Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 09:19, реферат
Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің су шаруашылығы мәселелері көп жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді. Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.
I. Кіріспе
Жер бетіндегі су ресурстары
II. Негізгі бөлім:
1. Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
2. Су қорын тиімді пайдалану жолдары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жер бетіндегі су ресурстары
Кіріспе
Жер бетіндегі су ресурстары
Гидросфера – ғаламшарымыздың су қабаты, оны мұхиттар мен теңіздер, құрлық суы – өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, мұздықтар, литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін ыза суы және атмосферадағы ылғал құрайды.Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 –ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 – ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі.
Су және құрлық жер шарында
біркелкі орналаспаған. Солтүстік жарты
шарында құрлықтардың үлесіне 100 млн.
км2 немесе 39%-і тисе, ал Оңтүстік
жарты шарында – 206 млн. км2 немесе
81% (әрбір жарты шарды жеке-жеке алып қарағанда).Жер
бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386
млн. км2 –ге тең. Өзен арналарындағы
су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі
су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының
қоры 10,5 млн.км3 мөлшерінде деп есептелсе,
тұщы сулардың жалпы қоры-3,5 млн.км3 немесе
гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды.
Егер біз тұщы судың негізгі массасын
мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда
адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың
көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның
тек қана 0,80% құрайды.
Табиғи
суларды ластаудың негізгі
Судың ластану мәселесі.Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жер асты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасыеың төмен болуы себепті 5 млн. адам (негізі балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн – нан 1 млрд – қа дейін жетеді.Барлық сулардыңқұрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор калий жатады.Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады.Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және оргонолептік қолданылады.Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады: 1) судағы бактериялардың жалпы саны, ал судың 1 миллиметріне 100 – ден аспауы керек; 2) ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен коп болмауы керек) немесе коли – ттрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл – ден кем болмауы керек) анықталады. Оргонептикалық көрсеткіштерге судың судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады.Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді. Суды 400-дей түрлі зат ластауы мүмкін.Егер судағы санитарлық-токсикологиялық, жалпы санитарлық немесе органолептикалық (судың мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі) көрсеткіштері, сульфат, хлорид, нитрат, уытты ауыр металдар мөлшері шектеулі межеден артып кетсе, су ластанған болып есептеледі. Тағы суда араласқан оттегі мөлшерінің азаюы, радиактивті элементтердің, ауруға ұшырататын бактериялардың пайда болуы да оның ластанғанын көрсетеді.
Өндірістік ластанудың көздері мыналар:
1) электроэнергетика
2) химиялық және мұнай-химилық өнеркәсіп;
3) ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;
4) қара металлургия;
5) түсті металлургия;
6) машина жасау өндірісі;
7) көмір өнеркәсібі;
8) мұнай өңдеуші өнеркәсібі;
9) жеңіл өнеркәсіп;
10) құрылыс материалдары өнеркәсібі;
11) тамақ өнеркәсібі;
12) тұрмыстық жиынды сулары;
13) өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары;
14) Қыста қалалардың кір қарларын суға тастау.
Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (нафтен қышқылдары, фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын, кадмий қосылыстары) және уытсыз болып келеді.
Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.
Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий және т.б.) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.
Механикалық ластану суға әртүрлі механикалық қоспалардың (құм, шлам, балшық және т.б.), сондай-ақ қатты қалдықтардың, сумен ағаш тасымалданғандағы қалдықтары түсуімен сипатталады. Бұл жағдай судың органолептикалық қасиеттерін нашарлатады.
Жылулық ластануға табиғи сулардың жылыған жерүсті және технологиялық суларымен араласып кетуімен байланысты. Мұндай ластану судың газдық және химиялық құрамының өзгеруіне, анаэробты бактериялардың, гидробионттардың көбеюіне және улы газдардың – күкіртсутегінің, метанның бөлінуіне әкеліп соғады.
Канализация суларының
табиғи суларға жіберілуі
Мұндай эвтрофикацияға ұшырап отырған Балқаш көлі.
Жер үсті суларының
ластануының негізгі себептері
суға мыналардың қосылып
1) тазаланбаған немесе
аз тазаланған жиынтық
2) тұрғындарға тұрмыстық
қызмет көрсетуден қалған
3) өндіріс кәсіпорындары суларының;
4) ауыл шаруашылығы мекемелері суларының;
5) халық шаруашылығы басқа да мекемелері суларының.
Химиялық ластаушы заттардың ең кеңінен тарағаны синтетикалық белсенді беттік заттар (СББЗ), бірақ олардан пестицидтер де қалыспайды.
Тура осылай жер асты сулары да ластанады. Ластаушы заттар микробтық және химиялық болып бөлінеді. Микробтық ластануға көбінесе жерасты сулары ұшырайды. Жерасты суларының химиялық ластануы жерүсті сулары арқылы жүреді. Жерасты суларына қалдық суларды тазалауға пайдаланатын биологиялық белсенді заттар (ББЗ) да өтіп кетуі мүмкін. Жерасты суларын өндірістік қалдықтар, мұнай өнімдерін сақтағандағы қалдықтар, химиялық өндірістердің шикізаты және өнімдері, химикаттар және тыңайтқыштармен ластанған жауын-шашын ластайды.
Кейінгі жылдары ең көп ластанған Ертіс өзені (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Риддер қорғасын заводы, Зырян ағаш-жоңқа плиталары кәсіпорны және т.б.)
Су қорын тиімді пайдалану жолдары
Адамның негізгі қажеттерінің бірі – таза және қауіпсіз су. Барлық адамзат үшін таза судың жетіспеуі 20 % құрайды. Жылдан жылға әртүрлі заттармен ластанған су объектілерінің саны көбейіп барады. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Ол барып табиғи судың сапасын жақсартатын гидробионттардың өмірін қиындатады.
Судың сапасы дегеніміз – шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, балықшаруашылығы және техникалық қажеттілікті анықтайтын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы.
Ауыз су эпидемиологиялық тұрғыдан және химилық құрамы бойынша қауіпсіз, органолептикалық қасиеттері жағынан қолайлы болуы керек.
ҚР судың сапасы 2.1.4.559-96 МеМСТ сай болуы керек.
Судың сапасының физикалық көрсеткіштері: температура, лайлығы, концентрациясы және тағы басқалары жатады.
Судың биологиялық көрсеткіштерінің бірі − коли-индекс, бұл 1 литр судың көлеміндегі ішек таяқшаларының саны. Бұл көрсеткіш бойынша табиғи сулар бес түрге бөлінеді: өте ластанған − коли-индексі 10 000 –нан көп, ластанған 1000 –нан көп, аз ластанған – 100-ден көп, қанағаттанарлық - 10-нан көп, жақсы – 3-тен аз. Тағы бір көрсеткіші − коли-титр: бір ішек таяқшасы болатын судың миллилитрмен өлшенген көлемі − 300 мл кем болмауы керек.
Химиялық көрсеткіштері
бойынша ауызсуға қойылатын
5 кесте - Ауыз су құрамының сипаттамасы
рН – 6,0-9,0 |
хлоридтер, мг/л 350 ге дейін |
Кермектілігі, ммоль/л -7,0 |
Zn, мг/л 5-ке дейін |
Fe , мг/л 0,3-ке дейін |
Al, мг/л 0,5-ке дейін |
К , ммоль/л 7-ге дейін |
Be, мг/л 0,0007-ге дейін |
Мn, мг/л 0,7-ге дейін |
Mo, мг/л 0,25-ке дейін |
Cu, мг/л 1,0 –ге дейін |
As, мг/л 0,05-ке дейін |
SO42−, мг/л 500-ге дейін |
нитраттар, мг/л 45-ке дейін |
Рb, мг/л 0,3-ке дейін |
Sr, мг/л 7-ге дейін |
5 кестеде құрамында әрдайым
болатын заттардың 1 л судағы
мөлшері келтірілген
Судағы әртүрлі органикалық заттардың мөлшерін анықтау қиын болғандықтан, олардың мөлшерін оттегімен тотығуына баға беру арқылы анықтайды.
Судағы органикалық заттарды химиялық тотықтыру үшін қажетті оттегінің мөлшерін оттегінің химиялық қажеттілігі (ОХҚ) деп атайды. Суда органикалық ластаушылардың бар-жоғы екінші көрсеткіш − оттегінің биохимиялық қажеттілігімен (ОБҚ) сипатталады. Бұл оттегінің (мг/л) органикалық заттарды биохимиялық ыдырауға белгілі бір уақыт аралығында (1,2,5,20 тәулік) қажетті мөлшері. Мысалы ОБҚ2 − бұл екі тәулік ішіндегі оттегінің биологиялық қажеттілігі.
Судың санитарлық тәртібі ең алдымен ондағы еріген оттегінің мөлшерімен сипатталады. Жылдың кез келген мерзімінде оның мөлшері 1л суда 4 мг болу керек. Балықтың құнды тұқымдарын сақтап және ұдайы өндіру үшін 1л судағы мөлшері 6 мг төмен болмауы керек.
Ауызсуға қойылатын талаптың бірі − судың ластану индексі. Бұл деректер 6 - кестесіне жинақталған.
6 кесте - Судың ластану индексінің сипаттамасы
Сапа класы |
Жерүсті сулары сапасының сипаттамасы |
СЛИ шамасы |
1 |
өте таза |
≤ 0,3 |
2 |
таза |
0,3 тен 1,0 ге |
3 |
мөлшерлі ластанған |
1,0 ден 2,5 ке |
4 |
ластанған |
2,5 нан 4,0 ке |
5 |
лас |
4,0 тен 6,0 ға |
6 |
өте лас |
6,0 дан 10,0 ға |
7 |
төтенше лас |
> 10,0 |
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал өзендерінің жағдайлары 3-4 класқа жатады. Балқаш көлінің күйі қанағаттанарлықсыз (ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар). Каспий теңізінің су қоры да үрей туғызады. Солтүстік Каспийді Еділ- Жайық сулары ластайды. Қалдық суларды тазалауда ауыр жағдай Өскеменде, Қарағандыда, Павлодарда және Петропавловскде. ҚР халық шаруашылығы дамуы, әрине, су қажетінің артуына әкеліп соғады, бұл жағдайда үлкен көмекті жерасты суларынан күтуге болады. Жерасты суларының елеулі қорлары Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.