Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 18:09, реферат
Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайда- ланудың нөтижесінде Казақстанның оңтүстік-шығыс айма- ғында 20 ғасырдыңдың аяғында ка лыптасқан табиғи, елеумет-тік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп -Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970 жылы) Іле өзені арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен кол айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы камтамасыз ететін. Жьш сайьн көл алабындағы 15,0 км3 су қорының 11,9 км-і (80%) Іле өзенімен келсе, қалған 3,0 км3 су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысатын. 1970 - 85 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағыны 14,9 км3-ден 11,8 км3-ге кеміді, яғни, көл жылына шамамен 3,0 км3 су жоғалтып отырды
БАЛҚАШ ЭКОЛОГИЯСЫ
Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайда- ланудың нөтижесінде Казақстанның оңтүстік-шығыс айма- ғында 20 ғасырдыңдың аяғында ка лыптасқан табиғи, елеумет-тік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп -Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970 жылы) Іле өзені арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен кол айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы камтамасыз ететін. Жьш сайьн көл алабындағы 15,0 км3 су қорының 11,9 км-і (80%) Іле өзенімен келсе, қалған 3,0 км3 су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысатын. 1970 - 85 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағыны 14,9 км3-ден 11,8 км3-ге кеміді, яғни, көл жылына шамамен 3,0 км3 су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7,0 - 8,0 км3-ке дейін өсті, оньщ 6,5 км3 суы егін суаруға,Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсай- ды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км3-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абсолюттік биіктігі 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдары жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 - 46 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өзені атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығыны 1600 - 1800 м3/с-тен 700 - 800 м3/с-ке дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағыны жылдам өзгеретін (0 - 1000 м3/с) болды. СЭС- тен төмен карай өзен тасын- дылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармактарынан Шұбар - құнан, Иір, Базарбай жөне Қалған Іле ғана қалды. Су шығынының 90 %-і тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4- 5-і ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 - 18 мың тоннадан 10-11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ін табан, жайын, көксерке, тағы да басқа құрады (1997 жылы). Ал, аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (катерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдары күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдары 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаңтозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аумағы 1 км2-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 - 90 ж. Іле - Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 м-ге төмендетілді, сөйтіп көлемі 2 есеге (28 км3- дің орнына 14,5 км3) кеміді де, жер суаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп - Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл - халыкаралық деңгейде реттелетін мәселе.
Әдебиеттер:
Турсунов А. А. Результаты научных исследований по Или-Балхашской проблеме и пути вывода экосистемы бассейна из кризиса, А., 1993;
Д о с т а е в Ж., Турсунов А. А. Концепция равновесного природопользования в условиях Или-Балхашского региона. “Вестник КазГУ, Серия географическая”, А., 1995, №5.