Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 20:11, реферат
19 ғасырдың бас кезінде «биосфера» түсінігін ғылымға ұлы француз табиғат зерттеушісі Ж.Б.Ламарк (1744-1829) енгізген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын, 1875 жылы австриялық геолог Эдуард Зюсс өзінің «Альпі тауларының шығу тарихы туралы» кітабының соңғы тарауында жер шарының әртүрлі қабаттары жайында баяндаған кезде, осы терминді алғаш рет қолданған болатын. Бірақ бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқара алған жоқ.
Екінші антропогендік дағдарыс (продуценттер дағдарысы)-150-350 жыл бұрын және өнеркәсіпте табиғи минералды қорларын пайдалануды және ғылыми техникалық революцияны тудырған қоғамдық өндіріс күшінің жедел күрт дамуына байланысты болған.
Үшінші (қазіргі) антропогендік экологиялық дағдарыс-қоршаған ортаның күшті ластануының өте жоғары деңгейіне байланысты. Редуценттер антропогендік өнімдерден биосфераны тазартуға үлгермейді немесе қоршаған ортаға шығарылып тасталған синтетикалық заттардың табиғи емес сипатына байланысты бүл функцияны жасауға қабілетсіз. Сондықтан бұл дағдарысты көбіне "редуценттер дағдарысы" деп атайды.
Қазіргі экологиялық дағдарыс биосфераның табиғи биогеохимиялық циклдің өздігінен қалпына келу қабілеттілігімен өркениет тарихындағы орын алған жыртқыштық қатынас арасындағы қарама-қайшылықтың шешілмеуімен анықталады. Егер биосфераның табиғи биогеохимиялық циклінің өздігінен қалпына келу қабілеттілігі жүздеген, мыңдаған жылдамдықпен жүзеге асса, онда техногендік процестер бірнеше есе жоғары болады.
Жалпы экологиялық дағдарысқа байланысты мәселелер алғаш рет 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаның проблемалары жөніндегі Халықаралық конференцияда талқыланды. Айта кететін жай, сол жылы биосфера дамуының зардаптарын модельдеуі жөнінде «Өсу шектері» деген алғашқы кітап шықты (авторлары Д.Х.Медоуз, Д.Л.Медоуз, Й.Рандерс, Ш.У.Беренс).
7.6. Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері
Биологиялық көптүрлілікті 3 категорияға бөлуге болады.
Генетикалық көптүрлілік - бір түрдің ішіндегі гендердің әртүрлілігі.
Түрлердің көптүрлілігі - бір аймақ ішіндегі түрлердің әртүрлілігі.
Экожүйелердің көптүрлілігі - биосферадағы экологиялық процестер мен биотикалық бірлестіктің тіршілік орындарының әртүрлілігі.
Көптүрліліктің барлық 3 деңгейі де бір-бірімен байланысты және тұтас жүйені құрайды. «Жаңа қанның ағынының болмауынан» болатын, бұрын тұтас ареалдың бөліктерге бөлінуі салдарынан түрдің генетикалық әртүрлілілігінің төмендеуі түрдің құруына әкеліп соқтырады, яғни осы аймақтағы биологиялық көптүрлілік азаяды. Биологиялық көптүрлілік бірінші кезекте антропогендік экологиялық фактордың өзгеретін биосфера мен экожүйелердің төзімділігіне байланысты. Көптүрліліктің төмендеуі - қалыптасқан экологиялық байланыстардың бұзылуына және табиғи бірлестіктің ыдырауына, олардың гомеостазының бұзылуына, ең соңыңда олардың жоғалуына әкеліп соғады.
Табиғи көптүрлілікті қолдау, сақтау көптеген себептер бойынша қажет. Ең біріншіден әрбір түр және әрбір экожүйе тіршілік етуге құқылы. Көптеген түрлердің тіршілігі басқалармен байланысты: бір түрлердің жоғалуы басқаларының жойылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Биологиялық түр ретіндегі адам басқа түрлерге тамақ, дәрі, өнеркәсіп өнімдері, сол сияқты су қоймаларының өздігінен тазаруы сияқты «экологиялық қызмет» көрсетуге тәуелді. Ең соңында әрбір түр немесе экожүйе бізді қоршаған әлемнің байлығы мен әсемдігіне белгілі бір үлес қосады.
Биологтардың бағалауы бойынша, жер бетінде тірі организмдердің 10 млн-дай түрі тіршілік етеді. Систематиктер тек ғана 1,4 млн түрге ат берген. Әлі «ашылмаған» көптеген микроорганизмдер, бунақденелілер және мұхит мекендеуші- лері өте көп.
Оңтүстік Шығыс Азия, Орталық және Батыс Африка, сол сияқты Латын Америкасында алуан түрлі өте көптеген түрлер кездеседі. Ормандардың құртылу дәрежесі, яғни тіршілік ету ортасының жоғалуы, бұл аудандарда өте жоғары. Жыл сайын тропикалық ормандардың 17 млрд-тай га жойылады. (Бұл территория Швейцария ауданынан 4 есе көп). Бұндай қарқынмен тропикалық ормандардың жойылуының нәтижесінде 2015 жылы 4-8 %–ке дейін, ал 2040 жылдары 17-35% –ке дейін осы ормандарда тіршілік ететін түрлері жойылуы мүмкін. Егер осылай жалғаса берсе, соңғы 25 жылдар ішінде жер бетінде тіршілік ететін түрлердің тағы 15% жойылуы мүмкін. Қазіргі таңда қоңыржай климаттағы орманның 44% ғана қалған. Олар негізінен Сібір мен Солтүстік Америкадағы Тынық мұхит жағалауындағы ормандар.
Тіршілік орнын бұзу биологиялық әртүрліліктің төмеңдеуінің жалғыз себебі емес. Басқа себептерге фрагментация жатады. Кейбір түрлердің тірі қалуы үшін, мысалы, тырналардың тірі қалуы үшін бірнеше кішкентайдан жалпы аудан жиынтығына тең болса да, бір үлкен батпақтың болуының маңызы зор. Кейбір жыртқыштарға тіршілігі үшін, мысалы қасқырларға кең байтақ жер қажет.
Биологиялық көптүрліліктің төмендеуі дегеніміз- белгілі территорияда тіршілік ететін түрлер санының азаюы ғана емес, жергілікті табиғи бірлестіктерге тән емес түрлердің басқа түрлерді ауыстыруы нәтижесіндегі экологиялық сапалық өзгеруі. Бұл процесте интродукцияның ролі зор. Интродукция- табиғи ареалдан организм түрлерінің көшуі және жергілікті табиғи комплекстерге енгізілуі.
Жаңа орында табиғи жауларының болмауынан бұл түр басқа түрлерді ығыстырып, қарқынды көбейеді. Мұндай жағдайда интродукция биологиялық көптүрліліктің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Интродукцияның қайғылы нәтижесіне-белгілі Австралияға қоянның, ал Европаға колорада қоңызының әкелінуі мысал болады.
Рио-де-Жанейродағы конференцияда қабылданған биологиялық көптүрлілік туралы конвенцияда көрсетілген «планетада биологиялық көптүрліліктің жойылуы негізінен қоршаған ортаның бұзылуынан, ауыл шаруашылық қорларын шектен тыс қолдануынан, қоршаған ортаның ластануынан, бөтен өсімдіктер мен жануарлардың әкелінуінен. Биологиялық көптүрлілік азаюы ең алдымен адам іс-әрекеттерінен жүзеге асады және біздің дамуымыздың негізгі қаупі болып есептелінеді».
Конвенцияда көрсетілгендей, биологиялық көптүрліліктің жойылуының негізгі себептері:
Ежелгі аңшылардың өмір сүру салты жануарлардың көптеген түрлерінің, мысалы, мамонт және жүнді мүйізтұмсықтың жойылуына әкелді. Ежелгі өркениет кезіндегі жер шарындағы шөлейттердің түзілуі мен кең байтақ жерлерде ормандардың құруы-экологиялық дағдарыстың себебіне айналады. Бірақ соңғы 10 шақты жылдары табиғи бірлестіктерге адамның әсері өздігінен қалпына келу қабілеттерінен бірнеше есе артуда. Құрбандардың сапалық құрамы да өзгереді: егер өткен ғасырда жер бетінен негізінен аңшыларға қажетті түрлер жойылса, ал қазір Қызыл Кітапқа өндірістік мәні жоқ бунақденелілер де, бауырымен жорғалаушылар да, жай қарапайым ағзалар да енуде.
Концепцияның бір пункті елімізде үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін құру туралы тұжырым болып табылады. Ағылшын ғалымы Б.Коммонер тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым қатынастарды төрт заңға біріктірген.
7.7. Б.Коммонердің «экология заңдары»
1. Барлығы барлығымен байланысты
Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.
Адамдардың табиғатқа
араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға
әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік
аралдардың бірінде ДДТ препаратының
көмегімен масаларға қарсы
2. Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді
Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жысыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары-оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары –бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.) -өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.
3. Табиғат өзі жақсы біледі
Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.
Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар –пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері-Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырады. Арал күннен күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.
Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді.
4. Тегін ешнәрсе жоқ
Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.