Судың ауыл шаруашылығындағы, тұрмыста және өнеркәсіптегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 20:33, задача

Краткое описание

Судың адам өміріне маңызы. Су – керемет, сирек кездесетiн минерал! Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардын бірі.

Су – жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңріп алатындығы ғылыммен дәлелденді.
Барлық малдар және өсiмдiтер, жанды заттар заттар сулардан тұрады: малдар – 75%ке, балық – 75%ке, медуза – 99%ке, картоп – 76%ке, алмалар – 85%ке, қызанақтар – 90%ке, қиярлар – 95%ке, қарбыздар – 96%ке.

Вложенные файлы: 1 файл

Су.docx

— 34.91 Кб (Скачать файл)

жобада қарастырылған деңгейге   жеткізді.

Ондағы бөгет салынғаннан  кейінгі ауланған балық мөлшері (шамамен жылына 1500-2000 тонна) бөгет  салынғанға дейінгі ауланған балықтың мөлшерінен ( 51.5 -700 тонна) 2,5 -3 есеге өсті.

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумақтарында жыл сайын қаңтар-наурыз айлары аралығында тасқындарды жіберу бойынша ең ауқымды  іс-шаралар және жедел әрі жоспарлы сипаттағы басқа да жұмыстар жүргізіледі.

Сырдария өзені арнасының  жіберу қабілетінің шектеулілігінен  артық сулар Арнасай сағасына үнемі жіберіліп тұрды. Ал Өзбекстан  су төгінділерін реттеу мақсатында 2004 жылы Арнасайда екі қоршау құрылыстарын (бөгеттерін) салды. Сол уақыттан бері Шардара су қоймасынан Арнасай көлдері  жүйесіне суды төгу көлемі су қоймасын пайдалану қағидаларымен бекітілген секундына 2160 текше метрден секундына 600-700 текше метрге дейін шектелді. Бұл бағыттағы ең өзекті мәселелердің бірі Сырдария өзені бассейнінің  сағасындағы өзен ағысын реттеу болып  табылады, оның шешілуі осы трансшекаралық өзен ресурстарын пайдалануда Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Осы  жағдайларда Қазақстан үшін «Сырдария  өзенінде Көксарай су реттегіші құрылысы»  жобасын әзірлеу қажеттілігі  туындады.

Қазақстанға ағып келетін  өзендердің көпжылдық маңыздылығын орташа есеппен бағаласақ, соңғы 30 жылда  жылына 25,3 текше шақырымға азайғаны байқалады (жергілікті сулар бойынша  – 10,3, трансшекаралық сулар бойынша – 15,2). Бұл ауа райының ұзақ мерзімді болжамының өзгеруіне сәйкес келеді. Трансшекаралық ағып келетін сулар азаяды деген болжамдарды ескергенде 2020 жылға қарай республикада су ресурстарының әрі қарай азаюы жылына 86 текше шақырымға дейін жетпек. Жерасты су көзі әдетте ірі өзендердің бассейніне жинақталған. Бұл жер үсті ресурстарымен тығыз гидравликалық байланысы бар екенін көрсетеді. Сондықтан да оларды пайдалану келісілген түрде жүзеге асуы керек: бір “элементті” шамадан тыс пайдалану екіншісінің жағдайына міндетті түрде әсер етеді. Табиғи-климаттық факторды да естен шығаруға болмайды. Гидрометеорология, гидрология мен су ресурстарын пайдалану мәселелері біртұтас дүние ретінде қаралуы керек. Су нысандары ахуалын шынайы біліп отыру үшін жоспарлы түрде мониторинг жүргізілуі. Ол суды қауіпсіз пайдалану және қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін қажет.


 



Информация о работе Судың ауыл шаруашылығындағы, тұрмыста және өнеркәсіптегі маңызы