Популяция-түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның критерийлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 15:52, лекция

Краткое описание

Популяция туралы түсінік Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.

Вложенные файлы: 1 файл

популяция практика 3.docx

— 17.04 Кб (Скачать файл)

Популяция туралы түсінік Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.

«Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.

«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.

Бір популяцияға жататын  азғалар бір-біріне қоршаған ортаның  факторлары немесе басқа да бірге  тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық  қарым- қатынастың барлық формалары  кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік туріші қарым  қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге  қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа  жататын особьтар арасындағы және ата- аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.

Экологиялық жүйелердің, сонымен  қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық - Функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде  популяциялық деңгей ерекше орын алады.

Бір жағынан популяция  тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера Функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық Қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады. Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың Филогенетикалық байланысын: ағза-популяция-түр-тұыстұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық- эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.

Түрдің популяциялық құрылымы

Түрдің популяциялық құрылымы Әрбір түр белгілі бер территорияда (ареалда) тіршілік ете отырып сол территорияда популяциялар жүйесі ретінде көрінеді. Түр тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі, бөлшектенген болса популяциялар арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Алайда түрдің популяциялық құрылымын оның биологиялық ерекшеліктері - особьтардың қозғалу белсенділігі, табиғи кедергілерді, тосқауылдарды жеңе білуі және т.б. анықтайды. Егер түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі қозғалып, араласың жатса мұндай түр аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып сипаттталады. Көшіп-қону (миграция) қабілеттілігімен әдетте солтүстік бұғылары, Африка саванналарындағы тұяқты жануарлар ерекшеленеді. Олар маусымдық көшіп-қону кезінде жүздеген шақырым жерлерді артқа тастайды. Мұндай түрге жататын популяциялардың шекаралары әдетте, үлкен географиялық тосқауыл, бөгеттер - үлкен өзендер, тау жоталары т.б. бойынша өтеді.

Қозғалуға белсенділігі төмен  жағдайда түрдің құрамында ландшафттың  мозайкалығын білдіретін көптеген майда  популяциялар құрылады. Мозайкалық - қауымдастықтың кеңістікте көлденең таралуы. Өсімдіктер мен аз және баяу қозғалатын жануарларда популяция саны ортаның әртүрлілігіне тікелей байланыста болады. Мысалы, мұндай түрлердің таулы аудандарда жазық жерлермен салыстырганда территория бойынша бір-бірінен алыстап, бөлінуі жоғары. Кейде түрдін кішкентай ареалда тіршілік етуі ортаның әртүрлілігіне емес, ағзаның мінез-құлқьша да байланысты. Мысалы, аюлар өздері тіршілік етіп жатқан жерге бауыр басып қалатындықтан ол жерді тастап кетпейді, сондықтан үлкен ареалда бір-бірінен кейбір қасиеттері бойынша өзгешеліктері бар көптеген майда топтар болып тіршілік етеді.

Көршілес популяциялардың  бір-бірінен алшақ өмір сүру ерекшеліктері  әртүрлі. Кей жағдайда олар тіршілік етуге қолайсыз жерлермен бір-бірінен  оқшауланса, кейде тіршілікке қолайлы  ортада (шөлді жердеғі өзен аңғарлары  мен оазистерде) бір жерге көптеп шоғырланған.

Бір түрге жататын популяциялардың  ішінде шекаралары жақсы байқалатын және керісінше, анық байқалмайтын ареалда  тіршілік ететін популяциялар да болуы  мүмкін. Көпшілікке белгілі, астық тұқымдастардың зиянкесі тасбақалы қандала жұмыртқаны жарып шыққан сон 2,5-3 айдан кейін  дәнді алқаптардан ондаған, жүздеген шақырым жердегі тау етегіндегі ормандарға ұшып, қоныс аудару басталады . Ол жерде олар келесі көктемге дейін  ағаштар дан түскен жапырақтар арасында қыстап шығады. Ұшу ұзақтығы особьтардың  қоңдылығына байланысты. Нәтижесінде  қыстап шығатын бір жерде әртүрлі  жерлерден ұшып келетін қандалалар араласып кетеді. Ал көктемгі ұшу бағыты желдің бағытына байланысты болады. Осыған байланысты үлкен кеңістікте особьтардың  үнемі қозғалуы және бір-бірімен  араласуы болып жатады да жекелеген  популяциялардың шекаралары бола бермейді. Сондықтан түр ішінде популяциялар әртүрлі көлемдегі топтар ретінде  кездесуі мүмкін.

Популяциялар арасында жекелеген  особьтардың алмасуы ұдайы немесе ара-тұра болып жатады. Қарғалардың  маусымдық көшуі кезінде жас  құстардың бір бөлігі қыстайтын  жерінде сол жердегі басқа  особьтармен жүп түзіп қалып  қояды.

Жекелеген особьтар арасындағы байланыстар бір нәтижеге, популяция арасындағы байланыстар басқаша нәтижелерге альш келеді. Мысалы, белгілі бір паразиттің ұзақ уақыт бойы әсер етуі иесінің физиологиялық жағдайыньщ, ұрпақ шығаруының, өмір сүру ұзақтығының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Осы түрге жататын популяциялар арасындағы қарым-қатынастар олардың топтық сипаттарының - санының, жастық құрамының, өлуі мен популяцияның өсу қарқындылығьшың өзгеруіне алып келеді. Популяциялар арасындағы байланыстар оларды бүтін бір түр ретінде ұстап тұруға көмектеседі. Популяциялар арасындағы ұзақ және толық оқшаулану әдетте жаңа түрлердің пайда болуына алып келеді.

Кейбір популяциялар арасындағы өзгешеліктер әртүрлі леңгейде болады. Ол өзгешеліктер олардың тек топтық сипатына ғана емес, жеке особьтарының мінез-құлық, морфологиялық және Физиологиялық  ерекшеліктеріне де қатысты болуы  мүмкін. Ареалдың әртүрлі бөлігіндегі  ақ қояндар бір-бірімен түсі, дене мөлшері, ас қорыту жүйесінің құрылысы боңынша айырмашылықтары болады. Мысалы, Ямал түбегіндегі ақ қояндардың аш ішектерінің ұзындығы Орал тауының  орманды далаларындағы өкілдеріне қарағанда 2 есе үзын. Бұл қоректену  ерекшеліктеріне, қорек құрамындағы  қатты азықтардың мөлшеріне байланысты.

Тіршілік орталарының  айырмашылықтары неғұрлым көп және особьтар арасындағы алмасу нашар болса, соғұрлым популяциялардың бір-бірінен  өзгешеліктері көп болады.

Генетикалық біртүтастығына және көбею түріне байланысты популяциялар: панмиктикалық (айқас ұрықтану), клонды және клонды-панмиктикалық (мысалы, шіркейлерде  партеногенетикалық ұрпақ жынысгы ұрпақпен алмасады) болып бөлінеді.


Информация о работе Популяция-түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның критерийлері