Бірлестіктер экологиясы-синэкология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2015 в 13:03, реферат

Краткое описание

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Содержание

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:
а) Биоценоз
ә) Биогеоценоз
б) Экожүйе
2. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.
3. Экологиялық пирамида және оның типтері.
4. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.
5. Экологиялық сукцессиялар.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 22.00 Кб (Скачать файл)
 
 

 

Бірлестіктер экологиясы-синэкология.   

Жоспары:

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне  жалпы сипаттама:

а) Биоценоз

ә) Биогеоценоз

б) Экожүйе

2. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.

3. Экологиялық пирамида және оның типтері.

4. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.

5.  Экологиялық сукцессиялар.   

1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.       

 Табиғатта әртүрлі популяциялар  бірігіп ірі бірлестіктерді немесе  қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы  «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік  ету деген мағынаны білдіреді.  Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы.            

  Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.

Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.              

 Экологияның негізгі ұғымына  «экожүйе» жатады. Бұл терминді  енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз  тірі тіршілік иелері мен олардың  мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен  табиғи жүйе.          

 Экожүйенің құрылымы:  Экожүйе = биоценоз + биотоп

Экожүйенің негізгі қасиеттері:

1)                        зат айналымына қатысу қабілеттілігі;

2)                        сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;

3)                        биологиялық көбеюі.

Экожүйенің деңгейлері:

1)                        микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым , су тамшысы

2)                        мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т.б.

3)                        макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т.б.

4)                        глобальдық экожүйе- биосфера

Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген.

Биогеоценоз екі блоктан тұрады:

1)                        «биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзарабайланысы(популяция);

2)                        «биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.

Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады.              

     Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)    

 Табиғатта бейорганикалық химиялық  элементтер айналымынан басқа  да, биогендік химиялық элементтер  миграциясы немесе биогеохимиялық  айналым  жүзеге асырылады.

Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы.              

 Биогеоценоз- тірі ағзалар мен  ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол  ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.               

 Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз  негізінде жасалады.              

 Биогеоценозда барлық тірі  иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу  нәтижесінде белгілі буындардан  күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі  қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында  қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек.

Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:

I-трофикалық деңгей- автотрофты  ағзалар-продуценттер

II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы

III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар  немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.

IV- ірі жыртқыштар.

V-өлі организмдердегі заттарды  және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер, детриттер .

Тізбектегі I-IV дейінгілер–> жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек

Биоценозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады.

Биотикалық қарым қатынастары

Табиғатта әрбір тірі организмдер оқшау, жеке тіршілік ете алмайды. Оны көптеген табиғаттың басқа өкілдері қоршайды және бұлардың барлығы бір бірімен күрделі қарым қатынаста болады. Организмдер арасындағы қарым қатынастар, сонымен қатар олардың тіршілік жағдайларына әсері қоршаған ортаның биотикалық факторларының жиынтығын құрайды. Экологиялық қарым қатынастар, әдетте, өте күрделі сипатта болады, көптеген факторларға байланысты және әртүрлі жағдайларда өзгеше өтеді.

Биотикалық факторлар деп – организмдер мен популяциялар арасындағы өзара әрекеттесу формаларын атайды. Биотикалық факторлар түрішілік және түраралық болып бөлінеді.

Түрішілік- Гомотиптік реакциялар

Гомотиптік реакциялар-бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер. Бірлесіп тіршілік еткен жағдайда жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеттері көп дәрежеде популяция саны мен тығыздығына тәуелді болады. Сол себепті топ және масса эффектісімен байланысты құбылыстардың мәні үлкен.

Топ эффектісі дегеніміз - топтың өзінің және топ құрамындағы организмдердің санының дара организмдердің мінез-құлқына, дамуы мен көбеюіне ықпалы.

Көптеген бунақденелілер (қара секіртпе, тарақан, шегіртке) жеке дара тіршілікпен салыстырғанда, топ ішінде бірнеше қарқынды метаболизмге ие болып, тезірек өсіп жетіледі. Бірлесіп тіршілік еткенде азық іздеп табу, сол сияқты жауларынан қорғану оңай болады. Үйір болып біріккен қасқыр жеке жүрген қасқырға қарағанда, ірі жануарларды олжалауға анағұрлым қабілетті.

Масса эффектісінің топ эффектісінен айырмашылығы, ол бір түр особьтарының бірін бірі сезінумен байланысты емес.

Масса эффектісін особьтар саны және популяция тығыздығы артқан кезде тіршілік ету ортасында пайда болатын организмдер туындатады. Әдетте, масса эффектісі жануарлардың көбею қабілетіне, өсу жылдамдығына, тіршілік ету ұзақтығына жағымсыз әсер етеді. Мысалы, ұн зауза қоңызының популяциясы дамыған кезде, ұнда экскременттер, түлеу қабықтары жиналып қалады, осы жай жәндіктердің тіршілік ету ортасы ретінде ұнның нашарлауына әкеледі.

Топтық және массалық эффектілер, популяция санын кері байланыс принципі бойынша реттейтін популяция тығыздығына тәуелді деп аталатын факторлармен бірлесіп, популяциялар саны динамикасында ерекше маңызды роль атқарады.

Гомотиптік реакцияларға топтың және масса эффектілерінен басқа, бір түр особьтары арасындағы әрекеттердің және бір формасы- түр ішіндегі бәсекелестік жатады. Бәсекелестіктің барлық түріне қатысты бір ереже бар: бәсекелестердің мұқтаждары неғұрлым ұқсас болса, бэсекелестік соғұрлым шиеленісе түседі.

Бәсекелестіктің негізгі екі түрі - тікелей және жанама бәсекелестік болады.

Тікелей бәсекелестік — особьтардың бір-біріне тікелей ықпал етуі арқылы жүзеге асады. Мысалы, жануарлар арасындағы күшті қақтығыстар кезі немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің токсиндер бөліп шығаруы.

Жанама бәсекелестік - особьтардың тікелей әрекеттесуін қажет етпейді. Ол аралық буындар арқылы әртүрлі жануарлардың бірдей және міндетті түрде шектеулі болатын ресурстарды пайдалануынан туады. Сондықтан ондай бәсекелестікті, кейде пайдаланушылық бәсекелестік деп атайды.

Түр ішіндегі бәсекелестіктің негізгі объектісі энергия болғандықтан, өсімдіктер арасында күрес жарық үшін болады. Тым жиі өскен өсімдіктер бірін-бірі көлеңкелейді.


Бірлестіктер экологиясы

Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер

 

 

Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bios-өмір, kоіnos-жаллы) — табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік  ететін өсімдіктер жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.). Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру  қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды.  Ол әр қашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы — биотоптардан тұрады. Яғни, биотоп — тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп-биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз – биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады. 

Биоценозды зерттеуші ғылым саласы — биоценология деп  аталады. Ал, биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер — кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын  кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтыйтын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.

Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі ұғымда бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі.

Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты — автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды. Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым, 4) биогенді элементтер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады.

Сондықтан экожүйе — экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі – ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.

Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда — биотикалық факторлар деп атайды. Яғни, биотикалық  факторлар дегеніміз — тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік — өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль 
атқарғанымен, кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін 
азайтып, қолайсыз жағдай туғызады.       

Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңдататын аралар, 
т.б. жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз құрылымының күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне  тәуелді, пайдалы немесе кері әсер ете отырып үнемі даму үстінде  екендігін көрсетеді.

 

 

 


Информация о работе Бірлестіктер экологиясы-синэкология