Экологиялық құқықтың принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 15:53, реферат

Краткое описание

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі. Егемеен Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқығынды құқықтың әрбір сласы үшін құқықтық принциптердің өз жүйесінің болуы сипатта болады. Бұл Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқығында құқықтың әрбір саласы үшін құқықтық принциптердің өз жүйесінің болуы сипатта болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялык кукыктын принциптери.docx

— 18.07 Кб (Скачать файл)

Экологиялық құқықтың принциптері 

     Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір  қоғамдық қатынастар реттеледі. Егемеен Қазақстанның  қазіргі осы заманғы  құқығынды құқықтың  әрбір сласы үшін  құқықтық принциптердің өз жүйесінің болуы сипатта болады. Бұл Қазақстанның қазіргі осы заманғы  құқығында құқықтың әрбір саласы үшін  құқықтық принциптердің өз жүйесінің болуы сипатта болады. Бұл Қазақстанның жалпы құқықтық   принциптерінің қолданылуын теріске шығармайды, бұл принциптер Республика Конститутциясында баянды етілген- бұл ізгілікшілдк, құқықтық мемлекеттің, халық билігінің, заңдылықтың, жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б принциптері. Ал біздің  зерделеуіміздің мәні экологиялық құқықтың айрықша принциптері  болып табылады.

     Құқық саласының принциптері заңнамада баянды етілуі заңды құбылыс немесе экологиялық  құқықтық тәжірбиені талдау нәтижесінде анықталкы да мүмкін. Экологиялық құқық принциптер жүйесін  анықтаудың күрделілігі  олардың  саналуандығында болып табылады. Қандай да бір нақты  экологиялық құқық қатынасына (мысалы, көмірсутегі пайдалы қазындыларын өндіру кезінде) біз жалпы  экологиялық құқық принциптерінің жер және тау құқығының принциптерімен астасуын ұшыратамыз. Ал экологиялық құқықтың әрбір кіші (жер,су,тау және т.б салаларына) құқықтық принциптердің өз жүйесі мен экологиялық  құқықтық принциптерінің жалпы жүйесі сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңының     3-бабында былай делінген:  Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

     -адамның өмірі  мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы  үшін қолайлы  қоршаған ортаны  сақтау және қалпына келтіру;

     -Қазақстан Республикасының нарықтық  қатынастар жағдайында  тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанатағанттандыру  мақсатында қоршаған  ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу

     -экологиялық  жағдайды колайсыз  аймақтардағы  экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз  ету және бұзылған табиғи экологиялық  жүйелерді қалпына келтіру.

     -табиғи ресурстарды  ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін  кезең-кезеңмен  ақы төлеуді енгізу  және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан  ынталандыруды енгізу

     -биологиялық  алуан түрлілікті және экономикалық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету

     -қоршаған ортаны  қорғау туралы заңдарды мемлекеттік  реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің  ымырасыздығы

     -қоршаған ортаға  нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету  мүмкіндігін бағалау

     -халықтың, қоғамдық  бірлестіктер мен жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  қоршаған ортаны қорғау саласына  белсенді түрде және демократиялық  жолмен қатысуы

     -халықаралық  құқық негізінде қоршаған ортаны  қорғау саласындағы  халықаралық  ынтымақтастық принциптерін сақтау  негізінде жүзеге асырылады

     Жоғарыда келтірілген  принциптердін мазмұнын қарастыралық.

     Адамның өмірі  мен денсаулығын қорғау принципті, оның өмірі үшін қолайлы қоршаған  табиғи ортаны қамтамсыз ету  экологиялық заңнаманың өзекті  мәні, табиғат пен қоғамның  арасындағы қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін құқықтық реттеу үшін негіз болып табылады. Бұл принцип мынаны білдіреді:

     Экологиялық  қатынастарды реттеудің халықаралық-құқықтық  әдіс қажет әдіс, өйткені экологиялық  құқықпен табиғат ресурстары  қорғалады және пайдаланылады, олар  бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша  көшіп отырады. Объективті  құрылым  ретінде табиғат мемлекеттерге, құқықтықирежимге тәуелді болады, олар әр алуан мемлекеттердің аумағы арқылы өтеді. Бір мемлекеттің меншігі  болмайтын табиғат объектілері бар, қайта бүкіл адамзатқа тиесілі болады(әлемдік мұхит, ауа,озон қабаты және т.б)Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бүкіл жағдайларда қазіргі халықаралық экологиялық  конвенциялар мен шарттарға бағынады. Атап айтқанда осы жағдайларда халықаралық әдіс қолданылатын болады.

     Сөйтіп, экологиялық  құқықта негізгі әдіс ретінде  экологияландыру әдісі танылады, қалған әдістер ілеспілі, қосымша  әдістер болып табылады.

 

 

 


Информация о работе Экологиялық құқықтың принциптері