- Биосфера туралы ұғым
Биосфераның пайда болуы
Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
Биосфера құрылымы мен шекаралары
Биосфера және адамзат
Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі
Энергетикалық қызметі
Газдық қызметі
Жинақтау қызметі
Тотығу-тотықсыздану қызметі
Биохимиялық қызметі
Биосферадағы алғашқы шегіністер
Биосфералық қорық
Биосфера
Биосфера туралы ұғым
1. Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда
ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек
жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын.
Кейінгі кездерде биосфера геологиялық
мағынада да қолданылад. Биосфера-
жердің тіршілік қабаты. Географиялық
қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера,
биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны
ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография-организмнің
географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді.
Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың
майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық
қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады.
Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің
ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ,
өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат
кешені-географиялық қабық немесе материктер
мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны,
өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас
ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта
өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының
ендік бағытта экватордан полюстерге
қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат
зоналарының тауларда биіктікке байланысты
ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны
таулардың географиялық орнына және биіктігіне
байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат
зонасының әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына
жер бедеріне байланысты. Табиғат зонасы
2-ге бөлінеді: Өтпелі зона-орманды тундра,
орманды дала, шөлейт, саванна. Тундра-субарктикалық
белдеуде-мүк пен қына басым өскен, топырағы
сазды, батпақты болып келеді. Орманды
тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар
өседі. Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай,
шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз
жазық жерлер. Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы
өтпелі зона. Саванна-әр жерінде жеке немесе
шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік шөп
басқан табиғат зонасы. Табиғат зонасының
ауысып келуі климаттық белдеулермен
сәйкес келеді. Арктикалық климаттық белдеу-арктикалық
шөл мәңгі мұз басқан. Субэкваторлық климаттық
белдеу-саванна Тропиктік климаттық белдеу-шөл
Экваторлық климаттық белдеуде мәңгі
жасыл ылғалды экваторлық ормандар. Географиялық
қабықтағы ырғақтылық-күн мен түннің ауысуы.
Географиялық қабықтағы заңдылық тұтастығы.
Ырғақтылық заңдылығы-белгілі бір құбылыстардың
уақыт ішінде қайталанып отыруы. Табиғат
кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға
тәуелді.
Биосфера — тірі азғалар
өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15
км биікке көтерілгенге дейінгі және 2—
3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км
түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік
етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс
ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және
оның жер бетінде жүріп жатқан процестері
туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша,
биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық
қабат болып саналады.
Биосфера негізінен
үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
Тропосфера
Гидросфера
Литосфера
Ноосфера
Биосфераның пайда болуы
2. Биосфера бірден пайда
болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері
қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып
келеді. Биосфераның ертеден бері қарай
құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым
тірі ағзалардың қалдықтары жер қыртысының
әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға
сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі
пайда болу жолдарын анықтады. Биосфераның
ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде
биосфера қандай жағдайда дамығаны және
қандай тірі азғалар болғаны туралы ешқандай
деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның
екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман
700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым
түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде
тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау
жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады.
Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі
тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда
бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн
жылға созылған. Бұл эра кембрий,ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге
бөлінеді.
Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.
Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.
Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.
Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.
Мезозой эрасы немесе орта
тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын
басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа
дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.
Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.
Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар,жалаңаш тұқымдылар – гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті.
Мезозой эрасындағы,
әсіресе соңғы кезінде – бор дәуірінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле
түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды.
Ауа райының бір мезгілде
кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында
жаңа ароморфоз пайда болуына себеп
болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті
белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың,
сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы,
қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы
және тағы басқа.
Кайназой эрасы бұдан
70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан
бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден
флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой
эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және
төрттік кезеңдер.
Үштік дәуірде тау
құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі
ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды.
Осы кезде Қара теңіз бенЖер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына
бөлініп қалған.
Төрттік дәуір жер
бетінде тіршілік дамуының ақырғы және
ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы
1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән
жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі
жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны
байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен
жер қыртысының даму процесі біркелкі
емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты
сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай
ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып,
өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды.
Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
3. Тірі ағзаның анорганикалық
материядан пайда болуы жайында тікелей
экспериментті түрде алынған материал
болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға
оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен
діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі
азғалар құдайдың құдіретімен пайда болды
деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді,
жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті
заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей
толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп
соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі ағза өзінен-өзі кенеттен пайда
болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды
деп түсіндірді. Бірақ Франческо
Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары,
тірі ағза өзінен-өзі кенеттен пайда болды
деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті
алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен
жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны
болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи
Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан
микроазғалар дамитынын бірден білді.
Сонымен тірі ағза ешқашан да өзінен-өзі
дамымайтыны белгілі болды. Ф. Энгельс:
«Табиғат диалектикасында» материалистік
тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының
жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта
да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі
қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты.
Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі
түрге көшеді деп қорытынды жасады .
Биосфера құрылымы мен шекарасы
4. Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы,
негізінен, тірі ағзалардың қарекетімен
байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі. Биосфера
ұғымы "географиялық
қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық циклондарымен
өзара байланыстағы атмосфераның жер
беті бөлігін,гидросфераны және литосфераның үстіңгі бөлігін қамтиды. Биосфераның
жоғарғы шекарасы атмосферада 30 км биіктікке дейін, төменгі шекарасы
құрлықта жер бетінен 4— 5 км терендікте,
Дүниежүзілік мұхитта ең терең ойыстың
түбімен өтеді. В.И. Вернадский бойынша
биосферада 7 әр түрлі, бірақ өзара байланыстағы
зат түрлерін бөлуге болады, олар: тірі
заттар, биогендік
заттар, енжар заттар, биологиялық
енжар заттар, радиоактивті заттар, шашыранды
атомдар, ғарыштық заттар. Биосфераның
негізгі функциясы — Күн энергиясын фотосинтездейтін
ағзалардың пайдалануын және бүкіл тіршілік
процестерінің динамикасын қамтамасыз
ететін энергия мен заттардың биологиялық
айналысы. Тірі азғалар (тірі заттар) мен
олардың тіршілік ететін ортасы ғаламдық,
аймақтық және жергілікті деңгейде динамикалық
жүйелер түзе отырып, бірімен-бірі өзара
тығыз байланыста және өзара орекеттес
болады. "Биосфера" терминін алғаш
австриялық геолог Э. Зюсс енгізді (1875
ж.).
Биосфера және адамзат
5. Адамзат баласы да табиғаттың
өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің
бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі
ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың
басқа тірі ағзадағыдан әлдеқайда жоғары
дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің
жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті
қажетін биосферадан алып отырған. От
жағуды білмегеннің өзінде адам баласы
жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің
жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын
шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп,
өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп
жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың
әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті.
Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын
үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен
өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле
берді.
Жер
спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат
жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом
электр энергиясын салу, екі-үш жылдың
ішінде миллион гектар тың және тыңайған
жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп,
жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы
ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен
тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның
үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл
ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың
ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің
заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының
зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.
Биосферадағы тірі ағзалардың
қызметі
Энергетикалық қызметі
6. Биосфераның қалыпты тіршілігі
үшін және оның дамуы үшін энергия қажет.
Ондай негізгі энергия
көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп,
мүшелерінде органикалық заттардың қорын
жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық
заттарды басқа азғалар пайдаланады. Жасыл өсімдіктердежинақталған энергияның есебінен бүкіл
биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп
отырады.
Газдық қызметі
Газдардың тасымалдануы және
олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі
ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет
арқылы биосфераның газдық құрамының
тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі
көптеген газдар биогенді жолмен пайда
болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмірқышқыл
газы,күкіртті
сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады.
Жинақтау қызметі
Тірі азғалар коршаған ортадан
алған, биогенді
элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі
азғалар құрамында болатын элементтердің
коршаған ортада кездесетін элементтерден
едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың
құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек
кездеседі. Мұндай элементтердің тірі
ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға
қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп
болады. Осы арқылы биосфераның химиялық
құрамының әр түрлі екендігі байқалады.