Онкология ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 15:47, реферат

Краткое описание

Онкология 20 ғ-дың басында экспериментальді медицинаның қол жеткен жетістіктерінің негізінде 3 бағытта дамыды: вирустық Онкология (негізін салғандар француз ғалымы А.Боррель, 1903; америкалық Ф.Роус, 1911); химиялық Онкология (жапон ғалымдары К.Ямагива, К.Итикава, 1915); радиациялық Онкология (француз ғалымы А.Лакассань, 1932 және т.б.). Қазақстанда Онкология ғылымының дамуына ҚазКСР Мин. Кеңесінің “Рак жөніндегі ғылыми-зерттеулерді үдету және халыққа көрсетілетін онкологиялық көмекті жақсарту шаралары туралы” Қаулысының (1959) ықпалы зор болды. Сол жылы Қазақстан ҒА-ның жанынан онкология сектор ашылып, 1960 ж. ол Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды.

Вложенные файлы: 1 файл

Онкология Саяжан.doc

— 73.50 Кб (Скачать файл)

Онкология 20 ғ-дың  басында экспериментальді медицинаның  қол жеткен жетістіктерінің негізінде 3 бағытта дамыды: вирустық Онкология (негізін салғандар француз ғалымы А.Боррель, 1903; америкалық Ф.Роус, 1911); химиялық Онкология (жапон ғалымдары К.Ямагива, К.Итикава, 1915); радиациялық Онкология (француз ғалымы А.Лакассань, 1932 және т.б.). Қазақстанда Онкология ғылымының дамуына ҚазКСР Мин. Кеңесінің “Рак жөніндегі ғылыми-зерттеулерді үдету және халыққа көрсетілетін онкологиялық көмекті жақсарту шаралары туралы” Қаулысының (1959) ықпалы зор болды. Сол жылы Қазақстан ҒА-ның жанынан онкология сектор ашылып, 1960 ж. ол Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды.

 

 

Қазақстанда Онкология мен радиология саласындағы негізгі ғылыми жұмыстар: республика тұрғындарының географиялық орналасуын, олардың қатерлі ісікке шалдығуын, аурудың одан әрі асқынып, жайылу себептерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Уытты ісікті анықтау, одан арылу шараларын іздестіріп, сақтану әдістері, қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен емдеу тәсілдері жетілдірілді. Республикада Онкология саласындағы ғылыми зерттеулер Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының, Қазақ ұлттық медицина университетінің, Астана, Қарағанды, Семей, Ақтөбе медицина академияларының арнайы кафедраларында жүргізіледі. Қазақстанда Онкологияның дамуына С.Нұғыманов, С.Балмұханов, Ж.Әбдірахманов, О.Смахтина, Н.Количева, М.Қайрақбаев, Н.Әжіғалиев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Онкологиялық ауруларының алдын ала емдеуі

Обыр  деген  өте  байсалды ауру. Осы сырқатқа қарсы тұру үшін өте көп нәрсе  керек жоқ – тек айқын қоректену  мінезін сақтау және  жүйелі өзіне  өзі тексеруін өткізу. Осы шаралар обыр ісігінің дамуын қақпайлау мүмкіндігін береді, ал пайда болу жағдайында – дәрігерге уақытында келу керек. Онкологиялық ауруларының алдын ала емдеуі қажет. Сіз обырымен ауырсаңыз, ол ешқандай ажалды үкім емес деп маңызды түрде есте сақтау керек. Медицина дамиды және қазір емдеу әдістері бар, оларының арқасында ауруының ерте сатыларында дәрігерге қабылдауға келсеңіз, осы аурудан толық құтылуға болады. Ал обырының түрі қараусыз қалған болса, кейбір осындай жағдайларында замандас дәрі-дәрмекпен емделуге болады, бірақ олар міндетті түрде өмірді ұзартып, азапты ауруды түсіре алады. Айқын өнімдер обыр ауруларының алдын ала емдеуі үшін өте нәтижелі деп ғалымдар анықтады. Мысалы, теңіз балдырдар.  Бізге теңіз қырыққабат ең қолайлы. Өзініздің күнделікті тамағыңызға одан дайындалған салатты қоса салыңыз. Майлар біздің организмізге өте қауіпті әсер етеді. Сондықтан, оларының тұтынуын азайту қажет. Мәселе сонда, артық мөлшерінде тұтынған майлар организмдегі эстроген гормонының артық өндірелетіне әсер етеді. Эстрогенінің мөлщері биірек болса, кеуде обырының даму  мүмкіндігі де үлкен болады. Клетчаткасымен бай тағамдармен тамақтану керек. Жеміс-жидектерді, көкөністерді, дәнді азықтарды көбірек жеу керек.  Осындай тамақ тек заттек алмасуны ғана бірыңғайламайды, ол қандағы эстрогендерді төмендетуге көмектеседі. Крестоцветтік тағамдарды жеңдер. Оларының ішінде онкологиялық ауруларын ұрындыратын эстроген түрін біздің организмізді обырынан қорғай алатын түріне айналдыратын зат бар. Ақ қауданды, түсті және брюссельдік қырыққабат біздің организмізге өте пайдалы көкөністер. Балықты да жеу қажет. Жағымсыз  дәмі бар балық майы біздің денеміздің иммуналық жүйесін нығайтады және обыр ісігінің дамуына қарсы тұрады. Онкологиялық ауруларын алдын ала емдеу үшін соя өнімдері өте нәтижелі. Оларымен ет өнімдерді ауыстыру болады. Көк шай – өте пайдалы сусун. Оның ішінде обырының дамуын қақпайлайтын антиоксиданттары болады. Күнінде  үш кеседен артық ішу керек. Өз рационына әр түрлі көк, сарымсақ, басты пиязды жиірек қосыңдар. Осылай айтқандай, сақтандыру қарапайым нәрсе. Өз денсаулығына қараңыз!

 

 

 

 

 

                             Онкологиялық ауруларының алдын  ала емделуі

Рак (обыр) –  түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай.

Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған орта» анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 %-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің – 17%-нан, алкогольдің – 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының – 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының – 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар.Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда, алдын-алу оңай!Қатерлі жаңа өскіндердің даму тәуекелін едәуір төмендету үшін «салауатты өмір салты» деп аталатын ұғымға енетін қарапайым бірнеше ережені ұстана біліңіз.Темекі тартпаңыз, егер тартып жүрген болсаңыз – тоқтатыңыз. Егер Сіз темекіні тастай алмай жүрсеңіз, онда тартпайтындар арасында темекі тартпаңыз. Пассивті темекі тарту активті темекі тарту сияқты зиянды.

Рак ауруының салдарынан болатын өлім жағдайларының 25-30%-ы  темекімен байланысты деп саналады. Тек қана темекі тарту және оған алкогольдің қосылуы салдарынан болатын ұлтабар, жұтқыншақ және ауыз қуысы обырының үлесі 43%-60%  аралығында өзгеріп отырады. Қуықтың, асқазан асты безі және бүйрек, асқазан, жатыр мойны, мұрын қуысы мен миелоидты лейкоз обыры жағдайларының көпшілігі темекі тартумен байланысты болып келеді. Өлім жағдайларының жартысы орташа жаста кездеседі, оған қоса темекі тартатындар тартпайтындарға қарағанда өздеріне берілген ғұмырдың 20-25 жылын текке жоғалтады.Қазіргі таңда обыр немесе басқа аурулардың басталуына дейін темекі тартуды тоқтату темекі салдарынан болатын өлім жағдайларынан, орта жастан бастап, тіпті егделеу жаста да қашуға мүмкіндік беретіндігі жайлы нақты дәлелдемелер бар.Зиянды тамақтарды алып тастаңыз. Канцерогендер (қатерлі жаңа өскіндердің дамуына себеп болатын химиялық заттар) көптеген азық-түліктерде кездеседі, әсіресе, майға қуырылған тағамдарда, консервіленген және маринадталған тағамдарда, ұзақ сақталынған азық-түліктерде, ысталған тағамдарда.Майлы тағамдарды, әсіресе, малдың майын тұтынуды азайтыңыз, қатты тоя тамақтанбаңыз – күнделікті тамақтану рационы 2500 калориядан аспауы тиіс. Үнемі жүктемесіз және ақуызсыз тамақтану күндерінің жүйесі мен диета сақтауды ұстаныңыз. Алкоголь тұтынуды қойыңыз. Суға қатысты айтарымыз: фильтрленген немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз.Қажетті азық-түліктер. Сізге күн сайын жасұнықтардан (клетчатка) тұратын жемістер, көкөністер, шырындар және басқа да өсімдік құрамдас тағамдардың 5 бөлшегін (порциясын) жеп отыру қажет. Жасыл, сары және қызғылт сары көкөністер мен жемістерді, цитрусты жемістерді, жидектерді, құрғатылған жемістерді, теңіз азық-түліктерін, пияз бен сарымсақты тұтыну ерекше пайдалы. Қызыл көкөністердің ішінде ең тамаша таңдау – қызанаққа тиесілі. Өзіңіздің күнделікті рационыңызға ірі ұнтақты ұннан жабылған нанды (бидайдан және қара бидайдан) және ботқаны қосқаныңыз абзал. Майлы балықта қатерлі жаңа өскіндердің дамуына кедергі жасайтын пайдалы заттар көп-ақ. Жаңғақтар да өте пайдалы.Иммунитетті нығайтыңыз. Белсенді болыңыз, күн сайын дене шынықтырумен шұғылдануға тырысыңыз.Дене белсенділігінің қорғану тиімділігі рак ауруының даму тәуекеліне қатысты белсенділік деңгейінің артуына байланысты күшейе түседі. Дегенмен жүрек ауруы бар адамдар сақтана білуі тиіс. Дененің қалыпты салмағын ұстау, әсіресе, үнемі отырып жұмыс істейтін адамдар үшін  дене белсенділігі қажет. Дене жаттығуларын аптасына 3 реттен кем емес 30-40 минут бойы жасау керек. Егер сіз суық тиіп жиі ауыратын болсаңыз, иммунолог дәрігер маманына қаралыңыз.Вирустарға тексеріліңіз. Барлық онкологиялық аурулардың 10%-ын вирустар шақыруы мүмкін. Жұқтырып алу мен рактың дамуы арасында көптеген жылдар өтуі мүмкін, бірақ сіз қоздырғыш вирустың тасымалдаушысы болсаңыз, өз денсаулық күйіңізді үнемі бақылауда ұстап, ауруға бірде-бір мүмкіндік бермеу үшін ол жайында білуіңіз қажет.Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.Тері аурулары рагының басты себебі күн сәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.Өзіңізге көңіл бөліңіз. Егер Сіздің бойыңыздағы мең немесе қалыңыз киініп-шешінгеннен немесе мойныңыздағы алқаңыздың жанасуынан көлемі немесе түсі өзгеретін болса, жедел түрде дәрігерге хабарласыңыз. Ондай меңдерді өз уақытында алып тастау арқылы тері рагының тәуекеліне жол бермеуге болады. Өзіңізді бақылау барысында мазаңызды алып тұрған факторларға назар аударыңыз.Обыр дамуының алдын алатын және осы аурудан жазылып шығу сенімділігін арттыратын денсаулық сақтау бағдарламалары бар. Скрининг бағдарламаларына қатысыңыз! Скрининг – симптомдары байқалғанға дейін ауруды анықтау мен емдеу. Адамдар арасында әлі симптомдары жоқ ауруларды анықтау мен емдеу рактан келетін өлім санын азайтуға мүмкіндік береді.Әйелдер! Етеккір аяқталысымен өзіңіздің сүт бездеріңізді жан жағынан ортасына қарай сипалау арқылы тексеріп көріңіз. Егер Сізді оның сыртқы түрі мен тері түсіндегі және бездің формасындағы өзгерістер мазаласа, немесе Сіз сипалаған кезде тығыздық байқалса, онда міндетті түрде онкологқа қаралыңыз!40 жастан асқан әйелдер! Сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзадағы ракты ертерек анықтау үшін маммографиялық тексеруден өтіп тұрыңыз. Егер Сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста болсаңыз, онда сүт бездері рагының скринингіне қатысыңыз – ол үшін сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ертерек анықтау мақсатында маммографиялық тексеруден өтуіңіз қажет.25 жастан асқан әйелдер! Жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен осы ағзаның обырынан сақтандыру мақсатында шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсырыңыз. Егер Сіз 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста болсаңыз, жатыр мойнының скринингіне қатысыңыз – жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсыру – осы ағзаның рагынан сақтану үшін қажет.50 жастан асқан ерлер мен әйелдер, сіздер – колоректальді обыр скринингіне қатысыңыз, бұл үшін Сізге тоқ ішек (бүйен) мен тік ішек обырын анықтау мақсатында  нәжіс және қан тапсыру қажет.Ерлер! Егер Сіздің жасыңыз 55 жастан асса және қуық асты безіндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ерте сатысында анықтау үшін ПАА-ға үнемі қан анализін жасатқаныңыз жөн.Үнемі флюорографиядан өтіп тұрыңыз.

     Қазіргі заман жағдайында онкологиялық көмекті ұйымдастыру статистикалық  және эпидемиологиялық деректерді талдау арқасында қатерлі ісіктің таралуын болжау жүйесіне негізделеді. Болжау жүйесі онкологиялық көмекті ұйымдастыру мәселесінде ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға және басқаруды ұйымдастыруда өмірге сай жобалар жасауға көмек береді. Квалифицирленген онкологиялық көмекті беру үшін онкологиялық қызмет мекемелері материялды-техникалық жабдықталған (аппараттар, реактивтер, дәрі-дәрмек, т.б.), арнайы даярланған кадрлары бар , және де ақпараттық жабдықталған (қатерлі ісікпен ауру және өлім көрсеткіштері, қатерлі ісікті ерте анықтау методологиясы болу ,  диагностикалау,  емдеу , жалпы ем жүйесімен байланыс, санитарлы –ағарту жұмысынан тұрады) , онкологиялық мекемелер болуы керек.               Онкологиялық қызметтің негізгі міндеттері :

        • Онкологиялық ауруларды және науқасты есепке алу.
        • Қатерлі ісікпен ауру және одан өлу анализі.
        • Онкологиялық  науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсету.
        • Диспансерлік бақылау ұйымдастыру.
        • Онкологиялық қызмет жұмысының анализі.
        • Территориалды қатерлі ісікке қарсы бағдарламалар жасау .
        • Қатерлі ісікті ерте анықтауға бағытталған шаралар ұйымдастыру және өткізу жөнінде әдістемелік нұсқауларды орындау .
        • Қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында санитарлы –ағарту жұмыстарын жүргізу.

 


Информация о работе Онкология ауруы