Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 18:29, реферат

Краткое описание

Экология- тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Экология ғылымының даму тарихы
Экологияның бөлімдері
ІІІ Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

ЭКО СРС 1.docx

— 103.56 Кб (Скачать файл)

Марат Оспанов атындағы Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік медицина  университеті

 

          Студенттің өзіндік жұмысы

 

Мамандығы:____________________________________________

Дисциплина:____________________________________________

Кафедрасы:_____________________________________________

Курс:__________________________________________________

Тақырыбы:_____________________________________________

_______________________________________________________

Орындау әдісі:__________________________________________

                              

                              Орындаған: _______________________________

                              Группа:__________________________________

                              Бағасы:(әріп)_____________________________

                              Оқытушының қолы:_______________________

                              Күні:___________

 

 

 

 

                                    Ақтөбе 2013 ж

 

                           Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

 Экология ғылымының  даму тарихы

 Экологияның бөлімдері  

ІІІ Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     Кіріспе  

     Экология- тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы.  «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

       Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

       Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.

        Экологияның ғылым саласы ретінде екі аспектісі бар. Біріншісі таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғаттың даму заңдылықтарын ашу және түсіндіру тұрады. Екіншісі жинақталған білімдерді қоршаған ортаға  қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану.  Қазіргі кезде экология ғылымының табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешуде дербес ғылым ретінде маңызы зор.

            Бүгінгі таңда Экология биосферадағы тепе – теңдікті жан – жақты қарастыратын оның бұзылу себептерін болжайтын және анықтайтын, сонымен қатар тепе-теңдіктерінің ауытқуын қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы.

                                                     Негізгі бөлім

                              Экология ғылымының  даму тарихы

        Экология - биология ғылымдарының негізінде XIX ғасырдың ортасында айқындалғанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басы болып саналады.

   І кезеңде экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;

  ІІ кезеңде экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;

  ІІІ кезеңде экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.

                                                     І кезең

         Бірінші кезеңде экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады.

       Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы: халқымыздың "құндыз — суда, құлан — қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.

       Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталады. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.

       Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.

         Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

       Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.

Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың  өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд  ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы  арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген  еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік  түрлеріне сипаттама жазды. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл  атқаратындығын атап көрсетті. Француз  ғалымы Ж. Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744—1829 жж.) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.

       Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741-1811жж.), И.И. Лепехин (1740-1802 жж.), И.Г.Гмелин (1709-1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711-1755 жж.) және т.б. үлкен үлес қосты.

        Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаған материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.

       XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.

                                                  ІІ кезең

       Екінші кезеңде  экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларға ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

        К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

         Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.

          Топырақтану ғылымының негізін салған В.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.

       Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлиз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "Тіршілік үшін күрес" және "Табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.

        Неміс ғалымы Эрнест Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

          XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.

        Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

      Экология ғылымдарының әр түрлі бөлімдері бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде неше түрлі аса құнды монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар, түсіндірме сөздіктер көптеп шығарыла бастады. Әсіресе шет мемлекеттерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген аса ірі экологтардың А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч.Эльтонның "Жануарлар экологиясы" (1934), В.Шелфорд пен Ф.Клементтің  “Биология” (1939), Ю.Одумның “Экология” және “Основы экологии – экология негіздері” (1981), жарыққа шықты.

                                                          ІІІ кезең

       Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі. Осы кезде экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, саяси экономикалық, нарықтық, жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Осыған байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа қағидалары мен  бөлімдерін ерекше түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: аса ірі эколог-биолог А.М.Гильяров "Популяциялық экологияны" жазып оны 1990 жылы жарыққа шығарды. Сонымен бірге М.Захарченконың "Экологияның қазіргі проблемалары" (1995), Н.Реймерстің "Экология" (1999), В.В.Глуховтың "Экологияның экономикалық негіздері" (1994), С.Боголюбовичтың "Экология және құқық" (1989), Ю.А.Израельдің "Экологиялық мониторинг" (1995), Н.Реймерстің "Экологияландыру" (1993), Г.Сидоренконың "Экологияның қазіргі заманғы проблемалары" (1993), М.Бионың "Экология" (1996), С.Тлеубергеновтың "Адам экологиясы" (1996), СДрябо мен В.Ясвиннің "Экологиялық педагогика және психология" (1996), В.Хесленің "Философия және экология" (1993), Ж.Шілдебаевтың "Қызықты экология" (2000), Ж.Жатқанбаевтың "Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі" (2000) және тағы баска эколог, химик-биолог ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

                                         Экологияның бөлімдері 

        Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, демэкология және синэкология сияқты бөлімдерге бөлінеді.

       Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология терминін 1896 жылы Шретер нақты түрлер экологиясын белгілеу үшін енгізді. Аутэкологияның (грекше autos-өзім) мақсаты дарақтардың (ағзаның) тіршілік етуінің шегін және физикалық-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді. Аутэкологияны зерттеуде негізгі назар биохимиялық реакцияларға, газ алмасу қарқындылығына, судың алмасуына және ағзаның күйін анықтайтын басқа да физиологиялық үрдістерге аударылады. Сондай-ақ  зерттеулерде маңызды орынды адамның индустриялық іс-әрекеттілігімен байланысқан ортаның ластануының, табиғи және жасанды радиобелсенділіктің ағзаға әсерін зерттеу алады.

       Демэкология – бір тектес дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі (популяциялар, ішкі популяциялық топтар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын).

     Синэкология -  өсімдіктердің, жануарлардың, микроағзалардың қауымдастықтарын және олардың мекендеу ортасымен қатынасын зерттейтін экология бөлімі.Синэкология грек тілінен аударғанда  « syn»-бірге деген  ұғымды білдіреді.Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын  ғылымға швейцар ботанигі К.Шретер енгізген.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қорытынды

 

        Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы: жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.

Қазіргі жалпы экология ғылымының зерттеу бағыттары негізінен биоэкологияның іргелі заңдылықтарына сүйенеді.

1. Биоэкология ғылымы  тірі организмдердің жекеленген ірі жүйелік топтары- микроорганизмдерді, саңырауқұлақтардың өсімдіктерді және жануарларды зерттеуге басты назар аударады.

2. Биоэкология жеке табиғи  белдемдер экожүйелеріндегі организмдер  мен орта жағдайларының өзара  байланыстарын зерттеуге байланысты  арктика және тундра экологиясы, орман экологиясы, дала экологиясы, шөл экологиясы, тay экологиясы және  т.б. да көптеген салаларға  бөлінеді.

3. "Адам және табиғат"  жүйесі бойынша табиғат пен  қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарға  байланысты экологиялық зерттеулер  көптеген бағыттар мен салаларға  бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы  экологиясы және т.б.

         Қорыта айтқанда, казіргі экология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен тығыз байланысқан кешенді ғылым. Сонымен бірге қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі ғалымдары экологиялық зерттеулерге ерекше мән береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1.Ж.Ж.Жатканбаев. Экология негіздері. Алматы 2003.

 

Информация о работе Негізгі бөлім