Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 17:36, курсовая работа

Краткое описание

Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу – жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық бақылау.doc

— 286.50 Кб (Скачать файл)

Атмосфера құрамында шекті  мөлшерден асатын ластағыш заттардың  аса жоғары деңгейі - 17 қалада, орташа деңгейі 7 қалада тіркелген.  

 

1-кесте 

 

ҚР ірі қалалары мен  өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейінің өзгеру динамикасы 

 

Қала 

 

ИЗА5 

 

Ауаның ластануына әсер ететін өнеркәсіп салалары  

 

2007 ж 

 

2008 ж 

 

2009 ж 

 

2010 ж 

 

 

Алматы 

 

13,3 

 

12,9 

 

12,6 

 

11,7 

 

автокөлік, энергетика 

 

 

Шымкент 

 

11,9 

 

9,9 

 

11,2 

 

11,4 

 

түсті металлургия, химия, мұнай  өңдеу  

 

 

Өскемен 

 

7,9 

 

9,6 

 

7,2 

 

7,2 

 

түсті металлургия, энергетика 

 

 

Ақтөбе 

 

8,5 

 

8,6 

 

9,5 

 

7,6 

 

қара металлургия, химия 

 

 

Теміртау 

 

9,6 

 

7,7 

 

8,6 

 

9,3 

 

қара металлургия, химия 

 

 

Қарағанды 

 

7,6 

 

7,7 

 

7,5 

 

7,2 

 

энергетика, көмір өндірісі, автокөлік  

 

 

Тараз 

 

7,2 

 

7,5 

 

7,5 

 

7,6 

 

химия 

 

 

Риддер 

 

7,5 

 

6,6 

 

7,4 

 

6,3 

 

түсті металлургия, энергетика 

 

 

Жезқазған 

 

6,8 

 

6,4 

 

5,2 

 

 

түсті металлургия, энергетика 

 

10 

 

Глубокое кенті 

 

3,4 

 

5,4 

 

3,0 

 

4,9 

 

түсті металлургия 

 

11 

 

Атырау 

 

3,3 

 

5,3 

 

2,4 

 

 

мұнай өңдеу 

 

12 

 

Астана 

 

8,1 

 

4,7 

 

4,5 

 

5,5 

 

энергетика, автокөлік 

 

13 

 

Семей 

 

4,2 

 

4,4 

 

4,6 

 

4,5 

 

энергетика, құрылыс материалдары 

 

14 

 

Қызылорда 

 

4,5 

 

3,9 

 

5,5 

 

5,1 

 

энергетика 

 

15 

 

Петропавл 

 

4,3 

 

3,9 

 

4,3 

 

4,1 

 

энергетика, аспап жасау 

 

16 

 

Ақтау 

 

4,5 

 

3,5 

 

4,3 

 

3,0 

 

химия 

 

17 

 

Қостанай 

 

3,2 

 

3,5 

 

3,1 

 

3,1 

 

энергетика 

 

18 

 

Павлодар 

 

1,9 

 

2,4 

 

1,9 

 

2,5 

 

мұнай өңдеу, энергетика 

 

19 

 

Балқаш 

 

3,0 

 

2,3 

 

3,8 

 

2,1 

 

түсті металлургия, энергетика 

 

20 

 

Талдықорған 

 

 

  

 

1,6 

 

 

  

 

1,4 

 

энергетика 

 

21 

 

Екібастұз 

 

1,2 

 

1,0 

 

1,2 

 

1,2 

 

энергетика, көмір өндірісі 

 

22 

 

Көкшетау 

 

 

  

 

0,8 

 

 

  

 

0,8 

 

энергетика, көмір өндірісі 

 

Орташа ИЗА 

 

5,77 

 

6,10 

 

5,44 

 

5,24 

 

 

  

 

Ақпарат дереккөзі: «Қазгидромет»  РМК  

 

Автокөлікпен ауаны ластаудың  көлемі аса үлкен қатер төндіруде, бұған республика аумағында автокөлік  құралдары санының шапшаң өсіп келе жатқаны себеп болуда. 

 

2011 жылғы 1 маусым бойынша  тіркелген жеңіл автокөліктер  саны 2010 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға  өсіп,  3 264,4 мың бірлікті құрады. 

 

Экологиялық ахуалға қазіргі  ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл  автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың  саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген  жеңіл автокөліктер санының 80,8%-ын құрап  отыр. Бұл ретте барлық тіркелген  жеңіл автокөліктердің 99%-ы «бензин» отының пайдалануда. 

 

Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны  ластауға қосатын «үлесі» жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2 226,6 мың  тонна болған болса, ал жылжымалы  көздерден таралған ластағыш заттардың  мөлшері 1728,5 мың тоннаны құрады немесе 77,6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі  шығарындылары Қарағанды қаласында (230,0 мың тонна), Қостанай қаласында (196,7 мың тонна), Алматы қаласында (190,0 мың тонна) және Алматы облысында (192,0 мың тонна) байқалады. 

 

Қазақстан Республикасындағы  оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер  паркіне біртіндеп көшу арқылы автокөлік  құралдарының экологиялық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында Үкімет кезең-кезеңімен, атап айтқанда: 

 

2 - экологиялық кезең 2009 жылғы 15 шілдеден;  

 

3 - экологиялық кезең 2012 жылғы 1 қаңтардан;  

 

4 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап шығарындылардың  үлесі бойынша Евро стандарттарды  енгізуді қарастырған.  

 

Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын  техникалық талаптар мынадай мерзімдерде:  

 

2 - экологиялық кезең 2010 жылғы 1 қаңтардан;  

 

3 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан;  

 

4 - экологиялық кезең 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізіледі. 

 

Бұл ретте 10 жылдан астам  уақыт бойы пайдалануда жүрген автомашиналарға  жаңа экологиялық талаптар қолданылмайды  және олар толық ескіріп тозғанға дейін жұмыс істей алады, яғни атмосфераны ластауды одан ары қарай  да жалғастыратын болады.  

 

Тиісінше уәкілетті орган  Қазақстан Республикасының аумағындағы  ескі автомашиналарды (10 жылдан асқан) одан әрі пайдалануға қатысты  автокөлік құралдарының зиянды (ластағыш) заттар шығарындыларына техникалық регламент қарастырмаған және әзірлемеген.  

 

Бүгінгі уақытта «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 246 және 247-баптарында шығарылған қалдықтарында ластағыш заттардың  болуы нормативтен асып кететiн  автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы  құралдарды пайдалануға байланысты жауапкершілік көзделген, дегенмен нақты іске асыру тетігі қарастырылмағандықтан, аталған талап іс жүзінде қолданылмай  келеді.  

 

Шетелде ескі автомобильдер  паркін жаңарту мәселесі ескі автомобильдерді  кәдеге жарату жөнінде арнайы бағдарлама қабылдау арқылы, оларға салықты көтеру (арнайы төлемдер енгізу) арқылы және басқа  да жолдармен шешіледі. Үкімет Евро стандарттарды әзірлеу кезінде  шетелдің осындай тәжірибесін зерделеп, тиісті шараларды алдын ала қарастыру  қажет.  

 

«Қазақстан Республикасында  мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес, 2014 жылға дейін  отандық мұнай өнімдері сапасын  экологиялық кезең-3 сапа стандарттарына дейін жеткізу үшін Атырау, Шымкент  мұнай-өңдеу зауыттарына және Павлодар мұнай-химия зауытына жаңарту мен  жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 

 

Сонымен, ҚР Үкіметі 2012 жылы көшеміз деп қарастырғанымен, экологиялық  кезең - 3 стандартына іс жүзінде  толық көшуді Қазақстан тек 2014 жылы ғана қамтамасыз ете алады. 

 

Су ресурстарының ластануы 

 

Өнеркәсіп кәсіпорындары  және жылу электр станциялары атмосфералық ауаны ластаумен қатар су қоймалары  мен өзендерді де ластап отыр. Соның  салдарынан жер үсті су көздері сарқылып, Қазақстанның флорасы мен фаунасы  экологиялық тұрғыдан зиян шегуде, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен  қамтамасыз ету проблемасын асқындыра  түсуде. 

 

Жыл сайын су объектілеріне  шамамен 2,5 млн. тонна мөлшерінде өнеркәсіп  қалдықтары төгіледі. 

 

Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері  бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық  орында жүргізіледі, олар 85 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 11 көлде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан. 

 

Жер үсті суларының ластану  деңгейі судың ластануының кешенді  индексінің (ИЗВ) шамасы бойынша бағаланады, бұл индекс су сапасының өзгеру динамикасын  салыстырып анықтау үшін пайдаланылады (2, 2,1-қосымша). 

 

Барлық зерттелген су объектілерінің ішінде «таза» су объектілеріне – 8 өзен (13,8%), 3 су қоймасы (25%); «шамалы ластанған» су объектілеріне – 39 өзен (67%), 7 су қоймасы (58%), 3 көл (27%) және 3 канал (100%) жатқызылған.  

 

«Ластанған» су объектілеріне 7 өзен (12%), Күрті су қоймасы (8,3%) және 3 көл: Шалқар, Сұлтанкелді, Балқаш (27,2%) көлдері жатқызылған.  

 

«Лас» су объектілеріне Тихая (Шығыс Қазақстан облысы), Глубочанка (Шығыс Қазақстан облысы), Елек (Ақтөбе облысы) өзендері (5,1%), Кеңгір (Қарағанды  облысы) су қоймасы (8,3%) жатады. 

 

Қаракеңгір (Қарағанды облысы), Шерубайнұра (Қарағанды облысы) өзендерінің (5,1%) және Билікөл (9%) көлінің (Жамбыл облысы) су сапасының жай-күйі «өте лас» деп  сипатталады. 

 

«Аса лас» су объектісі  санатына Красноярка (1,7%) өзені (Шығыс  Қазақстан облысы) жатады. 

 

Бұл ретте кейбір су объектілерінің сапасы нашарлаған. Мәселен, Глубочанка (ШҚО), Ор (Ақтөбе облысы), Ембі (Ақтөбе облысы), Бірқара (Жамбыл облысы) өзендері мен  Марқакөл көлі «таза» санаттан «шамалы  ластанған» санатқа  ауыстырылған. 

 

Сондай-ақ Шу және Ақсу (Жамбыл облысы) өзендері, Балқаш көлі мен Күрті  су қоймасы (Алматы облысы) «шамалы  ластанған» санаттан «ластанған» санатқа  жатқызылды. Глубочанка өзені мен  Кеңгір су қоймасы «ластанған» санатқа  ауыстырылды және Билікөл көлі (Жамбыл облысы) «лас» санаттан «өте лас» санатқа  жатқызылды. 

 

Соңғы кезде республикада ірі қалалар мен өнеркәсіп  орталықтарындағы сарқынды су проблемасы асқынып отыр. 

 

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы республикада 298 елді мекенде кәріз жүйесі бар, бұл - республикадағы жалпы елді мекендердің (7161 бірлік) бар болғаны 4,2 пайызы. 

 

Республика аумағында 573 кәрізді тазарту ғимараты жұмыс  істейді. Кәріз желілерінің жалпы  ұзындығы республика бойынша – 14678,1 км, соның ішінде бас коллекторлардың  ұзындығы - 4806,8 км, таратушы кәріз желісінің  ұзындығы 9871,3 км. құрайды. 

 

Табиғат қорғау объектілерінің негізгі қорларының жай-күйі төмен  дәрежеде. Су бұру жүйесінің құрылыстары  мен желілерінің, сондай-ақ сумен  жабдықтау объектілерінің басым  көпшілігінің пайдалануға берілгендеріне немесе күрделі жөндеуден өткендеріне 20 жылдан асып кеткен. Желілердің 2/3-сі күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді. 

 

Жергілікті атқарушы органдардың  деректері бойынша жалпы республикада сарқынды сулар жиналатын 130 тоған  мен төгінділер қабылдайтын 51 нысан  бар. 

 

Төгінділер қабылдайтын 13 нысанда тазарту құрылыстары  жоқ, яғни сарқынды суларды төгу тазаланбай жүзеге асырылады. Өнеркәсіп кәсіпорындарынан аққан сарқынды сулардың елеулі көлемі (жекелеген қалаларда 24%-ға дейін) тікелей  қалалық тазарту  ғимараттарына  келіп құяды, ал бұл құрылыстар әдепкіден  өнеркәсіптік сарқынды суларды тазартуға  есептелмеген. Қолданыста жүрген тазарту  ғимараттардың көпшілігі өздерінің  пайдалану ресурстарын толық  сарқыған, сол себепті оларды ауыстыру не болмаса жаңарту қажет. 

Информация о работе Экологиялық бақылау және қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингі