МЕББМ ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Қоғамдық денсаулық сақтау
және жалпы гигиена мен экология кафедрасы.
«Экология және тұрақты даму»
пәні
Тақырыбы:Ластаушы заттардың
трансшекаралық ауысуы туралы түсінік
Алматы 2015ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау
2. Тараптар арасындағы трансшекаралық
тасымал
3. Қауіпті қасиеттердің тізбесі
4. Анықтамалар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Трансшекаралық экологиялық
проблемаларға су бөлу, трансшекаралық
су объектiлерiн, атмосфералық ауа мен
топырақты ластау, қауiптi технологияларды,
заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы
қазбалардың шектес жатқан кен орындарын
игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтаумәселелержатады.
Трансшекаралық экологиялық проблемалар
елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақтылы
сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу
халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес
мемлекеттердiң бiрлескенiс-қимылдарыменқамтамасызетiледi.
2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды
трансшекаралық тасымалдау мен оларды
аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель
конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды
декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн
белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама
шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына
олардың қайтадан түсуiн болдырмауғамүмкiндiкбередi.
Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды
пайдалану және қорғау проблемасын шешуге
бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға
мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын
сулар мен халықаралық өзендердi қорғау
мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына
қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң
қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан,
трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс
та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi
заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық
әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi"
қағидатын орындау жөнiндешараларқолданғанжоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық
қатерлердiң алдын алу және жою үшiн:
2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң
шекаралас аудандарын экологиялық бағалаужөнiндегiбiрлескензерттеулержүргiзу;
Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки
конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның
бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық
су проблемаларыншешу;
бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында
2005 - 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань
мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық
биосфералықаумақтарқұруқажет.
Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал
трансшекаралық экологиялық қатерлердi
анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн
болады.
Қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау мақсаты үшін қауіпті қалдықтарды
тарнсшекаралық тасымалдауды және оларды
аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель
конвенциясының 1-ші қосымшасына сәйкес
келетін қалдық топтары қауіпті болып
табылады.
Қауіпті қалдықтарды пайдалану
және көму мақсатында ҚР аумағына әкелу
мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемологиялық
сараптамалардың оң қорытындылары болған
кезде ҚР үкіметінің шешімі бойынша жүзеге
асырылады.
Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды
бақылау туралы Базель конвенциясының
тараптары–мемлекеттерге және өздерінің
заңнамасы шеңберінде қауіпті қалдықтар
импортына тиым салған дамушы елдерге
не осы қалдықтарды пайдалану экологиялық
негізделген түрде жүзеге асырылмайды
деп ойлауға негіз болса, сондай-ақ оңтүстік
ендіктің 60 градусынан оңтүстікке қарай
орналасқан аудандарда қауіпті қалдықтарды
экспорттауға тиым салынды.
Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау кезінде табиғат пайдаланушылар
мүдделі мемлекеттерге ұсынылатын қалдықтарды
трансшекаралық тасымалдауға қатысты
ұсынылатын адам денсаулығы мен қоршаған
орта үшін салдарын көрсететін ақпаратты
табыс етуге міндетті. Ъ
Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау кезінде олар орап –буу, таңбалау
және тасымалдау саласындағы жалпы қабылданған
халықарарлық ережелер мен нормаларға
сәйкес оралып, буылуға таңбалануға жәе
тасымалдануға тиіс.
Базель конвенциясы -[Basel Convention on the Control
of Transboundary Movements of Hazardous Wastes and Their Disposal] -
қауіпті қалдықтарды шекаралардан тасымалдау
мен пайдаға асыру жөніндегі көпжақты
(71 мемлекет пен Еуропалықэкономиикалық қауымдастық, Ресей 1992 жылдан) келісім
(1989, Базель, Швейцария). Конвенцияның тізімінде қалдықтарды
трансшекаралық тасымалды барынша қысқарту
және олардың көлемін, улылығын азайту
мақсатымен, дамушы елдерге улы, қауіпті
қалдықтарды пайдаға асыруда көмек көрсету
мәселелері қарастырылған.
1. Экспорт мемлекетi
өндiрушiден немесе экспорттаушыдан
экспорт мемлекеттiң құзыреттi органдары
арқылы мүдделi мемлекеттердiң құзыреттi
органдарын қауiптi және басқа
да қалдықтардың кез келген
көзделетiн трансшекаралық тасымалы
туралы жазбаша түрде хабарлайды
немесе хабарлауды талап етедi.
Мұндай хабарларда импорт мемлекетi
үшiн қолданылатын тiлде VA қосымшада
көзделген өтiнiштер мен хабарлама
болуға тиiс. Әрбiр мүдделiмемлекеткебiрхабарландыржiберужеткiлiктi.
2. Импорт мемлекетi хабарлаушыға
белгiлi бiр жағдайда тасымалға келiсiмi
немесе оларсыз, тасымалға рұқсат беруден
бас тарту немесе қосымша хабарлама беруiне
сұрау салу бар хабарландыру алғандығы
туралы жазбаша нысанда жауап жолдайды.
3. Экспорт мемлекетi өндiрушiге
немесе экспорттаушыға трансшекаралық
тасымалдауды бастауғамыналарға:
а) хабарлаушы импорт мемлекетiне
жазбаша түрде келiсiм алғанына;
b) хабарландырушы импорт мемлекетiнен
экспорттаушы мен қалдықтарды аулаққа
шығаруға жауапты тұлғаның apacында осы
қалдықтарды экологиялық негiзделген
пайдалану сөз болған келiсiм-шарттың бар
екендiгiнiң фактiсiн растау алғанына жазбаша
растау алғанға дейiн рұқсат бермейдi.
4. Тараптар болып табылатын
әрбiр транзит мемлекетi хабарлаушыға
хабарды алғанын дереу хабарлайды. Содан
кейiн ол хабарлаушыға тасымалдауға бiрқатар
шарттармен немесе онсыз келiсу, тасымалдауға
рұқсат беруден бас тарту немесе қосымша
ақпараттар ұсынуға сұрау салу мазмұндалған
жазбаша жауапты 60 күннiң iшiнде жiбере
алады. Экспорт мемлекетi транзит мемлекетiнiң
жазбаша келiсiмiн алмайынша, трансшекаралық
тасымалдауды бастауға рұқсат етпейдi.
Алайда, егер Тараптар қауіпті немесе
басқа қалдықтарды трансшекаралық транзиттiк
тасымалдауға қатысты кез-келген уақытта
толықтай немесе белгiлi бiр жағдайларда
жазбаша нысандағы келiсудi алдын ала талап
етпеуге шешiм қабылдаса, не осыған қатысты
талабын өзгертсе, ол 13-бапқа сәйкес өзiнiң
шешiмi туралы басқа Тараптарға дереу хабарлайды.
Бұл соңғы жағдайда егер транзит мемлекетi
осы хабарлауды алғаннан кейiн 60 күн iшiнде
экспорт мемлекетi жауап алмаса, онда экспорт
мемлекетi транзит мемлекетi арқылы экспортты
бастауға рұқсатбереалады.
5. Қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау жағдайында, осы қалдықтар
мынадай жағдайда ғана заң негiзiнде қауiптi
қалдықтар peтінде айқындалады немесе
қарастырылады:
а) экспорт мемлекетi, импорттаушыға
немесе аулаққа шығаруға жауап берушi
адамға осы баптың 9-тармағымен қолданатын
талаптар, және импорт мемлекетiне тиiсiнше
экспорттаушыға жәнеэкспортмемлекеттерiнеmutatismutangisқолданылады;
b) Тараптар болып табылатын
импорт мемлекетi немесе импорт және транзит
мемлекеттерi, экспорттаушыға және экспорт
мемлекетiне қолданатын осы баптың 1, 3,
4 және 6-тармақтарының талаптары, тиiсiнше
импорттаушыға немесе аулаққа шығаруға
жауапты адамға және мемлекетіне импорт
мемлекетiне mutatis mutangis қолданылады; немесе
с) Тарап болып табылатын кез-келген
транзит мемлекетiне 4-тармақтың ережесi
ғана қолданылады.
6. Экспорт мемлекетi, мүдделi
мемлекеттердiң жазбаша түрдегi келiсiм
шартымен өндiрушiге немесе экспорттаушыға
физикалық және химиялық ерекшелiктерi
бiрдей қауiптi немесе басқа қалдықтарды
аулаққа шығаруға жауап беретiн бiр тұлға
экспорт мемлекетi аулаққа шығаратын бiр
кедендiк пункттеp арқылы және импорт мемлекетi
әкелетiн бiр кедендiк пункттеp арқылы,
ал транзит жағдайында, транзит мемлекеттің
немесе мемлекеттердiң әкелу және әкету
пункттерi арқылы жүйелi түрде тиеу жағдайындағы
жалпы хабарламаны пайдалануынарұқсатетеалады.
7. Мүдделi мемлекеттер тиеуге
жататын қауiптi немесе басқа қалдықтардың
дәл саны немесе кезеңдік тiзiмi тәрiздi
белгiлi бiр ақпарат ұсыну жағдайында, 6-тармақта
айтылғандай жалпы хабарлама ресiмiн пайдалануға
жазбаша түрде келiсiм бepуi мүмкiн.
8. 6 және 7-тармақтарда айтылған
жалпы хабарлама мен жазбаша түрдегi келiсiм
қауiптi немесе басқа қалдықтардың 12 ай
мерзiм ішіндегі көп еселенген тиелiмiн
қамтуы мүмкiн.
9. Тараптар қауiптi немесе басқа
қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды
мойнына алған әрбiр адамның тасымалдау
туралы құжатқа, не оларды жеткiзген кезде,
не осы қалдықтарды алған кезде қол қоюын
талап етедi. Олар сондай-ақ қалдықтарды
аулаққа шығаруға жауап беретiн адамның
экспорттаушыны да, сонымен бiрге экспорт
мемлекетiнің құзыреттi органын да өздерiнiң
осындай қалдықтарды алғаны туралы және
аулаққа шығаруды хабарламада көрсетілгендей
дер кезiнде аяқтағаны туралы хабарлауын
талап етедi. Егер экспорт мемлекетi мұндай
ақпарат алмаса, экспорт мемлекетiнiң құзыретті
органы немесе экспорттаушы бұл туралыимпортмемлекетiнехабарлайды.
10. Осы бапқа сәйкес талап етiлетiн
хабарлама және оған берiлетiн жауап мүдделi
Тараптардың құзыретті органдарына немесе
Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердiң
тиiстiүкiметорганынажолданады.
11. Қауiптi немесе басқа қалдықтардың
кез-келген трансшекаралық тасымалы Тарап
болып табылатын импорт мемлекетiнiң немесе
транзит мемлекетiнiң талабы бойынша кепiлмен
немесе өзге кепiлдiкпен сақтандырылады.
Қауiптi жүктердi
тасымалдау жөнiндегi БҰҰ ұсынымдарында
баяндалған қауiптi жүктердi жiктеу жүйесiне
сәйкес келедi (ST/S6/AC. 10/1 Rеv.5, БҰҰ Нью-Йорк,
1988 ж.).
1.H1Жарылғышзаттар
Жарылғыш заттаp немесе қалдықтаp
- бұл қатты немесе сұйық заттаp немесе
қалдықтар (не болмаса қоспа заттар немесе
қалдықтар), олар өз бетiнше температура
кезiнде газ бөле отырып, химиялық peакцияға
және аса жылдамдықпен қысым жасауға қабiлеттi,
қоршаған заттарға зақым келтiредi.
3.Н3Тезтұтанғышсұйықтықтар
"Тез тұтанғыш" терминi
"оңай жанатын" терминiмен мәндес,
құрамында қатты заттар немесе суспензиялар
бар сұйықтықтар (мысалы: бояулар, политурлар,
лактар, олардың қауiптi қасиеттерiне сәйкес
жiктелген заттардан немесе қалдықтардан
басқа) және т.б. 60,5 С градустан жоғары
емес температурада жабық ыдыста немесе
65,6 С градустан жоғары емес температурада
ашық ыдыста тұтанғыш булар бөлiп шығаратын
сұйықтықтар, сұйықтық қоспалары немесе
ерiтiндiлер тұтанғыштар болып табылады,
(Демек, ашық және жабық ыдыстардан алынған
нәтижелердi дәл салыстырылды деп айтуға
болмайды және сондай бiр әдiспен алынған
жекелеген нәтижелердiң бiр бipiнeн айырмашылығы
бар екенi жиi кездеседi, онда жоғарыда
келтiрiлгендерден сандардың айырмашылығы
болу ережесi аталуға айқындаулар pухында
қалады).
4.1Н4.1Тұтанғышқаттызаттар
Тасымалдау процесiнде кездесетiн
жағдайларда, жарылғыш ретiнде жiктелгендерден
басқа қатты заттар немесе қатты қалдықтар
оңай тұтануға, не болмаса үйкелген кезде
от шығаруға немесеқаттылапететүсугебейiм.
4.2 H4.2 Өздiгiнен жануға бейiм
заттар немесе қалдықтар өздiгiнен жануға
бейiм заттар мен қалдықтар қалыпты тасымал
кезiнде қызып кетуге немесе желге шаққан
кезде қызып кетуге бейiм,соданкейiнөзөзiненжалыншығаруғабейiм.
4.3 Н4.3 Су тиген кезде тұтанғыш
газ бөлетiн заттар немесе қалдықтар
Заттар мен қалдықтар су тиген
кезде өз өзiнен жануға немесе қауiптi мөлшерде
оңай тұтанатын газ бөлуге бейiм.
5.1H5.1Тотыққышзаттар
Заттар өз өзiнен жанбайды, ол,
әдетте, тотық бөлудiң салдарынан басқа
материалдардың тұтануынаәкепсоғадынемесеәсеретедi.
5.2H5.2Органикалықпероксидтер
(Термикалық тұрақсыз заттар
болып табылатын құрамында - О-О-биваленттi
топтар бар органикалық заттар өзiнен
өзi экзотермикалық жылдам шiруге ұшырайды).
6.1H6.1Уытты(улы)заттар
Тыныс алу, ас қорыту органдары
арқылы немесе терi арқылы организм iшiне
түскен заттар немесе қалдықтар адамдардың
өлуiне әкеп соғады немесе оған қатты керi
әсерiн тигiзедi.
6.2H6.2Жұқтырғышзаттар
Құрамында тiрi микроорганизмдер
немесе олардың уыты бар заттардың немесе
қалдықтардың адамдарды ауруға шалдықтыратыны
белгілi немесе түсiнiктi.
8.Н8Коррозиялықзаттар
Тiкелей қарым-қатынас кезiнде
химиялық әсер ету жолымен ықпал ететiн
заттар немесе қалдықтар тiрi тканьдi әжептәуiр
зақымдайды немесе мұндай заттар мен қалдықтардың
ағып шығуы немесе себiлуi басқа жүктердi
немесе көлiк құралдарын зақымдайды және
тiптi бүлiнуге дейiн әкеп соғады; сондай-ақ
басқа да қауiп түрлерiн қамтуы мүмкiн.
9. H10 Ауаға шыққан немесе сумен
ылғалданған кезде уыттыгаз бөлу
Ауаға шыққан немесе сумен ылғалданған
заттар немесе қалдықтар қауiптi мөлшерде
уытты газ бөледi.
9. H11 Уытты заттар (ұзаққа созылған
немесе созылмалы ауруға шалдықтыратын)
Тыныс aлу, ас қорыту органдары
арқылы немесе терi арқылы организм iшiне
түскен заттар немесе қалдықтар ұзаққа
созылған немесе созылмалы ауруларға,
рак ауруын қоса, едәуiр шалдықтырады.
9H12Асауыттызаттар
Заттар немесе қалдықтар қоршаған
ортаға тап болған жағдайда қоршаған ортаны
биотоптау нәтижесiнде қоршаған ортаға
бiрден қауіп төндiредi немесе бiртiндеп
төндiредi және/немесе биотикалықжүйелергеуыттыәсерeтедi.
9. H13 Заттар, аулаққа шығарылғаннан
кейiн қандайда бiр түрде асқа материалдар
түзуге бейiм, мысалы,
сiлтiсiздендiру жолымен, оның
үстiне бұл материалдар жоғарыда аталғандардың
iшiнен қандай да бiр қасиеттi иеленедi.
ОсыКонвенциямақсаттарыүшiн:
1. "қалдықтар" - шығарып тасталатын,
шығарып тастауға арналған немесе ұлттық
заң ережелерiне сәйкес шығарып тастауға
жататын заттарды немесе нәрселердi бiлдiредi;
2. "пайдалану" - қауiптi және басқа
да қалдықтарды, шығарып тасталған орынға
бақылауды қоса алғанда, жинауды, тасымалдауды
және жоюды бiлдiредi;
3. "трансшекаралық
тасымал" - бiр мемлекеттiң
ұлттық юрисдикциясындағы ауданнан қауiптi
және басқа да қалдықтарды басқа мемлекеттің
ұлттық заңды юрисдикциясындағы ауданға
не аудан арқылы, не қандай бiр мемлекеттiң
ұлттық юрисдикциясында болмайтын аудан
немесе аудан арқылы жасалатын кез келген
алып өтудi бiлдiредi, мұндай тасымалдар
ең жоқ дегенде екi мемлекетке қатысты
болуы шарт;
4. "аулаққа
шығару" - осы Конвенцияға
IV қосымшада белгiленген кез келген операцияны
бiлдiредi;
5. "санкция
берiлген орындар немесе объектілер" - аумағында мұндай
орындар немесе объектiлер орналасқан
мемлекеттiң тиiстi органынан рұқсат немесе
лицензия алынуға қатысты қауiптi және
басқа да қалдықтарды аулаққа шығаруға
арналған орындарды немесе объектiлердi
бiлдiредi;
6. "құзыреттi
орган" - Тараптаp қауiптi
және басқа да қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау және оған байланысты кез келген
ақпарат туралы хабар алуы үшiн және осындай
хабарды 6-бапқа сәйкес қамтамасыз ету
үшiн орынды деп тапқан географиялық осындай
аудандар шегiнде Тарап тағайындаған мемлекеттік
органды бiлдiредi;
7. "бөлiнген
орталық" - 13 және 15-баптарда
көзделгендей ақпарат алуға және ұсынуға
жауап беретiн 5-бапта ескерiлген Тараптың
заңды тұлғасын бiлдiредi;
8. "қауiптi
және басқа да қалдықтарды экологиялық
негiзделген пайдалану" - адам денсаулығы,
қоршаған орта үшiн қауiптi және басқа да
қалдықтарды пайдалану барысында осындай
қалдықтардың мүмкiн болатын жағымсыз
әсерiнен барлық практикалық мүмкiн болатыншаралардықабылдаудыбiлдiредi;
9. "мемлекеттің
ұлттық юрисдикциясындағы аудан" - мемлекет халықаралық
құқыққа сәйкес адам денсаулығын қорғау
мен қоршаған ортаның жай-күйіне әкiмшiлiк
және нормативтiк жауапкершiлiкте болатын
кез келген құрғақтағы және теңiздегi ауданды
немесе әуе кеңiстiгiн білдiредi;
10. "экспорт
мемлекетi" - қауiптi және басқа
да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау
жоспарланғаннемесебасталғанкезкелгенТараптыбiлдiредi;
11. "импорт
мемлекетi" - қандай бip мемлекеттің
ұлттық юрисдикциясы қолданылмайтын қауiптi
және басқа да қалдықтарды оларды аулаққа
шығару мақсатымен немесе ауданда аулаққа
шығарғанға дейiн тиеу мақсатымен тасымалдау
жоспарланатын Тарапты бiлдiредi;
12. "транзит
мемлекетi" - қауiптi және басқа
да қалдықтарды солар арқылы тасымалдау
жоспарланған немесе жүзеге асырылатын
экспорт немесе импорт мемлекетi болып
табылмайтын кезкелгенмемлекеттібiлдiредi;
13. "мүдделi
мемлекеттеp" - олардың Тараптаp
болып табылатынына немесе табылмайтынына
қатыссыз, экспорт немесе импорт мемлекеттері
немесе транзит мемлекеттерi болыптабылатынТараптардыбiлдiредi;
14. "тұлға" - кез келген
жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;
15. "экспортшы" - экспорт мемлекетiнiң
юрисдикциясындағы қауiптi және басқа
да қалдықтардың экспортын ұйымдастыратын
кез келген тұлғаны бiлдiреді;
16. "импортшы" - қауiптi және басқа
да қалдықтардың импортын ұйымдастыратын
импорт мемлекетiнің юрисдикциясындағы
кез келген тұлғаны білдiредi;
17. "тасымалдаушы" - қауiптi және басқа
да қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын
кезкелгентұлғаныбiлдiредi;
18. "өндiрушi" - қызметi қауiптi
және басқа да қалдықтарды түзеуге әкеп
соқтыратын кез келген тұлғаны, егер бұл
тұлға белгiсiз болса, онда бұл қалдықтарға
иелiк етуші және/немесе оларға бақылауды
жүзеге асыратын кез-келген тұлғаны бiлдiредi;
19. "аулаққа
шығаруға жауап берушi тұлға" - қауіпті және басқа
да қалдықтарды тиеудi және осындай қалдықтарды
аулаққа шығаруды жүзеге асыратын кез
келген тұлғаны бiлдiредi;
20. "саяси
және/немесе экономикалық интеграция
жөнiндегi ұйымдар" - егемендi мемлекеттерден
тұратын, оның мүше-мемлекеттеpi осы Конвенциямен
реттелетiн мәселелерге өкiлеттік берген
және өзінің iшкi ресiмдерiне сәйкес қол
қоюға, бекiтуге, қабылдауға, мақұлдауға,
ресми растауға немесе оған қосылуға тиiстi
уәкілеттік берiлген ұйымдарды білдiредi;
21. "заңсыз
айналым - 9-бапқа сәйкес қауiптi
және басқа да қалдықтарды кез келген
трансшекаралық тасымалды білдiредi.
Қорытынды
Осы Конвенция күшiне
енген күннен бастап үш жыл
өткеннен кейiн кез келген уақытта
кез келген Тарап үшiн осы
Тарап Депозитарийдi жазбаша хабардар
ете отырып, Конвенциядан шыға
алады.
Конвенциядан шығу Депозитарий хабарландыру
алғаннан кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi
немесе мұндай аса ұзақ мерзiм хабарландыруда
көрсетілуі мүмкiн.
Қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау мақсаты үшін қауіпті қалдықтарды
тарнсшекаралық тасымалдауды және оларды
аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель
конвенциясының 1-ші қосымшасына сәйкес
келетін қалдық топтары қауіпті болып
табылады.
Қазақстан трансшекаралық өзендердi
ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын
шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға
мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын
сулар мен халықаралық өзендердi қорғау
мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына
қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң
қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан,
трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс
та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi
заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық
әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi"
қағидатын орындау жөнiндешараларқолданғанжоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық
қатерлердiң алдын алу және жою үшiн:
2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң
шекаралас аудандарын экологиялық бағалаужөнiндегiбiрлескензерттеулержүргiзу;
Пайдаланған әдебиеттер:
1. География: Дүниежүзіне
жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін
мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы
10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова,
К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. —
Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010.
— 304 б
2.www.trk.kz
3. Суханбердин Х. Жер
қойнауы-табиғи ресурстардың сарқылмас
көзі