Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:07, реферат
Құрамында жоғары мөлшерде жанатын (жарылуға қауіпті) құрамдас бөліктері бар, газды тазартуға арналған қондырғыларды пайдалану кезінде жарылыс пен өрттің алдын алу мақсатында, белгіленген газ қысымының көрсеткіші мен құрылғылардың созылмалығын қалыпта ұстауды, коммуникациялар мен аппараттардың дұрыс үрлеп тазартылуын қамтамасыз ету қажет. Ашық отын көздерін қоршауды және технологиялық регламент талаптарының сақталуын қарастыру қажет.
8. Газды термиялық және термокаталды тазарту аппараттарын пайдалану және күтім жасау
27. Аппаратты іске қосу алдында келесіге көз жеткізу қажет:
1) аппараттар түзу және жұмысқа дайын;
2) жылытқыш және тазарту газын беру үшін орнатылған жабдық және газ құбырының жүйесі түзу және жұмысқа дайын, барлық желілер мен қондырғы жалпы ауада тапталған;
3) тазартылатын газ пешіне жеткізу үшін орнатылған жабдық және құбыр желісінің жүйесі түзу және жұмысқа дайын;
4) катализатордың саны мен сапасы нормаға сәйкес;
5) жанарғыда жылытқыш газының жануы тұрақты өтеді, түтіндік газдарды әкету қалыпты қамтамасыз етіледі;
6) бақылау және автоматтандыру құралдары бар және түзу.
28. Жұмыс кезінде:
1) тазартылатын газда бар, ауаны ластайтын заттарды жағудың оңтайлы режимін және жабдықты пайдалану бойынша технологиялық регламентке сәйкес жарылыс қауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз ету;
2) қолданылатын катализаторлардың жағдайына бақылау жасау, оларды дер кезінде қалпына келтіру мен ауыстыруды қамтамасыз ету;
3) ауада жүйені жұмыс көрсеткіштеріне дейін қыздыру жүргізу қажет.
____________________
Информация о работе Газды тазарту қондырғыларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар