Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 15:31, реферат
Тірі ағзалардың жер қабатының пайда болуның үлкен рөліне көңіл аударған
алғашқы биологтарының бірі Ж.Б.Ламарк (1744-1829) оның көрсетуі бойынша, жер шарының бетіндегі бар және оның қабығын құрайтын барлық заттар тірі ағзалар қызметінен қалыптасқан.
Биосфера туралы фактілер және ережелер ботаника, топырақтану, өсімдіктердің географиясы және басқа да, ерекше биологиялық ғылымдар және геологиялық пәндердің дамуымен байланысты келе-келе жинақталған.
Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.
Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.
Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер.
Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.
Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік
дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі
болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай
ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай
– сол суық кезеңдер және мұз
дәуірі жылы ылғалды ауа райымен
алмасып отырғаны байқалады. Өйткені
өсімдік әлемі мен жер
Биосферадағы тіршіліктің
Тірі ағзаның анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі азғалар құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі ағза өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі ағза өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроазғалар дамитынын бірден білді. Сонымен тірі ағза ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды. Ф. Энгельс: «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады .
Биосфера және адамзат[өңдеу]
Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі ағзадағыдан әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.
Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат
жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом
электр энергиясын салу, екі-үш жылдың
ішінде миллион гектар тың және тыңайған
жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп,
жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы
ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен
тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның
үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл
ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың
ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің
заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасы
Литосфера, гидросфера, атмосфераны көрсететін Жердегі белгілі сурет.
Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді. Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мысалы, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкінде емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді.
Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз-
жайқалып өскен шекарай шалғын шөпсіз,
бітік шыққан егінсіз адамзат қоғамының
шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан
да біздің заманымызда биосфераны қорғау,
оның байлығын, асыл қазынасын сарқып
алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен
орынды пайдалану маңызды проблемаларға
айналып отыр. Биосфераны «бағындыру»
ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда
биосферамен «достасу», оның заңдарымен
келісу, санасы керек болады. Демек, бұл
адамға қажетті барлық заттардың бәрі
де биосферадан алынады деген сөз.
Биосфера Жердің тірішлік қабығы деп аталатыны
сендерге мәлім. Биосфера терминін ғылымға
1875 жылы австрвялық ғалым Э. Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның
анықтамасын ұсынды. В. И. Вернадский бойынша
биосфера деп ғаламшарымыздағы барлық
тіршілік дүнниесі мен олардың арасындағы
өзара зат және энергия айналымы тұрақты
жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды.
Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны жаие литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін-еркін таралады. Сондықтан тіршіліктің таралу аймағы мен биосфераның шекарасымен берлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді.
Биосфераның жоғарғы және төменгі
шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі
де нақты мәліметтер жоқ. Тірі азғалар
атмосфераның төменгі бөлігінде, әсіресе
100 м биіктікке дейін өте тығыз
орналасады. Бірақ жыртқыш құстар
биікке еркін көтеріледі, мәселен, кондор
7 км биіктікке көтеріле алады. Ал жоғары
көтерілген ауа толқыны микроағзаларды,
бактериялар мен әртүрлі
Биосфераның құрамы мен құрылымы.
Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің
құрамында мынадай химиялық элементтер кездеседі: сутек, к
Тірі азғалар мен олардын
тіршілік ортасы өзара тығыз байланысып,
ұдайы өзгеру мен даму жағдайында
болатын жүйелер жиынтығын
Жер шары биомассасының жалпы салмағы Жердің жалпы массасымен салыстырғанда (6-1027т) әлдеқайда аз. Биомасса материктер мен мұхиттарда да біркелкі таралмаған. Материктердегі биомасса мөлшері Дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседей көп. Материктерде жасыл өсімліктердің, ал мұхиттарда жануарлардың үлес салмағы басым болалы (6-кестені қараңдар).
Материктердегі тіршілік дүниесінің, басым көпшілігі (биомассаның 90%-ынан астамы) тропиктік ормандарда (500 т/га-дан астам) шоғырланған, ал ең төменгі көрсеткіш биік тау бастары, шөлдер мен полярлық аймақтарға тән. Яғни, құрлықтағы тіршілік дүниесінің таралуы күн жылуы мен ылғалдың түсу мөлшеріне тәуелді.
Дүниежүзілік мұхиттағы тірі азғалар тіршілік ету ерекшелігіне қарай планктон.
Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар географиясынан сендер жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталардың болғаның және олардың бөлшектенгенін білесіңдер (оларды еске түсіріңдер). Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады.
Тектоникалық картадан ірі литосфералық тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар.
Материктік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінетінін білесіңдер (олардың айырмашылығын естеріңе түсіріңдер).
Материктік жер қыртысының жоғарғы
бөлігінде шегінді жыныстар қабаты,
ал одан төменде геофизикалық деректер
бойынша, гранит және базальт қабаттары
орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының
шекаралас бөліктерінде сейсмикалық
толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні
байқалған. Мұхиттық жер қыртысында
гранит қабаты болмайды және шөгінді
жыныстар қабаты салыстырмалы түрде
жұқа болып келеді. Материктер мен
мұхиттардың шекаралас
Материктік жер қыртысы
Негіздері архей мен протерозойда қалыпта
Қалқандарда платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, оларға көбінесе қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Қалқандарды құрайтын жыныстардың ерекшелігіне байланысты оларда үгілу біршама баяу жүреді. Платформаның қалқаннан тыс, шегінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды.
Неотектоникалық қозғалыстар әсеріне
ұшыраған платформалар қозғалмалы сипат
алады. Мәселен, мезозой және альпі
қатпарлықтары әсерінен Қытай платформасының
тұтастығы бұзылып, бірнеше бөліктерге
ажырап кеткен; қазіргі кезде оның
аумағында жерсілкіну жиі байқалады.
Сондықтан оны параплатформа (қозғалмалы)
деп атайды. Ішкі күштердщ әсерінен
кейбір платформалардың іргетасында
терең жарықтар пайда болып, интрузивті
жыныстардың жоғары көтерілуі жүрген.
Соның әсерінен жарылыс күшті
жүрген Сібір және Үндістанплат
Бірақ тірі ағзалардың ғаламшар табиғатын
қалыптастырудағы маңызы өте зор. Тірі
азғалар Жер шарындағы
Өлемдегі тіршіліктің негізгі қозғаушы күші болып табылатын бұл процесс үш кезеңде жүзеге асады. Ең алдымен, Күн энергиясының қатысуымен жүретін фотосинтез процесі нәтижесінде бастапқы (өсімдік текті) органикалық заттар түзіліп және ауаға көп мөлшерде оттек бөлініп шығады. Екінші кезеңде бастапқы органикалық өнімдер жануартектес өнімдерге айналады.
Бүгінгі таңда Жер шарының 4 млн км²-ден астам жері ерекше қорғауға алынған, оларды қорықтар деп атайды. Қорықтар адам аяғы баспаған, табиғи ландшафтының эталоны болып саналады. Негізінен, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан, "Қызыл кітапқа" енгізілген өсімдіктер мен жануарларды қорғау шаралары жүргізіледі. Қорықтарда адамның кез келген шаруашылық әрекетіне тыйым салынған, тек ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ғана рұқсат беріледі.
Табиғат ескерткіштеріне ғылыми, тарихи, мәдени-эстетикалық мәні зор табиғат объектілері жатады. Алғаш бұл ұғымды неміс жаратылыс зерттеушісі А. Гумбольдт енгізген. Біздің елімізде табиғат ескерткіштері көптеп кездеседі, олардың ең әйгілілері: Шарын шатқалы, Өншіқұм, Жұмбақтас, Таңбалытас және т.б.
Қорықшалар дегеніміз — азая бастаған есімдіктер мен жануарлар санын қалпына келтіру және де басқа шаруашылық мақсаттары үшін уақытша қорғауға алынатын жерлер. Олар: кешенді, ботаникалық, аңшылық, геологиялық, ландшафтылық болып бөлінеді.