Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 18:11, реферат
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.
Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн. Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар.
КІРІСПЕ......................................................................................................................
1. Негізгі бөлім
1.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдай..........................................................
1.2 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері......................
1.3 ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы.............................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
Төтенше жағдай- адамдардың
қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп
соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған
ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға
ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін,
халықты едәуір дәрежеде материалдық
шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын
бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала
немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта
туындаған жағдай;
Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі,
сел, көшкін, су тасқыны және басқалар),
табиғи өрттер, індеттер мен малдың
жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің
және ормандардың кеселдері мен
зиянкестерінің зақымдануы туғызатын
төтенше жағдайлар;
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп,
көлік авариялары және басқа да авариялар,
өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті
және биологиялық жағынан қауіпті заттарды
тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер
мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің
бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін
электр-энергетика және коммуникация
жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы
авария туғызған төтенше жағдайлар;
Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай
жарияланған белгілі бір аймақ.
Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы,
механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың
зақымдануы;
Зілзала –бұл кенеттен пайда
болатын, халықтың қалыпты тірлігін
күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды
үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ
адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі
болатын табиғат құбылысы. Әрбір
зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті,
пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты
мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік
ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде
су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы
келеді, 20%-тропикалық циклондары, 15% -жер
сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа
түрлері.
Зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына
әкеліп соққан жойқын құбылыс; Апат-аймақтық
және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда
болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.
Заңға сәйкес бейбіт және соғыс уақытында
халықты қорғауға байланысты барлық
іс-шаралардың басты мақсатты-ең алдымен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып
табылады. Бұл талаптар әр түрлі ТЖ кезінде
халық пен шаруашылық нысандары қорғаудың
негізгі ұстанымдарда (1т. 3б.) айтылған
және оған мыналар қосылады:
Заңда аса маңызды орындардың бірі
ТЖ-ның алдын алуға
Заңда ТЖ немесе басқа да жағдайлардың
пайда болуына төтеп беретін қорғаныс
шараларын жүргізуге назар аударылады.
Ерекше маңыздылықты, зардап шеккендерге
өз уақытында көмек көрсетіп, ТЖ зардабын
жою бойынша барлық операциялардың жоспарлығы
және мақсатты бағытталуы алады.
Заңның 20-22 баптарында баяндалған талаптармен,
ТЖ болдырмау немесе жою бойынша бірінші
кезектегі шараларды міндетті түрде орындау
қарастырылған. Сонымен қатар, құтқару
жұмыстарын ұйымдастыру, авариялық-құтқару
қызметінің құралдары мен күштерін тарту,
жоспармен қарастырылған шараларды ұйымдастыру
жауапкершілігі бірінші ұйымдардың басшылары
мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
Жою үрдісінде өте қажет болған жағдайда
апат медицина орталығының шұғыл медицина
көмек қызметі қосылады, ал аса қажет болғанда-орталық
және жергілікті атқарушы органдарының
медициналық күштері мен құралдары қосылады.
ТЖ жойылғаннан кейін атқарушы органдар,
ұйымдар міндетті түрде халық пен шаруашылық
нысандардың тіршілігін жедел қалпына
келтіру шараларын жүргізуі тиіс. Бұл
мәселе туралы Заңда басшылардың, лауазымды
тұлғалардың, орталық және жергілікті,
өкілетті органдардың, ұйымдардың, сонымен
қатар ҚР азаматтарының қызметтері анықталады.
Заңның 10-13 баптарында ТЖ саласындағы
ҚР үкіметінің, орталық атқарушы органдарының,
оның ішінде ТЖМ-ның, сонымен қатар жергілікті
өкілетті органдарының өкілеттілігі жазылған.
Заң негізгі орындаушылардың-ҚР азаматтарының
нақты қызметтерін белгілейді. Олар заңның
7 және 8 баптарында көрсетілген.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайға
жататындар:
Екінші негізгі белгісі-таралу ауқымы
мен келтірген материалдық
Нысандық төтенше жағдайлар, егер апат,
зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы
өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан
шықпаса;
жергілікті төтенше жағдайлар, егер апат,
зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы
өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан
шықса, бірақ облыстың 2 ауданына ғана
тараса;
аумақтық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы бір облыстың кем дегенде 3 ауданына тараса, немесе ТЖ ҚР 2 облысында пайда болса;
барынша ауқымды төтенше
жағдайлар, егер апат, зілзала, авария
нәтижесінде Төтенше жағдай Қазақстан
Республикасының 3 немесе одан көп облыстарына
тараса немесе көрші мемлекеттердің
шекарасына шықса.
Қорытынды
Төтенше жағдай обьектілері
дегеніміз төтенше жағдайдың зардабы
белгілі бір зауыттың, мекеменің, оқу орнының
аумағынан асып кетпейтін кездегі жағдайды
айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше
жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің
өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше
жағдай - бұл поселке, қала, аудан, облыс
масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше
жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда
аталған әкімшілік –орталықтарының аумағындағы
құзіретті органдар мен мекемелердің
күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық
төтенше жағдай - бұл үлкен региодағы және
бірнеше облыстарды қамтыған төтенше
жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын
жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті
органдар мен өкіметтің арнайы құрған
топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару
жұмыстарына әскери орындардан да адамдар
жұмылдыру ықтимал. Глобальді төтенше
жағдай - бұл төтенше жағдайдың зардабының
ауқымдылығы бірнеше облыстарды, республика
масштабын және шекаралас елдерді қамтиды.
Оның зардабын жою үшін әскерді жұмылдырады.
Атап айтқанда төтенше жағдай, қорғаныс,
ішкі әскер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік
комитетін. Құтқару жұмыстарымен арнайы
құрылған үкімет комиссиясы айналысады.
Адамның жұмыстық қызметі
экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік
табиғи және техногендік жағдайларға,
стихиялық және көптеген адам мен материялдық
шығынға әкелуде. Адамзат күнделікті көптеген
табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер
шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны,
100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген
өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы
және тропикалық циклондар болып тұрады.
Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша
соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның
арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған.
Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу,
оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді
проблемалары болып табылады.Төтенше
жағдай бола қалған жағдайда адамдарды
құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға
керек көмек көрсету және апат ошағында
құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
адам мен материалдық шығынды азайтуға
мүмкіншілік жасайды.
Төтенше жағдайдың болуына
негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал
етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі
арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі
кемшіліктер еңбек және технологиялық
тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге
кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық
өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ
соғыс пен терроризим жатады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Арпабеков С. Өмір – тіршілік қауіпсіздігі. Алматы - 2004.
2. Саудабеков К. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: Учебн. пособие. –Алматы, 1999.
3. Приходько Н.Г. Безопасность
жизнедеятельности: курс
4. www.dmpvko.gov kz:88/index.php.
5. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. В. Ситникова, М., 1997 ж.
6. “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 5.07.1996ж.
7. “Авариялық-құтқару қызметтері және құтқарушылар мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 27.03.1997ж.
8. “Азаматтық қорғаныс туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 7.05. 1997ж.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Пән: «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері»
Мамандық: 5В071300 «Көлік,көліктік техника және технология»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Техногенді сипатты төтенше жағдайлар»
Қарағанды - 2013