Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2014 в 21:05, реферат

Краткое описание

Экологиялық факторлар – қоршаған ортаның тірі организмге әсер ететін әртүрлі сыртқы факторлары. Әрбір организм өзінің тіршілік ортасында: климаттық, эдафикалық (топырақтық) және биотикалық сияқты әртүрлі факторлардың әсеріне шалдығады. Экологиялық фактор ортаның әрі қарай бөлінбейтін, тірі организмге тікелей немесе жанама әсер ететін факторлар болып табылады. Экологиялық фактордың әсер етуі орташалануы мүмкін, яғни оның әсері әртүрлі көптеген себепті-салдарлы байланыстар арқылы өтедеі. Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады.

Содержание

КІРІСПЕ
Тіршілік ортасы ............................................................................ 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қоршаған орта экологиялық факторларының жіктелуі ........... 4
Экологиялық факторлардың организмге әсері ......................... 6
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары .............................................................................. 10

ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................... 11

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................ 12

Вложенные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 227.76 Кб (Скачать файл)

Температура  мен ылғалдылықтың  әсер етуі. Антрактиканың шөлді  мұзында  t0-ра -880С дейін төмендесе,  Жердің сусыз шөлдерінде көлеңкеде    +580С   дейін көтеріледі. Орталық   Европаның  ормандарында оңтүстік  жағында  ыстық жазда 400С дейін жетсе, солтүстік жағында 200С дейін барады. Жердің  барлық  жерінде  тіршілік  таралған.  Бірақ  бір тіршілік иесі әлемде бүкіл жердегі   t0-ра диапазонын көтеруі мүмкін емес. Сондықтан  кез - келген  жануарлардың  таралуы  мекен  еткен  жерімен шектеледі, сол температурамен бейімделеді.

Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жануарлар өзгеруінің дене температурасын реттей алмайды, және пойкилотермдік жануарлар деп аталады.

Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады, мұндай жануарлардың дене температурасы тұрақты және оларды гомойотермдік деп атайды.

Қоршаған ортаның температурасының  өзгеруіне  өте төзімді жануарлар эвритермдік , ал тек белгілші температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.

Ылғалдылықтың жеткілікті мөлшері - Жердегі барлық организмдердің өмір сүруінің негізгі  шарты.  Организмдегі болатын барлық тіршілік процестері  су ерітіндісінде жүреді. 

Әдетте жануарлар денесінің 50% астамы судан тұрады. Мысалы : үй жануарларының  59%, адам денесі 64%, ұлу 70%, балықтарда 75% және жоғары, медузаларда 99% т. б.

Көптеген жануарларда  ылғалдылықың көп немесе аз болуына байланысты организімдерінде тірішілік ету орталары арасында өзара байланыстар (бейімделу механизмдері) қалыптасқан.

Август Тинеманн деген биологтың айтуынша «космостық шырмалымға» барлық тірілер кіреді және соған бағынышты. Тіршілік көзі- күн сәулесі.

Биотикалық факторларға адаптация.      

 Тамақтану және түр аралық  байланыстар.  Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.       

Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузорилер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.

Гүлдер мен өсімдіктер.

Ертеде ассириялықтар мен вавилондықтар  Екі өзендік мемле - кетінде  құрма пальмасын өсірді (екі үйлі өсімдік). Х.К. Шпренгель «Табиғаттың ашылған сыры» еңбегінде 1793 жыл гүлді өсімдіктердің (нектарник) балауызын зерттеді. Ол өз теориясында гүлдердің балауыз қасиеттері сол өсімдікті тозаңдыратын жәндіктерге тәуелді екенін айтты. Мысалы: эвглосса арасы  нектар соратын мүшесі ұзын болып келеді. Оңтүстік америка көбелегі - тұмсықтар өте ұзын гүл формасына байланысты. 

 

 

 

Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.

Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.

Шектеуші факторлар концепциясы екі: бір-бірімен байланысты Ю. Ли- бихтің минимум және В. Шелфордтың толеранттық заңдарын тұжы- рымдайды.

Организмдердің тіршілігін шектейтін факторлар шектеуші деп аталады. Экологиялық минимумның шектеуші әсері туралы түсінікті 1840 жылы неміс агрохимигі Ю. Либих енгізді. Кейін бұл минимум заңы деп аталды.

Минимум заңы – бір экологиялық фактордың кем болуы – организмнің тіршілігіне кедергі болып тиеді. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы)  организмнің күйіне  ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың (1913 ж.) толеранттық (төзімділік)  заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады (грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Табиғи жағдайда әрбір организм көптеген факторлардың әсеріне бір кезде ұшырап отырады. Түрдің бірнеше факторлардың бір мезгілде әсер етуіне анықтау үшін, оның  әр фактор әсеріне төзімділігі туралы эксперименталдық мәліметтер болуы тиіс. Әдетте, бір-екі  факторға қатысты төзімділік шектерін білу, даралардың бірнеше фактордың бір мезгілдегі әсеріне реакциясын анықтау үшін жеткілікті. Бірақта онда – қай фактор немесе факторлар басты болып саналуы керек деген сұрақ туады. Шектеуші факторлар заңына сәйкес, организмнің төзімділі оның экологиялық мұқтаждықтарының ішіндегі ең осал буынына тәуелді. Факторлардың ішінде қай фактор төзімділік шегіне жақынырақ тұрса, соның әсері күштірек болады. Қорыта келгенде, әр организмнің әрбір экологиялық факторлар бойынша белгілі таралу шегі болады. Факторлардың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік етуі үшін ең қолайлы жағдайлар туады. Факторлардың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің де тіршілік әрекеті де соғұрлым нашарлай түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

«Экология және тұрақты даму» С.Ж. Колумбаева, Р.М. Білдебаева,

 М.Ә. Шәріпова (Алматы Қазақ университеті 2012)

referatikz.ru

megamozg.kz

www.topreferat.com

referatkaz.kz

kontrosha.net

 

 


Информация о работе Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру