Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:13, лекция
Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз даәлді атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамассыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс-әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған.
Жер шары өз білігінен сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Бұл қозғалыс нәтижесінде күн мен түн алмасуы жүреді. Жердің өз білігшен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық денелер қозғалысында ауытқу пайда болады. Бұл ауытқуды тудырушы құбылыс — Кориолис күші (француз ғалымы Г. Кориолис есімі бойынша) деп аталады. Кориолис күші әсерінен солтүстік жарты шардағы жер бетімен қозғалатын барлық денелер оңға, ал оңтүстік жарты шардағы денелер солға бұрылады. Өсіресе бұл қозғалыстар желдер мен беткі ағыстардан айқын байқалады.
Экватор бойында Кориолис күші өлсіз, керісінше полюстерге карай күшейеді. Кориолис күшінің ықпалын есепке алу өсіресе жел бағытын анықтауда ерекше маңызды, себебі өте күшті дауылдар туғызатын тропиктік циклондар қозғалысын білудің қашан да маңызы зор.
Күн мен түннің алмасуы табиғаттағы тәуліктік ырғақтылықты туғызады, ол жарық пен жылудың өзгерісіне байланысты жүзеге асады. Адамның әлеуметтік өмірі де тәуліктік ырғақтылыққа сәйкес келеді.