Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар [ 30 бет ]

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2012 в 23:59, реферат

Краткое описание

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

Төтенше жағдай.docx

— 27.15 Кб (Скачать файл)

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар [ 30 бет ]

Кіріспе

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.  
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.  
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.  
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.  
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.  
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.  
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.  
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады

ЖЕР   СІЛКІНІСІ - ҚАҺАРЛЫ  ЗІЛЗАЛАЛЫҚ   
КЕЗДЕЙСОҚ    ҚҰБЫЛЫС

Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.  
Жер сiлкiнiсi  - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы.  
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.

ЖАЛПЫ  КЕҢЕСТЕР

Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.  
Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.  
Спитак жер сілкінісі кезінде  (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі қалған.  
Жер сілкінісі  кезінде  қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар  алаңы мен балкондар жатады.  
Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде  өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.  
Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.  
Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.  
Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.  
Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла бастауы, жабынның жекелеген плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі  едәуір қауіпсіз болуы мүмкін.  Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық қирайтындығын білдірмейді.

ЖЕР   СІЛКІНІСІНЕ  ҚАЛАЙ   ДАЙЫНДАЛУ   КЕРЕК

Сейсмикалық ауданда тұратын адам кез-келген уақытта қатты жер сілкінісі болуы мүмкін деген ойға дағдылануы тиіс. Бұл ой біздің  жүмыстағы, мектептегі және өзге жердегі күнделікті тіршілігімізден ажыратпауға, кедергі жасамауға тиіс. (Тас жолмен көшедегі қозғалыс кезіндегі тәуекелге де дағдыландық қой!). Алайда, біз жер сілкінісі болған кезде алдын ала не істеу керек екендігін  білсек, оның зардабын едәуір азайта аламыз.  
   
Жер сілкінісіне дейін не істеу керек?   
Жер сілкінісі кезінде не істеу керектігінің отбасылық жоспарын жасап, онда мыналарды көрсетуге тиіссіз:  
. жедел медициналық көмектің, өрт және авариялық қызметтердің, пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК), азаматтық қорғаныстың телефондары мен мекен-жайы туралы ақпаратты;  
. отбасы мен жақын-жуық туралы жалпылама ақпаратты;  
. отбасы мен жақын-жуықтар  туралы медициналық ақпаратты;  
. апат аймағының ішінде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде көмектесе алатын жақын таныстардың, туыстардың, араласатын адамдардың тегін, мекен-жайын, телефондарын;  
. отбасындағы және көршілермен үйлестіру және өзара байланыс жоспарын, оның ішінде отбасының әрбір мүшесі (балалар), егер олар үйге орала алмайтын болса, қайда бару керектігін білуге тиіс;  
. электрді, су  мен газды кімнің, қайда және қалай ажырату керектігін;  
. 2-3 аптаның бойында өз үйіңіздің инженерлік қамтамасыз етусіз - сусыз, жарықсыз, газсыз, канализациясыз қалайша тіршілік ететіндігіңізді;  
. егер сіздің отбасыңызда сәби, егде адам әрекетке қабілетсіз немесе қатты сырқат болса, олардың тіршілігі туралы ойластырыңыз;  
. егер үйіңізде хайуанаттар болса, олар үшін тамақ пен су туралы қам жасауды ұмытпаңыз.  
Төтенше жағдай кезіндегі отбасылық жоспарды балалар бақшасы мен мектептегі өз балаларыңыздың жиналу және көшіру жоспарымен, сондай-ақ жұмыстағы отбасының өзге мүшелерінің іс-әрекет жоспарымен сәйкестендіріңіз. Сонымен қатар, сіз ата-аналар келгенге дейін балаларыңызды қаншалықты ұзақ қорғай алатындығын,  алмайтындығын,  егер мектеп  зақымданған болса, балаларыңызды қайдан алатыныңызды, егер ата-аналар келе алмаса балаларды қайдан алуға болатынын дәл білуге тиіссіз.  
Мектеп мұғаліміне немесе балалар бақшасының тәрбиешісіне отбасылық жоспардың маңызды үзінділерінің көшірмесін беруді паспорт немесе өзге құжатқа қанның тобымен резус-факторларын жазуды, жоспарға отбасы мүшелерінің созылмалы ауруларын және денсаулықтың бұзылуын, сондай-ақ тиісті тиым салынғандарды, шектеулерді, өзіңізге аса қажет дәрі-дәрмектерді жазуды ұмытпаңыз:  
- шкафты, сөренi, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекiтiңiз. Кереуеттi терезенiң жанына қоймаңыз. Сөрелердi керуеттiң, есiктiң, плитаның астына қоймаңыз. ЖиҺазды бөлмеден шығатын жердi жаппайтындай етiп орналастырыңыз;  
- дәлiздi, өтетiн жердi баспалдақ торларын, есiк ойығын жиһазбен және мүлiкпен жаппаңыз;  
-  пәтерде, үйге кiре берiсте электрдi, газды және суды ажыратуды үйренiңiз;  
- үйде консервiленген тағам мен суды, құм салынған шелектi, алып жүретін электр шамын, өрт сөндiргiштi (автомобильдiк), алғашқы медициналық жәрдем қобдишасын ұстаңыз. Алғашқы медициналық жәрдем беру тәсiлiн үйренiңiз;  
- қауiптi заттарды (улы химикат, жылдам тұтанатын сұйық) оларды сынбайтын немесе шашылмайтын сенiмдi жерге сақтаңыз;  
- құжаттарды белгiлi бiр орынға сақтаңыз. Артық киiм, аяқ киiм (маусым бойынша), шам, кiшкентай балта, қобдиша, май шам, сiрiңке, тамақ салынған жол қапшығын пәтерден шыға берiс жерде ұстаңыз;  
- зақымданған жағдайда, өз үйіңізді қорғау үшін, бірнеше табақ фанерді және мықты пластикаларды дайындап қойыңыз, онымен сынған терезелерді және басқа саңлауларды бекітесіз;  
- төтенше жағдай кезiнде өзара көмек және бiрлескен қимыл жасау туралы көршiлермен келiсiңiз;  
- жиналатын жердi және көшіру тәртiбiн бiлiңiз;  
- көлiк жайды, саяжайды күштi жер сiлкiнiсiнен кейiнгi алғашқы уақытта тұрақ ретiнде пайдалануға болады. Онда азық-түлiк пен киiмнiң артық қорын сақтаңыз;  
- үйде жер сiлкiнген жағдайда не iстеу керектiгi туралы жүйелі түрде әңгiме және жаттығу өткiзiп отырыңыз.

ЖЕР СIЛКIНIСIНIҢ  ҚАУПI   КЕЗIНДЕ

Жер сiлкiнiсi қаупi жағдайында электр дабылдар, өндiрiстiк гудоктар мен басқа да хабарлау құралдары іске қосылады, бұл "Баршаның назарына!" ескерту дабылын бiлдiредi. Осы дабыл бойынша радио мен теледидарды қосып, төтенше жағдай туралы хабарды мұқият тыңдап, және жергiлiктi билiктiң, төтенше жағдай жөнiндегi басқару органының нұсқауын тиянақты орындау қажет.

Егер сiз үйде болсаңыз:  
-  өрт сөндiргiштi тексерiңiз, жуынатын бөлмедегі ванна  мен шелектi суға толтырыңыз;  
-  өзiңiздi қорғай алатын киiм мен аяқ киiмдi киiңiз;  
-  пәтердегі газды, су мен электр жарығын сөндіріңіз, пештi өшiрiңiз;  
-  өзiңiзбен бiрге алдын ала даярланған заттар салынған сөмкені, құжаттарды, киім-кешек  салынған жол қапшығын алып, көршiлерге хабарлаңыз, жалғыз бастыларға, ауру адамдарға көмектесiңiз, ғимараттан шығып, арнайы жиналтын орынға барыңыз, алдағы нұсқауларды күтiңiз;  
-  қалыпты тiршiлiк жағдайына жергiлiктi билiктiң немесе төтенше жағдайлар жөнiндегi басқару органының нұсқауы бойынша оралған жөн.

Егер сiз көпшiлiк жүретiн орындарда болсаңыз:  
- сабыр сақтаңыз, дүрбелең-үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардың жолына кедергi жасап, кептеме туғызбаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесiңiз;  
-  әкiмшiлiк нұсқауларын орындаңыз. 

ЖЕР СIЛКIНIСI КЕЗIНДЕ

-Алғашқы дүмпу  кезiнде 1-ші қабаттың тұрғындары ешбiр дүрбелең-үрейсiз ғимараттан шығуға, ал одан жоғары тұратындар бастарын қолымен ұстап, салыстырмалы қауiпсiз орынға баруға тиiс;  
-дүмпу   аяқталған  бойда  арқаңызды   қабырғаға сүйей отыра баспалдақ арқылы ғимараттан тез шығып кетiңiз. Газды, суды, электрдi ажыратуға тырысыңыз, өзiңiзбен бiрге құжаттарды, ақшаны, заттарды, дәрі қобдишасы салынған жол қабын алыңыз, есiктi кiлтпен жабыңыз;  
- егер көршi пәтерде балалар мен қарт адамдар қалса, олардың көшеге шығуына көмектесiңiз. Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетiңiз;  
- ғимараттан, электр желiлерiнен алысырақ кетiңiз. Белгiленген жиналатын орынға барыңыз. Үзiлген ток өткiзгiштен (электр сымынан) сақтаныңыз, оған балаларды жiбермеңiз;  
- рөлде отырғанда ашық жерге тоқтаңыз. Дүмпу аяқталғанша машинадан шықпаңыз. Қоғамдық көлiкте  отырған  орындарыңызда қалып,  дүмпу аяқталғаннан кейiн жүргiзушiден есiктi ашуды өтiнiп, итерiспей шығып кетiңiз.

ҚАТТЫ  ЖЕР  СIЛКIНIСIНЕН  КЕЙIН

- Зардап шегушiге алқашқы медициналық көмек көрсетiңiз;  
- жеңiл үйiндiнiң астында қалғандарды шығарыңыз;  
- балалардың, аурулардың, қарттардың қауiпсiздiгiне назар аударып, оларды жұбатыңыз;  
-  ғимаратқа кiрерден бұрын баспалдақтың, қабырғаның құлап қалу қаупiнiң бар-жоқтығына назар аударыңыз. Қатты қираған  ғимаратқа  жақындамаңыз.  Ашық отты  пайдаланбаңыз;  
- пәтерге оралған бойда коммуналдық-техникалық қызметтiң ақаусыздығын тексергенше электiрдi, газды және су құбырын қоспаңыз;  
- телефонды аса қажет болмаса, көп ұстамаңыз;  
-  зақымданған  ғимаратта үйiндiнi ашуға және  құтқару  жұмысын  жүргiзуге  көмектесiңiз.

Бұл жағдайда мына ережелердi сақтау қажет: 

- Үйiндi астында қалған адамдарды iздестiру,  тың-тыңдаудан басталады. Сол үшiн мүмкiндiгiнше толық тыныштық жағдайын жасаңыз. Үйiндiлерге назар аударыңыз. Қандай да бiр секем аларлық дыбыс естiлген орынды анықтап, мұқият тындаңыз;  
- егер  үйiндi  астында қалған адамға тар тесiк (саңлау) апаратын болса, бiрiншi кезекте үйiндiнi ашу кезiнде оны ауадан, яғни өмiрден айырмау үшiн ұсақ шығыршық тас пен шаң түспеу үшiн жiңiшке түтікті  немесе берiк шланганы сұғыңыз;  
 - үйiндiнi ашуды өте мұқият жүргiзу керек. Әуелi сынықтардың үстiңгi қабатын, содан кейiн астындағысын, сосын одан кейінгісін біртіндеп алу керек. Сынықтар үйiндiлерiнен бағананы, құрылыс құрылғысының iрi бөлшегiн және т.б. суырып алуға әрекеттену аса қауiптi. Үйiндi көміп, оның астындағы адамдарды басып қалуы мүмкiн. Әуелi бағананы толық аршып алып, содан кейiн ғана оны көтеруге әрекеттену керек.   
 Тасқа  қысып қалған адамды босату кезiнде мiндеттi түрде ең алдымен қолдың немесе аяқтың қысылып қалған жерiне сына қою қажет. Басқаша жағдайда ұзақ уақыт бойы сынық қыспағында болған адам қаза болуы мүмкiн.  
 Үйiндiлердi аршу кезiнде бiр-бiрiне тiрелiп тұрған сынып қираған ғимараттың әлсiз алайда әлi құламаған қабырғасын итеру аса қауiптi. Бұл адамды құтқару мүмкiндiгiнен айырады.

Егер сiздi құлаған  қабырғалар немесе топырақ басып қалса:    
- ұнжырғаңыз түспесiн, терең және бiрқалыпты дем алыңыз. Аштық пен шөлге шыдауға дайындалыңыз. Дауыспен немесе қағыспен адамдар назарын аударыңыз. Өзiңiздi табуды жеңiлдету үшiн кез-келген металл затын (жүзiк, кiлт және т.б.) оңды-солды бұлғаңыз.  
- егер сiздiң төңiрегiңiздегi кеңiстiк аздап бос болса, сiрiңке, май шам жақпаңыз, оттегiнi  сақтаңыз.  Жаңа  үйiндiнiң құламауы  үшiн  мұқият   қозғалыңыз, сырттан   келген   ауаның   қозғалысы  бойынша бағдар жасаңыз. Тар жерден шыққан кезде бұлшық етiңiздi еркiнсiтiп, шынтағыңызды бүйiрiңiзге қысыңыз. Еденнен аяғыңызды серпiп көтерiлiңiз. Өзіңіздің қолыңызда бар заттардың көмегiмен (тақтай, кiрпiш және т.б.) төбенi мықтап тiреңiз және көмектi күтiңiз;  
- егер сiздi топырақ басып қалса, iшiңiзге қарай бұрылуға әрекеттенiңiз. Өйткенi кеудеге және өкпеге қысым түспеуi керек;  
- қысылған қол мен аяқты қан айналымы қалпына келу үшiн жиi үйкелеңiз. Қатты шөлдеген жағдайда аузыңызға жалпақ шағын тасты немесе бет орамалдың жыртындысын салып, оны сорыңыз, мұрынмен дем алыңыз.  
- егер сiз үйiндi астында қалсаңыз сақтықпен қол-аяғыңызды босатуға тырысыңыз. Бұл жағдайда өзiңiзге кедергi жасаған тасты, кiрпiштi, ағашты және басқа заттарды алуға, қозғалтуға немесе сындыруға әрекеттенбеңiз. Өйткенi, үйiндiнi тепе-тендiкке солар ұстап тұруы мүмкiн. Осындай "қоқысты" алсаңыз жүздеген килограмм төмен құлауы мүмкiн. Қысылған қол мен аяқты төменгi жағынан қазып алған жөн. Босанған бойда бiр бүйiрмен жатып, аяқты кеудеге қысып, қолды арқаның астына салып иiлу қажет. Осылайша, жерге етпетiнен, қатты бүгiлiп, тiземен шынтаққа сүйенiп жатуға болады.  
- егер сiз жоғары жақтан құтқару жұмыстарының дауысын естiсеңiз, үйiндiден өзiңiз шығуға әрекеттенудiң қажетi жоқ. Бұл қиын да қауiптi іс.  
Мұндай тосын жағдайда ең бастысы төзiмдiлiктi жоғалтпау керек. Адамның тiрi қалу мерзiмi оның рухани жағдайына, күш-жiгерiне байланысты. Торыққан адам - мойын ұсынып, сабыр сақтау керек! Аса қиын жағдайда өмiр үшiн күрескен адам тiрi қалу мүмкiндiгiн сақтайды.


Информация о работе Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар [ 30 бет ]