Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2014 в 17:36, реферат

Краткое описание

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді.

Содержание

I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
1.Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар.Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар туралы түсініктеме.
2. Абиотикалық факторлар.
3. Биотикалық факторлар немесе тірі табиғат факторлары.
4.Шектеуші фактор
5. Ю. Либихтың минимум заңы.
6. В. Шелфордтың толерантты заңы.
ІІІ. Дереккөз
IV. Қортынды.

Вложенные файлы: 1 файл

СРС ЭКОЛОГИЯ.doc

— 752.50 Кб (Скачать файл)

Экология - бұл ағзалардың өзара және оларды қоршаған табиғатпен өзара қатынасы туралы ғылым. Солардың негіздерінің бірі экологиялық факторларболып табылады. Экологиялық факторлар мынадай 3 топқа бөлінеді:

1) биотикалық  факторлар - тірі ағзалардың бірімен-біріне  әсері;

2) антропогендік  факторлар - адамның табиғатқа (тірі және өлі) ықпалы;

3) абиоздық факторлар - тіршіліктің бейағзалық жағдайларының (факторларының) жиынтығы.

 Мәселен, жыл  маусымдарына тәуелдікүн жарығының ұзақтығы адамда биологиялық ырғақтың маусымдық өзгеруін тудырады (жарықкезеңдік).

Факторлардың көрсеткіштері де әсер ету күші және типі бойынша тағы да мынадай 3 топқа бөлінеді:

1) ең қолайлы  факторда - тіршілік үшін қолайлы  факторлар.  Мысалы,    үшін қолайлы температура: +18, +22°С;

2) ең қолайсыз  факторлар - тіршілікке қысым көрсететін қолайсыз факторлар. Мысалы, адам үшін ең қолайсыз температура: +50°С немесе -70°С.

3) шектеуші факторлар, бұлардың шегінде өлім басталады. Мысалы, -80°С температурада адам  өледі.

Жер бетіндегі тірі ағзалардың барлығы бірімен-бірі қандай болса да өзара қатынаста болады. Алайда олардың негізгілерінің бірі - ол қоректік байланыс, яғни ағзалар бірін-бірі жеу арқылы энергия алады. Осы қағидаға байланысты ағзаларды мынадай 3 топқа бөледі:

1) түзуші ағзалар - ағзалық заттар өндіретін фотосинтездеуші өсімдіктер;

2) тұтынушы ағзалар - бұлар даяр ағзалық затпен  қоректенеді және оны энергиямен қоса өз денесіне жинақтай алатын шөпқоректілер, жыртқыштар, өлексеқоректілер және паразиттер;

3) бүлдіруші немесе  ыдыратушы ағзалар - ағзалық заттарды  минералдандыратын саңырауқұлақтар  және топырақ бактериялары.

Экологиялық пирамиданың әрбір келесі деңгейіне пайдалы энергияның тек 10%-ы ғана өте алады: 90%-ы тұтынушының тіршілік үдерісіне жұмсалады. Мәселен, 10 шекшек жеген торғай лашынға (торғайды жеген кұсқа) тек бір шекшектің энергиясын береді. Қоректену тізбегі теориялық тұрғыда 5 ағзадан әрі қоса алмайтын болғанымен, шынайы табиғи жүйеде бірін-бірі жейтін 5 ағзадан көбірегін атауға болады. Мұның осылай болу себебі: өте көп түрлердің ағзалары өзара бірімен-бірі әсерлеседі. Сөйтіп тізбек емес, ондаған және жүздеген тізбектер араласқан қорек тізбегі болады. Әр алуан популяцияларағзаларының осындай тұрақты қатар өмір сүруі бірлестік деп аталады. Алайда бірлестік өлі табиғаттан оқшау өмір сүрмейді. Оның үстіне тірі және өлі дүниелер үнемі өзара әсерлеседі және бірін-бірі өзгертеді (зат алмасу). Сондықтан экологияда биогеоценоз (биоценоз) немесе экожүйе негізгі ұғым болып табылады. Бұл өзіне тірі және өлі зерзаттарды қосып алатын, белгілі аумақта қатар өмір сүріп, өзара әсерлесетін тұрақты жүйе.

    •       

 

 

      •  
      • Дереккөздер

    Жоғарыға көтеріліңіз↑ Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

    Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

    Жоғарыға көтеріліңіз↑ Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4

    Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.ISBN 9965-08-286-3

    Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

    Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

    Қазақ энциклопедиясы, 9 том

    Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.

     

    Қорытынды:

    Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Бұл орталарға  топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар жатады. Табиғи ортаның құраушылары тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен: көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбейуіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы. 
    Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп — көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компонентерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар деп – тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтады. 
    Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы. 
    Факторлар үшін негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.

    Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп — тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

     

     


    Информация о работе Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар