Ноосфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 15:08, реферат

Краткое описание

Биосфера – Жердің «тіршілік қабығы» деп аталады. Биосфера терминін ғылымға 1875 ж алғаш аустралиялық ғалым Э.Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп,оның анықтамасын ұсынды.
Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды.

Вложенные файлы: 1 файл

вернадский дайын срс.docx

— 74.16 Кб (Скачать файл)

«Биосфера біздің тіршілік ортамыз, бұл біздің ауызекі тілімізде айтылатын бізді қоршаған табиғат»

В.И.Вернадский 
   

      Биосфера – Жердің «тіршілік қабығы» деп аталады. Биосфера терминін ғылымға 1875 ж алғаш аустралиялық ғалым Э.Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп,оның анықтамасын ұсынды.  
Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік шеңберінен шығып, кеңістік бойымен емін-еркін таралады. Биосфераның төменгі және жоғарғы шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі толық мәлімет жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде 100 м биікке дейін өте тығыз орналасқан. Биосфераның жоғарғы шекарасын азон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын дүние жүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді.  
Б иосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамындағы химиялық элементтер: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы өзара тығыз байланысады. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп. Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады. Биологиялық айналымының аталған кезеңдерін жүзеге асыруға қатысатын тірі организмдер үш үлкен топқа бөлінеді:

  1. продуценттер (өндірушілер) – бейорганикалық заттардан органикалық зат түзушілер, яғни өсімдіктер;
  2. консументтер (пайдаланушылар) – түзілген бастапқы органикалық затпен қоректендіретіндер (жануар, саңырауқұлақ)

р едуценттер (қалпына келтіруші) – осыған дейін түзілген тірі организмдердің тіршілік өнімдерін және олардың қалдықтарын бейорганикалық затқа ыдырататын микроорганизм. Жасыл өсімдіктер бір жылда 480 млрд астам көмірқышқыл газы мен суды бойына сіңіріп, 248 млрд оттекті атмосфераға шығарады. Жерде ағзаның 3 млн астам түрі бар.        

        Биосфера құрамындағы тірі организмдердің тұрақты дамуы мен өзгерісі оның жаңа сапалы сатыға көтерілуіне, ноосфераға өтуге себепші болды.Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерінен ажыратылады.Бірінші кезең заттардың биологиялық айналымы пайда болып,биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең тіршіліктің күрделене түсіп,көп жасушалы  оргнаизмдердің пайда болуы.Бұл екеуі кезеңдң ғылымда биогенез , яғни тіршіліктің  толық мәнінде  пайда болу кезеңі  деп атайды.Биосфера  эволюциясының үшінші кезеңі адам қоғамының пайда болуы  ерекшеленеді.Биосфера эволюциясының  келесі жаңа кезеңі ноосфера кезеңі. Ноосфера шеңберінде (грекше – noos - сана, sphaira - шар) табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс.Ноосфера-адамның санасы,ақыл-ой cферасы деген түсінікті алғаш 1927жылы француз ғалымдары  Э.Леура (1870-1954 )  Тейяр де Шарден (1881-1955)   В.И.Вернадский Сорбонна университетіндегі дәрісін тыңдаған соң енгізген болатын.Тейяр де Шарден  өзінің 1959жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады. Жаңа қалыптасып келе жатқан ноосфера белгілеріне мынадай көрсеткіштер дәлел бола алады.

  1. Литосфера қойнауынан пайдалы қазбалардың өндірілуі, мөлшерінің артуы. Жылына 100 млрд артық.
  2. Бұрын (түзілген) геологиялық кезеңдерде түзілген фотосинтез өнімдерін энергетикалық мақсатта қолдану.
  3. Биосферада энергияның жинақталуынан горі шашырауы басым жүреді.
  4. Ноосфераның қалыптасуы жағдайында бұрын биосфера құрамында болмаған заттар қалыптасуда.
  5. Биосфера – жер қабығы болса, ноосфера – Күн жүйесі қабығына, адамзат әрекетінің жаңа болашағына айналуы мүмкін.

Өмірдің және биосфераның  пайда болуы қазіргі уақыттағы  жаратылыстанудың мәселесі болып отыр.Тірі организмдерлің биосферада аумағында  дамуы,оның ноосферадаға өтуіне жол  ашады. Ноосфера  табиғат пен қоғамның  өзара қарым-қатынас жасау сферасын түсіндіреді.Ноосфера биосфераның  жаңа эмоцианалды күйі ,бұл кезде  адамның ақылды  іс-әрекеті оның  дамуының  бірден бір факторы.Ноосфераға адам табиғат байланысы сай:ойлау,әлеуметтік-экономикалық заңдардың және табиғат заңдарының байланысы. Ноосфера кезінде жер бетіндегі барлық халықтың ,қоғамның қажетін жағдайын көтеру  үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға  көңіл бөлінеді.Экологилық мәселелер  барша адамзаттың толғандырып отырған күрделі мәселелерінің біріне айналып отыр.Қоғамның өркендеп, ақыл ойының үлкен деңгейге көтерілуінен, ғылыми техникалық прогресстің және де ноосфераның жоғары деңгейге көтерілуі, табиғат ресурстарын пайдаланудың  оң әсерімен қатар теріс әсерлері адам денсаулығына және оны қоршаған ортасына теріс әсерлері жетерлік.Қазіргі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселелерінің бірі адам денсаулығына зиян келтіретін жағдайлардың алдын алу және болдырмау.

      Ноосфера  сана ,ақыл-ой  қабаты ,экологияның төрт заңы.Ағылшын ғалымы Б.Коммонер тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым-қатынастарды төрт заңға бөлген.

  1. Барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның  негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр.Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе  басқа да  байланыстарда қандай да бір бөлігінің  жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.
  2. Материя жойылмайды,жоқтан пайда болмайды,ол бір түрден  екінші түрге  өтеді. Кез келген  табиғи жүйеде  бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады.Жануарлардың  тыныс алуы  нәтижесінде  бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады.Жануарлар қалдықтары оларды ыдыратын бунақденелілер мен бактериялар  үшін азық.
  3. Табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеде   кез келген  ірі антропогенді  әсер зиянды.Табиғатта  егер оны ыдырату жолы  болмаса,ешқандайда жаңа органикалық  зат жасалмайды.Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдырататын  фермент болады.Адамның қолымен жасалған,бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты  ыдырататын фермент жоқ.Сондықтан бұл зат жинала береді.Бұған улы химикаттар цестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады.Табиғатқа ірі өзгеріс болу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелелер қарастырылуы мүмкін болатын экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс.
  4. Тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйеде біртұтас бүтінді құрайды.Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс.Біздің көптеген  қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

       Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары бионика,биофизика,биотеенология,т.б қарқынды  түрде дамып келеді.Адамның осындай қуатты ақыл ой  санасы  мен білімінің нәтижесінде биосфера  жаңа деңгейге жетті.В.И.Вернадский өзінің  биосфера туралы ілімінде  биосфераның  мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атайды.Саналы қабықша деген ұғымды білдіреді немесе адамзаттың ғылыми ой  санасы  және еңбегі арқылы өзгерген  биосфераның жаңа деңгейі болып табылады.

       Ноосфера биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі,онда адамзаттың ақыл ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі фактор болып есептелінеді.Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік берді.Оның ілімі бойынша  адамның ғылыми ой санасы және еңбегі арқылы биосфераны жасампаздық пен өзгерте отырып көркейту, яғни адамның өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап қалу,әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы жағдай жасау.

       Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және оны бағыттайтын адам еңбегі күшті,өсіп кележатқан геологиялық күшке»айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады. Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И.Вернадский мынадай қорытындылар жасады:

  1. Ғылыми шығармашылықтың  дамуы адамның  өзі тұратын биосфераны  өзгертетін күш болып табылады.
  2. Биосфераның  өзгерістері ғылыми  ойдың  өсуімен қатар  жүретін  құбылстар.
  3. Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен  тыс,стихиялы түрде,табиғи процесс ретінде  жүреді.
  4. Тіршілік ортасы биосфера  планетасының  ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан,оның геологиялық тарихында  да оны  өзгертудің жаңа факторы адамзаттың  ғылыми  жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге ноосфераға  өтуі табиғи процесс.

В.И.Вернадскийдің «Ноосфера  туралы бірер сөз»деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.

       Қорыта келгенде,ноосфера ғылыми ой сананың және әлеуметтік қатынастардың бір мақсатқа негізделген қорытындысын  көрсетуі тиіс.Ол адамдардың  бойындағы шығармашылық күш қуатын  және  бар қабілетін барынша аша түсуіне жағдай  жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

  • Ноосфера биосфераның жоғары сатысы.

 

  • Ноосфера «ақыл-ой» , «саналы қабықша» ретінде.

 

  • В.И.Вернадскийдің ноосфера жайлы ілімі.

 

 Қорытынды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  • Ф.Қ.Итаева Л.Т.Костарева Ш.С.Набидамина Ж.Е.Молдағалиев «Экология»   Алматы, 2008ж

 

  • А.К.Бродский «Жалпы экология қысқаша курсы»  Алматы,1998ж

 

  • Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы,2007ж

 

  • Г.С.Оспанова  Г.Т.Бозшатаева «Экология» Алматы,2009ж

Информация о работе Ноосфера