Экологияның қысқаша тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 21:10, реферат

Краткое описание

"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологияның қысқаша тарихы.docx

— 27.40 Кб (Скачать файл)

Экологияның қысқаша тарихы

"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.

Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар көнедсн келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мәселен, үнділердің "Махабхарата" жырында (б. д. д. VI - II ғғ.) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың өмір сүру белгілері сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтср де беріледі. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдсрі келтіріліп, ксйбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде егудің жолдары көрсетіледі. Ал Кытайдың біздің дәуірімізге дейінгі IV - II ғғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады.

Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары Гераклиттің (б.д.д.   530-470   жж.),   Гиппократтың   (б.   д.   д.   460-370   жж.), Аристотельдің (б. д. д. 384-322 жж.) еңбектерінде келтіріліп, экологиялық факторлар қозғалып, талданады. Мысалы, Аристотель өзінің "Жануарлардың тарихы" деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарлардың атын атап, түсін түстейді, мінез-құлқына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелендірудің тұңғыш тәжірибесі осылай жүзеғе асады.

Теофраст Эрезийский (б. д. д. 372-287 жж.) болса, қазіргі Жерорта теңізінің жағалауларындағы кең ауқымды кеңістік бойынша өзі байқаған өсімдіктерге топырақтың және ауа райының тигізер әсерлерін баяндайды. Философтың бұл еңбеғіндс сонымен қатар, әртүрлі ағаштардың, бұталардың және жартылай бұталардың да қандай топырақта жақсы өсіп-өнетіндігі туралы бірінші рет деректер келтіріледі.

Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалады. Өйткені, бұл кезде Құдайға құлшылық етуге едәуір баса назар аударылғандықтан, жаратушыға қарсы шығуға, ол туралы өздерінің ой-пікірін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермейді. Жалпы қоршаған орта мен организмдердің құрылымдық байланысы бар екендігін ешкім ашып айта алмайды. Барлық нәрсе тек құдайдың жаратушылық құдіретімен жасалған деген ұғым көптеген көкірек көзі ашық, көңіл көкжиегі жүйрік адамдардың өзінің "қол-аяғын" байлап, "ерік-жігерін" тұсап тастаған болатын. Басқаша ой ойлау, өзге идеяны насихаттау былай тұрсын, тіпті ежелгі философ ғалымдардың еңбектерін оқығаны үшін кейбір адамдарды тірідей отқа өртеудің көрініс табуы осының айғағы болса керек.

Бұл кезең  осылай мың жылдай мерзімдік уақытқка созылды. Осы уақыт аралығында саусақпен санарлықтай ғана ғылымдық мәні бар еңбектср жазылды. Олардың да басым көпшілігі Разестің (850-923 жж.), Авиценнаның (980-1037 жж.) дәрілік шөптердің қасиеттері туралы айтылған еңбектеріне, Марко Полоның (XIII ғ.), Афанасий Никитиннің (XV ғ.) алыс елдердің табиғаты, мәдени өсімдіктері, жан-жануарлары туралы қол-жазбаларында көрсетілген түсініктемелеріне, танымдық материалдарына сүйеніп жазылды.

Орта ғасырлар дәуірінің соңғы кезеңінде ғана ғылымға жаңа серпін, соны бетбұрыс жасауға Альберт Великийдің (Альберт фон Болынтедттің, 1193-1280 жж.) еңбектері қозғау салды. Ол өзінің өсімдіктер туралы кітабында өсімдіктердің өсуіне топырақтан басқа оларға "күн жылуының" да әсері ерекше роль атқаратындығын және олардың "қысқы ұйқыға" кетуі өсімдіктердің өніп-өсуіне,   көбеюіне   айрықша   игі   ықпал   тигізетіндігін,   бұл құбылыстардың  бір-бірімен өте тығыз байланыстары бар екендігін ашьш көрсетіп берді.

Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жерлердің елдендірілуі әсіресе биологиялық ғылымның күрт дамуына кең жол ашты. Нақты материалдарды жинақтау мен жүйелеп, сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымдарының басты шартына айналды. Алайда, соған қарамастан, табиғаттанушылардың еңбектерінде табиғат туралы метафизикалық көзқарастар басым болумен қатар, экологиялық факторлар өз орындарын тауып жатты. Бұл еңбектерде өсімдіктер мен кейбір жан-жануарлардың белгілі ортаға бейімделуі баса көрсетілді. Өсімдіктердің, жануарлардың жерсіну ерекшеліктері, су тасқынының орын алу себептері туралы ой-пікірлер кеңінен қозғалды. Олар бұл еңбектерін сол аймақтағы "жан-жануарлардың тарихы" деп атады. Танымал ағылшын химигі Р. Бойль (1627-1691) тұңғыш рет экологиялық жағдайларға байланысты тәжірибелерді жүзеге асырды. Ол әр алуан жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әр түрлі әсер ететіндігін салыстырмалы көрсеткіштер арқылы дәлелдеп берді.

Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жан-жануарлардың, өсетін өсімдіктердің өліміне әсер тигізетіндігін, бір сөзбен қорыта айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз жәде жанды құрауыштардың өзара тығыз байланысты екендігін XVІІI ғасырда Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне өзек етті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М.В. Ломоносов "Жер қыртысы туралы" трактатында: "... адамдардың көбісінің табиғатта көргеннің бәрі жаратушының құдіретімен жасалған деп ойлаулары бекер..." деп атап көрсетті. Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей қатысуының нәтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлардың өлі сүйектерін зсрттей отырып, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым жасады.

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қоршаған ортаның құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Олардың еңбектерінде экологияның элементтері жиі-жиі кездесетін болды. Ғылымның дамуының екінші кезеңі ботаникалық-географиялық ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты. Өсімдіктер экологиясының бірден-бір негізін қалаудың мәртебесі биолог ғалым А. Гумбольдтің (1769-1859) еншісіне тиді. Ол 1807 жылы Орталық жонс Оңтүстік Америкада жүргізген көпжылдық зерттеуі негізінде "Өсімдіктердің географиясы туралы ойлар" еңбегін жарыққа шығарды.   Онда   ғалым   өсімдіктердің  өсуі   мен   өркен  жаюы   ауа райының жағдайына, әсіресе температуралық факторға байланысты екендігін  жан-жақты ашып көрсетіп берді.

Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымдары К.Ф. Рульенің (1814-1858), Н.А.Северцевтің (1827-1885), А.Н. Бекетовтың (1825-1902) еңбектерінде одан әрі жетілдірілін, тереңдетіле түсті. Экология ғылымының одан әрі дамуы ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық ілімінің негізінде жүзеге асырылды. Оған атақты орыс ғалымдары В.В. Докучаевтың (1846-1903), В.И. Вернадскийдің (1863-1945), В.Н. Сукачевтің (1880-1967), Н.Ф. Реймерстің (1931-1993) қосқан үлестері мол. Олардың ішінен В.И. Вернадскийді ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера туралы ілімнің негізін қалап, казіргі замандағы ғылымның болашағын күні бұрын көре білді. Биосфераны әлемдік экожүйе деп танып, оның орнықтылығы мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттектер мсн энергия балансына байланысты екенін тұңғыш рет ашып көрсетті. В.И. Вернадский сонымен қатар ноосфера концепциясының негізгі қағидаларын да тұжырымдады.

Алайда, "Экология" деген терминді ғылымға алғаш рет енгізу неміс ғалымы Э. Геккельдің (1834-1910) еншісіне тиді. Ол экологияға төмендегідей анықтама берді: "Экология деп, біз табиғат экономикасына катысты барлық білімдерді - жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануар-лармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз".

Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық. салаларымен қоян-қолтық араласып кетті.

Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін  деуге жатады.

Экология - биология ғылымдарының негізінде XIX ғасырдың ортасында айқындала болғанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен ХХ-ғасырдың басы болып саналады.

Алғашқы экологиялық  зерттеулердің элементтерін біз ерте ғасырларда өмір сүрген Эмподокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст сияқты философтар мен табиғат зерттеушілерінің еңбектерінен көреміз.

Биосфера құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық бейімделушіліктерді  оның айналаны қоршаған биосфералық  ортасына тәуелді екендігі экологиялық-биологиялық  тұрғыдан зерттеледі.


Информация о работе Экологияның қысқаша тарихы