Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 14:59, реферат
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін.
Тіршілік қауіпсіздік негіздері.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден
қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.
Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері
бар, адамның басқа тірі организмдерден
айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір
сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы
ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің
қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің
ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып,
өте тез арада антропогендік тірі организмдер,
онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп
кете алатын емес.
Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында,
адамның қолындағы қорғану құралдары
жеткіліксіз. Сонымен, қауіпсіздік-бұл
іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы
айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі
міндетті атқару керек:
Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға
үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі
мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык
өзекті түсінігі. адамның өзі; өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға; адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері. Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және
жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия
деп атайды. Қазіргі уакытта толыққанды
және жетілген таксономия жоқ болғанымен,
төменгі 2-суретте келтірілгсн нысан көп
қажетке жарары анық,
«Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп қатерді топтастыру Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс және уақиға.
Қауіп-қатердің көздеріне өмір сүру ортасының
элементтерін, атап айтқанда пайдаланып
отырған заттар, еңбектің өнімдері мен
құралдарын, пайдаланылып отырған қуатты,
еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар
мен өсімдік әлемін, адамдар ұжымы мен
жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен
қатар, адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің
қарым қатынас процестері де жатады. Өмір сүру ортасында қауіп-қатер табиғи және антропогендік жағдайларда, сондай-ақ кездейсоқ уақиғалар мен тұрмыста және басқада жағдайларда кездеседі.
Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық
іс - әрекетінің және өзі құрған объектілерінің,
жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі
адамдардың денсаулығына және өмір сүру
ортасына кері әсерін тигізеді. Атмосфералық
ауаның былғану көзі және дәрежесі
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен
былғануы, адамдар органының ауруына,
оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына
әкеліп соғады.
Атмосферада табиғи және антропогендік
көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр
әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға
шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер
түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған
топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және
өрт түтіндері, газдар да жатады.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда
автокөліктер үлкен орын алады. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл (кислота) және олар азон қабатын бірден – бір қосындылар. Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады: түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман; фотохимиялық смог - өткір
газ бен аэрозольдің қою
Фотохимиялық смог 1940-шы жылдарда Лос
– Анджелес қаласында байқалған, қазірде
ғаламшарымыздың барлық дерлік бұрыш
– бұрыштарында көрінеді. Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды. Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде. Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған. Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді.Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8.....10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.
Қышқыл жаңбыр, адам денсаулығына, қоршаған
ортаға үлкен зиян келтіреді. Мысалы: Ауадағы
ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының
тот басуын жылдамдатады, ғимараттардың,
ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады,
топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп,
топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім
беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің
жойылуына ықпал етеді.Тұщы судың ашық
қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі
организмдердің құруына әкеледі.
Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу
2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С
дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай
жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін
болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м
көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы
2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге
дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр
құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін.
Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай
көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің
30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына
алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан
осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат
алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса,
жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер
туындауы мүмкін.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның
техногендік ластанудың кері әсері тек
жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп
қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір
бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады.
Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы
0,29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік
туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін
сәулелену биосфера үшін өте қауіпті:
өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық
және көз аурулары көбейеді. Озондық қабаттарды
талқандайтын негізгі заттар- хлор мен
азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10
озонның молекулаларын, ал азот оксидінің
1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.
Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және т.с.с.
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр. Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:
Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.
Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен,
қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы
организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында
– ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай
заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады.
Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен
бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып
түсуі мүмкін. Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.) Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады. Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары
Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы. Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі. Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін. Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық
қорғаныс жүйелері
Арнайы курстарда, қоғамдық
қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру. Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген. Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
Азаматтық қорғаныс жүйесінің
басқару ұйымдары мен құрылымы
Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:
Басқару органдары:
Мекеменің басшысы осы
мекеменің төтенше жағдай кезінде
дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының
ұйымдастырылу жұмыстарына Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.
Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала
, аудан территориясында құрылады.
Ядролық қарудың жарылыс ошағы. Ядролық
қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның
жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық
қуатты пайдалануға негізделіп жасалған
қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау
құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық
жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен
өлшенеді. |