі әдістер болып табылады: электрофлотокоагуляция, көбікті сепарация, механикалық аэрациямен аэротенктарда биологиялық тазарту, екі сатылы аэротенколарда биологиялық тазарту, тоғандар мен фильтрлардағы ағындардарды соңына дейін тазарту, ауыр қоспаларды бөлуге арналған гидроциклондарды қолдану, шөгіндіні орталықфугаларда сусыздандыру, барабанды кептіргіштерде шөгіндіні кептіру.
2 Қорғасын өндірісінде түзілетін ақаба сулардың тазалау әдістерін таңдау
Өндірістен шығатын ақаба суларды химиялық тазалау әдістеріне коагуляция, бейтараптау және тотықтыру жатады.
Коагуляция – реагент-коагулянттарды қолданып ақаба суды түссіздендіру және жарықтандыру процесі.
Бейтараптау – рН шамасын өзгерту және бейтарап ортаға келтіру мақсатында суды қышқылдату немесе сілтілеу процесі.
Тотықтыру – бұл процесс ақаба су құрамындағы заттар басқа әдістермен, соның ішінде биохимиялық тотықтырумен шығарылмаса және бұзылмаса қолданылады.
Коагуляция процесінің мәні мынада: ақаба судан майда қалқыма және эмульсиялы заттарды тез шығаратын реагентті (коагулянт) ақаба суға қосады, өйткені бұл майда қалқыма және эмульсиялы заттар тұндырумен шығарылмайды. Әдетте реагентті ақаба суды тұндырғышқа беруден алдын қосады. Қалқыма заттар коагулянтпен бірге тұндыру бассейндерінде тұндырылады.
Бұл әдіспен құрамында майда қалқыма заттар бар ақаба суларды, мысалы, тоқыма кәсіпорынының жасанды жібек фабрикасының техникалық суларын, мұнай өңдейтін зауыттардың суларын, монша-кір жуу және душ ақаба суларын, сондай-ақ химиялық өнеркәсіптің ақаба суларын тазалайды.
Коагулянт ретінде әк, аллюминий сульфаты, натрий алюминаты, темір сульфаты, темір хлориді, кейде осы реагенттердің қоспасын қолданылады. Қосылатын реагент типі мен мөлшері өңделетін судың құрамына, тазалану дәрежесіне және басқа факторларға байланысты. Кейде ақаба суды коагулянтпен өңдегенде тиімді рН шамасын қышқылдату немесе сілтілеу жолымен ұстап тұру қажет. Ақаба суды реагентпен айналдырушы қондырғысы бар механикалық араластырғыштарда, гидравликалық араластырғыштарда араластырады.
Коагулянт үлпегін түзу үшін әр түрлі конструкциялы үлпек пайда болу камералары қолданылады. Онда механикалық немесе гидравликалық араластыру жүзеге асырылады.