Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2015 в 08:18, реферат

Краткое описание

Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі болып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі жаһандық өзекті мәселелерге кіріп, қазіргі халықаралық қатынастарда белгілі орын алады. Экологиялық мәселелердің сипаты көлеміне қарай әр түрлі болса да, көбі нағыз халықаралық деңгейге иеленеді. Ендеше әлемдік қауымдастықтың әрекеттерінің бірігуі, халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюі өте қажет. Сондықтан экологиялық ынтымақтастықта халықаралық үкіметаралық жҽне үкіметтік емес ұйымдардың рөлі өте мағыналы, ал кейбірде қоршаған ортаның нақты мәселелерінің шешілуінде мемлекеттер мен салыстырғанда осы институттардың ықпалы көбірек екенін байқауға болады.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Экология мәселесі
2. Халықаралық ұйымдардың маңызы
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

эко999 Тойганбек А.docx

— 59.53 Кб (Скачать файл)

 

                      МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ


                               МЕДИЦИНАЛЫҚ 

                                УНИВЕРСИТЕТІ

 

                       Бағалық пәндер департаменті

                 Жалпы гигиена және экология курсы

 

                «Экология және тұрақты даму» пәні

 

 

    СОӨЖ

Тақырыбы: «Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың маңызы»

 

 

 

 

 

Орындаған:Тойғанбек А.Б.

                                                              Тобы:108Б

Факультеті:Жалпы медицина

 Тексерген:Джадигеров.АС.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2015 ж.

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  1. Экология мәселесі
  2. Халықаралық ұйымдардың маңызы

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      Экология мәселесі - бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі болып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі жаһандық өзекті мәселелерге кіріп, қазіргі халықаралық қатынастарда белгілі орын алады. Экологиялық мәселелердің сипаты көлеміне қарай әр түрлі болса да, көбі нағыз халықаралық деңгейге иеленеді. Ендеше әлемдік қауымдастықтың әрекеттерінің бірігуі, халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюі өте қажет. Сондықтан экологиялық ынтымақтастықта халықаралық үкіметаралық жҽне үкіметтік емес ұйымдардың рөлі өте мағыналы, ал кейбірде қоршаған ортаның нақты мәселелерінің шешілуінде мемлекеттер мен салыстырғанда осы институттардың ықпалы көбірек екенін байқауға болады. Халықаралық ұйым дербес зияткерлік, техникалық, қаржы көздері бар, жҽне мемлекеттерден саяси тҽуелсіздігі бар тұрақты құрылым болғаннан кейін, экологиялық ынтымақтасу кезінде пайда болатын мәселелерді ең тиімді шеше алатын құрал болып есептеледі. Осы жағдаймен байланысты өткен ғасырдың 60 жж. аяқ кезінде құрылтайшы құжаттары оны қарастырмаса да, экологиялық мәселелер ірі халықаралық ұйымдардың күн тәртібіне енгізіле бастайды. Мәселен, қазіргі таңда экологиялық мәселелер келесі беделді аймақтық ұйымдар мүдделері болып саналады: Еуропа Кеңесі, ЕКЫҰ, Еуропалық Одақ, ТМД және басқаларында.  

       Жаһандық деңгейде бұл міндетті, яғни қоршаған ортаны қорғау міндетін, БҰҰ атқарады. БҰҰ осы салада ең ірі мекеме екенін бҽріміз білеміз. Сонымен қатар, БҰҰ «тұрақты даму» тұжырымдамасын қамтамасыз етіп жҽне жақтайтынын айтып кету керек. Өйткені «тұрақты дамуға» көшу бұл барлық әлемдік қауымдастықтың жаһандық мәселесі, яғни қоршаған табиғи ортаны бұзбайтын тұрақты дамудың экология жағынан қауіпсіз үлгіге көшу ол заманымыздың жаһандық үрдісі. Ұйымның жаңа ғасырдың міндеттеріне арналған баяндамасында 2000 жылғы Мыңжылдық саммитінде БҰҰ-ның Бас Хатшысы К.Аннан үш ірі міндетті атап, олардың ішінде қоршаған ортаны аман сақтап қалу міндетін атайды. БҰҰ жаһандық халықаралық ұйым бола тұрып, біздің ғаламшарымыздың экологиялық жағдайын жақсарту үшін барлық мемлекеттерді осы тұжырымдаға назар беруге шақырып, жаһандық үрдісті басқарып отыр. Бұл ұйым экологиялық мәселелерді экономикалық, әлеуметтік, демографиялық жҽне басқа да түрлі шарттармен тығыз байланыстырады.

     Тарихқа жүгінсек, экологиялық саладағы ынтымақтастықтың басталуын 1913 ж. байланыстыруға болады. Бұл жылы Швейцарияда 18 елдің ғалымдары жиналып, ақпараттарпен алмасу жҽне ұйымдастырушылық шараларды талқылайды, бірақ іс жүзінде экология саласында нақты шаралар мен әрекеттерді бастауға мақсат етілмеген. Осы бағытта 1928 ж. Брюссельде Табиғатты қорғау халықаралық бюросы ашылады, алайда бұл ұйымның міндеттері табиғатты қорғау заңнамаларды құрастыру жҽне ұлттық парктер туралы мҽліметтер жинаумен шектелді. Сонымен қатар, ірі әмбебап ұйым - Ұлттар лигасы да - ғалымдардың үміттерін ақтаған жоқ, ҿйткені табиғатты қорғау мәселесі ұлттық үкіметтерде адамзаттың негізгі мақсаттардың бірі ретінде ол кезде есептелмеген. Яғни, бұл кезде экологиялық мҽселелерге назар аударылса да, тек қана мамандар деңгейінде болуын жҽне тиімді халықаралық органның қалыптаспағанын байқаймыз.

     Мағыналы өзгерістер БҰҰ-ның құрылумен байланыстырылады. 1948 ж. ЮНЕСКО- ның қолдауымен Брюссель бюросының негізінде Табиғатты қорғау халықаралық одағы құрылды (1956 ж. атауы өзгерді Табиғатты жҽне табиғи ресурстарды қорғау жҿніндегі халықаралық одақ (МСОП). 1949 ж. бұл ұйымның, жҽне ЮНЕСКО мен ЭКОСОС қатысуымен табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық конференция ұйымдастырылады. Негізгі жетістігі: табиғаттың кейбір объектілерін сақтаумен бірге, табиғи көздерді тиімді пайдалануын қарастыратын кең тұжырымдаманың пайда болуы. Әрине, бұл кезде де кейбір экологиялық мҽселелерге назар аударылмай, шаралардың үйлестірілуінің төмен дҽрежеде болғанын жҽне бір-екі ұйымның күшімен ғана ұйымдастырылуын көрсетуге болады.

        Бірақ, көптеген факторлар экологиялық ынтымақтастықтың өзгеруіне ықпал жасайды. Олардың ішінде 60 жж. басталған ғылыми-техникалық революцияның қоршаған ортаға әсері, жҽне осы әсердің нҽтижесінде экологиялық мҽселелердің жаһандық сипат алуы. Ендеше, осы кезде ҽлем қауымдастығы алдында екі мақсат қойылды: біріншіден, экологиялық саладағы ынтымақтастықты БҰҰ жүйесі деңгейінде үйлестіру, екіншіден, экологиялық қызметтің барлық деңгейлерінде ҽлеуметтік-экономикалық факторларды ескеру. Жалпы, осы кезеңде экологиялық ынтымақтастықтың нығаюы байқалады. Мәселен, 1968 жылғы БҰҰ Бас ассамблеясының 1972 ж. Стокгольмде қоршаған орта жҿніндегі халықаралық конференцияның шақырылуы жөніндегі шешіммен байланысты түрлі халықаралық ұйымдардың қимылдары белсене жүргізіліп, жаңа жобалар ұйымдастырылып, экологиялық ынтымақтастық нығая береді. Сонымен қатар, алпысыншы жылдардан бастап кҿптеген экологиялық қозғалыстар жҽне саяси партиялар құрылды.

       1972 ж. аталған конференциямен бірге БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ЮНЕП ұйымын құрады (Қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның бағдарламасы). Бұл ұйым осы кезеңнен бастап жаһандық жҽне аймақтық деңгейде экологиялық қызметті үйлестіруші орган болып табылады. ЮНЕП өз бағдарламаларын елдер жҽне аймақтар ерекшеліктерін ескере отырып 37 бекітеді. Мысалы, Еуропада аймақтық теңіздер бойынша жалпыеуропалық стратегияны қалыптастыруға жҽрдем көрсетіп, немесе Каспий теңізі бойынша зерттеулер мен аймақтық қимылдар жоспарын құруға кҿмек көрсету жҽне Каспий экологиялық бағдарламасын жасауға әрекеттерін атауға болады. Ерекше айтатын болсақ, Каспий экологиялық бағдарламасының (КЭБ) негізгі мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақты дамуын жҽне биоресурстар мен су беті айдынын қоса алғанда, табиғи ресурстарды басқаруды жақсартуды қамтамасыз ету. Каспий экологиялық бағдарламасына Каспий жағалауының елдері мен халықаралық донорлық ұйымдардың арасындағы ынтымақтастыққа ықпал ететін үйлестіруші тетік рөлі жүктеліп отыр. 2000 ж. 16- қазанында ЮНЕП-тің Қазақстан Республикасының ұлттық комитеті құрылды.

         БҰҰ-ның ұйымдастырылуымен кҿптеген халықаралық форумдар өткізілді, мәселен, 1976 ж. БҰҰ елді мекендер жөніндегі конференция, 1977 ж. су ресурстары жҿніндегі БҰҰ- ның конференциясы, 1977 ж. шҿлейттену мҽселелері бойынша БҰҰ-ның конференциясы т.б. 1992 ж. Рио-де-Жанейро қаласында қоршаған ортаны қорғау жҽне тұрақты даму жҿніндегі БҰҰ конференциясы өтеді. 179 мемлекеттер жҽне үкіметтік емес ұйымдардың 3000 өкілі қатысады. Негізгі құжаты - «ХХІ ғасырға арналған күн тҽртібі». Сонымен қатар, екі маңызды халықаралық келісім-шарт қабылданды: Климат өзгеруі жөніндегі жҽне биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенциялар. Біздің республикамыз осы негізгі құжаттарды қолдап, 1988 ж. бастап БҰҰ-ның тұрақты дамуы бойынша Комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. 1991 ж. ЮНЕП, ПРООН жҽне Дүниежүзілік банк арасындағы келісімдер негізінде Жаһандық экологиялық қор құрылды.

       Қоршаған орта мҽселесінің жаһандық жҽне кешендік сипаты бәрімізге мҽлім. Сондықтан бұл саладағы ынтымақтастыққа БҰҰ-ның өз қызметінің ерекшеліктеріне қарай барлық мекемелері қатысуда. Экономикалық қызметпен айналысатын БҰҰ азық-түлік жҽне ауылшаруашылық ұйымы (ФАО), Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), ҽлеуметтік мҽселелерге назар аударатын Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), мҽдени- гуманитарлық салада Білім беру, ғылым жҽне мҽдениет мҽселелері жҿніндегі ұйым (ЮНЕСКО) ұйымдары да экологиялық мҽселелермен айналысады. Сонымен қатар, ЭКЛАК, ЭСКАТО жҽне басқа БҰҰ-ның аймақтық комиссиялары да қатысады. Мысалы, ЮНЕСКО-да арнайы экологиялық ғылымдар бойынша, жер бойынша ғылымдар, су бҿлімдері бар, Халықаралық теңіз ұйымында Теңіз ортасын қорғау жҿніндегі комитеті осы саладағы қызметті басқарады, ДДҰ- қоршаған ортаның санитарлық жағдайын қамтамасыз етуі бойынша бөлімінің шеңберінде қызмет етеді, МАГАТЭ бойынша онын ядролық қауіпсіздік бҿлімі радиоактивтік сҽулеленудан қорғау бағдарламасын атқаруда.

      БҰҰ-ның арнайы мекемелерінің қызметі бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі. Мҽселен, МАГАТЭ адам жҽне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кең бағдарламаны жүзеге асырады. Оның ішінде радиоактивті шикізат пайдаланатын кҽсіпорындарға бақылау жасау, атом өнеркәсібіндегі апаттар кезіндегі жҽрдем көрсету жҽне де басқа шаралар ұйымдастырылады. Халықаралық еңбек ұйымының бағдарламаларының бір бағыты - еңбек жҽне қоршаған ортаның жағдайларын жақсартуда халықаралық жүйенің көрсеткіштерін белгілеу болып табылады. БҰҰ азық-түлік жҽне ауылшаруашылық ұйымында шөлейіт аудандардың қоршаған ортасын басқару жөніндегі азық-түлік ҿнімінің сапасы бойынша нормаларды белгілеу бағдарламасы жүзеге асырылуда.

        Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамның денсаулығына қоршаған ортаның ҽсерін зерттейтін бағдарламаны іске асырады. Оның негізгі мақсаты түрлі орталардың ластануы деңгейлерін реттеу, су көздерінің санитарлық жағдайын бағалау. Халықаралық теңіз ұйымы кемелерден теңіздің ластануын бақылап, судағы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға тырысады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның қызметінің барлық бағыттары тікелей қоршаған ортаны қорғау мҽселесімен байланысты. Ауа-райы бойынша дүниежүзілік қызмет, дүниежүзілік климат бағдарламасы, жаһандық климаттың өзгеруінің адам 38 денсаулығына әсер етуі жҽне керісінше адамзат қызметінің климаттың өзгеруіне ықпалы жҽне басқа да мәселелер осы ұйымның жұмысы.

         БҰҰ басқаруымен 1997 ж. Киото хаттамасы қабылданды ( негізгі мақсаты 2008- 2012 жж. 1990 жылмен салыстырғанда СО2 газдардың пайдалануын 5%-ға азайту). Бұл хаттама ЮНЕП жҽне Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым бірге құрған климат өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның 1992 ж. Риода бекітілген Конвенциясына қосымша келісім болып табылады. Экологиялық мҽселенің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан ұсыныс жасап, Астана қаласында БҰҰ-ның әлеуметтік қорғау жҽне экология министрлерінің алтыншы Конференциясын (2010ж.) жҽне Жалпыеуропалық «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші Конференциясын 2011 ж. 21-23 қыркүйекте өткізді. Қазақстан БҰҰ-ның жҽне оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік жҽне экологиялық апаттардың экономикалық жҽне гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды кҿздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек.

      2012 жылдың 20 маусымында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ орнықты даму жҿніндегі «Рио+20» Конференциясы кезінде негізгі екі тақырып талқыланды: «жасыл экономикаға» өту мен орнықты дамудың институционалдық негіздері. Қорытынды құжаттың негізіне Астананың бастамасы жатқызылды. 2010 жылдың қазанында Азия жҽне Тынық мұхит елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-конференциясында Қазақстан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ҽзірлеген. 2011 жылдың қыркүйегінде «Жасыл көпір» бастамасы жҽне серіктестік бағдарламасы Жалпы еуропалық «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші министрлер конференциясында қолдау тапты. «Жасыл көпір» бағдарламасы барлық мүдделі тараптардың инвестицияларға, инновациялар мен технологияларға қолжетімділігін кеңейту үшін «жасыл» жобаларды қарапайым, практикалық және тиімді шаралармен қолдауға арналып әзірленген. Бағдарлама қатысушы елдердің экономикалық даму деңгейіне қарамастан, олардың тең құқықтығын ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар бизнестің, халықаралық, үкіметтік емес жҽне ғылыми ұйымдардың қатысуын көздейді .

       Жалпы, осы жаһандық мәселе аймақтық халықаралық ұйымдардың қызметінде де мағыналы орын алады. Мәселен, ТМД шеңберінде 30 жуық келісімдер бекітілді. ТМД жарғысына сҽйкес экологиялық ынтымақтастық ұйымның мақсаттарының бірі болып табылады. Алғашқы келісім - 1992 ж. ақпан айында экология жҽне қоршаған ортаны қорғау саласында өзара қатынастар жөніндегі келісім. 1999 ж. қаңтарында экологиялық мониторинг саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім жҽне басқа да арнайы құжаттар қабылданды.

        Еуропалық  халықаралық ұйымдар өте тығыз экологиялық ынтымақтастықты жүргізеді. Мәселен, ЕҚЫҰ-да экологиялық ынтымақтастық осы ұйымда бекітілген қауіпсіздік тұжырымдамасының мағыналы бөлігі болып табылады. Еуропалық Одақта 70 жж. бастап негізгі мақсаттарының бірі Ортақ экологиялық саясатты қалыптастырумен байланысты. 1987 ж. Бірыңгай Еуропалық актінің баптарының ішінде, үшінші бабы қоршаған ортаның қорғау мҽселесіне арналған. 1973ж., 1977ж., 1983 ж., 1987 ж., 1993 жылына сҽйкес Еуропалық Одақ экология саласында «Қимылдардың бағдарламалары» атты бес бағдарлама бекітілді. Мәселен, ерекше атайтын болсақ, Еуропалық су саясатының шеңберінде экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты су пайдалану саласындағы 2000 жылы 30 маусымда Брюссельде Еуропалық Парламент жҽне Еуропалық Одақ Кеңесі Еуропалық Одақ іс-әрекеттерін орнату жөнінде нұсқау қабылдады. Еуропалық су доктринасының мақсаты: ішкі, трансшекаралық, жер асты жҽне жер үсті суларының қорғауындағы құқықтық шеңберді орнату. Ондағы құқықтық нормалар су ресурстар сапасының нашарлауын алдын алуына, су жүйесінің жағдайын жақсартып, қорғау, тұрақты су пайдалануды дамыту, су тасқыны мен құрғақшылықтың зардаптарын қысқарту. 39 Еуропалық су нұсқауының қабылдануы, Еуропалық су заңын жаңартатын жҽне су ресурстарын басқаруда жаңа тҽсіл орната алатын үлкен саяси жетістік еді. Су саясаты саласындағы нұсқау: су сапасының нашарлауын алдын алу үшін жҽне су экожүйесінің сапасын жақсарту мақсатындағы мына мәселелерді де қамтиды: 20 жыл ішінде кейбір ластаушыларды жою, арнайы талаптармен қорғалатын аймақтарды құру. Мысалы, ауыз су мҽселесі тек Еуропа Одағының заңында белгіленумен сәйкес ұлттық заңнамада белгіленуі тиіс. Еуропалық су идеясын жүзеге асыру үшін кҿптеген халықаралық үкіметтік емес ұйымдар су ресурстарын басқаруда заңды құқықтық нормаларды жетілдіруде көптеген жұмыстарды атқаруда. Олардың ішінде 1974 жылы 19 мамырда құрылған Қоршаған ортаны қорғау еуропалық кеңесі.

         Сондай-ақ, Еуропа Кеңесі шеңберінде түрлі конференциялар ұйымдастырылды. Арнайы орган - Қоршаған орта, аймақтық жоспарлау жҽне жергілікті билік органдары жҿніндегі комитет бекіткен құқықтық актілердің ішінде 1979 ж. Еуропадағы табиғи орталар жҽне жабайы табиғатпен, флора мен фаунаны қорғау жҿніндегі Берн конвенциясы, 1993ж. қоршаған ортаға апат келтіретін қызметпен байланысты залалы үшін азаматтық жауапкершілік жҿніндегі Лугано Конвенциясы, 1997ж. биоэтика саласындағы ҽлемдік тҽжірибедегі алғашқы келісім-шарт Биоэтика жҽне адам құқықтары бойынша Конвенциясын атауға болады. Соңгы құжатқа сҽйкес адамның клонын жасауға тыйым салу жҿніндегі Қосымша хаттама бекітілді.

Информация о работе Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың маңызы