Экология даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:51, реферат

Краткое описание

Э.Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерітеу аясын,мазмұны мен мақсат міндеттерін кеңейте түсті.Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым- қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зеріттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына топырақ құмды абиотикалық факторларға баиланысты организімдердің беймділігі географиялық зеріттеулерге ұласады.

Содержание

1.Кіріспе
2 .Негізгі бөлім
Экология ғылымына кіріспе.
2.1. Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері
2.2. Экология ғылымының тарихы
2.3. Экология ғылымының зерттеу әдістері

3. Экология –ғылыми сала

4.Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

экология даму тарихы.doc

— 97.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар.

1.Кіріспе

2 .Негізгі  бөлім

Экология ғылымына кіріспе.  

2.1. Экология пәні,  мазмұны,     мақсаты мен міндеттері

2.2. Экология ғылымының тарихы

2.3. Экология ғылымының зерттеу әдістері 

 

3.  Экология –ғылыми сала  

 

4.Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

           Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері

«Экология»терминін 1866 жылы Э.Геккель ғылымға алғаш енгізген .Экология термині гректің ойкос-үй, тұрақ, мекен логос-ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен тұралы ғылым деген мағына береді. Тірі оргонизімдердің бір-бірімен қарым-қатынасының байланысын айнала қоршаған ортасымен,тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Э.Геккельдің экология ғылымына берген  анықтамасына  кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерітеу аясын,мазмұны мен мақсат міндеттерін кеңейте түсті.Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым- қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зеріттеулер биология  ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына топырақ құмды абиотикалық факторларға баиланысты организімдердің беймділігі географиялық зеріттеулерге ұласады.

Экология-организімдердіің арасында болатын қарым-қатынастарды  айнала қоршаған табиғи  ортамен  зеріттеумен қатар табиғатты өзгерістерді,құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс- әрекестімен үйлестіре отырып зеріттейтін ғылымдар жыйынтығы.

Экология ғылымының ең басты мақсаты- биосфера шегіндегі ғалымдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам ,қоғам,  табиғат арасындағы  қарым- қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адам - нооэкологиялық тұрғыдан енгізу. 

Экология ғылымының  зеріттеу нысаны- биологиялық және географиялық микро  және микро –экожүиелердің уақыт пен кеңсістікке тіршілік ырғысы.

 

 

 

 

Экология ғылымының негізгі зеріттеитін мәселелері 

-организімдердің бір-бірімен  қарым- қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы,

-биоценоз,экожүиелерді уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер

-табиғат ресурстары, оны тиімді паидалану  және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері,

-адам, қоғам, табиғат арасындағы гармониялық байланыстарды реттеу,

- биосфера шегіндегі  географиялық заңдылықтардың тұрақтығын сақтау қамсыздандыру,

- биосферадағы тіршілікті  қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейде көтеру,

- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім  мне тәрбие беру және  экологиялық мәдениетін, әдет- ғұрпын қалыптастыру, -экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады. 

 Қазіргі  заманда   экология   табиғат   пен  қоғам   ара қатынастарын зерттейтін  ғылымға   айналған.   Онда  адам  мен  табиғаттың   өзара  тікелей    байланысты   екені  көрініс  табады.  

 Адамзаттың   тіршілік    ортасының   айрықша    күйзеліске   ұшырауына   байланысты  табиғи  ортаны  қорғау  ісіне  кеңінен  мән  беріліп   отыр.   

Табиғи  ортаның  қолайлы болуы-қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер  ететін  қажетті  шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі  адамдардың  тұрмыс  деңгейін  нашарлатады.   Мұндай  жағдайға  сай,  табиғи   ортаны  қорғаумен   қатар,   экологиялық   зардап  шеккен   халықты   әлеуметтік  жағынан қорғау   және  экономикалық  жәрдем  көрсету    шаралары туындайды.   Мұны  біздің  республикамыздағы  Семей  ядролық  сынау  полигоны   мен  Арал  апаты  тікелей   көрсетіп  отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология ғылымының тарихы

Барлық энциклопедеиялар мен анықтама- сөздіктерден біз экология терминін 1866ж. ірі неміс зоологы Эренст Геккельдің  ұсынғандығын оқимыз  .Бұл терминді 8 жыл бұрынырақ алғаш рет американдық философ, жазушы –романист және кең профилді натуралист Генри Дэвид Торо қолданған,  оның басты кітабы ормандағы шаруашылық.

Ең ежелгі ғалымдардың бірі –экология өркениетінің  алғашқы даму таңында-ақ практикалық мәніне ие болған.  Себебі  отбасының, рудың тайпаның игілігі ғана емес, оның тіршілік етуі де осы ортаның сапасына байланысты болған.

Орта ғасырларда схолостика мен дінінің үстемдігі табиғатты зеріттеуге  деген құштарлықты әлсіретті. Алайда қайта өрлеу дәуірінде болған ұлы географиялық жаңалықтар натуралистердің биологиялық зеріттеулерін  қаита жаңартты 17-18ғ экологиялық мәліметер зоологтардың, саяхатшы натуралистердің  еңбектерінде кездеседі.

Экология дербес  биологиялық ғылым ретінде  19 ғасырдың аяғында бөлініп шықты. Экология- биология ғалымының негізінде 19 ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгеиіне  көтерілуі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы болып саналады. Алғашқы  экологиялық зеріттеулердің элементерін біз көне дәуір  оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель,Теофраст еңбектерінен көреміз Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер  мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық,  физиалогиалық бейімделушілерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберіне экологиялық тұрғыдан қарастырады.20 ғасырдың  екінші  жартысында   экология ғылымы ретінде  ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерісінің ұлғайғандығы соншалық, адамның өзі  тіккелей немесе  жанама түрде солардың құрбандығына аиналды.

Экология ғылымының қалыптасуын  негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Ікезең. Биоэкологиялық зерттеулсрдің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін камтиды. Мосслен, К. Линей (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль( 1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), (1740 1802), Л. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858),  Л. Северцов Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарнип (1809 1882), К. МеГшус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841 1924), Н. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан Уалиханов (1835 1865), т.б. габнгаг зсрттсуші биологтар, систсматиктср, гсоірафгар оздерініц еңбектеріпде эжологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымьшың дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Бота-никалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

// кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.

Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклеміиііев), сүтқоректі, қүс және бауырымсн жорғалаушылар экологиясы (Н. И. Калабухов, II. II. Наумов, А. Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), осімдіктер жологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), еңбектерінен танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдіктср экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б. еңбектер қазірге дсйін маңызын жойған жоқ.

Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жүмыстарының негізінде монографиялар, оқу күралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар эколоғиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және эколо-гия негіздсрі" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология нсгіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981),

Н. Чернова  мен А.Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық коргсн күнды еңбектер қатарына жатады.

/// кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология — бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дими түсуде. Экологияпың жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулср жүргілуде.

соңғы жылдарьі экология ғылымының салаларының бірі — экологиялық педагогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халықтық экология"этноэкология" бағыттары дами түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология ғылымының зерттеу әдістері

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.

Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу объектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері, т.б. болуы мүмкін. Кез келген популяциялар тобына экологиялық сипаттама бсру үшін физиология, биохимия, анатомия, систематика, биология, география ғылымдарының зерттеу әдістері қолданылады. Сондықтаи эколог-жаратылыстану ғылымдарының ғылыми-теориялық негіздерін, зертеу әдістерін толық меңгерген білікті маман болуы тиіс.

Далалық зерттеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. объектілердің жәйі, сандық қатынасы  ,сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке катысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар, материалдар жинақталды. Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілдерін, зерттеу объектісінің ареалын, географиялык табиғат аймақтарын камтумен қатар бірнеше жылдарға созылған уақыт пен кеңістікке байланысты жүргізіледі.

Далалык материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүние-жүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы - камералар, видсоаппаратуралар, оптикалық приборлар, аналитикалық таразылар, топографиялық қүралдар, термостаттар, хромотография, микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті қүралдармен жабдықталуы тиіс.

Далалық жағдайдағы зерттеулер ғылыми жұмыстың мазмүнын толық аша алмайды. Әсіресе, түр, популяциялардың көбеюге қабілеттілігі, шығыны, жыныстық, жастық ерекшеліктері, морфофизиологиялык қүрылымы, факторларға қатысты организмдегі өзгерістер мен реакциялар, экологиялық зерттеулер, ауа, су, топырақтың ластану дәрежесі, т.б эксперименттік талдау жасауды қажет етеді. Сондықтан зерттеу объектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тожірибелер жүргізілсді. Эксперимент нәтижелері далалық зерттеу жүмыстарымен салыстырыла отырып, оның ғылыми теориялық және практикалық маңызы қорытындыланады. Әрине, зерттеу объектісінің сипатына қарай далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеулердің бағыттары, зерттеу әдістері өзгеріп отырады.

Организмдерді зерттеудің негізгі көрсеткіштері бар. Олар -жануарлардың кездесу жиілігі, басымдылық дәрежесі, тығыздығы, жамылғы сапасы, биомассасы және өнімділігі. Аталған көрсеткіштердің әрқайсысының өзіндік есептеу тәсілдері, ерекшеліктері бар.

Экологияда  математикалық әдістер мен модельдеу жиі қол-данылады. Бүл әдістер бойынша белгілі бір популяцияға берілген экологиялық сипаттаманың дүрыстылығы, ауытқу мүмкіндіктері, биомасса сапасының сандық мөлшері нақты тексеріліп анықталады. Қазір экологиялық зерттеулерде информация теорияс, кибернетика, мүмкіндіктер теориясы, сандар теориясы, интегральдық есептеулер жиі қолданылады.

Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен қүбылыстарды модельдеу жиі қолданылып жүр.  Бұл табиғат процестеріне тән қасиеттердің техникалық түрғыда жүмыс істеу үлгісі. Мәселен, жасанды қан айналу аппараты, фотосинтез, клетканың жүмысы, өкпе, бүйрек, бұлшық еттердің жүмыс істеуі, протездер, т.б.

Экологиялық модельдеудің мақсаты - теориялық тұжырымдарды, биологиялық жүйелердің жүмыс істеу функцияларын жасанды жолмен тәжірибе арқылы тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология  –ғылыми сала 

Экология ғылымының салалары 

Биоэкологиялық зерттеулер бағыты. Биозкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, т.б.

Аутэкология жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байлапыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Жеке организмге табиғат факторлары қалай өсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, рөлі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.

Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.

Информация о работе Экология даму тарихы