Популяциялық тіршілік деңгейі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2012 в 19:26, реферат

Краткое описание

Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы.

Содержание

I. Кіріспе бөлім
Популяция туралы жалпы мағлұмат.
II. Негізгі бөлім:
1. Популяцияның құрылымы мен түрлері.
2. Популяцияның статистикалық және динамикалық
сипаттамалары.
3. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
III. Қорытынды бөлім
Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық
жағдайлар.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 20.17 Кб (Скачать файл)

 

                                Жоспары:

 

    1. Кіріспе бөлім

         Популяция туралы жалпы мағлұмат.

II.     Негізгі  бөлім:

        1. Популяцияның құрылымы мен түрлері. 

       2. Популяцияның статистикалық және динамикалық             

сипаттамалары.

      3. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.

III.   Қорытынды  бөлім

  Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық        

 жағдайлар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Популяциялық тіршілік деңгейі

          Егер экожүйе биосфераның элементтері болса, популяция табиғатта жеке түрінде кездеспейді.  

  Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы.     

 Популяция деңгейінде  негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу  және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады.  

  Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады.  

   Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады.

Популяция құрылымы 

  • особьтар саны
  • ареалы
  • жастық құрамы
  • жыныстық туылымы
  • құрамы
  • өсу темпі
  • тығыздығы

 

             

 Популяцияның сипаттамасы:

1) Жыныстық сипаты бойынша;

2) Жас ерекшелік - әр түрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша;

3) Территориялық таралуы бойынша;

4) Этологиялық сипаты бойынша;  

Популяцияның түрлері: 

 Қалыпты популяцияда  - барлық жастағылар тең болуы  қажет. Егер популяцияда кәрі  особьтар көп болса, онда олар  көбеюі функциясын бұзады. Мұндай  популяциялар регрессивтік популяция  немесе өліп бара жатқан популяция  деп аталады. Популяцияда жас  особьтар көп болса жаңартатын  немесе инвазивтік деп аталады.  Популяцияның өмір жастары қорқыныш  туғызбайды, бірақ особьтардың саны  өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық  байланыстар қалыптаспаған.  

 Өнімдерді алу саны  және оның алу тәсілі популяцияның  биологиялық ерекшеліктеріне байланысты  ойластырылады. Мысалы: жануарларды  топ болып өмір сүретін, алуға  болатын шегіне дейін алуға  болады, одан көп алса, тіршілік  процесінің оптимизациясын жоғалтады.

     Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасы жатады. Ол особьтар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады. Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады.  

 Әр-бір популяцияға биотикалық потенциял тән-ұрпақты көп қалдыру. Әдетте, неғұрлым биотикалық потенциал жоғары болса, соғұрлым ағзалардың ұйымдасу деңгейі төмен болады. Мысалы, ашытқы саңырау құлақ . 

    Популяция динамикасының екі түрі бар:

           1)Особьтар санының тығыздығына байланысты биотикалық факторларға тәуелді. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі түрі J-түрі тәрізді қисықпен жүреді: Мұндай өсу түрі экспоненциалдық деп аталады. Бұл адамдар популяциясына тән. Ол ең біріншіден , балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты.

Популяциядағы особьтардың  өсу санын биотикалық факторлар  реттеп отарады. Оны популяцияның реттеуші факторы деп аталады.

         2)Особьтар санының тығыздығына байланысты емес түрі-особьтар саны жоғарғы өлім-жітіммен сипатталады.          

 Бұл жағдайда особьтар  санының өсуі S-тәрізді қисықпен  сипатталады: мұндай қисықты логистикалық  деп аталады. Логистикалық өсу  қисығына обиотикалық факторлар  әсер етеді( ауа-райы құбылыстары,  тамақтың бар-жоқтығы әр-түрлі  катастрофалар т. б.). Осындай фактор  популяцияның уақытша шексіз  өсуіне, сондай-ақ 0-ге дейін төмендеуіне  қамтамасыз етіп отырады. Осындай факторларды модификалық фактор деп атайды.     

      Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Реттеуші фактор популяциялық гомосстазды туғызады. Реттеуші факторларға жыртқыш-жемтік типтегі ағзалардың қарым-қатынасы жатады. Жемтіктің көп саны жыртқыштардың көбею жағдайына себеп болады. Реттеуші факторлар түраралық фактор және түрішілік ағзалардың қарым-қатынас деңгейінде жүреді.         

 Гомоестаздың түраралық  механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі  типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне  бәсекелестік жатады. Оның екі  түрі бар: 1) қатал түрішілік гомосстаз-коннибализм; 2) Жайлы түрдегі түішілік гомосстаз-әдетте  особьтардың әлсіретуі арқылы  көрініс береді. Бұл механизмде  күшті особьтар сыртқы ортаға  тежеуіш(әлсіретткіш) заттарды бөледі: стресстік құбылысты, территорияны  шектеу, популяция арасындағы миграция.          

 Орманшылар осыған  байланысты ағаш кесуде популяцияның  экологиялық-биологиялық ерекшелігіне  сәйкес ойластырады. 

Ағаш кесу 2 үлкен топқа  бөлінеді: 1) аралық пайдалану

                                                                   2)басты пайдалану.         

 Аралық ағаш кесу  орман тіршілігінің барлық жастық  кезенінде болады. Басты ағаш  кесу пайдалануында ағаштарды  кемелді шағындағыларды алады.   

Өткендегі, қазіргі  және болашақтағы демографиялық  жағдайлар 

 Елдегі немесе планетадағы,  аймақтағы демографиялық жағдайларды  зерттеу адам экологиясының маңызды  міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының тез  санының өсуі экожүйелерге қосымша  экологиялық күш түсіреді. Сондықтан  адам экологиясы демографиялық  факторлар мен урбандау процесінің  қоршаған табиғи орта жағдайына  әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.  

 Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістерін себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді. 

 Демографиялық тарихтағы  ерекше феноменге демографиялық  жарылыс (60-80 ж. ж) жатады. 

 Әлемдегі жыл сайынғы  халық   санының өсуі: 1000 жыл бұрын-10/1 бөлігінің %. 

XX ғасыр басында-0,7 %. 

1950 ж.-1 %. 

60 ж. аяғында-2,1 %. 

1970-1975 ж.-2,0 %. 

1980-1985 ж.-1,7 %. 

 Халық саның өсуі  әртүрлі жерде әртүрлі өскен.  Соңғы 40-50 ж. ішінде халық санының  төменделуі байқалды: Шығыс және  Оңтүстік Европада, Австралияда,  Жаңа Зеландияда, Японияда. Халық  санының төмендеуіне қарамастан, халық санының теңесуі дамушы  елдер арқылы жүзеге асып отыр.  

 Әрбір мемлекет елдің  ерекшелегін ескере отырып, өзінің  демографиялық саясатын жүргізіледі.  Қ.Р.-ның демографиялық саясатты  ұстай отырып, жоғары туылым мен  халықтың өмір сүру ұзақтығына  бағытталған.  

 Глобальдық мағынасы  бар 2-феномен-адамдардың қартаюы,  яғни халық құрылымындағы егде  адамдардың санының өсуі. Бұл  өлімнің азаюына байланысты.

Халық көбеюі-ата-аналық ұрпақтың балалармен алмасуы. 

3-феномен демографиядағы-балаға  деген экономикалық қажеттілігі  жоғалуы, аз отбасы идеялы, ананың  борышы 2-планға шығу, біріншілік-ол  әйелдердің қоғамға енуі, семьядан  тыс өндіріс. 

1979-1981 ж. ж. 40 жасқа дейінгі  «орта» әйелдің бала саны 4,4 тен  2,2 дейін түсті. Ауылда 2,6 жоғары, ал қалада 1,8 төмен көрсеткіштерді  береді.  

 Адамдарда жас кезінен  бастап, демографиялық мінез-құлық  қалыптасады, ол өмірінің барысында  ереже болып қалады. 

 Демографиялық жағдайларға  келесідей факторлар кіреді: әлемде 3,3 млрд. адам күн сайын тоймайды  және 5000 млн. ашығады.

1 млрд. астам- кедейшілік  шегінде тұр.

0,5 млрд.-жартылайә немесе  толық жұмыссыз.

0,8 млрд. астам ересектер  сауатсыз.

0,2 млрд.-бала мектепке  бармайды. 

 Тамақтану проблемасы  халық санымен байланысты. 6,1 млрд. адам қалыпты тамақтану үшін  мал өсіруді 4 есе, ал (өсімдік)  егіндіктерді 3 есе өсіруі қажет.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер :

1.Бейсенова Ә.Б. Экология  және табиғатты тиімді пайдалану.  Оқу құралы. Алматы, 2004.

2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология  негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

4.Бродский А.К. Жалпы  экологияның қысқаша курсы. Оқу  құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд.  Көшкімбаев Қ.С. 

5.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков  Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

6.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева  Р.М. Жалпы топырақтану және  топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

7.Фурсов В.И. Экологические  проблемы окружающей среды. Алма-Ата,  «Ана тілі», 1991.

8.Байтулин И.О. Экология  Казахстана. Алматы, 2003.


Информация о работе Популяциялық тіршілік деңгейі