Фитоценоздардың құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 19:38, контрольная работа

Краткое описание

Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мәлімет алу оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу керек. Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе оңтүстік аудандарында (дала, шөл) өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлер тізімін алу (инвентари) вегетациялық кезеңде екі (көктем, жазда) немесе үш (көктес, жаз,күз) рет жүргізген дұрыс.

Содержание

Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері

Флоралық байлығы

Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы

Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамы

Вложенные файлы: 1 файл

геоботаника дарис.docx

— 41.20 Кб (Скачать файл)
Фитоценоздардың құрамы. 
 
 
Жоспар :
  1.  
    Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері
  1.  
    Флоралық байлығы
  1.  
    Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы
  1.  
    Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамы
 
 
Лекцияның мәтіні :  
 
 
1. Белгілі – бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасы мен жалпы танысып қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация (аssociation – қосылу, қосылған) - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз – белгілі –бір орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым.  
 
Фитоценозды зерттеуді : оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің 
 
тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам –фитоценоздардың маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олармен бірге саңырауқұлақтар және балдырларды қатынасады оларға да көңіл бөлу керек.  
 
Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау үшін және әртүрлі қауымдарды 
 
бір – бірімен салыстыру үшін олардың флоралық құрамын флоралық байлығын және флоралық толықтығын білу өте қажет. 
 
2. Флоралық құрамы. 
 
Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мәлімет алу оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу керек. Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе оңтүстік аудандарында (дала, шөл) өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлер тізімін алу (инвентари) вегетациялық кезеңде екі (көктем, жазда) немесе үш (көктес, жаз,күз) рет жүргізген дұрыс.  
 
 
 
Белгілі – бір территориядағы өсімдіктердің түрлерінің 
 
қазақша және орысша аттары жазылады. Мысалы : жіңішке жусан –полынь тонковатая, типчак – бороздчатая. Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы (түр саны аз болса) және бай флоралы (түр саны көп болса) фитоценоздар болады. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың (грекше diaspora - таралу) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты анықталады.  
 
Флоралық байлық дегеніміз белгілі – бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жасау үшін әрбір систематикалық топтар (қыналар,мүктер, папоротниктер жалаңаш тұқымдылар, жабық тұқымдылар) бойынша түрлердің санын есептеп шығару керек.  
 
Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар болады : жай флоралы фитоценоз бір немесе бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз – көптеген түрлерден тұрады.  
 
Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты, мысалы, осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдігінің өмір нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне мыс: тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне бай қауымдардан саналады, ал альпілік және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.  
 
Фитоценоздың барлық компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жағдайда өсімдіктердің бірде – бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі. Л.Г.Раменский (1924) флоралық мүшелері толық және мүшелері толық емес фитоценоздар деген түсінік кіргізді. Егер фитоценоз құрамына онда өмір сүруге қабілеті бар өсімдік түрлерінің кейбіреулері кірмей қалған болса оны Раменский мүшелері толық емес фитоценозға жатқызды. Фитоценоздардың флоралық мүшелері толық немесе мүшелері толық емес екендігін эксперимент жасап оларға қосымша тұқымдар сеуіп қана анықтауға болады.  
 
3. Л.Г.Раменский фитоценоздарды мүшелері мүлде толық, жергілікті мүшелері толық, практикалық мүшелері толық және анық мүшелері толық емес деп бөлді. Фитоценоздарға адамның басқа аймақтардан алып келген өсімдік түрлерін енгізу немесе оларды жергілікті фитоценоздарға әдейі саналы түрде кіргізу жұмыстары табиғатта флоралық мүшелері толық емес фитоценоздардың кең кездесетіндігін көрсетеді. Фитоценоздардың флоралық мүшелерінің толық еместігінің үлкен практикалық маңызы бар. Ондай фитоценоздардың құрамына кіріп олардың өнімділігін арттыруға қабілеті бар өсімдік түрлерінің тұқымдарын қосымша себуге болады. Әрбір фитоценозда өте мол, көп кездесетін және өте аз кездесетін өсімдік түрлері болады.  
 
Фитоценоздың флоралық байлығын анықтау үшін алынған ауданның көлемі үлкен болған сайын ондағы өсімдік түрлерінің саны көбейе береді. Көптеген зерттеушілердің жұмыстары бұл заңдылықтың толығынан өсімдіктер қауымына сәйкес келетінін көрсетті. Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейміз (Раменский 1925). Флоралық байлықты табу ауданы қауымды құратын өсімдіктердің мөлшеріне үлкен – кішілігіне өсу ерекшеліктеріне, молдығына және таралуының біркелкілігіне, тіршілік ететін жағдайларының біркелкілігіне байланысты.
Структура әрбір өсімдік қауымының маңызды белгілерінің немесе қасиеттерінің бірі болып табылады. Оны зерттеу геоботаниканың басты міндеті. Геоботаникада фитоценоздың структурасының мөлшері және маңызы туралы түрлі көзқарастар бар.  
 
В.В.Мазинг (1965 –1969,1973) структура ұғымын түсіндіруде үш негізгі бағыт бар екендігін атап көрсетеді.  
 
Структура құрамның синонимі ретінде түрлік структурасы, популяциялық структурасы, биоморфтық структурасы т.б. 
 
Структура құрылымның (строение) синонимі ретінде 
 
фитоценоздарда экологиялық және кеңістік жағдайларына қарай бір – бірінен ажыратылатын бөлшектердің бар екеніне байланысты геоботаниктер структураны осылай түсінуді қолдайды. Структура латын сөзі (stauctura) –құрылысы, орналасуы. Фитоценоздар структурасын ондағы өсімдіктердің органдарының, компоненттерінің кеңістікте және уақытқа байланысты орналасуы деп түсіну дұрыс болады.  
 
Фитоценоздар структурасы : жер үстіндегі және жер астындағы ярустылық, фитоценоздың сикузиялылығы, консорвтігі, аспектері.  
 
Фитоценоздардың структурасы мынандай бөлімдерге топтастыруға болады :1. фитоценоздың морфологиялық (синморфология), кеңістіктегі немесе хорологиялық структурасы 2. фитоценоздың хронологиялық структурасы (фитоценоздың өзгергіштігі) 3. фитоценоздың эколого-биологиялық структурасы 4. фитоценоздың констициялық структурасы.  
 
2. Фитоценоздың морфологиялық (кеңістіктегі немесе хорологиялық) структурасы (синморфология). 
 
Фитоценоз өзара қарым- қатынастармен және территориясының бірлігімен байланысқан популяциялар үйлесімді ретінде вертикалдық және горизонталдық бөлшектенумен сипатталады. Фитоценоздың вертикальдық структурасының элементі болып ярустылығы, ал горизонталдық структурасының элементі – мозайкалығы болып табылады.
Фитоценоздың ярустылығы – тік өлшеудегі структурасы.
 
Ярустылық – фитоценоздардың әртүрлі дәрежеде қабысқан ассимляцияға заттар және энергия жинақтауға әр қалай қатысатын қабаттарға, ярустарға, қалқаларға биогоризонттарға бөлшектенуі.  
 
Егерде Мырзашөл өңірінде өсетін ағаштар және шөптесін өсімдіктердің көретін болсақ. Олар жер үсті және жер асты қабаттардан (ярустардан) тұрады. Бұл қабаттар өзінше энергетикалық жүйе болып табылады. Өйткені олардың дербес организмдері әртүрлі дәрежеде фотосинтез үшін жарық энергиясын пайдаланады. Сонымен қабат дегеніміз (Быков 1978, 1988) фитоценоздың негізгі структуралық, экологиялық және энергетикалық бөлігі ол доминант, суб доминант популяциялардан пайда болған немесе бір экобиоморфаға жататын, кондоминанттардан пайда болған.  
 
Фитоценоздарда мынадай қабаттарды (Быков 1988) ажыратады.  
1). Констетуциялық немесе негізгі (ағаштар, бұталар, шөптер, мүктер, қыналар). 
2). Эдафикалық негізінен редуценттерден тұратын (топырақтағы саңырауқұлақтар және микробтар қабаты).  
3). Орындаушылар (планктондық организмдер) : 
сонымен қатар басты және екінші дәрежедегі қабаттарды ажыратады.  
 
Басты қабаттарды доминанттар және кондоминанттар, екінші дәрежедегілерді - субдоминанттар субдоминанттар түзеді. Қабаттар көлденең (горизонталь) ярустарға және биогоризонттарға бөлінеді. 
Ярус – фитоценоздағы қабаттың бөлігі онда негізінен ассимиляция жасайтын (жапырақтар, сабақтар) немесе тамыр, тамыр сабақтар, түйнектер қабаттың ярусы – екінші дәрежелі деп аталады.  
Біздің еліміздегі (ТМД) өсімдіктерді (Быков 1978) мынадай ярустарға бөледі : 
- биіктігі жағынан бірінші ағаштар (15-20м одан да биік)  
- биіктігі жағынан екінші ағаштар (6-15м) 
- аласа ағаштар (6м дейін) жартылай ағаштар, бұталар 
- биік шөптер, орташа бұталар  
- биіктігі орташа шөптер немесе аласа бұталар  
- аласа шөптер, бұташалар 
- жердің бетінде орналасқан ерекше шөптер – мүктер, қыналар  
Өсімдіктер қауымының жер асты бөлігін үш ярусқа бөледі :  
1. а). Амброфиттер б) гидрофиттер,  
2. Трихофиттер  
3). Фреатофиттер  
Агроценоздар құрылысында мынадай ярустарда (Комаров (1439) ажыратады : 
- мәдени өсімдіктерден биік арамшөптер  
- мәдени өсімдіктер және онымен биіктігі бірдей арамшөптер  
- мәдени өсімдіктердің биіктігінің жартысынан төнген арамшөптер  
- аласа жер бетінде төселіп жататын арамшөптер
Фитоценоздардың эколого - биологиялық структурасы. 
 
Жоспары : 
Фитоценоздардың эколого – биологиялық структурасы түсінігі 
Тамыр жүйесі структурасы
 
 
 
1. Фитоценоздардың  эколого – биологиялық структурасы 
 
Фитоценоздағы өсімдіктердің эколого – биологиялық ерекшеліктерін көп жақты талдап жалпы қорытынды жасау осы ауданның, зонаның табиғат жағдайын, оларды меңгеру механизмін, бейімделу ерекшеліктерін және олардың арқасында осы жер жағдайын игеріп биосферада органикалық заттар жинап, оның қорын арттыруда мүмкіншілігін білуге өте қажет болып табылады.  
Табиғи өсімдіктердің эколого – биологиялық белгілерін және қасиеттерін зерттеудің жасанды фитоценоздардың үлгісін (моделін) жасау үшін маңызы өте зор.  
2. Тамыр жүйесінің өсу қарқындығы және топыраққа өну тереңдігі әртүрлі, жер бетіндегі мүшелерінің структурасы бірдей емес және даму ритмикасы әртүрлі өсімдіктерді таңдап алу арқылы, экологиялық факторларды жан – жақты толық пайдалана отырып өнімділікті барынша арттыруға болады. Сонымен қатар өсімдіктердің тамыр жүйелері және жер үстіндегі мүшелерінің биологиясы туралы мәліметтерді жабайы, табиғи дәрілік және басқа да пайдалы өсімдіктерді дақылдар қатарына енгізу үшін пайдалануға болады.  
Тамыр жүйелерін зерттеу жұмыстарының нәтижесін топырақтың эрозиясымен күресу үшін жыралардың, таулардың беткейлерін шалғындандыру ісінде өсімдіктерді дұрыс іріктеп алу үшін пайдалануға болады.  
Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы. 
Ортаның алғашқы климаттық және эдафикалық факторлар комплексі фитоценоз компоненттерінің әсерінен өзгеріп фитоценоз қалыптасуы процессінде экотоп биотопқа айналады. Бұл өзгерістер өте нашар және өте күшті болуы мүмкін, ол фитоценозда құратын өсімдіктердің әлсіздігі (мыс табын өсім) не күштілігіне (мыс шырша) байланысты.  
Экологиялық оптимум дегеніміз өсімдіктің түріне конкуренция жағдайына қолайлы жағдай жасайтын ортаның үйлесуі.  
Фитоценотикалық оптимум фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы. А.В.Прозоровский көптеген мәліметтер береді. Ол шабындық далада өсетін өсімдік түрлерін бәсеке жоқ болған жерлерде көп өнім беретінін дәлелдеді.  
А.П. Шенников оларды құрғақ сүйгіш және құрғаққа төзгіш өсімдіктер деп атады.  
Сөйтіп әрбір өсімдіктер түрлері үшін екі оптимумның бар екендігі ғылыми тәжірибе негізінде дәлелденген. Бұл түсініктерді анализ Т.А. Работков (1966) ең қолайлы деп “аутэкология” және “синэкологиялық” (фитоценотикалық) оптимум терминдерін ұсынды.  
 
 
Фитоценоздардың конституциялық структурасы 
Жоспары :  
Экологиялық топтар  
Фитоценотикалық топтар  
1. Бұл топтарға фитоценотикалық біркелкі, өсімдіктер қауымының құрылысында, тіршілігінде және динамикасында бірдей роль атқаратын өсімдіктердің бір ярусқа жататын түрлері мысалы : мүктер және қыналар, шөптесін өсімдіктер және бұташықтар т.б. 
Географиялық, флорогенетикалық және ценогенетикалық топтар 
Бұл топтар өсімдіктер қауымындағы таралуы және экологиясы ұқсас әртүрлі тіршілік формаларына және әртүрлі ярустарға жататын флоралық шығу тегі бірдей түрлердің бірлестігі.  
Өсімдіктер қауымының структурасы, оның ұзақ уақыт қалыптасу процессі кезінде құрылған, ол өскен ортасы жағдайының сыртқы көрінісі және сонымен қатар ол күрделі, үздіксіз өзгеріп отыратын жеке өсімдіктер және олардың топтарының өз араларындағы және орта жағдаймен (экотоппен, биотоппен) конкуренциясы, ассоциациялану өзара үйлесу дамуының қазіргі этапындағы нәтижесі болып табылады.  
Бірақ өсімдік қауымының структуралық бөліктерін көрсетумен ғана шектелуге болмайды. Олардың сипаттамасын беру қажет. Бұл жерде барлық уақытта еске сақтайтын нәрсе ол өсімдіктер қауымының компоненттерінің экологиялық және биологиялық сипаттамасы неғұрлым толығырақ болса, сол ғұрлым өсімдік қауымының структурасын тереңірек және кеңірек түсініп анализ жасауға болады.  
Өсімдіктер қауымы ішінде көлемі және маңызы жағынан әртүрлі көптеген структуралық бөліктерін немесе элементтерін бөлуге болады. Х.Х.Трасс (1970) бұл үшін “ценоэлемент” терминін пайдалануды ұсынды. Ценоэлемент терминін өсімдік қауымының бір ғана структуралық элементін көрсету үшін бірінші рет ұсынған М.И.Сахаров (1951). Сахаровтың ойлаған структурасы геоботаникада кең тараған басқа атпен “Микрогруппа” немесе “Микрофитоценоз” ал биоценология “парцелла” деп аталып кетті.  
Өсімдіктер қауымының структурасына толық, нақты анализ жасау үшін мынандай жұмыстар орындалуы қажет а) қауымдағы бар әртүрлі структуралық бөлшектерін анықтау. б) әрбір структуралық бөлшектің құрамын (флоралық, экологилық биоморфтық) зерттеу. в) өсімдіктер қауымының әртүрлі структуралық бөлшектерінің таралуы заңдылықтарын және олардың мекендеген ортасының белгілі –бір экологиялық жағдайына бейімделуін анықтау г) өсімдіктер қауымындағы структуралық бөлшектердің бір – бірімен әрекеттестігін және олардың үйлесу заңдылықтарын анықтау. д) структуралық бөлшектердің динамикасының өзгешеліктерін және бағытын өсімдіктер қауымын өз динамикасымен байланыстырып зерттеу.  
2. Өсімдіктер қауымының структурасын зерттеу ол қауымның құрамына кіретін өсімдік түрлерінің санды қатынасын, олардың қауымды құрудағы маңызын, олардың биологиясын және экологиясын, терең білуге негізделген.  
Өсімдіктер қауымдарының структурасы, олардың ең негізгі басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан ол өсімдіктердің табиғи классификациясын жасауға негіз болады. Қауымның структурасын зерттеу нәтижесінде оның ішіндегі фитоценогенетикалық процесстердің бағытын, ерекшеліктерін және қауымның динамикасын анықтап, қауымның өткен уақыттағы және келешектегі өзгерушіліктері туралы болжам жасауға болады. Сонымен қатар қауымның структурасын зерттеу, қауымның фитомассасын және оның кеңістіктегі таралуын дәл анықтауға мүмкіншілік береді.  
 
Әрбір өсімдіктер қауымының, сыртқы ортамен өзара тығыз байланыста болғандықтан, индикаторлық маңызы бар. Ал өсімдіктер қауымының ішіндегі ең көрнектісі және есептеуге оңайы олардың құрамы мен структурасы. Сондықтан өсімдіктер қауымының құрамы мен структурасы егжей – тегжейлі зерттелген сайын экотоп және биотоп ерекшеліктері туралы молырақ ақпарат алуға болады.  
Сонымен өсімдіктер қауымдарының структурасы фитоценологияның бірқатар теориялық проблемаларын шешудің кілті болып табылады.  
Өсімдіктер қауымдарының структурасы туралы ілімнің дамуында төрт кезеңді (Корчагин 1976) атап өтуге болады. Бірінші кезең 1750 жылдан 1860 жылға дейін) өсімдіктер структурасының кейбір элементтері туралы системаға келтірілмеген алғашқы түсініктердің пайда болуы. Екінші кезең (1860 жылдан 1926 жылға дейін) өсімдіктердің морфологиялық және экологиялық структурасы туралы түсініктерді дайындау және өсімдіктер қауымдарының структуралық бөлшектері туралы алғашқы системаны жасау. Үшінші кезең (1920 жылдан 1950 жылға дейін) өсімдіктер қауымының морфологиялық (ярустылық, теңбілділік) және экологиялық структурасы туралы түсініктердің қалыптасу кезеңі. Төртінші кезең (1950 жылдан осы уақытқа дейін) математиканы және кибернитиканы пайдалана отырып осы заманғы әдістер мен өсімдіктер қауымдарының структурасын терең зерттеу.  
 
Өсімдіктер жабынын классификациялаудың негізгі тәсілдері 
 
1. Фитоценоздардың классификациясы дегеніміз -өсімдіктер қауымдарын сипаттап жазғанда оларды ұқсастығына байланысты кластарға бөлу немесе біріктіру процедурасы. Өсімдіктер қауымдарын жүйеге келтіру принциптеріне байланысты оларды классификациялауды : экологиялық, биоэкологиялық, динамикалық, генетикалық, физиономиялық, флоралық топтарға бөледі.  
 
Фитоценоздардың экологиялық классификациясы.  
Экологиялық классификацияны өңдеуді Е.Варминг (1901) бастап, Л.Дильс (1910) жалғастырды. Классификацияға негіз етіп ассоциациялардың сыртқы жағдайға әсіресе су режіміне қатысы алынады. Негіз етіп өсімдіктердің экоморфалары алынған. Таксондар жүйесі әдеттегідей : ассоциация, формация, формациялар класы тип тармағы және өсімдіктер жабыны типтері. Е.Вармингтің классификациясы төрт типтен тұрады.  
1). Гидрофиттер 
2). Ксерофиттер 
3) Галофиттер 
4). Мезофиттер 
Б.А.Быков (1978) 1). Гидрофиттер, 2). Гигрофиттер, 3) Мезофиттер, 4) Ксерофиттер деп өзінің классификациясын ұсынды. 
2.Фитоценоздардың биоэкологиялық классификациясы. 
Бұған Б.А.Быковтың (1963) жер бетіндегі өсімдіктер классификациясы мысал бола алады. Ол классификация 7 бөлімнен тұрады. 
Бактерия өсімдіктері қауымы 
Балдырлар өсімдіктері қауымы
 
Қына өсімдіктері қауымы 
Мүк өсімдіктері қауымы 
Папоротник тәрізділер өсімдіктер қауымы 
Жалаңаш тұқымды өсімдіктер қауымы 
Жабық тұқымды өсімдіктер қауымы 
Бөлімдер ішіндегі бөлшектеу формациялар доминанттарының белгілі – бір экоморфаларға жататындығын негізге алып жүргізілді.  
3. Фитоценоздардың динамикалық классификациясы. 
Өсімдіктер жабындарын классификациялауға динамикалық концепция тұрғысынан қарау туралы пікірлер негізінен американ ғалымы Ф. Клеменстің өсімдіктер қауымдарының сукцесиясы туралы еңбектерінде қалыптасты. Ф.Клементс әрбір өсімдіктер қауымына олардың сукцессия процессіндегі ролі, сукцессия қатарындағы тұрғысынан қарады. Соның нәтижесінде ол сериялық климакстық фитоценоздарды ажыратты. Сериялық қауымдар өсімдіктер қауымының даму стадиялары өкілдері ретінде, барлық өсімдіктер қауымдарын – пионерліктен бастап белгілі – бір тіршілік ету орны типіне тән ақырғысына дейін қамтиды. Әрбір сукцессиялық қатардың ақырғы стадиясы – климакс. Ф.Клементс климаксты – структурасы тұрақталған және климатпен тепе – теңдікке жеткен ең орнықты қауым деп түсінеді.  
Өсімдіктер жабындарының классификациялары ішінде өсімдіктер қауымдарының динамикалық күйіне талдау жасау негізінде Е. Айхингер (Грибова, Исаченко бойынша 1912) классификация түзді. Бұл жүйеде ең төменгі бірлік болып динамикалық тип даму типі саналады. Бір динамикалық типке флоралық және структуралық бірдей белгілері бар тіршілік ететін орындарға ұқсас, сукцессиялық қатарда бір стадияға кіретін физиономиясы жақын қауымдар жатады. Динамикалық топтар ары қарай әртүрлі белгілеріне қарай (генетикалық,флоралық, экологиялық) байланысты жүйеге келтіріледі. Генетикалық белгілерінің ұқсастығына қарай динамикалық типтер сукцесиялық комплекстерге топтастырылады, ал соңғылары –сукцессиялық комплекстерге. Динамикалық тип дегеніміз ол сукцессиялық қатардың бір стадиясы. Флоралық белгілердің ұқсастығына байланысты динамикалық типтер топтарға біріктіріледі, ал олар өз кезегінде жоғарғы сатыдағы топтарға біріктіріледі. 
4. Фитоценоздардың генетикалық классификациясы (филогенетикалық). 
Фитоценоздарды генетикалық классификациялау туралы алғашқы пікірді Россияда А.Н. Красновтың (1888) И.К.Пачоскидің (1891)С.И. Коржинскийдің (1899) В.Н. Сукачевтің (1915) еңбектерінде кездестіруге болады. В.Н.Сукачевтің пікірі бойынша ассоциацияның шығуына және тарихына негізделген. Яғни ғылыми классификацияға ғана ғылыми болып саналады. Белгілі фитоценоз типтерінің қалыптасу процесін В.Н.Сукачев алғашқыда ассоциация филогениясы; кейінірек – филогенез деп атады. Филогенез өте жай мың немесе ондаған мың жылдар ішінде жүреді. Флорогенез дербес (автономдық) процесс емес филоценогенездің құрамдық бөлігі филоценогенез процесі кезінде өсімдіктер түрлерінің экологиялық, биологиялық және генетикалық қасиеттері қалып тасып : олардың бір фитоценоздар және биоценоздар құрамына кіретін қасиеттілігі жетілуі нәтижесінде тиісті экологиялық таушаларға (ниша) орналасуы мүмкін болды. Фитоценоздардың генетикалық синтаксономиялық иерархияның жоғарғы бірліктерінің бірі болып формация фратриясы саналады мыс : Сочова (1944) жер шарын 98 фратияға бөледі. Олардың әрқайсысы біздің планетамыздың белгілі бір ландшарфтың бөлігін сипаттайды. Формация фратриясы құрамына бір кейде бірнеше доминанттармен бөлінетін формациялар кіреді. Олардың барлығы классификацияның алғашқы қадамдары.
Фитоценоздың өнімділігі 
 
1. Өнімділік дегеніміз тірі организмдердің органикалық заттарды жасау, консервілеу және өзгерту қабілеттілігі. Органикалық заттардың жасалуы және өзгеруі, жиынтығын, энергияның сіңіріліп және әртүрлі дәрежеде ұйымдастырылған био және экосистемалардан өтуін өнім процессі деп атайды. Биологиялық өнім дегеніміз фотосинтез және хемосинтез процессі кезінде организмдердің продуценттердің күн сәулесі энергиясын сіңіріп органикалық затты жинау қарқындылығы. Ол органикалық заттарды сосын қоректік зат зат есебінде консументтер немесе редуценттер пайдаланады. Өнімділіктің екі түрін ажыратады : бірінші – органикалық заттарды автотрофтар жасайды, екінші – органикалық заттарды гетеротрофтар жасайды.  
 
Органикалық затты өндіруді төрт сатыға бөледі :  
1. жалпы бірінші өнім – фотосинтез процесінде құралған органикалық зат мөлшері
2.таза бірінші өнім -өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалғанынан қалған органикалық зат мөлшері 
3. шын таза бірінші өнім
4.екінші өнім (органикалық заттың гетеротрофты организмдердегі жасалуы) 
Биологиялық өнім белгілі – бір аудан мөлшерінде, белгілі – бір 
уақытта синтезделген органикалық заттың мөлшерімен  
көрсетіледі. Жалпы бірінші өнім (Өж) - өсімдіктер қауымының белгілі – бір аудандағы (гектар м2) белгілі – бір уақытта (жыл, вегетациялық маусым, тәулік) құралған таза бірінші өнімге (Өт) өсімдіктердің демалуына жұмсалған (өд) үзіліп түскен бөлшектерін (опад -о) және гетеротрофтар пайдаланып (өг) қосқандағы фитомассаның көбеюі. 
 
Жоғарыда айтылған өнімділік көрсеткіштерін Өж=Өт+Өд+Өо+Ог формуласымен көрсетуге болады.  
2. Фитоценоздардың өнімділігін анықтау үшін фитомасса құрамындағы өсімдіктердің тірі және өлі мүшелері анықталады. Биологиялық өнімділікті зерттегенде тірі өсімдіктердің массасын анықтап қоймастан, олардың өлген мүшелерінің де массасын анықтау керек. Ол үшін тірі өсімдіктермен байланысын үзген мүшелерінің ағаш пен бұталардың өлген діндерін және өлген жер асты мүшелерін есептеу қажет. Фотосинтез процесі нәтижесінде ценоэкосистемаға ендірілген органикалық заттардың жалпы мөлшері бірінші өнім деп аталады.  
Осы өнімге, оның энергетикалық дәрежесіне фитоценоздардың бар өмірі тәуелді. Өйткені энергия көптеген тіршіліктің қызметтері үшін жұмсалады. Осы жұмсаудан кейінгі сақталған бірінші және екінші өнім қоры таза өнім деп аталады. Фотосинтез процесіне қатысатын және қатыспайтын мүшелерінің массасының ара – қатынасы әртүрлі болғандықтан өсімдіктердің жеке түрлерінің тыныс алуына жұмсалатын энергия бірдей емес. Балдырлардың жалпы биомассасының көп бөлігі фотосинтез процесіне қатысады, ағаштардың тек 1-2%, қылқан жапырақтылардың 4-5% қатыса алады. Шөптесін өсімдіктердің фотосинтезге қабілеті жер үстіндегі мүшелерімен және фотосинтезге қабілетсіз жер асты мүшелерінің ара – қатынасы вегетациялық маусым ішінде фитоценоздардан фитоценозға және жылдан – жылға өзгеріп отырады.  
Температура жоғарылаған сайын дамуға жұмсалатын органикалық зат мөлшері өсе береді. Планктон балдырлары қауымында жалпы өнімінің 30-40% тыныс алуға жұмсалатын болса, тропикалық жаңбыры көп ормандарда ол 70-80% дейін жетеді, ал қоңыржай жағдайындағы ормандарда демалуға жалпы өнімнің 50-60% жұмсалады.  
 
Таза бірінші өнім фотосинтездің нәтижелілігімен анықталады. Фотосинтездің нәтижелілігі фотосинтезге қабілетті мүшелердің көлеміне тәуелді. Фотосинтездің әрбір типіне тән фотосинтездің нәтижелілігіне оптимальды мөлшерден кем болса жарық толық пайдаланылмайды, ал артық болса жапырақтар бір – біріне көлеңке түсіріп олардың фотосинтездік өнімділігін төмендетеді. Жапырақ бетінің оптимальды индексі, яғни өсімдіктің жапырақтарының көлемінің жер беті көлеміне қатысы Солтүстіктен Оңтүстікке қарай жылжыған сайын өзгеріп отырады. Қоңыржай климатты аймақтарда ол индекс 4-5-ке тең. Көлеңкеде орналасқан жапырақтар күнде орналасқан жапырақтарға қарағанда тыныс алуға органикалық затты аз жұмсайды.  
Егіс даласы жағдайында таза бірінші өнім толық есептелмейді, өйткені олардың біразын биотрофтар пайдаланады, кейбір мүшелері үзіліп жерге түседі. Оларға қосымша өсімдіктер әртүрлі органикалық қосындыларды бөліп шығарып, оларды жаңбыр жауып кету арқылы да барлық затын жоғалтады. Жануарлар жеп пайдаланатын өнімнің мөлшері ценоздан ценозға және жыл сайын өзгеріп отырады. Көбінесе фитофагтар көбейген уақытта табиғи фитоценоздар жағдайында жануарлар жейтін өкімнің мөлшері 10% - тен аспайды. Жайылым ретінде пайдаланатын фитоценоздарды малдар өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелерін көбірек пайдаланады.  
Сонымен биотрофтың пайдаланған өніміне өсімдіктердің үзіліп түскен мүшелерін және фитомасса өнімін қосып есептесе таза бірінші өнім шығады. Экосистемалар биогеоценоздар дәрежесінде таза өнімді ажыратуға болады. Оны жалпы өнімді және оның фотопрофтарымен гетеротрофтардың тыныс алуына жұмсалғанын есептеу арқылы анықтайды. Биогеоценоздардың таза өнімі өте аз тіпті нольге тең болуы мүмкін, өйткені фототрофтардың түзген заттарының бәрі биоценоз құрамына кіретін организмдердің тыныс алуына жұмсалады.  
Біздің ТМД территориясында арктикадағы шөлейттен жалпақ жапырақты ормандарға дейін өнімі дейін өнімі де, биомассаның жалпы қоры да өседі. Оңтүстік – шығысқа қарай Солтүстік, нағыз шөлейт және шөл зоналарына жылжығанда бірте – бірте шөптесін және бұташық өсімдіктер басым бола бастайды да жалпы биомасса және өнім азая бастайды.  
Өсімдіктер өнімі және олардың жалпы биомассасы қорының мөлшері негізінен өсімдіктердің сумен қоректік минералдық элементтермен қамтамасыз етілуіне және температуралық жағдайға байланысты.  
3.Фитоценоздардың құрамына кіретін жеке түрлердің және түр топтарының фитоценоздардың өнімділігін, фитомассасын құруға қатысы әртүрлі болады. Ормандағы фитоценоздарда фитомассаның негізгі бөлігін ағаш өсімдіктерінің жер үстіндегі мүшелері береді. Шөптесін фитоценоздарда, ерекше шалғындықтарда, өсімдіктердің жер астындағы мүшелерінің массасы жер үстіндегілерден бірнеше есе көп болады. Әртүрлі өсімдіктер қауымдарының биологиялық өнімділіктері олардың жер үстіндегі және жер астындағы мүшелерінің массаларының ара- қатынастары әртүрлі болады.  
 
Өнімді оның ішіндегі энергия мөлшерімен де сипаттауға болады мысалы : Ертіс бойындағы жас қарағайлы орман жыл сайын 7,7/га бірінші өнім береді. Бұл биомассада 31млд ккал энергия бар. Өнімнің ішінен өсімдіктің өліп жерге түскен мүшелерінің және өліп бірақ өсімдіктің тірі бөліктерінен ажырамаған үлесіне 1,3т биомасса келеді. Сонымен қарағайлы орманның таза бірінші өнімі 6,4т/га, энергия 25,6 млрд.ккал.  
Фитоценоздардың биологиялық өнімімен қатар оның пайдалы өнімі ажыралады. Пайдалы өнім деген фитоценоздағы фитомассаның қанша жылда жиналғанына қарамастан пайдалы қорын айтады. Оған жататындар ағаш массасының тоз қабықтарының, ормандардағы тері илеуге пайдаланатын ағаштың қабықтары, шөлдегі фитоценоздардың құрамында танині, тамырлары т.б. Пайдалы өнімнің өлшеуі бірлігі болып бір га/ң немесе текшеметр болып табылады.  
Шабындықтардағы және жайылымдардағы азықтың пайдалы қорын сынақ аудандар әдісімен анықтайды. Ол үшін далада 1мм (кейде 0,25м2) аудандар пайдаланылады. Фитомассаны + 10% дәлдікпен анықтау үшін 1м2 – ден 10 сынақ ауданнан алған жеткілікті егерде 4м-ден алынатын 1м2 – ден 10 сынақ ауданнан алған жеткілікті.  
Шөптілікті (травостой) тек жер бетінің деңгейінен 1-3см биіктікте кесіп алады. Сынақ аудандарынан орып алынған фитомассаны таразыға тартады. Әдетте фитомассаны өлшегенде өсімдіктердің әр түрін жеке жеке немесе басым түрлерді және мал жемейтін шөптерді улы шөптерді жеке өлшейді.  
Пішенді (укос) үлпілдеген – құрғақ жағдайында таразыға өлшеп 1м2 тиісті сосын 1гектарға тиісті азықтық массаның орташа санын есептеп шығарады. Пайдалы өнім қорын жайылымдықтарда, шөлдерде үлгілік өсімдіктер әдісімен анықтауға болады. Ол үшін ені 1м трансект салынады. Соң трансектегі кездесетін фитоценоздың тасым өсімдік түрінің особьтарын санап оларды өлшеу жұмыстары жүргізіледі.  
Міндетті түрде 50-100 особьтар өлшенуі қажет. Бұл мәліметтерді алғаннан соң трансектідегі өсімдіктің санына байланысты 1 гектардағы пайдалы өнім қоры анықталады.  
Геоботаниктің жайылымдар және шабындықтар туралы алған мәліметтері шаруашылық жұмыстарына байланысты есептеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік береді. Олар мемлекеттік, жеке шаруашылықтың табиғи азықпен қаншалықты қамтамасыз етілгенін және жайылымдықтардың сиымдылығын бөлуге болады.  
Жайылымдықтардың сиымдылығы деп белгілі – бір түрлерінің қаншасын жеткілікті қоректендіріп ұстауға болатындығын айтамыз.  
Бұл жағдайда жайылымдықты пайдаланатын маусымда ондағы азықтық қоры және жануарлардың әртүрінің бір тәулікте қанша азық керек ететіндігі есептелінеді. Мысалы бір ірі қарамалды ұстау үшін шөлді – далада – 4,0-5,0 га, ал шөлдегі жайылымдықтарда 6-8га жер керек. Бір қойға көрсетілген аудандардан төрт есе кем керек. 
 
Ординация 
 
Лекцияның мәтін : 
 
1.Ординация өсімдіктер жабынының үздіксіздігіне /континуум/ лайық келетін ең табиги процедура . Ординация әдістері тікелей, жанама , бір өлшемді және көп өлшемді болып беліңеді . Тікелей ординация әдісінде ретке келтіру ортаның нагыз факторлары /экологаялық , кеңістік , уақыт/ арқылы , жанама әдісінде - түрлер арасындағы байланыстың /нёмесе бейнелеу арасыңдағы үқсастықтын/ өзгеруі багыты бойында , бір өлшемді де бір фактор бойынша немесе бір ось бойында , ал көп өлшемді де - бірнеше факторлар немёсе осьтер бойыңда жүргізіледі . 
 
Ординация әдістерінің экологиясы бір өлшемді ден көп өлшемдіге және тікелейден жанамага багытталып дамиды. Ординацияның әдістеріне тікелей градиеңтті талдау /аналиэ Лфакторларды талдау , басты компонент әдісі, Гаусов ординациясы. Л.Г.Раменекий әдісі өзара ординация және басқалары жатады . 
 
Ординация фитоценоздар классификациясын алмастыра алмайды өйткені оның /ординацияның/ нәтижесі өсімдіктерді йнвентаризациялаудың әртүрлі формаларын іске асыруга жеткіліксіз. Сонымен қатар ординация түрлердің қауымдардың экологиясы және биологиясы туралы маңызды мәліметтер беретін аппарат ретінде классификациялау '' процесін жеңілдетеді. Ординациялық үлгілерді керек жагдайда оңай классификациялық үлгілерге айналдыруга болады . 
 
2.Өсімдіктерді және фитоценоздарды ординациялау әдісін біздің елімізде жете зерттеген Л.Г.Раменский /1938/ және оның оқушылары /Цаценкин және т.б. /. Егерде табиғи жагдайда түрдің молшылығы туралы көптеген сипаттап жазылған мәліметтерін немесе проекциялық жабынуын сыртқы ортаның бір факторымен мысалы, топырақтың ылгалдығымен салыстырсақ ылғалдықтың бүкіл диапозонын /шөлден батпаққа дейін/ бірнеше градацияға бөлуге болады . Соның нәтижесінде олар үшін түрдің молшылығының немесе проекциялық жабынуының орташа көрсеткішін анықтауға болады . Осылайша Л. Г. Раменский ылғалдық шкаласын жасады . Ол шкаланың мынадай ылғалдық градиенттері болды: І7 щөл , 18-30 шелейт - дала , 31 - 39 қурғақ дала , 40 - 4б орташа дала ; 47 - 52 шалғын дала ; 53 ~ 63 жаңа шалғын; 64 -76 дымқыл - щалғын; 77 ~ 88 –ылғал - шалғын ,  
 
89 - 93 –батпақты - шалгын; 94 – 100 - батпақ . Осы сияқты шкалалар басқада факторларға /топыраңтың байлығы , топырақтың сортаңдануы. тағы с.с,/ байланысты жасалды. Әрине , ординация жардемімен экологиялық жағдайларды бағалауға болады. Л.Г.Раменский экологиялық шкалаларды түзде сипаттап. жазылған бланктерді бір жуйеге келтіру үшін , яғни әрбір ортаның жағдайына тән өсімдіктердің тізімін жасау ушін пайдадануды усынды. Ол жумыс былай жасалынды. Өсімдіктердің 'жалпы тізімін жасайды , сосын оларды үш топқа бөледі ; кең тараған /тізімнің 75% тінде/ орташа жэне аз тараған /тізімнің 25% тін-де/. Содан кейіи бланкалардағы да керекті факторға /мысалы ылғалдыка/ байланысты үш топқа бөледі. Ортаңғы топка .негізінен кең тараган турлер саны көп бланкаларды , ал екі шеткі топтарга - аз тараган турлер саны көп бланкаларда - жатқызады , 
 
Сөз жоқ , мүндай ординация тасілін өсімдіктер жабынын уздіксіз /континуум/ деп қарағанда қолдануға болады . Сонымен қатар ол тәсіл таптік ассоциацияны, әсіресе 'полйдоминантты қауымдарды , таңдап бөлуге мүмкіншілік береді .  
 
'.Ординация тәсілін" классификациялық тәсілге қарсы қоюдың қажеті жоқ . Керісінше ол екі тәсіл бірін-бірі толықтарын зерттелген аймақтың өсімдіктер жабындары туралы толығырақ мәлімет береді . 
 

Информация о работе Фитоценоздардың құрамы