Экология гылымы туралы малиметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 13:29, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологияна пайдалану кукугы.docx

— 58.11 Кб (Скачать файл)

ҚР  Экологиялық кодексінің 23 б. сәйкес қоршаған орта сапасының нормативтеріне:

1) қоршаған  орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне  сәйкес белгiленген нормативтер,  оның iшiнде радиоактивтi заттарды  қоса алғанда, жол беруге болатын  шектi шоғырлану, химиялық заттардың  шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң  нормативтерi; 
        2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi; 
        3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi:  
        4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады. 

  1. Экологиялық тәуекелдерді сақтандыру ұстанымы. Экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың әсері салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы (ҚР ЭК 1 б. 103 п.). Мұндай сақтандырудың мақсаты қоршаған табиғи орта сапасының мүмкін болатын шығындарының тәуекелін азайту, экологиялық зиянның мүмкін болатын өтемінің қаржылық негізін құру болып табылады.
  2. Экологиялық қауіптілігі жоғары бастау-көздер иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру ұстанымы. Экологиялық зиян тигізудің ең жоғары ықтималдығы экологиялық қауіптілігі жоғары бастау-көздерде орын алады, сондықтан олардың иелеріне өздерінің азаматтық жауапкершілігін еріксіз түрде сақтандыруды міндеттеген жөн.
  3. Экологиялық зиянды толық өтеу міндеттілігі ұстанымы. Табиғатты пайдаланушылар қоршаған табиғи ортаның сапасын нашарлатады, сондықтан оның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге жауапты болуы қажет.
  4. Табиғатты арнайы пайдаланудың төлемділігі ұстанымы. Табиғатты арнайы пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады және қоршаған табиғи ортаны қорғауға және қалпына келтіруге арналған қаржыны толықтыру көзі болып табылады. Адам баласының тек өмірлік маңызды қажеттіліктері ғана ақысыз қанағаттандырылады. Жалпы табиғатты пайдалану ақысыз болып табылады.
  5. Қалпына келтірілетін табиғи ресурстарды пайдалану басымдылығы ұстанымы. Аталған ұстанымды жүзеге асырудың мақсаты қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстарды сақтау болып табылады. Мысалы, қазіргі уақытта энергияның қалпына келтірілетін көздерін пайдаланудың нормативті базасы жасалуда. Соның ішінде, 25 тамыз 2003 жылы «Жел энергетикасын дамыту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды.
  6. Табиғатты пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды тоқтатуға, азайтуға және жоюға, қалдықтарды қысқартуға ынталандыру.

Қорытынды:

Табиғатты пайдалану құқығы адамзаттың болашақ ұрпағының үмітті мүдделерін ескере отырып, табиғи ресурстарды үнемді қолдануды талап ететін, табиғатты орынды пайдалануға бағытталған ұстанымдар қатарына негізделеді.

 

 

 

  1. қр-да табиғатты пайдалану құқығының түрлері

 

Табиғатты пайдалану құқығының  түрлері –  табиғатты пайдалану құқығының өзіндік құқықтық сипаттамаларға ие болатын, табиғатты пайдалану құқығын қандай да бір жіктелу белгісі (критериі) бойынша  ажыратуға болатын бөліктері. 

 

Пайда болу негіздемелері бойынша табиғатты пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді (ҚР ЭК 10 б.).

Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып  табылады және халықтың өмiрлiк қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге асырылады. Аталған табиғатты пайдалану субъектілері тек жеке тұлғалар болып табылады. Егер ҚР заңнамасында қарастырылса, онда табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі. Кейбір жағдайларда мемлекеттің өзі бөтен біреудің меншігіндегі немесе жеріндегі табиғи ресурстарды жалпы табиғатты пайдалану ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, экологиялық заңнамада жер, су, тау сервитуттарын, яғни бөтен біреудің табиғи ресурстарын шектеулі пайдалану құқығын бекітетін нормалар бар.

Жалпы табиғатты пайдалану құқығы объективті мағынада – жеке тұлғалардың қоршаған табиғи ортаны пайдалану құқығын  жүзеге асыруын қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Жалпы табиғатты пайдалану құқығы субъективті  мағынада – барлық жеке тұлғаларға табиғи ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланудың заң арқылы ұсынылған және кепілдік берілген мүмкіндігі.

 

ҚР  Экологиялық кодексінің 10 б. сәйкес арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды ақылы негiзде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметi.

Арнайы  табиғатты пайдалану құқығы объективті мағынада – табиғи ресурстарды ерекше пайдалануға ұсыну тәртібін, оларды қоғам мен  адамның  экономикалық, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және тағы басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  азаматтар мен заңды тұлғалардың мақсатты пайдалануын және оларды қайтып алу тәртібін  реттейтін  нормалардың жиынтығы.

Арнайы  табиғатты пайдалану субъективті  мағынада – табиғатты пайдаланушыға экономикалық, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және тағы басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған арнайы рұқсатқа сәйкес ақылы негізде ұсынылатын табиғи ресурсты иелену және пайдалану құқығы. 

Сонымен қатар ҚР Экологиялық кодексінде пайдалану объектісінің критериі бойынша жіктелу көрсетілген. ҚР ЭК 10 б. 5 п. сәйкес табиғатты пайдалану түрлеріне:  

 1) жердi пайдалану; 
      2) суды пайдалану; 
      3) орманды пайдалану; 
      4) жер қойнауын пайдалану; 
      5) жануарлар дүниесiн пайдалану; 
      6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану; 
      7) қоршаған ортаға эмиссиялар; 
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де табиғат пайдалану түрлерi жатады. 
 Бұдан, табиғатты пайдалану құқығы :

- жерді пайдалану құқығы;

- суды пайдалану құқығы;

- орманды пайдалану құқығы;

- жер қойнауын пайдалану құқығы;

- жануарлар әлемін пайдалану құқығы;

- өсімдіктер әлемін пайдалану құқығы;

- атмосфералық ауаны пайдалану құқығы болып бөлінеді. 

Табиғатты пайдалану құқығының түрлері  өз кезегінде оларды пайдалану мақсаттары бойынша нақты түрлерге бөлінеді.

Жерді пайдалану құқығы жерді ауыл шаруашылығы үшін пайдалану, елді мекендердің жерлерін пайдалану, өндіріс, транспорт, байланыс, қорғаныс жерлерін пайдалану, орман, су қорларының және т.б. жерлерін пайдалану құқығына бөлінеді.

Жер қойнауын пайдалану құқығы: жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін пайдалану, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, біріктірілген барлау мен өндіру, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге байланысты болмайтын жерасты құрылыстарын салу және пайдалану болып бөлінеді.

Суды  пайдалану құқығы: халықтың су және тұрмыс қажеттіліктерін, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, гидроэнергетиканың, су транспортының су қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін, балық, аң аулау шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін, қорықтық мақсатта, сарқынды суларды төгу үшін, өртке қарсы қажеттіліктер үшін суды пайдалану.

Орманды пайдалану құқығы келесі түрлерге бөлінеді: ағаш, шайыр,  дайындау, ағаш қабығынан, ағаш көгінен екінші дәрежелі орман материалдарын дайындау, орманды жанама пайдаланулар (шөп шабу және мал жаю, дәрілік өсімдіктер, жеміс-жидектер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар және т.б. жинау және дайындау), мәдени-сауықтыру, ғылыми-зерттеу мақсаттарында, аң аулау шаруашылығының қажеттіліктері үшін пайдалану.

Жануарлар әлемін пайдалану құқығы: аң аулау, балық аулау, аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарында пайдалану, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану, жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік қарекетінің өнімдерін пайдалану.

 

Атмосфералық  ауаны пайдалану құқығын атмосфералық ауаны өндірістік қажеттіліктер үшін пайдалану құқығы және атмосфералық ауаны зиянды заттарды (арнайы рұқсаттарда көрсетілген мөлшерде) шығару үшін пайдалану құқығы деп бөлуге болады.

 

Табиғатты пайдалану тәсілі бойынша:

- табиғи ресурстарды қоршаған табиғи ортадан алу жолы арқылы жүзеге асырылатын табиғатты пайдалану құқығы;

- табиғи ресурстарды қоршаған табиғи ортадан алмай жүзеге асырылатын табиғатты пайдалану құқығы.

 

Табиғатты пайдалану құқығы мерзімі бойынша тұрақты (мерзім көрсетілмейді) және уақытша (анықталған мерзім көрсетіледі) болып бөлінеді.

 

Табиғатты пайдалану құқығы төлемділігі бойынша төлем арқылы алынатын және төлемсіз алынатын болып бөлінеді.

 

Аталған құқықты басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі бойынша - иесіздендірілетін (табиғатты пайдалану құқығын басқа тұлғаға беруге болады)  және иесіздендірілмейтін (табиғатты пайдалану құқығын басқа тұлғаға беруге болмайды) болып бөлінеді.

 

Арнайы  табиғатты пайдалану құқығы берілу реті бойынша да бөлінеді - алғашқы (мемлекет немесе басқа алғашқы табиғатты пайдаланушы осы құқықты иесіздендіру тәртібі бойынша ұсынатын) және екіншілік (алғашқы табиғатты пайдаланушы осы мәртебені сақтай отырып ұсынатын).

Қорытынды:

Табиғатты пайдалану құқығының  түрлері - өзіндік құқықтық сипаттамаларға ие болатын табиғатты пайдалану құқығының бөліктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

    1. http://kk.wikipedia.org/wiki ғаламтор беттері

 


Информация о работе Экология гылымы туралы малиметтер