Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2014 в 19:12, реферат
Жұмыстың өзектілігі: Экологиялық тәрбие беру Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. - педагог мамандардың экологиялық тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру; - балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
Кіріспе 2
I Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру 11
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілік талғам негіздерін қалыптастыру 16
II Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту 26
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға адамгершілік тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту 26
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру жолдары. 29
Қоымша №1 38
Қосымша №2 40
Қортынды 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 44
Халық тәрбиесінде баланың ой- өрісін дамытып, кеңейту, тілін ширатып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, зерделеу қабілетін жетілдіру үшін жұмбақтар қолданылып отырған. Онда өмірде кездесетін тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, жер әлем өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді. Айтылған нәрсенің сол сипат-белгісі бойынша шешуі табылады.
Ғасырлар бойы санасына сіңіп, сараланып жеткен дәстүрдің бірі ырымдар, тиым сөздер. Әрбір сөздің негізінде айналадағы ортаға, табиғатқа, адамгершілікке, көрегенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман әдет, іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелейді.
Міне, күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған осындай ырымдар баланы ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудегі тиімді құралдардың бірі болып саналады. Бәрі де табиғат- анадан арна тартады! [
Қосымша №1
Тақырыбы: Ақсу – Жабағлы қорығы
Мақсаты: Балалардың туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның әсемдігін терең сезінуге, әсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбелеу.
Сондай-ақ балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім берудің негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Әр түрлі жабайы жануарлар (қуыршақтар), шыршалар, құстар,гүлдер, атрибуттар, табиғи материалдар, пластелиндер, тақтайшалар, сүрткіштер, әр түрлі бояулар, ақ кағаздар, қылқаламдар, сахналауға Бүлдірген және Қоян бала.
Әдістемелік тәсілдер: хабарлама, информациалық, көрсету, айтқызу, үйрету, сұрак-жауап, ойын пайдаланылады.
Сабақ балалардың: Ән әуенімен топка кіріп, қонақтармен сәлемдесуінен басталады.
Тәрбиеші: - Балалар, біздің еліміз қалай аталатынын білесіңдер ме? - Егеменді Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: - Кім Қазақстан туралы тақпақ айтады?
1-бала:
Қазақстан - жеңісті ала гүлдер,
Қазақстан жеңісті, тасқынды лала гүлдер.
Қазақстан әлемді елеңдетіп.
Байқоңырдан зулаған корабльдер.
2-бала: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін біз осы өзіміздің Төлеби ауданындағы Ақсу Жабағлы қорығына саяхатқа барамыз. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: - Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай. Наурыз, сәуір, мамыр айлары.
Тәрбиеші: - Көктем мезгілінде ауа-райы қандай?
- күн жылы, арықтарда су көбейеді, жаңбыр жиі жауады, шөптер, гүлдер шығады, ағаштар бүршік атады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, аюлар ұйкыларынан оянады.
Тәрбиеші: - Дұрыс. Ал көктем туралы кім тақпақ айтады?
1-бала: Қар еріді күн шықты,
Күндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем секілді.
Тәрбиеші: - Балалар, тағы бір айтып кететін жай, қорыққа бару үшін біраз нәрселерді еске түсірейік.
1-бала: Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "Әулие бұлақ", "Әулие ағаш" деп атап, оларды көздің карашығындай қорғап отырған.
2-бала: Ал, қарлығаш, аққу сияқты құстарды қасиетті санап, жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұғып, ұясын бұздырмай, қорғаған, ал балапандарын алуға не өздерін өлтіруге мүлде рұксат етпеген.
Тәрбиеші: - Дұрыс-ақ екен. Осы табиғатты өлі және тірі табиғатты кім атап береді екен?
1-бала: Тірі табиғат: Адам, жануарлар, жәндіктер, микробтар, құстар.
2-бала: Өлі табиғат: Күн, ауа, су, тас.
Тәрбиеші: - Табиғат туралы кім тақпақ айтып береді?
Сахналау қойылымы керсетіледі. Құстарды атқалы бүлдірген жүгіріп жүреді.
Бала: - Тоқта, Бүлдірген, құстарды атпа. Сенің мұның жарамайды. Құстарды атуға болмайды, жануарларды өлтіруге болмайды. Гүлді үзуге, ағаштарды сындыруға болмайды. Оны сен неге білмейсің?
Бүлдірген: -Кешіріңдер, балалар, енді мен құстарды атпаймын, балапандарды өлтірмеймін.
Тәрбиеші: -Жарайды, Бүлдірген, ендігі бұл әдетіңнен тиыл, сен біздің балалармен бірге саяхатымызды жалғастыр.
Бүлдірген: -Жақсы. Мен де балалардан жақсы әдеттерді үйренейін.
Тәрбиеші: - Балалар, бәрін еске түсірдік. Енді көктем туралы ән айтайық. Балалар "Көктем" әнін орындайды. "Кім күшті" ертегісін сахналау.
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, мына жақта орындықтар, үстелдер тұр. Кәнеки, көрелік. Бұл аңдар мектебі екен. Қараңдар табиғи материалдар да бар көрінеді. Содан біз қазір осы табиғи материалдардан орманнан қандай жануарлар, құстар көрдік, солардың мүсіндерін жасайық. Балалар ән ырғағымен жұмыс жасайды. Мақал-мәтелдер айтылады.
Табиғат - төл анамыз,
Тынысымыз - ауамыз.
Сахналау қойылымы көрсетіледі. Қоян бала жылап жүгіріп келеді.
Қоян: - Балалар, мен жолдан адасып қалдым. Көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: - Тоқта, Қоян бала, сенің атаң мен әжең қайда тұрушы еді?
Қоян: - Жайлауда. Бірақ мен жолды ұмытып қалыппын.
Тәрбиеші: - Ешнәрсе етпес, біздің балалар саған шамалап сурет салып берер, сол кезде есіңе түсер.
Балалар жабылып сурет салады.
Қоян: - Рахмет, балалар. Көп-көп рахмет.
Мен сендерге ризамын.
"Сиқырлы қорап" ойыны ойналады.
Балалардың бәрі косылып, "Жайлауда" әнін орындап, ата мен әженің аулына қоянмен қосылып жүріп кетеді.
Қосымша №2
Ұйымдастырылатын оқу іс- әрекет түрі: Айналамен танысу
Тақырыбы: «Сүйкімді күшік»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларының бірі күшікпен таныстыру. Оның әдемілігін, сүйкімділігін сезінуге және қайырымдылыққа баурап жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Дәлелдеу. |
Шаттық шеңберін жасау.(Күн шуағын шақыру) Біз айнала тұрамыз Үлкен шеңбер құрамыз. Жәй жүреміз алдымен Бірте-бірте тездетіп. Жүгіреміз желдетіп Тағы жәймен жүреміз Тыныш-тыныш деймізде Орнымызға келеміз. (Қимылмен жасайды) Қыңсылаған дыбыс шығады. Есікті ашып қараса, кішкентай күшік келіп тұр.
|
Балалар күн шуағын шақырып, бір –біріне жылу таратады. Қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды. Балалар күшікті көріп таң қалады. |
Ұйымдастыру, іздену. |
Тәрбиеші балаларға күшікті таныстырады. -Балалар, бұл не? Бұл кішкентай сүйкімді күшік. Қандай әдемі, жүні жұмсақ, көзі бар, мұрны, құлағы, кішкентай құйрығы бар.Өзі ала, қара мен ақ араласқан, табандарыда жұмсақ. Қане балалар, бұл күшіктің атын білмейміз. Ендеше ат қоямыз. Не болсын? Төсі ақ- ақтөс болсын ба? Әлде табаны ақ Ақтабан болсынба? -балалар бұл күшік үйінен адасып шығып кеткен, қарны ашқан болу керек, бәріміз тамақтандырайық. Өлеңін оқу: Күшігім менің үріп тұр Бір нәрсені сезіп тұр Есікті ашып қарасам Атам. Әжем келіп тұр. Сұрақтар қою:(осыған сергіту сәтіде кіреді) Балалар күшік ашуланса қайтеді? Бірдеңені сезіп қалса нестейді? Қатты жүгіргенде қайтеді? Күшік қалай демалып жатады? Күшігіміз сүтке тойып алды. Енді жылы үйшік керек. Біз күшікке үйшік жасап беріп қамқорымызға алайық. Мен Ақтөсті суретке түсіріп алдым әр қайсысын өз күшіктеріңе үйшік жасаңдар. (үшбұрыш, төртбұрыш, жарты дөңгелек) «Қуыспақ» ойынын ойнайды. |
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Күшікпен жақсы танысады.
Күшікке Ақтөс деп ат қояды.
Күшікке аяушылық білдіріп, сүт береді. Күшіктің тамақтанғанын көріп балалар қуанады. Өлеңді қайталап айтады.
Сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақтарға қимылмен көрсетіп жауап береді.
Балалар геометриалық пішіндерден күшікке үйшік құрастырады.
Күшікпен қуыспақ ойынды қызыға ойнайды. |
Рефлексивті түзету. |
Балалар күшікке әдемі қарғыбау сыйлайды. Тәрбиеші балаларды жұмысы үшін мадақтайды. |
Балалар күшікке қарғыбау сыйлағанына қуанады. |
Білу: жануарлар туралы түсініктерін білу;
Игеру: күшікті тану, оның түр, тұлғасын білу.
Меңгеру: Ит үйшігі туралы, оны жасай білу жолдарын меңгеру.
Қорытынды
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қабылдайды. Адамгершілікті қабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, адамгершілік ұғым, адамгершілік пікір, адамгершілік баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес /күз, қыс, көктем, жаз/ күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. «Күз» дегенде «жапырақтар сарғайып түседі» — деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Адамгершілік тәрбиенің мәнісі тек баланың әсемдік атаулыны көре білуге үйретуде ғана емес, сонымен бірге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдік атаулыны жасауға белсенді түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейінін табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне аударып, олардың әсем де епті қимылдарын біріге отырып бақылауы шарт, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемілігін аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделікті еңбек әрекеті мұның бәрі бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды.
Балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзінің педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезімін қалыптастыруда үш нәрсені негізге алады:
1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.
2.Ұстаз- тәрбиешінің шеберлігі, ар тазалығы, шәкірт алдындағы адал жауапкершілігі.
3.Тәрбие үрдісінің алатын
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін, зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.
2. Қалықбаева З. Табиғат – тал бесігің. \\ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.
4. Қоқанбаева Р. И. Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
5. Ыдырысова Ж. Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.
6. Қонақбаева Р. Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
7. Қамақов Ә. Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.