Топырак сапасын ба5алау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:21, контрольная работа

Краткое описание

Жер беті толық дерлік жұқа қабат топырақпен жабылған. Топырақ дегеніміз - жердің аналық жынысы, өсімдіктер және жануарлар дүниелері қатысуымен, климаттың әсерінен мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи күрделі зат.
Жердің аналық жынысы мен топырақ қабаттары адамдардың, жәндіктердің, өсіидіктердің, жануарлардың тұратын, өсетін, өмір сүретін орны.

Содержание

1. Кіріспе
Экологиялық таза топырақтың сипаттамасы.
2. Негізгі бөлім
а) Топырақты ластаушылардың негізгі көздері. Топырақтағы экзогенді химиялық заттарды гигиеналық мөлшерлеу.
б) Топырақтардағы ластағыш заттарды нормалау.
в) Топырақ сапасын бақылау әдістері.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Топырақ сапасын бағалау.doc

— 80.00 Кб (Скачать файл)

Жол берілетін шекті шамадан басқа, уақытша шамалар белгіленеді. Олар әр үш жылда қайта қаралады, немесе ЖШШ (ПДК) ауыстырылады.

Топырақты ластаушылар  өте көп және олар құрамдас әсер етеді. Сондықтан негізгі басым  ластаушыларды, бірінші кезекте  бақылау керек.

Мұнда төмендегідей көрсеткіштер қолданылады:

1. Жалпы санитарлық  қауіптілік көрсеткіші. Топырақтың  өздігінен тазаруы және топырақ  микробиоценоз санының ол прцесті  бұзбайтын санымен сипатталады.

2. Қауіптіліктің транслокациясы (басқаға өту) көрсеткіші зиянды  заттардың топырақтан өсімдікке және оның жемісіне өтіп шоғырлануына жол берілетін шекті шамасы.

3. Қауіптіліктің ауада  көшіп-қону көрсеткіші. Зиянды заттарды  топырақтан ауаға, суға көшуінің  жол берілетін шекті шамасы.

Қазіргі кезде топырақтың пестицидтермен ластануын бақылау өте маңызды.

Пестицидтер ( лат pestis - жұқпалы ауру, cide - өлтіру) – зиянды организмдерді, жануарларды, өсімдіктерді, бактерияларды, ауру тудыратын уақ саңырауқұлақтарды жою үшін қолданатын улы химикаттар. Неге қарсы қолданылатына байланысты пестицидтерді бірнеше топқа бөледі: инсектицидтер (зиянды құрт-құмысқаларға қарсы); фунгицидтер (ауру тудыратын уақсаңырауқұлақтарға қарсы); зооцидтер (омыртқаларға қарсы); бактерицидтер; гербицидтер (арам шөптерге қарсы); аккарацидтер (кенелерге қарсы); дефолианттар (жапыраққа қарсы).

Пестицидке көптеген химиялық заттар кіреді. Әлемде жыл  сайын 1 млн т гербицидтердің 900 түрі қолданылады, оның  90% -ы топыраққа  қонады.

Пестицидтерді қолданудың пайдасымен қатар, зияндары да бар. Оның уақытының 1-2 %-ы зиянкестерге қарсы жұмсалады, қалған 98%-ы табиғатқа зиян келтіреді. Жинақтала келе топырақты, суды, ауаны уландырады.

2. Санитарлық  көрсеткіштер

Топырақтың санитарлық көрсеткіші деп эпидемиологиялық гигиеналық қауіпсіздікті анықтайтын физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерін түсінеміз.

Бақылаудың мақсаты  – топырақтың қалдықтармен және орман  шаруашылығында қолданылатын химиялық заттармен ластануын болдырмау.

Бақылау көрсеткіштері – санитарлық- бактериологиялық, санитарлық – энтомологиялық көрсеткіштер. Олар- санитарлық сан, белокты азоттың жалпы органикалық азотқа қатынасы; аммонийлі және нитратты азоттың жинақталуы; хлоридтер, пестицидтер және т.б. ластаушы заттардың қалдық саны; канцорогендер, радиоактивті заттар; бактериялар, ішек құрттары, ауру тудыратын микроорганизмдер.

Әр түрлі мақсатта пайдаланылатын жерлерде бақылау көрсеткіштері  құрамы әр түрлі болады. Таза топырақта  аталған көрсеткіштер болмайды. Олардың  бар болуы топырақтың ластанғанын  көрсетеді.

3.Биологиялық  көрсеткіштер

Топырақтың ластану  дәрежесі тек қана антропогендік әсерлерден болмайды, сондай-ақ ол топырақтың өздігінен тазаруына, ондағы зиянды заттардың ыдырауына, басқа денелерге өтуіне байланысты. Топырақтың өздігінен тазаруы топырақтағы микрофлораның, жәндіктердің белсенділігіне, физикалық-химиялық жағдайларға, топырақтың қасиетіне байланысты. Химиялық заттардың топырақты ыдыратуға ондағы әр түрлі организмдер, батериялар, уақ саңырауқұлақтар, өсімдіктер қатысады.

 

                                        Қорытынды

 

Қорыта келгенде, топырақ ауыл шаруашылығының негізгі тірегі болғандықтан оны ластанудан сақтау  басты мәселе болып табылады. Топырақты  халықтың «қара алтынға» алтынға теңеуі бекер емес. Сондықтан оны сақтау, үнемі үстіне қорек беру, тыңайту, қайта түлету бүгінгі күннің талабы. Барлық элементтер топырақта жинақталғандықтан оның таралу механизмін білу топырақтану ғылымының ннегізгі бағыты. Қазір Республикамызда топырақты бақылау мониторингі жұмыс істейді. Оның міндеті топырақтың қазіргі күйіне баға беру, бақылау және болжам жасау. Олар: 1) топырақтың ауыр металдармен әлемдік ластануына жергілікті бақылау жасау; 2) топырақтың ластануына жергілікті бақылау жасау (өнеркәсіп орындарының қалдықтарына, пестицидтерге т.б; 3) топырақтың химиялық құрамы мен құрылымына, ондағы өзгерістерге бақылау жасау; 4) топырақты меолиорациялау, агротехнологияларда дұрыс пайдалану т.б бақылау жасау.

Жаңа қала, елді-меке, тұрғын үйлер, су қоймаларын, жолдар, кәсіпорындар т.б құрылыстар салғанда топырақтың үстіңгі, құнарлы қабатын жинап алып құнары аз жерлерге төгіп, сөйтіп оларды қайтадан өнім беретін қалыпқа келтіру Қазақстан жер кодексінің негізгі талабы. Шахта, карьер қазғанда құнарлы топырақ қалдықтармен көміліп, ысырап болмауға тиіс. Жерді пайдалануға алған мекемелер, кәсіпорындар мен шаруашылақтар осыған жауапты болып, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіріп отыруға міндетті.

Заң бойынша бүлінген жерде құрылыс жүріп жатқанда құнарлы топырақты бір жерге  жинап, құрылыс біткесін орнына қайта  төсеу керек. Бұл жұмыс құрылыс  аяқталған соң бір жыл ішінде бітуге тиісті.

Негізінен топырақты  қорғау кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Ол екі блоктан тұрады: ескерту беру және ластану зардаптарын жою шаралары.

Ескерту шаралары:

- техногенді заттар  шығаратын барлық өнеркәсіп, энергетика, көліктерді есепке алу;

- өндірісті жаңа технологияға көшіру және аз немесе қалдықсыз технологияны өндіріске енгізу;

- автокөліктерді этилдендірілмеген бензинге және газбен жүргізуге көшіру;

- ауыл шаруашылығының  барлық пайдаға асатын жерлерін  есепке алып олардан экологиялық  қорытынды жасау;

- топырақтың ластанған  беткі қабатын алып тастау;

- ауыр металдарды сіңіріп  алу үшін органикалық тыңайтқыштарды  көптен қолдану;

 

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Сағымбаев Ғ.  «Экология  негіздері» Алматы 1995ж.

2. Ә.Т. Қанаев, З.Қ. Қанаева   « Қоршаған ортаның микробиологиялық                                                                                                                                                   және санитарлық мониторингы» Алматы 2006ж.

3. Ақбасова, Саинова «Экология» Алматы 2003ж

4. Үпішов «Табиғатты  тиімді пайдалану және қорғау»  Алматы 2003ж

5 Ә. Бейсенова, А.  Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Алматы 2004ж.




Информация о работе Топырак сапасын ба5алау