Литосфераның даму заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 13:54, реферат

Краткое описание

Литосфера— жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді.

Содержание

Литосфера туралы түсінік
Литосфераның даму заңдылықтары
Литосфера қабатындағы өзгерістер

Вложенные файлы: 1 файл

Литосфера.docx

— 34.65 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

Кіріспе

  1. Литосфера туралы түсінік
  2. Литосфераның даму заңдылықтары
  3. Литосфера қабатындағы өзгерістер

Литосфера— жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.Литосфера - жердің қатты қабығы.

Литосфераның даму заңдылықтары

Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосфера — географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды .Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге — платформаларға және қозғалмалы бөліктерге — геосинклинальдарға жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезеңде жүзеге асады. Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15—20 км-ге жететін шөгінді жыныстар жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің ішкі қойнауындағы күштер ара салмағы өзгереді. Соның нәтижесінде геосинклинальдарда жер сілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын екінші кезеңде түзілген тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады. бұл процесс көбінесе материктер аумағында жүзеге асатындықтан, "платформалық-геосинклинальдық" дамуы жайлы тұжырымдама Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар географиясынан жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталар болған және бөлшектен. Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады.Тектоникалық картадан ірі литосфералың тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар.Материктік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінеді.

Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттың жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен бөлігінде кездеседі. Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит шұңғымалары дәлел болады.Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға жіктеледі. Платформалар аумағында жер бедері кебшесе жазық болып келеді. Бұл — ұзақ уақыт бойы сырткы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата және т.б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.Негіздері архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформалар қалқандар мен тақталардан құралады.Қалқандарда платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, оларға көбінесе қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Қалкандарды құрайтын жыныстардың ерекшелігіне байланысты оларда үгілу біршама баяу жүреді. Платформаның қалқаннан тыс, шегінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды.Неотектоникалық қозғалыстар әсеріне ұшыраған платформалар қозғалмалы сипат алады. Мәселен, мезозой және альпі қатпарлықтары әсерінен Қытай платформасының тұтастығы бұзылып, бірнеше беліктерге ажырап кеткен; қазіргі кезде оның аумағында жерсілкіну жиі байқалады. Сондықтан оны параплатформа (қозғалмалы) деп атайды. Тттжі күштердің әсерінен кейбір платформалардың іргетасында терең жарықтар пайда болып, интрузивті жыныстардың жоғары көтерілуі жүрген. Соның әсерінен жарылыс күшті жүрген Сібір және Үндістан платформаларында бағалы металдар мен асыл тастардың бай кен орындары түзілген. Литосфера қабатындағы өзгерістер. Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км2 – ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану – радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады. Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т.б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді. Сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т.б. ластағыштармен ластана берсе, басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады. Латынша литос-тас,сфера-шар Жер қыртысы 8 ірі тақталардан тұрады. 1.Еуразия 2. Солт.Америка 3. Оң.Америка. 4.Африка 5. Антарктида 6. Үнді-Аустралия 7.Тынық мұхиттық 8. Неаска тақтасы Жер қыртысын түзейтін тау жыныстар 3-ке бөлінеді. 1.Шөгінді-құм,саз.бор,тұз,тақта тас т.б 2. Магмалық-гранит, базальт 3. Метаморфтық өзгергіштік Шөгінді тау жыныстары 3-ке бөлінеді. 1.Кесек шөгінділер-тау жынысының көлемінің өзгеруі 2. Органикалық шөгінділер-шымтезек,таскөмір,бор,құмтас,тақтатас 3.Химиялық шөгінділер-тұздар,қышқылдар Метаморфтық тау жынысына- әктастың мәрмәрға,сазды тақта тастың кристалдық тақта тасқа,құмтастың кварцетке айналуы. Жер бедері дегеніміз-жер бетінің ойлы қырлы болып келуі Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің әсерінен пайда болады. Геоморфология-жер бедерін зерттейтін ғылым саласы Ішкі күштерді эндогендік деп атайды. Ішкі күштерге плиталардың қозғалуы, жер сілкіну, вулкан атқылау жатады. Сыртқы күштерді экзогендік деп атайды. Сыртқы күштерге ағын су, температура, жауын-шашын, өсімдік , жануар т.б жатады. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын ұсынған-неміс ғалымы Вегенер Литосфералық плиталардың қалыңдығы-60-100км Сейсмикалық белдеулер-жер қыртысының қозғалмалы аймақтары Жер қыртысының қозғалмалы аймақтарын геосинклинальдар деп атайды. Платформаның шөгінді жыныстар алып жатқан бөлігін жазықтар деп атайды. Ежелгі біртұтас құрлық-Пангея Лавразия- Солт.Америка, Еуразия Гондвана-Оңт.Америка, Африка, Аустралия, Антарктида Еуразия мен Үнді-Аустарлия плиталарының соқтығысуынан Альпі, Гималай таулары пайда болған. Еуразия мен Тынық мұхит плиталарының соқтығысуынан Курил аралдары пайда болған. Еуразия мен Африка тақталарының ажырауынан Қызыл теңіз, Арабия түбегі пайда болған. Жер сілкіну дегеніміз-жердің терең қабатындағы тау жыныстарының қозғалуынан жарылуынан пайда болады. Ошағы дүмпу шыққан жер –тау жынысының қозғалған жері Эпицентр-ошағының үстіңгі бөлігі. Жер сілкінудегі белдеулердің саны:2 1.Альпі-Гималай және Жерорта теңіздік 2. Тынық мұхиттық белдеулер Вулкан дегеніміз-жердің терең қабатындағы магманың жер қыртысында пайда болған жарықшалар арқылы жер бетіне шығып төгілуі. Жер бетіне төгілген магма лава деп аталады. Магманың жоғары көтерілген бөлігі вулканның көмейі деп аталады. Көмей кратермен аяқталады. Кратер-вулканның шұңқыр аузы. Вулкан сөнген және сөнбеген болып бөлінеді. Сөнген вулкан-атқылауы туралы ешқандай мәлімет қалмаған вулкан Сөнбеген вулкан-адамның көз алдында атқылап жатқан вулкна. Гейзерлер-оқтын-оқтын фонтан күйінде атқылап жатқан ыстық бұлақтар. Гекла вулканы-Исландияда Еуразиядағы ең биік сөнбеген вулкан-Ключи шоқысы Индонезия аралында-Кракатау Апенин түбегінде-Везувий Сицилия аралында- Этна вулканы Кавказ тауының ең биік нүктесі –Эльбус –сөнген вулкан Антарктидадағы вулкан-Эрэбус Орисабо вулканы-Мексикада Сөнген үлкен Арарад вулканы-Армения Үгілу дегеніміз-тау жыныстарының күйреуі. Үгілудің 3 түрі бар: 1.Физикалық-температураның әсерінен 2.Органикалық-тірі ағзалардың әсерінен 3.Химиялық-су мен ауаның әсерінен. Биіктікті өлшейтін құрал-нивелир (тіктеуіш, деңгейлеуіш) Биіктікті өлшеудің 2 әдісі бар: 1. Абсолютті биіктік-теңіз деңгейінен алынған биіктік. 2. Салыстырмалы-кез келген нүктеден алынған биіктік. Горизонталь дегеніміз-биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. Бергштрих-беткей бойынша төмен қарайтын бағыттарды көрсететін сызық. Ойпат дегеніміз-теңіз деңгейінен төмен жатқан нүктелер. Дүниежүзіндегі ең үлкен ойпат-Амазонка Жазықтар дегеніміз-абсолюттік биіктігі 200метрге дейінгі жер беті. Жазықтар төмен және төбелі болып бөлінеді. Жазықтар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді: 1.Ойпат- 2.Қырат-200-500м 3.Таулы үстірт-500 метрден жоғары. Таулар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді: 1.Аласа -500-1000м 2.Орташа-1000-2000м 3.Биік тау-2000мден жоғары. Д.ж ең биік тау-Гималай Ең биік шың-Джамалунгма Эверест 8848м Таудың сүйір басы-шыңы Тау жоталары құрайды-таулы өлке Тау жоталарының түйіскен жері-тау торабтары Ежелгі тауларға-Орал, Сарыарқа, Аппалач таулары жатады. Жаңа тауларға-Кордилер, Памир, Кавказ, Гималай таулары жатады. Бұрын теңіз түбі болып кейін көтерілген жазықтар алғашқы жазықтар деп аталады. Жер қыртысының біршама тұрақты бөлігі-платформа Материктік қайраң-материктің мұхитқа өткен 200м дейінгі бөлігі. Материктік беткей-200-2800м Шұңғыма-мұхит түбінің ең терең жері. Шағыл-айшық тәрізді құм төбелер. Бархан-желдің әсерінен пайда болған релеф құм төбелер. Телекан-бос тау жыныстарының үйінділері. Жыралар мен сайлар судың әсерінен болады. Жер қыртысындағы зат алмасудың негізгі қозғаушы күші-Кұн энергиясы.Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан ғажайып көріністердің бірі. Бірақ адам баласының үстемдігі, ақыл-ойының біліктігі оның табиғаттың басқа организмдерінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың өзі де керек-жарақтарды атмосферадан алып отырған. Сана-сезім ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтерліді. Адам өзінің ақыл-ойы арқылы көптеген жетістіктерге жетті. Яғни неше түрлі өндіріс, өнеркәсіп орыдары және т.б. мекемелер жүйесін қалыптастырды. Бұлардың пайдалы және зиянды жақтарын жоғарыда айтып кеткен едік. Биосфераны осындай антропогендік фактор әсерлерін қорғау –маңызды шаралардың бірі. Адам әрекеті санасында табиғатты, жерді, ауа мен өзендерді, көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану осы заманғы алдыңғы қаталы мәселелерінің біріне айналып отыр. Ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі-табиғат байлығына жетіп, бағлап, оған келтірілген залалы үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты екенімізді ешуақытта естен шығармағанымыз жөн.

Геосинклинальдар аумағында тектоникалық жарықтар жиілігі жоғары болғандықтан ішкі күштердің ықпалы күшті байқалады. Сондықтан магманың жоғары көтерілуі қарқынды жүреді, бұл өз тарапынан жанартау атқылауы мен жерсілкіну құбылыстарына себепші болады. Геосинклинальдарда ішкі күштер әсерінен қатпарлану қозғалыстары жүреді. Соның нәтижесінде антиклинорийлер (тау жоталары) мен синклинорийлер (тауаралық және тауалды ойыстары) түзіледі. Мәселен, Кавказ таулы аймағында Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жоталары антиклинорийлерге, ал олардың арасындағы Колхида мен Ленкорань ойпаттары синклинорийлерге сәйкес келеді. Мұндай құрылым Гималай тауы мен Үнді-Ганг ойпатына да тән.Литосфера қабатындағы өзгерістер Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км2 – ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану – радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады. Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т.б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді. Сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т.б. ластағыштармен ластана берсе, басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады. Латынша литос-тас,сфера-шар Жер қыртысы 8 ірі тақталардан тұрады. 1.Еуразия 2. Солт.Америка 3. Оң.Америка. 4.Африка 5. Антарктида 6. Үнді-Аустралия 7.Тынық мұхиттық 8. Неаска тақтасы Жер қыртысын түзейтін тау жыныстар 3-ке бөлінеді. 1.Шөгінді-құм,саз.бор,тұз,тақта тас т.б 2. Магмалық-гранит, базальт 3. Метаморфтық өзгергіштік Шөгінді тау жыныстары 3-ке бөлінеді. 1.Кесек шөгінділер-тау жынысының көлемінің өзгеруі 2. Органикалық шөгінділер-шымтезек,таскөмір,бор,құмтас,тақтатас 3.Химиялық шөгінділер-тұздар,қышқылдар Метаморфтық тау жынысына- әктастың мәрмәрға,сазды тақта тастың кристалдық тақта тасқа,құмтастың кварцетке айналуы. Жер бедері дегеніміз-жер бетінің ойлы қырлы болып келуі Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің әсерінен пайда болады. Геоморфология-жер бедерін зерттейтін ғылым саласы Ішкі күштерді эндогендік деп атайды. Ішкі күштерге плиталардың қозғалуы, жер сілкіну, вулкан атқылау жатады. Сыртқы күштерді экзогендік деп атайды. Сыртқы күштерге ағын су, температура, жауын-шашын, өсімдік , жануар т.б жатады. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын ұсынған-неміс ғалымы Вегенер Литосфералық плиталардың қалыңдығы-60-100км Сейсмикалық белдеулер-жер қыртысының қозғалмалы аймақтары Жер қыртысының қозғалмалы аймақтарын геосинклинальдар деп атайды. Платформаның шөгінді жыныстар алып жатқан бөлігін жазықтар деп атайды. Ежелгі біртұтас құрлық-Пангея Лавразия- Солт.Америка, Еуразия Гондвана-Оңт.Америка, Африка, Аустралия, Антарктида Еуразия мен Үнді-Аустарлия плиталарының соқтығысуынан Альпі, Гималай таулары пайда болған. Еуразия мен Тынық мұхит плиталарының соқтығысуынан Курил аралдары пайда болған. Еуразия мен Африка тақталарының ажырауынан Қызыл теңіз, Арабия түбегі пайда болған. Жер сілкіну дегеніміз-жердің терең қабатындағы тау жыныстарының қозғалуынан жарылуынан пайда болады. Ошағы дүмпу шыққан жер –тау жынысының қозғалған жері Эпицентр-ошағының үстіңгі бөлігі. Жер сілкінудегі белдеулердің саны:2 1.Альпі-Гималай және Жерорта теңіздік 2. Тынық мұхиттық белдеулер Вулкан дегеніміз-жердің терең қабатындағы магманың жер қыртысында пайда болған жарықшалар арқылы жер бетіне шығып төгілуі. Жер бетіне төгілген магма лава деп аталады. Магманың жоғары көтерілген бөлігі вулканның көмейі деп аталады. Көмей кратермен аяқталады. Кратер-вулканның шұңқыр аузы. Вулкан сөнген және сөнбеген болып бөлінеді. Сөнген вулкан-атқылауы туралы ешқандай мәлімет қалмаған вулкан Сөнбеген вулкан-адамның көз алдында атқылап жатқан вулкна. Гейзерлер-оқтын-оқтын фонтан күйінде атқылап жатқан ыстық бұлақтар. Гекла вулканы-Исландияда Еуразиядағы ең биік сөнбеген вулкан-Ключи шоқысы Индонезия аралында-Кракатау Апенин түбегінде-Везувий Сицилия аралында- Этна вулканы Кавказ тауының ең биік нүктесі –Эльбус –сөнген вулкан Антарктидадағы вулкан-Эрэбус Орисабо вулканы-Мексикада Сөнген үлкен Арарад вулканы-Армения Үгілу дегеніміз-тау жыныстарының күйреуі. Үгілудің 3 түрі бар: 1.Физикалық-температураның әсерінен 2.Органикалық-тірі ағзалардың әсерінен 3.Химиялық-су мен ауаның әсерінен. Биіктікті өлшейтін құрал-нивелир (тіктеуіш, деңгейлеуіш) Биіктікті өлшеудің 2 әдісі бар: 1. Абсолютті биіктік-теңіз деңгейінен алынған биіктік. 2. Салыстырмалы-кез келген нүктеден алынған биіктік. Горизонталь дегеніміз-биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. Бергштрих-беткей бойынша төмен қарайтын бағыттарды көрсететін сызық. Ойпат дегеніміз-теңіз деңгейінен төмен жатқан нүктелер. Дүниежүзіндегі ең үлкен ойпат-Амазонка Жазықтар дегеніміз-абсолюттік биіктігі 200метрге дейінгі жер беті. Жазықтар төмен және төбелі болып бөлінеді. Жазықтар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді: 1.Ойпат- 2.Қырат-200-500м 3.Таулы үстірт-500 метрден жоғары. Таулар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді: 1.Аласа -500-1000м 2.Орташа-1000-2000м 3.Биік тау-2000мден жоғары. Д.ж ең биік тау-Гималай Ең биік шың-Джамалунгма Эверест 8848м Таудың сүйір басы-шыңы Тау жоталары құрайды-таулы өлке Тау жоталарының түйіскен жері-тау торабтары Ежелгі тауларға-Орал, Сарыарқа, Аппалач таулары жатады. Жаңа тауларға-Кордилер, Памир, Кавказ, Гималай таулары жатады. Бұрын теңіз түбі болып кейін көтерілген жазықтар алғашқы жазықтар деп аталады. Жер қыртысының біршама тұрақты бөлігі-платформа Материктік қайраң-материктің мұхитқа өткен 200м дейінгі бөлігі. Материктік беткей-200-2800м Шұңғыма-мұхит түбінің ең терең жері. Шағыл-айшық тәрізді құм төбелер. Бархан-желдің әсерінен пайда болған релеф құм төбелер. Телекан-бос тау жыныстарының үйінділері. Жыралар мен сайлар судың әсерінен болады. Жер қыртысындағы зат алмасудың негізгі қозғаушы күші-Кұн энергиясы.Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан ғажайып көріністердің бірі. Бірақ адам баласының үстемдігі, ақыл-ойының біліктігі оның табиғаттың басқа организмдерінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың өзі де керек-жарақтарды атмосферадан алып отырған. Сана-сезім ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтерліді. Адам өзінің ақыл-ойы арқылы көптеген жетістіктерге жетті. Яғни неше түрлі өндіріс, өнеркәсіп орыдары және т.б. мекемелер жүйесін қалыптастырды. Бұлардың пайдалы және зиянды жақтарын жоғарыда айтып кеткен едік. Биосфераны осындай антропогендік фактор әсерлерін қорғау –маңызды шаралардың бірі. Адам әрекеті санасында табиғатты, жерді, ауа мен өзендерді, көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану осы заманғы алдыңғы қаталы мәселелерінің біріне айналып отыр. Ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі-табиғат байлығына жетіп, бағлап, оған келтірілген залалы үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты екенімізді ешуақытта естен шығармағанымыз жөн.Геосинклинальдар аумағында тектоникалық жарықтар жиілігі жоғары болғандықтан ішкі күштердің ықпалы күшті байқалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-34-927-4

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасыныњ ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ?SВN 5-7667-8188-1, ?SВN 9965-16-512-2

Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.

 


Информация о работе Литосфераның даму заңдылықтары