Семей полигонына қатысты территорияның қазіргі экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:24, реферат

Краткое описание

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.Қазіргі экологиялық жағдайы.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 38.95 Кб (Скачать файл)

 Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. Осыншама сынақты қойнына тығып жатқан қара жер қойнауының әлі алда не әкелерін кім білсін?! Бұл жақта сирек те болса өтетін жер сілкінісінің өзі күдікті мың еселей түседі.

  «Полигонның табиғатқа, тіршілікке  әсері төмендеуі үшін әлі кемінде  үш ғасырдай уақыт керек» дейді  депутаттар мен ғалымдар. Мәселен, «плутоний-240», толық ыдырап кетуі үшін 6500 жыл қажет, ал «плутоний-239»-ға 2100 жыл, ал «плутоний-241» ыдыраған кезде жаңадан альфа-сәуле пайда болатындығын Курчатовтағылар елемей отыр. Ядролық полигон зардаптарына ШҚО-ның 1,5 млн. тұрғыны ұшыраған. Мемлекет тарапынан біржолғы өтемақы төленгенімен, басқа жеңілдіктер алынып тасталған. Қазір облыстағы 700 мың тұрғын полигон туғызған аурудан аурухана, емханаларға тіркелген. Әсіресе, рак, қан айналымы, көз, буын аурулары өте жоғарғы деңгейде. Атом сынақтарынан кейін пайда болатын 600-700 микрорентген бүкіл тіршілікті жояды. Ал 300-400 рентген дозасын бойына сіңіргендер ақ қанға шалдығып, аз уақыт ішінде өмірмен қоштасады. Радиологиялық орталық дәрігерлерінің зерттеуінше, бұрынғы Семей облысы, көршілес Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алтай өлкесі тұрғындарының көпшілігі 25-30 бэр, кей аудандарда 40 бэрге дейін залал шеккен көрінеді.

 

 

Суарылған ядролық темірмен

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін  болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының  төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін  пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді  бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

  Жоспар

І. Кіріспе 

ІІ. Негізгі бөлім

         а) Невада-Семей  полигонының инфрақұрылымы 

        б) Семей  ядролық полигонының алғашқы  жүргізілуі 

        в) Семей  ядролық полигонындағы сынақтардың  адамдарға, қоршаған ортаға әсері.Қазіргі экологиялық жағдайы.

ІІІ. Қорытынды бөлім  

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      “Астана Медицина Университет” АҚ

                      Кафедра:Экология және жалпы гигиена

 

 

 

 

 

 

     СӨЖ

Тақырыбы:Семей полигонына қатысты территорияның қазіргі экологиялық жағдайы.

 

 

 

                                              Тексерген:Мантугелова А.К.

                                            Орындаған:Касымова Н.

    

 

 

                            Астана,2013 жыл

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Семей полигонына қатысты территорияның қазіргі экологиялық жағдайы