Урбанизация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2014 в 11:07, реферат

Краткое описание

Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек¬шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық,демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көнелатын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

Вложенные файлы: 1 файл

Урбанизация.doc

— 48.50 Кб (Скачать файл)

Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық,демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көнелатын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")

Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.[1]

Кедейшілік. Абсолютті және салыстырмалы кедейшілік ұғымдары арасында айырмашылық жүргізу кеңінен мойындалған.

  • Абсолютті мағынада айқындалған кедейшілік адам аштан өлмеу үшін қажет ресурстардың жетіспейтінін білдіретін ахуал жөнінде қолданылады. Әлеуметтанушылар артықкөретін әсіресе дамыған елдердегі кедейшілікті парықтағанда салыстырмалы кедейшілік адамда немесе адамдар тобында қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда ресурстардың жетіспейтіндігіне, басқаша айтқанда, олардың салыстырмалы тұрмысына қолданылады.
  • Салыстырмалы кедейшілік — материалдық ресурстарға ие болу деңгейіндегі айырмашылық, нақты айтқанда, олардың қоғамда маңызды мәселесі болғандықтан, салыстырмалы кедейшілік көрсеткіштері былай қараганда, абсолютті кедейшілік көрсеткіштерінен кем объективті бола коймайды. Бұл жай ғана субъективті кедейшілік сезімі емес, дегенмен кедейшілік салдарларын талдағанда ондай сезім маңызды болып шығуы мүмкін.

Кедейшіліктің күн көру қаражатының болмауына негізделген анықтамалары дүние елдеріндей кедейшілікті парықтауда маңызды мәнге ие болады және әлемде күн көру қаражатымен өлшенген кедейшіліктің жалпы деңгейі өте жоғары. Кейбір зерттеулерде кедей елдер халықтарының жартысына жуығы абсолютті кедейшілік камтиды деп топшыланады. Кіріс деңгейі күнкөріс қаражатына ие болудың тек дәл емес көрсеткіштерін беріп, жүрт кедейшіліктің дәл бағасын алу қиын болғанымен, кедейшіліктің жоғары деңгейі — даусыз факт. Чарли Бут пен Сиб Раугари Ұлыбританиядағы кедейшілікті зерттеген классикалық жұмыстарыңда да күнкөріс қаражаты негіз болған кедейшілік анықтамаларын қолданылғаны көп нәрсені аңғартады. Олар кедейшіліктің деңгейі әлем елдеріндегідей болмағанымен, бұл елде де едәуір жоғары екендігін көрсетті. Өздерінің он жеті томдық еңбектерінде олар кедейшілікті көрсеткіш ретінде пайдаланды. Кедейшілік ұғымын енгізіп, одан төмен болған жағдайда отбасылар күнкөріс үшін кажет қаражат таба алмайтынын көрсетіп, Бут Лондон жұртынын үштен біріне жуығы кедейшілікте тұратынын айғақтайтын мәліметтер берді. Раунтридің жаңа ғасыр табалдырығындағы кедейшілікті зерттейтін жұмысыңда да күнкөріс каражаты жоқ болған жағдайдағы кедейшілік анықтамасы пайдаланылды. Алайда ол қару үшін қажет тамақтанудың негізгі мерзімін анықтау, содан кейін киім мен баспанаға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, сол мерзімді қамтамасыз ету үшін қажет болатын кірісті есептеп шығаруға тырысып, неғұрлым кеңірек анықтама енгізді. Оның мәліметтері Нью-Йорк жұртының 15 пайызға жуығы кіріс негізгі кажеттерін қанағаттандыруға жетпейінше бастапқы кедейшілік жағдайында өмір сүретінін көрсетті. Табыс басқа нәрселерге жұмсалып кететін екінші деңгейден кедейшілікті қосканда халықтың 28 пайыздан астамы анық мұқтаждық немесе қайыршылық жағдайында күн көрген.

Алпысыншы жылдары (XX ғасыр) кедейшілік қайтадан кең зерттеле бастады. Ұлыбританияда Брайан Абель Смит пен Питер ТаунСеңцсекілді авторлар былай пайымдады: Раунтри секілді зерттеушілер пайдаланған көрсеткіштер, кезінде дұрыс түзетілмеген, өйткені уақыт өте келе сатып алу қабілеті өзгеретіні ескерілмеген, сөйтіп күнкөріс қаражаты терминіне анықталған кедейшілік деген қате бағаланған. Олар сондай-ақ кедейшілікті абсолютті мәндерде емес, салыстырмалы мәнде қарастырған абзал деп санады.

Отбасы күнкөріс үшін жеткілікті қаржы табуы мүмкін. Бірақ бұл олардың жылы баспанада тұруға немесе барған сайын қажет болып отырған, үзақ пайдаланылатын теледидар немесе тоңазытқыш секілді тұтынушылық тауарлар алуға, яғни қоғамдық қызметке қатысуға немесе бос уақытын басқалар секілді қанағат алатындай өткізуге жеткілікті қаржысы бар деген сөз емес. Олар "қоғамдастықтың әдеттегі әлеуметтік өмірінен бірте-бірте шеттеп қала берді. Абель-Смит пен Таун-Сенд салыстырмалы кедейшіліктің көрсеткіші ретінде отбасының жағдайын әлеуметтік қорғау (әлеуметтік жәрдем төлемдері) дегенмен салыстырып, жұрттың 15 пайызы кедейшілікте тұратынын ашты. Таун-Сеңдтің 1978 жылы жарық көрген іргелі еңбегі секілді кейінгі зерттеулерде кедейшілік көрсеткіштері жетілдіріліп, кедейшілік пайызы айтарлықтай екені байқалды, бұл пайыз әлеуметтік жәрдем берудегі теңсіздіктің өсуіне және оның қысқартылуына байланысты арта түсті. Соңғы мәліметтер Ұлыбританияның әрбір бесінші түрғыны кедейшілікте өмір сүреді деген сөз, дегенмен бұл пікірталас тақырыбы бола алады, өйткені бұл мәліметтер іс жүзінде өнеркәсібі дамыған барлық елдерге тән.

Кедейшіліктің тікелей себептері уақыт өте келе заман циклі барысында өзгеріп отырады. Бут пен Раунтри кедейшіліктің негізгі себебі тұраксыз кіріс деп санаған болатын. Алайда Раунтри 1936 жылы жүргізген зерттеуде жұмыссыздық пен қартандық бұрын көрсетілгендермен салыстырғанда әлдеқайда елеулі себептер деп топшыланды. Таун-Сеңдтің зерттеуі жарыққа шыққан тұста кедейшіліктің негізгі тікелей себептері аз жалақы, отбасының асыраушысынан айырылуы, денсаулықтың нашар болуы. Кедейшіліктің негізгі топтары қарт адамдар, жалғыз басты ата-ана, әйелдер әртүрлі науқастар мен мүгедектер, аз жалақылы қызметкерлер мен жұмыссыздар болды.[1]

 


Информация о работе Урбанизация