Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 16:52, лекция
Экология – ағзалардың бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:
• 1) ең жалпылама түрде – қоғамның география, әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын зерттейтін ғылыми пән;
• 2) адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән.
Кіріспе
Экология
Негізгі бөлім
Экологиялық факторлар
Экологиялық жүйе
Экожүйе және экожүйелер типтері
Қорытынды
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Жүйе тәртібінің заңдылықтары».
Жоспар:
Кіріспе
Экология
Негізгі бөлім
Экологиялық факторлар
Экологиялық жүйе
Экожүйе және экожүйелер типтері
Қорытынды
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын,
ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың,
20 ғасырдың 60 – 70-жылдары,
бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана
қолданылып келген “экология” термині
кенеттен көпшілік арасында ең танымал
терминдердің біріне айналды. Осы жылдары,
табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың
үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның
ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қ
Экология – ағзалардың бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:
Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Бұл жерде бір ескере кететін
жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен
тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз
байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана
кезеңінде болса да тікелей немесе жанама
әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі
қарай бөлшектенбейтін элементі санал
Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.
Экологиялық
факторлар
Әр тіршілік
ортасы ағзаға әсер ететін факторлармен
ерекшеленеді. Ағзаға әсер ететін, тіршілік
ортасын құрайтын элементтерді экологиялық
факторлар деп атайды.
Экологиялық
факторлар абиотикалық, биотикалық және
антропогенді болып бөлінеді.
Абиотикалық
факторлар
Жарық, температура,
ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың
ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты
өлі табиғаттың құрамды бөліктері.
Жарық. Күн сәулесінің
спектрінде биологиялық әсері бойынша
ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін
сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін
сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет,
өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу
үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін,
D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде
мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін
сәулелердің басым бөлігі озон қабатында
шағылысып, жерге жетпейді.
Көзге көрінетін
сәулелер – фотосинтезге энергия беретін,
жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл
сәулелер – жылу энергиясының көзі.
Өсімдіктерге
күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі
болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына
бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер
(жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш)
және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге
шыдамды) болып бөлінеді.
Жануралар күндіз
немесе түнде белсенді тіршілік ететін
болып бөлінеді. Олар үшін жарық – тіршілік
белсенділігінің уақытын анықтайтын фактор.
Жарықты талап
етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа
күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін)
және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде
тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді.
Фотопериодизм
– өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың
түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері.
Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе
жарықтың түсу ұзақтығына байланысты
реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының
өзгеруі температура өзгеруімен бірге
жүреді. Бірақ жарық температура сияқты
кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм
құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың
түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің
негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік
ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы
көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады.
Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың
көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың
ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек
жұмыртқа салуына да әсер етеді.
Температура.
Ортаның температурасы ағзаның температурасына
әсер етеді, яғни ағзадағы зат алмасуды
құрайтын барлық химиялық реакциялардың
жылдамдығына әсер етеді. Негізінен ағзалар
0-(+50)0С аралығында тіршілік ете алады.
Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты.
Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар,
бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі
температура шегі болып – 190-(273)0С (споралар,
тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады)
болып табылады.
Температураға
байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы
төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер
(температурасы жоғары орталарды мекендейтін)
деп бөлінеді.
Ағзалар екі
жылу энергиясының көзін қолдана алады:
сыртқы күннің жылу энергиясын немесе
жердің ішкі жылуын және ішкі – ағзада
зат алмасу барысында бөлінетін жылу.
Ағзаның жылу
балансын реттеуде басым қолданатын энергия
көзіне байланысты оларды пойкилотермді
және гомойтермді деп бөледі.
Пойкилотермді
ағзалар – дене температурасы тұрақсыз,
қоршаған ортаның температурасына қарай
өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар,
өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар
және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер,
бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте
олардың дене температурасы сыртқы ортаның
температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе
бірдей болады.
Гомойтермді
ағзалар – дене температурасын сыртқы
ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты
дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді
топқа құстар мен сүтқоректілер және адам
жатады.
Өсімдіктер төмен
температураға шыдамдылығына байланысты
жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер
деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім,
шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге
мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын
т.б. жатады.
Әрбір жеке организмнің
өзіне тән температураға деген талабы
және шегі болады. Кейбір организмдер
температураға төзімділік көрсетеді.
Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар
800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір
көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді.
Температураның қалыпты мөлшерден кемуі
кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды
тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды
бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып,
жалпы тіршілігі тоқтайды.
Күнге қарай
өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма
суын азайтып, қоюланып, оның органоидтары
төмен температураға бейімделіп, төзімді
күйге көшеді.
Қыс кезінде
өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық,
тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық
күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды.
Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы
шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді
күйге ауысады.
Пойкилотермді
жануарлар қолайсыз температура жағдайында
қысқы ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз
кезінде организм денесіндегі зат және
энергия алмасу уақытша тежеліп, баяу
күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады.
Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю)
қоректің жетіспеуінен болады.
Гомойтермді
жануарлар төмен температурадан әр түрлі
жолдармен қорғанып отырады.
Жануарлар қысы
қатты аймақтардан жылы жаққа қарай қоныс
ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүт қоректілер
т.б.).
Тері жабындыларындағы
жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала
бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және
т.б.).
Уақытша ұйқыға
немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық,
аю, тышқандар т.б). мұндай гомойтермділердің
дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның
температурасына тәуелді болғаны үшін
олардың гомойтермділер деп атайды.
Су. Су ағзадағы
зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін
дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Жасушалардағы
судың құрамы шамамен 70%.
Ылғал көбінесе
климаттық, құрылықтың температуралық
белдеулеріне, табиғат белдемелеріне
байланысты болады. Кей бір жағдайда ылғал шектеулі
Гидрофиттер
– суды мол қажет ететін, ылғалды ортада
өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға,
күріш, тұғиық т.б.
Ксерофиттер
– шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы
аймақтардың өсімдіктері. Олар қатты ыстыққа
және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы:
сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен,
селеу, күйреуік т.б.
Мезофиттер –
ылғалдылығы орташа, жеткілікті аймақтарда
өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып
келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы
өсімдіктер.
Суккулентті
– ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың
өсімдіктері. Олардың жапырақтары немесе
сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып
келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б.
Гидрофиттер
– судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы:
элодея, балдырлар т.б.
Су көптеген
ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып
табылады. Су ағзалары мекен ететін су
қабатына және тіршілік ету түріне байланысты
келесі экологиялық топтарға бөлінген:
Планктон – негізінен
су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын
ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір
жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір
жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады.
Нектон – судың
орта қабатында белсенді түрде қозғалып
тіршілік ететін ағзалар. Оларға балықтар,
басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар,
киттәрізділер жатады.
Бентос – судың
түбін және топырақта тіршілік ететін
су ағзалары. Оларды фитобентос (бекініп
өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы
өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер,
былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары,
т.б.) деп бөледі.
Перифитон –
су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына
жабысып тіршіліе ететіндер.
Ылғалдың жануарлар
тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға
ылғал жетіспегенде, олар әр түрлі бейімделеді.
Мысалы: түйе өркешінің майынан метаболиттік
су алады, сарышұнақтар ұйқыға кетеді
т.с.с. Ал өсімдіктер жапырақтары транспирациясының
азайтады, сексеуіл тамырларын тереңге
жібереді т.с.с.
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының
қоректену, өсу және ұрпақ беру
Экожүйе және экожүйелер типтері
Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Биогеоценоз шекарасы көбіне
түрлік құрылысы мен құрамы біртекті
өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен
анықталады. Биогеоценоз экожүйенің
бір варианты болып табылады. Алайда
экожүйе мен биогеоценоз
Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мүхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр. a Юджин Одум (1913—2000). В. Н. Сукачёв (1880—1967).
Экологиялық тепе-теңдік - кез келген табиғи қауымдастықтағы
тірі организмдердің түрлік құрамының, олардың санының,
өнімділігінің, кеңістікте бөлініп таралуының,
сондай-ақ маусымдық өзгерістердің, заттектердің биоталық айналымд