Экологиялық факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 14:40, реферат

Краткое описание

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі).
Экологиялық факторлар
Экологиялық факторлардың организмге әсері.
Абиотикалық факторлар
Биотикалық факторлар
Антропогендік факторлар
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық факторлардың жіктелуі.docx

— 39.83 Кб (Скачать файл)

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі). 
  3. Экологиялық факторлар
  4. Экологиялық факторлардың организмге әсері.
  5. Абиотикалық факторлар 
  6. Биотикалық факторлар 
  7. Антропогендік факторлар 
  8. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп — тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі). 

Жер бетіндегі  тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік  ортасына бөлінеді.

1.Сулы орта

Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен  ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн  сәулесін күшті сіңіреді. Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар  деп аталады.Гиробионтар – суда  өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.Судың жоғарға  қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондардеп аталады.Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады. Су түбінде мекен етуші ағзаларбентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).

Гидробионттардың  бейімделу ерекшеліктері.Су жануарларының  сулы ортада бағытын табуы,көру бағытының  шектеулілігі, дыбысқа  жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының  таралуын қабылдау (киттәрізділер)) Фильтрация (сүзу)   -  қоректену көзі.Кейбір  гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді , олар  көп мөлшердегі суды  сүзіп, ондағы  кездесетін  органикалық заттар текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді.Су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері.Бұндай су тоғандары негізінен  өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға  ерекше жағдайдағы өмірге – гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады,тіпті цисталық  кезеңдегі өмір кешеді десе де болады.

2.Құрлықты орта.

Ауа ортасындағы  тіршілік сулы ортаға қарағанда эволюциялық  дамуда кейінірек пайда болды.Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек.Жанурлар денесі ауамен қоршалған- газтәрізді ортада қысым төмен, оттегінің  мөлшері жоғары,су тамшыларының мөлшері  керісінше төмен. Бұлар тыныс  алу жағдайын күрт өзгертеді,сонымен  қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді.Көптеген түрлерде  ауа лектерінің  көмегімен таралу – анемохория дамыған. Ауа лектерінмен ағзалардың пассивті қабылдануы –аэропланктондар деп аталады.  Бұл ортаның өзіндік ерекшелігі –температураның жылдам  өзгеруі болып табылады.Құрлық -  ауалы ортаның  жағдайы ондағы ауа – райының өзгерісіне  тікелей байланысты.Ауа – райының өзгерісіне байланысты  жер бетінің 20 км. бетіндегі  атмосферасының   үздіксіз өзгерісіне әкеледі (тропосфераның шегі).Ауа –райының көп жылдық  тұрақты өзгерісі сол жердің климатына сәйкес сипатталады.Сонымен қатар, жерүсті тіршілігі үшін ол жердің  жарық түсу жағдайы, жергілікті жер рельефі және  грунтының құрамы, жауын – шашындардың (жауын, бұршақ, қар) мөлшеріне де көп байланысты.

3.Топырақ – тіршілік  ортасы.

Топырақ – құрлық үстінің  жұқа борпылдақ, ауамен  байланысып жататын бөлігі. Бұл  үшфазалы жүйе, оның  қатты бөлігі ауаме, сумен  қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен  толтырылған жолақтардан  тұрады. Бұндағы температура  өзгеріп отырады, жер беті  өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және  минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.

Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары:

Микрофауна -  топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар,колораткалар,тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар үшін  топырақ – микросу тоған жүйесі.

Мезофауна  - недәуір ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3 мм – ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер,алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар).Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты.

Макрофауна  – 2-20 мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер (құрттар,қырықаяқтар,жәндіктер,шаянтәрізділер).

Оларға топырақ  – қатты орта болып есептеледі де, қозғалыс кезінде  аздаған  механикалық кедергілер келтіреді.

Топырақ мегофаунасы – бұлар ірі жер қазушылар, негізінен сүтқоректілер болып келеді (слепыштар,слепушонкалар,цокорлар,көртышқандар және басқалар), олар  өмірін топырақ астында өткізеді де,қазуға бейім келеді.

Інде тіршілік етушілер (суырлар,борсықтар,саршұнақтар,тушкандар, қояндар және т.б). Олар негізінен  жердің  үстінде қоректенеді де, көбеюі, қыстаулары, тынығулары, өз жауларынан қорғанысы топырақта  жүреді. Топырақ жануарлардың эволюциялық дамуында өте үлкен роль атқарды.

4.Тірі ағзалар  – тіршілік ортасы.

Тірі ағзалардың денесін тіршілік ортасы ретінде  пайдалану – табиғаттағы бұрыннан келе жатқан табиғи құбылыс. Тіпті микроағзалар (бактериялар, біржасушалы балдырлар) паразиттер мен симбионттардан тұратын  бірлесе тіршілік ететін ағзалармен қатар өмір сүреді.Паразиттік өмір сүру жағдайларының өзіндік  оңды жақтары мен кемшіліктері бар.

Оңды жақтары:a)Қорекпен  өзінің тіршілік етуші  қожасының  ағзасы арқылы үнемі  толық қамтамасыз етіліп тұрады.Паразиттердің  тез өсуі  көбеюге және басқа  ағзаларды  залалдауға себепші болады.в).Сыртқы ортадан туытын әсерлерден толық қорғанышта болады.

Кемшіліктері: а).Ткандар  мен  жасушаішіндегі өмірсүрушілер үшін тіршілік кеңістігі  шектеулі. в).Оттегімен қамтамасыз етілуі күрделі. 3)Қожа ағзасының прпзттерден қорғанысы да шектеулі.

Осындай жағдайларға  қожа ағзасы да,паразитер де эволюциялық  даму жағдайында  әркімнің өзінше бейімделушілігі қалыптасқан.


Экологиялық факторлар

Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен  тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Бұл орталарға  топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар жатады. Табиғи ортаның құраушылары тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен: көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбейуіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы. 
Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп — көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компонентерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар деп – тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтады. 
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы. 
Факторлар үшін негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық. 
а) Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және физикалық деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер т.б факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді. 
б) Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір – біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір- бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым – қатынаста болады. 
Аталған қарым – қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін. 
в) Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс — әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материялдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.

 
Экологиялық факторлардың организмге әсері.

 
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы  бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либихи (1848 ж) ашқан. 
а) Оны «Минимум заңы» дейді. «Минимум» заңының өмірде практи – калық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шешуші фактор – ларын біле отырып мол өнім немесе табиғат ресурстарын тиімді пайда –лануға жол ашады. 
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғары төзімділік қасиеті болады. 
ә)Төзімділік заңы В. Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организімдердің факторларға деген талғамының шектелуі. 
б) Биосферадағы организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше экологиялық ортада қалыпты тіршілігін жалғастыра береді, организмдердің бұл тобын эвробионтты түрлер дейді. 
в) Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз степобионтты организмдер дейміз. Сенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалық болуы мүмкін. Мәселен: Іле Алатауының шыршалы орманында тіршілік ететін ақ тиін шектеулі фактор үшін – қорек. 
г) Экологиялық фактордың тікелей немесе жанама әсер етуі олардың белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік формаларын қалыптастырады. Организмдердің экологиялық ортада класификациялауда негізінен толық бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан біз организмдердің тіршілік формаларын жіктеуде олардың тіршілік ортасын негізге аламыз. 
д) Тіршілік формасы дегеніміз – организмдердің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімделуі. Әсіресе, жануарлар дұниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі. Жануарлардың тіршілік формаларын жіктеу Д.Н.Қошқаровтың жүйесі бойынша алынады: 
а) жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос). 
б) жартылай суда тіршілік ететіндер ( уақытша қорек үшін сүңгитіндер). 
в) қызғыш формалар ( жер бетіне шықпайтындар, жер бетне уақытша шықпайтындар). 
г) құрлық формалар 1) ін қазбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жорғалаушылар); 2) жартас жануарлары; әуе формалары. 
д) ағашқа өрмелейтіндер; 1) ағаштан түспейтіндер; 2) ағаштарда жүретіндер. 
е) әуе формалары; 1) әуеден жемтігін ұстайтындар; 2) әуеден қарауылдайтындар. 
Өсімдіктер әлемін ғалымдар зерттей келіп олардың тіршілік формасын жіктеуге ұмтылған. Соның ішінде ботаник С. Раункиер жүйесі негізге алынады. 
а) эпифеттер – топырақтар тамыры болмайтын ағаштарға асылып шырмалып өсетін өсімдіктер. 
б) Фанерофиттер – жер бетінде өсетін барлық ағаштар, бұталар мен көптесін өсімдіктер жатады. 
в) Хамефиттер — өркендері жер бетіне өсетін шөптесін жылдық өсімдіктер. Қыста өркендері үсімейтін өсімдіктер. 
г) Гемикриптофиттер – жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын, ал пиязшықтары сақталатын өсімдіктер. 
д) Криптофиттер немесе геофиттер – топырақтың терең қабатында тамыр түйнектері сақталып қалатын көп жылдық өсімдіктер. 
е) Терофиттер – жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер. 
Биосферадағы негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған бейімделуі. 
а) Жарық. Жарық тірі организмбер үшін негізгі факторлардық бірі. Күн сәулелерінің жер бетіне келіп жететін барлық мөлшерінің 50% ғана бізге көрінсе, қалған бөлігін көрінбейтін инфрақызыл және ультракүлгін түсті сәулелер құрайды. 
1. Жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер) – ашық күн сәулесі түсетін жерлерде өседі. 
2. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) – қалың орман, тоғайлардың төменгі ярустарында өседі. 
3. Жарыққа орташа талапты өсімдіктер — сирек және ашық далалы орман өсімдіктері жатады. 
4. Жарық – жануарлар үшін бағдарлау қызметін атқарады. Жануарлардың даму эволюциясының нәтижесінде жарықты сезгіш мүше және күрделі көздер пайда болған. 
5. Жануарлар әлемінде денесінен жарық шығаратын құбылыс болады. Оны – биолюмипесценция дейді. Бұл организм денесіндегі күрделі органикалық қосылыстардың тотығу процесінің нәтижесі.

Абиотикалық  факторлар  
  
Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері. 
Жарық. Күн сәулесінің спектрінде  биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді. 
Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі. 
Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді. 
Жануралар күндіз немесе түнде белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді. Олар үшін жарық – тіршілік белсенділігінің уақытын анықтайтын фактор. 
Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді. 
Фотопериодизм – өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді. 
Температура. Ортаның температурасы ағзаның температурасына әсер етеді, яғни ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50)0С аралығында тіршілік ете алады. Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі болып – 190-(273)0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады. 
Температураға байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін) деп бөлінеді. 
Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі – ағзада зат алмасу барысында бөлінетін жылу. 
Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі. 
Пойкилотермді ағзалар – дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады. 
Гомойтермді ағзалар – дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады. 
Өсімдіктер төмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б. жатады. 
Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды. 
Күнге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суын азайтып, қоюланып, оның органоидтары төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді. 
Қыс кезінде өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды. Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге ауысады. 
Пойкилотермді жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады. 
Гомойтермді жануарлар төмен температурадан әр түрлі жолдармен қорғанып отырады. 
Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа қарай қоныс ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүт қоректілер т.б.). 
Тері жабындыларындағы жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және т.б.). 
Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар т.б). мұндай  гомойтермділердің дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның температурасына тәуелді болғаны үшін олардың  гомойтермділер деп атайды. 
Су. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%. 
Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда  ылғал  шектеулі  фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады.  Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі. 
Гидрофиттер – суды  мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б. 
Ксерофиттер – шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері.  Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т.б. 
Мезофиттер – ылғалдылығы орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер. 
Суккулентті – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б. 
Гидрофиттер – судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар т.б. 
Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген: 
Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады. 
Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар, киттәрізділер жатады. 
Бентос – судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп бөледі. 
Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына жабысып тіршіліе ететіндер.  
Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға ылғал жетіспегенде, олар әр түрлі бейімделеді. Мысалы: түйе өркешінің майынан метаболиттік су алады, сарышұнақтар ұйқыға кетеді т.с.с. Ал  өсімдіктер жапырақтары транспирациясының азайтады, сексеуіл тамырларын тереңге жібереді т.с.с.  
  
Биотикалық факторлар  
  
Тірі ағзалардың бір-біріне (популяциядағы даралар арасындағы, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар) әсер етуі. Биотикалық факторлар: селбесу (симбиоз және протокооперация), мутуализм, комменсализм, түріше және түраралық бәсекелестік, паразиттік, жыртқышты, аменсализм, нейтрализм. 
Биотикалық факторлар ағзалар арқылы ғана емес, табиғи орта арқылы да тікелей немесе жанама әсер ете алады. 
Өсімдіктердің бір-бірімен және тіршілік орта жағдайымен әрекеті. Популяциядағы өсімдіктердің өздігінен азаюына әкелетін, бір түрге жататынөсімдіетердің арасындағы бәсекелестік; арамшөп өсімдіктері мен мәдени өсімдіктер арасындағы жарық, ылғалға т.с.с. бәсекелестік пайда болады. өсімдіктер атмосфераның газдық құрамын сақтайды, өйткені оттегі-фотосинтез нәтижесі. 
Жануарлар мен өсімдіктердің бір-біріне әсері. Шөпқоректі жануарлар өсімдікпен қоректене отырып, олардың өсуін тежейді. Бал арасы жабайы аралар өсімдіктерді тозандандырады және шырынмен қоректенеді. Кейбір өсімдіктер өзінің жемісін және тұқымын жануарлар арқылы таратады (жаңғақты тиіндер т.с.с.), жәндік қоректі өсімдіктерді жәндікпен қоректенеді (шыбынжұт, шылқылдақ). 
Жануарлардың бір-бірімен және тіршілік ортасымен қатынасы. Бір немесе бірнеше  түрге жататын ағзалар тіршілік ресурстары үшін өзара бәсекелестікке түсуі мүмкін. Кейбір жағдайда қоректік факторларға ғана емес, басқа да (мінез-құлық, мекен ететін ортасы үшін т.б.) ресурстардың жетуспеуіне байланысты бәсекелестік тууы мүмкін. 
Саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустардың өсімдіктермен, жануарлармен және тіршілік ортасымен әрекеті. Симбиотикалық бактериялар өсімдіктермен және қоректік элементтермен қамтамасыз етеді. Ауру тұғызатын микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар организімінде паразиттік өмір сүретіндер оны өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Топырақ бактериясы мен саңырауқұлақтар топырақты құнарландырып, экожүйедегі заттар айналымын қамтамысыз етеді.  
 

 
Антропогендік факторлар  
 

Адамның ағзаларға тікелей әсер ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп соғатын әрекеттері. 
Оң әсері. Қоршаған ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тиімді қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау. 
Кері әсері. Орман-тоғай ағаштарын аяусыз кесу,  батпақты жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай жинау т.с.с.  

Қорытынды 
  
Сонымен, Қыстық бақшада – өсімдіктер, жануарлар мен  құстарқұтардың бір неше түрімен таныстық.  Қазақстанда кездеспейтін түрлерімен де таныстық. Олардың экологиялық ортаға бейімділігін, қажеттілігін аңғара келе, олардың қызыл кітапқа ене бара жатқанын да білді. «Қыстық бақшаның» ең алғаш  1993 жылы 16 қыңтарда қала металлуртерінің арқасында ашылғандығы қала тұрғындарының қуантқаны күмәнсіз. Өсімдіктер, жануарлар мен  құстарқұтардың экологияға және оларды қоршаған ортаға бейімділігін сақтау қажеттігін түсіндік...! 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=1464&partition=other&subpartition=articles_biology
  2. Экология және тұрақты даму
  3. Алматы кітап

 

 


Информация о работе Экологиялық факторлар