Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 16:22, реферат
Мұнайдың халық шаруашылығында маңызы зор. Ол-сұйық отын өндірілетін басты шикізат. Өндірілген мұнайдың басым көпшілігі әр түрлі жанармайларға айналдырылады. Мұнай өнімдері энергия көзі ретінде электр станцияларында, отын ретінде жер үстінде, су және әуе көліктерінде пайдаланылады. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын қоймалжың сұйық мазут, электр станциялары мен зауыт пештерінде отын ретінде жағылады. Мазуттан алынатын жағармайлар машиналардың жұмыс бөлшектерінің үйкелісін азайтып, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін қолданылады. Гудрон жол құрылысына асфальт жасауға пайдаланылады.
. Кіріспе.
1.1 қоршаған ортаның ластану түрлері.
I. Негізгі бөлім.
2.1. Табиғи газ және мұнай компоненттерінің ауаға әсері. 2.2. газ және мұнай компоненттерінің суға әсері
2.3 газ және мұнай компоненттерінің топыраққа әсері.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік
Университеті.
Экология және жаратылыстану факультеті
Реферат
Тақырыбы: Табиғи газ және қосымша газ бен мұнай компоненттерінің ауаға, суға және топыраққа әсері.
Өскемен 2009ж
Жоспар.
I. Кіріспе.
1.1 қоршаған ортаның ластану түрлері.
2.1. Табиғи газ және мұнай компоненттерінің
ауаға әсері.
2.3 газ және мұнай компоненттерінің топыраққа әсері.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе бөлім
Қоршаған ортаның ластану түрлері.
Мұнайдың халық шаруашылығында маңызы зор. Ол-сұйық отын өндірілетін басты шикізат. Өндірілген мұнайдың басым көпшілігі әр түрлі жанармайларға айналдырылады. Мұнай өнімдері энергия көзі ретінде электр станцияларында, отын ретінде жер үстінде, су және әуе көліктерінде пайдаланылады. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын қоймалжың сұйық мазут, электр станциялары мен зауыт пештерінде отын ретінде жағылады. Мазуттан алынатын жағармайлар машиналардың жұмыс бөлшектерінің үйкелісін азайтып, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін қолданылады. Гудрон жол құрылысына асфальт жасауға пайдаланылады.
Мұнайды өңдеу арқылы тек жанармайлар мен жағармайлар ғана емес, сонымен қатар химия өнеркәсібіне қажетті басқа да көмітсутектер алынады. Мұнайды өңдегенде түзілетін газдар химия өнеркәсібінің бағалы шикізаты. Олардың халық тұрмысына қажетті пластмассалар, синтетикалық және жасанды талшықтар, синтетикалық каучук пен резеңке, синтетикалық жуғыш заттар, тыңайтқыштар, қопарылғыш заттар, бояулар, дәрі-дәрмектер, т.б. көптеген заттар алынады. Мұнай улы зат болғандықтан, қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына зор зиянын тигізеді. Ластаудан топырақ, атмосфера, Каспий теңізінің суы зардап шегуде. Соның нәтижесінде ауаға газ бөлініп шығып, мұнай төгіліп көптеген жердің ластануына алып келеді. Сондықтан да оларды өндірген, өңдеген тасымалдаған кезде қауіпсіздік шараларын ескеруін және де мұнай өндіретін, өңдейтін аудандарға жақын орналасқан халықтарды басқа жаққа, яғни қолайлы жерлерге көшіру қажет.
Мұнайдың құрамындағы күкіртті қосылыстардың алатын үлесі және өнім ретінде тигізетін әсері мол. Сол себептен де олардың мөлшерін дұрыс анықтап, дұрыс қолдана білуіміз керек.
Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Бұл ғылымға алғаш қызыға қараған Аристотель болса, оның оқушысы “ботаниканың әкесі” Геофаст еңбектерінде өсімдіктерге де типографиялық, географиялық жағдайдалардың ықпал ететін, климат пен ауа райының өсімдіктердің өсуіне, жемісінің пісуіне, гүлі мен жемісінің иісіне де әсер ететін атап көрсеткен. Карл Линей өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған орта мен байланысын зерттеген. Ал экология деген термінді. 1866 жылы австралиялық ғалым – биолог Э. Геккель ұсынды. “Экология” деген гректің oikas – үй, мен және logos - оқу деген сөздерінен құралған. Қарапайым тілмен айтсақ, қоршаған орта мен тіршілік арасындағы қатынасты, табиғаттағы тепе – теңдікті сақтау мәселелері экология деп түсіну керек. Экология ғылымы қазіргі табиғи ортаның адам денсаулығына жануарлар мен өсімдіктердің организміне тигізетін әсерін және тағы басқа өзгерістерді зерттейді.[1.2.7]
БҰҰ – ның шешімі бойынша жыл сайын маусым айының 5- ші жүлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп аталып өтілуде. [5].
Адам баласы тіршілік ету үшін өзіне керекті заттарды табиғаттан алады. Сондықтан табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден қорғау келешек ұрпаққа оларды табиғи қалпынан бүзбай жеткізу үлкен мәселе. Адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері таза болғаны жөн. Жер тұрғындарының шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың басты себепкері болып табылады. Қазіргі өркениет табиғаттағы тепе- тендікті бұзып, қоршаған ортаны залалын тигізіп отырғаны жасырын емес. Себебі күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары биосфераға түсіп отырады. Ол қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа санданған химиялық заттар бөлініп, олар адам денсаулығына залал тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп, болып отыр. Ал кейбір жерлерде жағдай мүнан да қиын. Қәзіргі кезде бүкіл жер шарында адамның араласуынан шет қалған, ластанушы заттардың түспеген бірде- бір жер жоқ .
Қоршаған ортаны ластайтын затардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі [4.9]
Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай ұлы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Химиялық, түрлі – түсті металл өндіретін өндірістер тынымсыз улы заттар шығарып тұрады. Мысалы, ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауттар мен электростанциялар секілді ауаға күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады. Көмірді жылу электростанцияларында жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылық егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге, орман өсімдіктеріне елеулі зиян келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады [7.10]
Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары автокөліктер өте көбейіп улы газдың мөлшері 40 пайызға, ал ұшақтардан бөлініп шығып жатқан улы газдың мөлшері 60 пайызға өскен. Цемент зауытынана бөлінген шаң- тозан қоршаған ауада, топырақта калий, кальций, магний элементтерінің шамадан тыс көбеюіне себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын өндіретін металлургия зауытынан шығатын улы заттар топырақ пен шөптердің бойына жиналып, ауа мен су арқылы адам мен жануарлардың бойына еніп олардың денсаулығына қауіп келтіреді. Адам организімінің улы заттарға төзімділігі әрқалай. Жас балалар мен қарт кісілер, аурушаң улы заттарға төзімсіз келеді.
Сондықтан қоршаған ортаға зиянды заттар шығаратын кәсіп орындардың қаладан алыстау жерге орналасқаны жөн. Қоршаған ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топққа бөлуге болады:
1. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
2. Физикалық
ластану - жылу, радиоактивті заттар,
электромагниттік толқындар,
3. Биологиялық ластану – жұқпалы және паразиттік ауруларды туғызатын қоздырғыш бактериялар, вирустар,микроорганизмдер мен құрттар, қарапайымдылар мен шектен тыс көбейіп кеткен зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың әсем ландшафтарының бұлінуі, орман – тоғайлардың жойылуы, табиғатты сулу жерлерді су басып батпақ – сорға айналуы, сусымалы құмдардың жылжып жайылымдарды, өзендерді, бұлдіруі, су қорының азайып көлдердің құрғауы және тағы басқалар.
Ал биосферадағы ластану процесі үш кезеңге бөлінеді [3]
Адам организімі ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір мөлшерге, немесе деңгейге дейін ғана төзе алады. Ал егер зиянды заттар ол мөлшерден асып түссе, адам организімі оған төтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға душар болады.
Қоршаған ортамен, табиғатпен адам өмірі тығыз байланысты. Егер онда кейбір құбылыстар мен өзгерістер болып ластанудан табиғатқа зиян келсе, адамзат та одан зардап шегеді, одан айналып өте алмайды. Өзімізді қоршаған сыртқы орта (ауа,су, топырақ) адам өміріне зор ықпал жасайды. Ал денсаулығымыз осыған байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Өзімізді қоршаған табиғатты, яғни биосфераны бұлдірмей таза сақтау, қолдан келсе оны жақсартуға тазартуға ұлес қосу әрбір сапалы азаматтың негізгі өмірлік парыздарының бірі болып қала бермек. “Табиғат – біздің туған бесігіміз” деп бекер айтылмаған. Қоршаған ортаны, жер бетіндегі сұлу табиғатты сақтап, оны бұзбай сулар мен топырақты, атмосфералық ауаны таза күйінде болашақ ұрпағымызға қалдыру – бізге үлкен міндет. Сондықтан табиғатты жанымыздай сүйіп, өзімізді қоршаған ортаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Табиғатқа жанашыр болу-адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.
Негзгі бөлім
2.1 Табиғи газ және мұнай компоненттерінің ауаға әсері.
Қоршаған ортаның ластануына көңіл бөлгенде атмосфералық ауаның ластануына көп көңіл бөлуіміз керек. әсіресе табиғи газ және мұнай компоненттерінің атмосфералық ауаға әсеріне тоқталмай кетуге мүлдем болмайды.
Атмосфераның негiзгі ластануы түстi металлургия, жылу
энергетикасы, қара металлургия кәсіпорындарының,
мұнайгаз кешенi мен көлiктiң шығарындыларымен
байланысты.
Республиканың 19 қаласында атмосфералық
ауаның ластану жай-күйін бақылау жүргізілуде.
Риддер, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Алматы
қалаларында ластанудың неғұрлым жоғары
деңгейi байқалады. Кей кездерi ластаушы
заттардың ең жоғарғы шоғырлануы ШРШ-ны
10-20 рет асады (мысалы, Балқаш, Өскемен
қалаларында күкірттің диоксиді бойынша).
Республиканың кейбiр қалаларында атмосфералық
ауаның ластану деңгейiнiң төмендеуi оңтайлы
үрдiсi байқалуда. Егер 90 жылдардың басында
Өскемен, Риддер қалаларының ластану индексi
35-40 бiрлiкке жетсе, онда қазiр 12-17-ге дейiн
төмендеді. Алайда керiсiнше үрдiс (Атырау
облысы) де орын алуда.
Қалалардағы жылжымалы
көздерден шығарындылардың
Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi жүргiзiлетiн
iс-шаралар кәсіпорындар шығарындыларының
есебiн алуға және тұрақты әрi жылжымалы
көздермен қоршаған ортаны ластағаны
үшін төлемдер жинауға бағытталған. Алайда,
зиянды заттар шығарындыларының азаю
эффектiсiне мұндай әдiстермен қол жеткiзiлмейдi,
өйткенi кәсiпорындар "экологиялық төлемдерінің"
құны ол үшін түбiнде, тұтынушылар төлейтiн
өнiм құнына (жылу, энергия, қызмет көрсету)
енгiзіледi.
Экологиялық төлемдердi пайдалану тетігі
өндiрiсте таза технологияларды енгiзудi
және экологиялық таза өндiрiстер мен циклдарды
қолдауды көздейдi.
Елдiң әуе бассейнiн ластауға трансшекаралық
көшiру бiраз үлес қосады: мысалы, Мәскеудiң
әдiстемелiк синтездеушi орталығы орындаған
алдын-ала есептер бойынша Қазақстанның
аумағындағы өз көздерiнен күкiрттiң түсу
үлесi жылына 380 мың тонна, сырттан әкелiнгендерiнің
үлесi - жылына 446 мың тонна. Қазақстан,
өз кезегінде көршi елдердiң аумағына түсетiн
ластаулардың бiраз көлемiн жеткiзедi.
Қазақстанның шамамен 5 млн. тұрғыны ластанған
атмосфералық ауа жағдайында, 2 млн. - ластанудың
өте жоғары деңгейi жағдайында тұрады.
Қазақстандық ғалымдар халықтың емделуiне,
диагностика мен сауықтыруға жалпы шығындарды,
өмiрдiң орташа ұзақтығын, аурухана парақтары
және мүгедектерге зейнетақылар бойынша
төлемдерге шығындарды ескере отырып,
экологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан
халықтың денсаулығына келтiрiлген залал
есебiнiң моделін әзiрледi. Денсаулықты
қорғау және экожобалау орталығының деректерi
бойынша Қазақстанның шығындары бiр жылға
әрбiр тұрғынға 8355 теңге ($55,7) немесе атмосфераға
шығарындылардың бiр тоннасы үшiн 9000 теңге
($60) құрайды. Бұл атмосфералық ауаның ластануынан
Қазақстан халқының денсаулығы үшін терiс
эффект жылына кемiнде 225 млрд. теңге ($1,5
млрд.) құрайтынын білдіреді.
Республикада 22 млрд.т. аса өндiрiс және
тұтыну қалдықтары жинақталған. Пайдалы
кен орындарын барлау кезiнде өндiрiлетiн
минералдық шикізаттың 3-5% көлемiн құрайтын
1-2 басым компонент ғана пайдаланылатыны
мәлім, қалған масса қалдықтар түрінде
жинақталады.
Түсті, сирек, асыл және радиоактивтiк
металдардың тау-кен метталлургия өндірісі
қалдықтарына жиынтық қорлары тиiстi жеткілiкті
iрi кен орындарының қорларымен тең.
Қалдықтардың жалпы массасында 6,7 млрд.т
- жерлердi, жер үстi және жер асты суларын,
әуе бассейнiн ластау көздерi болып табылатын
улы қалдықтар. Улы өнеркәсiптiк қатты
қалдықтардың негiзгi көлемдерi 5,2 млрд.
т астамы түстi металлургия кәсіпорындарында
жинақталған. Олар Қарағанды - 29,4%, Шығыс
Қазақстан - 25,7%, Қостанай - 17%, Павлодар
- 14,6% облыстарында жинақталған. Сақтаудың
100-ден астам орындарында 50 мың кюриден
астам жалпы белсенділiктегі шамамен 50
млн.т радиоактивтiк қалдықтар жинақталған.
100-ден астам сақтау орындарында жалпы
активтiлігі 250 мың кюри уран өндірісі
саласының шамамен 250 млн. тонна радиоактивтi
қалдықтары жинақталған.
Өндіріс қалдықтарының жыл сайынғы өсiмi
1 млрд.т-ға жетедi.
Мұнай-газ кешені, жылу энергетикасы,
тау-кен және ұқсату өнеркәсiбi кәсiпорындарының
бұрынғы қызметінен қалдықтар, сондай-ақ
қазiргi уақытта иесiз объектілер: мұнай-газ
және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар,
кеніштер (oның ішінде радиоактивтiк қалдықтармен),
қалдықсақтауыштар және ақаба сулардың
жинақтаушылары, әскери-сынақ полигондары
жататын тарихи ластанулар проблемасы
бар.
Жыл сайын қатты тұрмыстық қалдықтардың
көлемi шамамен 10-13 млн.м3 ұлғаяды.
Тек, Алматы қаласында жыл сайын 2 млн.м3 қоқыс
жинақталады, одан 300 мың.м3 ұқсатылады.
Орташа алғанда, тұрмыстық қалдықтар құрылымында
шамамен 50% тұрмыстық қалдықтар, шамамен
26% - қағаз, шамамен 9% - пластмасса, шамамен
15% - шыны, тiгін, терi, металл, қыш, құм және
өзгелері құрайды.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi
массасы компоненттерге бөлінбестен әкетіледі
және ашық қоқыстарда жинақталады, олардың
97% табиғат қорғау заңнамасының талаптарына
сәйкес келмейдi, оларды орналастыру мен
жайғастыру қоршаған ортаға әсер етудi
жобалаусыз және бағалаусыз жүзеге асырылған.
Республикадағы қатты тұрмыстық қалдықтардың
5%-тен астамы ғана кәдеге жаратуға немесе
жағуға ұшырайды.
Қазіргі уақытта, облыстарда өндiрiстiк
және қатты тұрмыстық қалдықтардың статистикалық
eceбi ғана жүзеге асырылады. Олардың кадастрлары
жүргізілмейді. Жинақталған қалдықтарға
түгендеу жүргізудi талап ететiн қалдықтармен
ластанған көлемдер мен алаңдардың дәл
деректерi жоқ.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар, радиоактивтi, бактериологиялық,
химиялық ластану.
Радиоактивтiк ластану Қазақстанның негiзгi
экологиялық проблемаларының бiрi болып
табылады. Оның көздерi болып мыналар қызмет
етеді:
уран өндiретiн және ұқсатушы өнеркәсiптiң
жұмыс iстемейтін кәсіпорындарының қалдықтары
- уран кеніштерінің үйiнділерi, өздiгiнен
ағатын ұңғымалар, қалдықсақтауыштар,
технологиялық желілердiң бөлшектеліп
алынған жабдығы;
ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған
аумақтар;
мұнай өндiру қалдықтары және жұмыс iстеуiн
тоқтатқан мұнай жабдығы;
ядролық реакторлар қалдықтары, иондаушы
сәулеленудің жұмыс iстеуiн тоқтатқан
көздері.
Қазақстан аумағында уран өндiрушi кәсiпорындардың
жинақталған қалдықтары жинақталған табиғи
радиоактивтіліктің жоғары деңгейiн белгілейтiн
алты iрi уран беретін геологиялық провинциялар,
көптеген шағын кен орындары мен уранның
кен басқармалары бар. Көптеген аумақтар
ядролық сынақтар жүргiзу салдарынан радионуклидтермен
ластанған.
Қазақстанның 30% аумағында - табиғи радиоактивтi
газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң әлеуеттi
мүмкiндiгі бар.
Химиялық ластану проблемасы шаруашылық
қызметі процесiнде адам пайдаланатын
химиялық активтi заттардың кең таралуымен
байланысты, оның iшiнде, тiрi организмде
жинақталу қабілетіне ие, табиғи ортада
бәсең бүлінетiн, тұрақты органикалық
ластанулар (ТОЛ) өте қауіпті.
ТОЛ-дың ауқымды бөлiгі қалдық санмен
топырақ бетiнде және өсiмдiктер массасында
ұзақ жылдар сақталатын пестицидтермен
берiлген. Өнеркәсiптiк ТОЛ энергетика,
мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбiнің кәсiпорындарында
жиналады және пайдаланылады.
Төтенше жағдайлар жөнiндегі министрлiктiң
деректерi бойынша Қазақстанда 1994 жылдан
басталған кезең үшiн табиғи және техногендiк
сипаттағы 320 мың төтенше жағдайлар мен
оқиғалар тіркелген, зиян шеккендердiң
жалпы саны 250 мыңнан астамды, қайтыс болғандар
шамамен 40 мыңды құрады. Сараптық бағалаулар
бойынша төтенше жағдайлардан тiкелей
және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллион
теңге құрайды. Iрi көлемдегi табиғи және
техногендiк төтенше жағдайлардың әдетте,
ауыр экологиялық салдарлары бар. әсiресе,
орман өрттері үлкен зиян келтiредi.
Қоршаған ортаның сапасынан халықтың
ауыру-сырқауын бағалау проблемасы қатты
көрiнiс беретіні айқын. Халықтың денсаулығының
жай-күйiн және өмiр ұзақтығына әсер ететін
факторларды зерттеу өте көкейкесті.
Тұтастай алғанда, әлеуметтiк-экономикалық
тұрмыстың өзгеруiмен туындаған кризис
және экологиялық жағдайдың бiр-бiрiне
әсер ете отырып, халықтың тұрмыс жағдайын,
әсiресе, экологиялық қолайсыздық аймақтарында
бiршама қоршаған ортаның нашарлауымен
Қазақстандағы қазiргi заманғы жай-күйдi
атап өту керек.
Денсаулықты жоғалтудың қатері аридтік шөлейтті аймақтарда, экологиялық қолайсыз аймақтарда, минералдық шикiзатты өндiру және ұқсату объектілерінің, жылу энергетика станцияларының, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
полигондарының жанында орналасқан аймақтарда, iрi өнеркәсіп орталықтарында тұру кезінде ұлғаяды.
Мұнай мен газ Атырау облысының негегізгі пайдалы қазбалары.
. 1863 жылы академик Паллас Ембі өзені аңғарында мол мұнай қоры бар екенін анықтайды. Орал – Ембі өңірін толық зерттеу жұмыстары 1892 жылдан бастап кең қанат жайды.
1899 жылы 28 қарашада Қарашүңгілде
тереңдігі 40 метр №7 ұңғыдан
мұнай фонтаны 18 сағатта 25 тонна
мұнай берді. Бұл мұнайдың
- Мақат – 1915
- Байшонас – 1932
- Ескене – 1934
- Қосшағыл – 1935
- Сағыз – 1938
- Құлсары – 1939
- Жолдыбай – 1942
- Комсомол – 1943
- Қошқар – 1944
- Мұнайлы – 1947
- Бек-бике – 1948
- Қаратон – 1949
- Көшкімбет – 1955
- 1979 жылы Теңіз мұнайы ашылды.
Мұнай өндіру мұнай өңдеу саласымен тығыз байланысты. Біздер Атырау қаласындағы ірге тасы 1945 жылы қаланған мұнай өңдеу зауытында болдық. Кәсіпорын өнімнің 14 түрін, оның ішінде автобензин, дизель отынын, лак – бояу өнеркәсіптері үшін «Уайт-спирт», бензин еріткіштерін, отқа жағатын мазут, күкірті аз мұнай отынын, қарапайым бутан фракцияларын, сондай – ақ тұрмыста қолданылатын құрғақ көмірқышқыл газын өндіреді.
1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен американдық «Шеврон» корпорациясы Теңіз кенішін игеру мақсатында біздің ауданымызда «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) құрды.
Теңіз қойнауындағы қор:
- 3,2 миллиард тоннадан 5,3 миллиард тоннаға дейін мұнай.
- 1800 миллиард текше метр ілеспе газ.
- Жақын орналасқан Королев кенішінде 0,5 миллиард тоннаға жуық мұнай бар.
ТШО өнімдерінің негізгі түрі:
- Шикі мұнай
- Табиғи газ (ілеспе газдан), тауарлық газ (құрғақ газ – метан мен этан)
- Пропан (сұйылтылған газдар – пропан мен бутан)
- ШФЛУ (жеңіл көмірсутектің кең фракциясы)
- Күкірт (ілеспе газ
құрамындағы күкіртсутектен
Тасмалдау варианттары: