Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 23:10, реферат
Экология мәселесі - үлкен тақырып, кең ұғым. Туған жеріміздің табиғатына жанашырлық жасап аялау және оны қорғау барлығымыздың міндетіміз, келешек ұрпақ алдындағы парызымыз. Өмірлік маңызы бар осынау мәселені қалың жұртшылыққа түсіндіру, әсіресе жас жеткіншектерді оқытып-тәрбиелеу әрқашан күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Экология ғылымына анықтамалар
«Экология» терминін 1869 жылы белгілі табиғат зертгеушісі, биолог, дәрігер, асадарынды неміс ғалымы Э.Геккель ғылымға бірінші болып енгізді. Латын тілінде "ойкос" - үй, отан, мекен, ал "логос"- ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді, яғни сөзбе-сөз аударғанда - тіршілік мекені туралы ғылым. Аталған үғым бойынша, экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады. Экология ғылымына берілтен көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология -- организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету оратсындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым- деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан оның қай қырына баса мән берілуіне қарай, онын анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Қолайлы қолданыс үшін, ұзақ мерзімге дейін экология - қоршаған ортаның экологиясы деп аталып келді. Көптеген ғалымдар экологияның анықтамаларын беріп, оның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсетуте тырысты. 1920 жылы американ ғалымы Ф. Клементе: «экологияны бірге өмір суретін өсімдіктер мен жануарлар туралы ғылым», деп есептесе; 1930 жылы Ұлыбритания ғалымы Ч.Элтон: "экологияның негізгі міндеті -- түрлердің популяциясы мен олардың санының динамикасын зерттеу", - деп үғындырды.
1955 жылы Киевте өткен III Экологиялық конференцияда, экология гылымы түрлердің популяция санының озгеруі және тара әрекеттесуші тур топтарының -биоценоздардың - дамуы процеспгеріне байланысты, организмдер мен крршаган ортаныц өзара байланысының өзгеріске ушырауын зерттеуі тиіс деп резолюция қабылданды.
1958 жылы К.Фридерикс, экологияны табиги комплекстердің мүшесі ретінде, ол - тіршілік иелері туралы гылым деп түсіндірді. И.Карпентер (1962 ж.) экологияны қауымдастықтар туралы гылым десе, американ ғалымы Х.Б.Одум (1963 ж.), "экологияны - табиғи қубылыстарды энергетикалың тұрғыдан зертттеумен сипатталатын, табигаттың қурылымы туралы ғылым "деп атады.
Т.Льюис пен Л.Тейлордың пікірінше (1966ж.)," экология- индивидтердің, популяцияның және популяция қауымдастыгының крршаган ортаның өзгерісіне қалай әсерін зерттейтін гылым".
Экология ілімі туралы келтірілген анықтамалардан басқа да түжырымдар бар. Мысалы, экологияны адамзат баласының іс-қимыл қарекеті нәтижесінде қоршаган ортада туындаган өзгерістерді есепке ала отырып, тіршілік иелерінің сол табиги ортамен байланыс заңдылықтарымен зерттейтін ілім, - деп те айтуға болады. (В.А.Радкевич,1972ж).
1972 жылы бүрынғы кеңестер Одағының ғалымы С.С.Шварц: "экология -өсімдіктер мен жануарлардың табиги ортада өмір суру заңдарын зерттейтін ғылым» деп атаса, ал француз галымы Р. Дажо: "экология тірі организмдердің өмір суру жагдайларын, организм мен ортаның өзара байланыстарын зерттейтін гылым", - деп көрсетті.
Отандық экологтардың бірі А.С.Данилевский: "экология -- экологиялық жуйелердің қурылымы мен қызметі туралы және олардың гемеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы гылым" - деп анықтама берген. XX ғасырдың ақырғы онжылдығында Уэбстердің толық сөздігінде келтірілген: "экология -- организмдер мен орта арасындагы байланыстардың жиынтыгы немесе қурылымы" деген анықтама, экологияның мөніне көбірек сәйкес келеді.
Алайда, неғұрлым дәл жөне қысқа анықтама беруде, ғалымдар бір-бірімен жарыса отырьш, бұл ғылымға толық анықтаманы өз заманында Эрнест Геккельдің (1869 жылы) бергенін естен шығарып алды: Экология деп, біз табигат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануартрдық оны крршаган органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен жэне өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің букіл жиынтыгын зерттеуді түсінеміз. Бір сөзбен айтқанда, экология, Дарвин тіршілік үшіи күресті туындатушы жағдайлар деп атаган, барлың күрделі қарым-қатынастарды зерттеу болып табылады.
Экология ғылымының зерттеу объектілері мен міндетгері туралы келтірілген анықтамалардың, кезінде морфология мен физиология ғылымдарына ерекше бағышталуытүсінікті де. Екеуі де бір пәнді зерттейтін физиолог пен экологтың өз пәндерін түсінудегі айырмашылығын, 1930 ж. Плантефоль жақсы анықтап берді: физиолог жасанды ортаға өкеліп орналастырылған организмдерді зерттейді де, алынған жеке-жеке деректерді синтездейді; эколог болса, организмді үнемі өзгсріп тұратын күштер әсер ететін табиғи ортада зерттейді. Қазіргі кезде әсіресе, биологиялық пәндер бойынша эволюциялық принцип жетекші орын алған сәтгерде, экологияның міндеттері нақтылануы тиіс. Экологияның міндеттері организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттеу гана емес, ол популяцияның өзара байланысы мен бейімделу реакциялармен, олардың өмір сүру жағдайларына байланысты зерттеу де болмақ.
Экологиялық мәселелерді зерттеуде Қазақстан ғалымдары да өз үлестерін қосып келеді. Дегенмен бұл сала, үңілсе таусылмайтын, күнбе-күн жаңа талап қоятын тақырып.
Әрбір ғылымның негізгі ойдың нақтылы туйінің білдіретін бір анықтамасы болуы қажет. Әрине, бір анықтама әр түрлі сөйлемдердің белгілі бір жиыитығы ретінде айтылуы немесе жазылуы мүмкін. Әрбір ғалым белгілі бip ғылымның саласынаа әр түрлі көзқараспен қарауы мүмкін, бірак сол ғалымның анықтамасы сол ғылымның шешетін түбегейлі түйінді мәселесі түртысыиан қарауы тиіс. Мысалы, экология ғылымының қоршаған ортаның тазалығын сақтау туралы ғылым екеніне ешкімнің таласы жоқ, бірақ бұл анықтама емес. Экология ғылымына кірінет ғылымының анықтамасы - қоршаған ортаның тазалында сактаудың формуласы. анықтамада экологияда пррблемаларын жан-жақты шешетін, негізгі накты туйіні көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге, экология ғылымы, қоршаған ортаның ластаиуы деңгейінің болдырмайтын тәсілдерін көрсетуі қажет.
Белгілі аумақтағы экологиялық апат, немесе, коршаган ортаны тазалығының бұзылуы туралы мәліметтерді жиі естіп жатамыз.
Жоғарыда көрсетілген экологиялық проблсмалардың биосферада орын алу себептерін қарастыратын болсақ, онда мынадай түжырымға келеміз. Экологиялық проблемалардың болуы, сол аумақтан химиялық, биологиялық және басқа да тепе-теңціктердің бұзылуы, әр түрлі экологиялық проблемалардың негізі болып табылады: Кез келген аумақта химиялық, биологиялық жене басқа да тепе-тендіктер сақталса, ол жерде экологиялық проблема болмайды және болуы да мүмкін емес. Осы ойлардың негізінде, соңғы уақытта экология анықтамасы былай тұжырымдалып жүр. " Экология -- биосфера тепе-теңдігін жан-жақты қарастыратын, оның бұзылу себептерін болжайтын, аныктайтын және mene-текдіктен ауытқудың қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы. Биосферадағы тепе-теңдіктердің бұзылу себептерін болжау және оны болдырмау - қоршаған ортамызды сақтаудың негізгі амалдарының бірі, экология ғылымының негізгі мақсаты. Биосферадағы тепе-теңдік бұзылса, оны өсімдіктерге және жануарларға әсерін - биологиялық экология, адамдарға әсері - медициналық экология, ал қоғамға әсерін - әлеуметтік экология, ал өндіріс қалдықтарын болдырмау немесе азайту, жәнс де бұл қалдықтарды заласаздандыру проблемаларын инженерлік экология салалары зертгейді.
Экологиялық оқиғалардың күнтізбесі (Г. С. Розенберг бойынша)
Жылдар |
Автор |
Мемлекет |
Экологиялық ақпарат 1 |
1 |
2 |
3 |
4 |
б.э.д. VI-I\ ғасьфлар |
J |
Ертедегі Үндістан |
«Махабхарата» жэне «Рамая-1 на» эпикалық поэмаларында 1 шамамен жануарлардың 501 түрінің тіршілік ету ерек-1 шеліктері келтірілген |
б.э.д. 490-430 жж. |
* Эмпедокл |
Ертедегі Греция |
Өсімдіктің қоршаған ортамен 1 байланысын қарастырды 1 |
б.э.д. 384-322 жж. |
Аристотель |
Ертедегі Греция |
«Жануарлар 1 тарихы» - жануарлар классификациясы |
б.э.д. 371-280 жж. |
Теофраст |
Ертедегі Греция |
«Өсімдіктер туралы зерт-теулер» - 500-дей өсімдікке 1 сипаттама жасады |
б.э.д. 79-23 жж. |
Үлкен Плиний |
Ертедегі Рим |
«Табиғи тарих» -ботаника, зоология орман шаруашылығы бойынша мэліметтерге толықтырулар жасады. |
1749 ж. |
К. Линней |
Швеция |
Систематиканың негізін қалады |
1749 ж. ; |
Ж. Бюффон |
Франция |
«Табиғи тарих» - түрлердің өзгеруіне қоршаған орта эсері туралы идеялар айтылды ] |
1798 ж. |
Т. Мальтус |
Англия |
Популяция өсуінің геометр иялық (экспоненциалдық) теңцеуін ұсынды. Популяция өсуінің алғашқы математикалық моделінің негізін жасад |
1802 ж |
Ж. Б. Ламарк |
Франция |
«Биология» терминін ұсынды. Биосфера туралы концепцияның негізін қалады |
183бж. |
Ч. Дарвин |
Англия |
Бүкіл Жер шарына саяхат, «Түрлердің шығу тегі...» еңбегіне енген экологиялық сипаттамалар |
1840 ж. |
Ю. Либих |
Германия |
«Минимум заңьш» тұжырымдады |
1845 ж |
А. Гумбольдт |
Германия |
Бес томды «Космос». Өсім-діктер мен жануарлардың таралуына географиялық аймақтың эсері |
1866 ж. |
Э. Геккель |
Германия |
«Экология» ұғымын ұсынды |
1870 ж |
Г. Спенсер |
Англия |
«Социологияны зерттеу» -адам экологиясының негізін салды |
1875 ж |
С. Зюсс |
Австрия |
«Биосфера» ұғымын ұсынды |
1877 ж. |
К. Мебиус |
Германия |
Тірі организмдердің қауым-дастығы - «биоценоз» ұғымын ұсынды |
1895 ж. |
Е. Варминг |
Дания |
Алғаш рет «экология» ұғымын өсімдіктерге қатысты қолданды, «тіршілік формалары» ұғымын ұсынды |
1903 ж. |
К. Раункиер |
Дания |
Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы классификация құрды |
1910 ж. |
В. Шел форд |
АҚШ |
Толеранттық заңын тұжырымдады. |
1915 ж. |
Г. Н. Высоцкий |
Ресей |
«Экотоп» - тіршілік ету орны ұғымын ұсынды |
1915 ж. |
И. К. Пачосский |
Ресей |
«Фитоценоз» - өсімдіктер қауымдастығы ұғымын ұсынды |
1918 ж. |
X. Гаме |
Швейцария |
«Биоценология» - тірі орга-низмдер қауымдастықтары туралы, «Фитоценология» - өсімдіктер қауымдастықтары туралы ғылым ұғымдарын ұсынды |
1926 ж. |
В. И. Вернадский |
КСРО |
«Биосфера» - тірі заттың ауқымды қызметін анықтады |
1927 ж. |
Э. Леруа |
Франция |
«Ноосфера» ұғымын ұсынды |
1933 ж. |
Д. Н. Кашкаров |
КСРО |
«Орта жэне қауымдастық», «Жануарлар экологиясы негіздері» - экологиядан алғашқы КСРО оқулықтарын жарыққа шығарды |
1935 ж. |
А. Тенсли |
АҚШ |
«Экожүйе» ұғымын ұсынды |
1939 ж. |
К. Тролль |
Германия |
Жаңа «Ландшафт экологиясы» ғылыми бағытының негізін қалады |
1942 ж. |
В. Н. Сукачев |
КСРО |
«Биогеоценоз» ұғымын ұсынды. Биогеоценологияның негізін қалады |
1942 ж. |
Р. Линдеман |
АҚШ |
Трофикалық (қоректік) деңгейлер және «энергия пирамидасы» туралы түсініктерді дамытты (10% ережесі) |
1963 ж. |
В. Б. Сочава |
КСРО |
«Геожүйе» ұығмын ұсынды |
1971 ж. |
Б. Коммонер |
АҚШ |
Экологиянын төрт эанын тұжырымдады |
1994 ж. |
Н.Ф. Реймерс |
Ресей |
«Экология»: заңдары, ереже-лері, принциптері және «үлкен экология» гилотезалары І |
ҚОРЫТЫНДЫ
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымдардың құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экология шеңбері одан да эрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда - география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық салаларымен тығыз араласып кетті.
Қазіргі таңда бүкіл адамзат табиғатпен қалай болса солай, немқұрайлы қарым-қатынас жасау иәтижесінде тіршілік ортасының деградацияға ұшырауы және көптеген елдер экономикасының құлдырау қаупі төніп тұр.
Организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастарын зерттейтін экология ғылымының дамуы, адамзат қоғамының табиғатпен байланысы осы экологиялық заңдылықтарға бағынуы керек екенін көрсетіп отыр. Адамзат тіршілігі барысында шешуді қажет ететін көптеген проблемалар туындауда. Олар -табиғи ресурстарды унемді пайдалану және тіршілік ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Экологиялық проблемалардың жаһандық сипатта болуы, осы проблемаларды шешуде әртүрлі қоғамдық топтардың, әлеуметтік институттардың, жеке елдердің, аймақтардың, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің мүдделерінің бір-бірімен қарама-қайшылыққа, теке-тіреске тусуіне алып келуіне байланысты. Сондықтан бұл мүдделер әлемге деген көзқарастардың қақтығысы, идеологиялық және саяси күрестердің объекті болып табылады. Экологиялық мәселелер айналасындағы больш жатқан тартыстар уақыт өткен сайьш таза ғылыми шеңберден шығып әлемдік қауымдастықтың назарын аударуда.
Осылайша қазіргі заманғы экология - зор қарқынмен дамып келе жатқан, Жер планетасындағы барлық тіршілік иелері үшін іс жүзінде аса зор маңызды, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы жэне адамзаттың өмір сүруі осы ғылымның дамуына тікелей байланысты.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
А.Т.Куатбаев «Жалпы экология», Алматы 2012ж
Ж.Е.Дәрібаев, Ә.Б. Баешов, С.С.Сермызов «Экология»,Астана 2005ж
Оспанова Г.С. «Экология» 2009ж
Сәтімбеков Р, Әлімқұлов Р,Шілдебаев Ж «Биология» Алматы 2012ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Экология ғылымының даму тарихы
Экология ғылымына анықтамалар
Экологиялық оқиғалардың күнтізбесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ