Экология жалпы мәлмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 22:24, реферат

Краткое описание

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың,организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.

Вложенные файлы: 1 файл

экология.docx

— 247.25 Кб (Скачать файл)

Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.

Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.

Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.

Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.

Топырақтың химиялық құрамына - тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:

  • пестицидтер;

  • минералдық тыңайтқыштар;

  • өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;

  • атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;

  • Мұнай және Мұнай өнімдері.

Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

  • табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;

  • қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;

  • топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу

тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;

  • зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;

  • қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір

түрлерінің қолданылуын шектеу;

  • ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен

күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б. [1]

Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инж. құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Т. э-ның қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен шатқалдардың тіп-тігіне және су жиналатын алқаптың аум-на қарай әр түрлі болады. Т. э. көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын-шашын көп түсетін және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. Т. э. күштірек болғанда топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, а. ш-ның жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы а. ш-на орасан зиян келтіреді. Т. э-ның алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі

 

Медициналық экология (Медицинская экология) — адам экологиясының бір бөлімі және қоғамдық денсаулықбайланыстары мен төуелділіктеріне және оның қоршаған табиғат, әлеуметтік және технологиялық орта факторларынан бұзылуына таддау жасайітын бүгінгі профилактикалық медицина I бағыты. XX ғасырдың ортасынан бастап, технологиялық әрекеттің салдарынан қоршаған орта жағдайының кенет нашарлауына байланысты экологияға назар аудару артып, сонымен бір мезгідде оны адамзат қоғамының табиғи ортамен әрекеттестігі және осы әрекеттестіктің салдары туралы ғылым ретінде кеңінен түсіндіру өріс алды. Экологияны бұлайша қабылдау бірқатар терминология тудырды — мысалы, "әлеуметтік экология" деген уғым пайда болды, бұл мәселе биологиялық қүбылыс туралы емес, биологиялық салдары бар алеуметгік қүбылыс туралы дегенді білдіреді. Экологияны "әлеуметтендіру" процесі медицинаны да қамтып, адамды жан-жақты зерттеуге жол ашылды. Қоғамдық сана мен қазіргі заманғы ғылымды экологияландыру бірсыпыра экологияландырылған ғылыми бағыттарды — геохимиялық экология, радиоэкология,денсаулық экологиясы, аурулар экологиясы, экологиялық-гигиеналық зерттеулер, т.б. тудырды. Бұлардың борінің жиынтығы медициналық экологияны құрайды. Бірақ бұлардың қай қайсысы да медициналық проблемалар шеңберіңде калып қоймайды. Мысалы, геохимиялық экология геохимиялық жағдайлардың тек қана адамға емес, сондай-ақ кез келген басқа да тірі организмдерге осерін зертгейді, ал осының осерінен пайда болатын эндемиялық аурулар адамдармен катар жануарлар арасында да байқалуда. Медициналық экология өзінің көптеген принциптері мен одістерінде медициналық география жоне географиялық патологияга уқсас. Медициналық экологияда биология,медицина, социология, экономика, осы әдістер мен техникалық зерттеу тәсілдерінің методологиялық өзегі ретінде басын біріктіре отырып, жүйелі түрде пайдаланады.[1]

Экологиялық медицина (орыс. Экологическая медицина) — қоршаған ортаның тікелей ауру тудыратын факторларына ерекше мән беретін, ластанған ортаның адам денсаулығына тигізер әсерін және олардың арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін ғылыми пән. Экологиялық медицина бертінде ғана пайда болған ұғым; оның құрамына адам биологиясы мен медицина тарауларына қоса химияның, физиканың, социология ғылымдарының бөлімдері мен адамды қоршаған факторлар ретінде, олардың денсаулыққа тигізетін әсерін білу үшін әр түрлі өндірістердің технологиялары туралы мәліметтер де кіреді. Атап айтқанда, ол ластағыш заттектердің, радиациялық дозаның, тұрмыстық химияның және өндірістегі химиялық заттектердің, қолданылатын дәрі-дәрмектің, әр түрлі төсемелердің, құрылыс материалдарының және т.б. заттектердің ауру қоздырушылық рөлін (тыныс жолдарының зақымдалуын, ісік, иммунологиялық ауруларды және т.б.) зерттейді.[

 

Түрлер жеке популяция формасында өмір сүреді. Популяция дегеніміз — бір аумақта, таралу аймағының белгілі бөлігінде үнемі еркін шағылысатын және дәл сол түрдің өзге топтарынан азды-көпті оқшауланған дарақтар тобы. Түржәне популяция олардың негізгі айырмашылықтарын байқамай қалуы да мүмкін. Мұндағы негізгі мәселе еркін шағылысу. Популяция ұғымын мысалдармен көрнекі түсіндіріп көрейік. Солтүстік Қазақстанда орманды-даланың табиғи аймақтары басымырақ. Ол шоғырланған қайың-теректер айналасын дала қоршаған сүректі өсімдіктердің кішкене тоғайлы аралдары түрінде көрінеді. Осы шоғырларда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлардың көптеген түрлері популяция түзеді. Мәселен, әлгі қайыңдар және теректер будандасады, яғни бір шоғырдағылар тозаңданады. Оларды бөліп жатқан шалғынды кеңістіктің үлкен болуы мүмкін екенін де ескеру керек, сондайда бір шоғырдағылардың көршілес шоғырдағыларға тозаңының ешқашан түспеуі де мүмкін. Сондай-ақ балықтар популяция мысалына шағын көлдерді алуға болады. Бірін-бірі өзен жалғастырмаса, балықтардың көршілес көлдегі туыстарымен шағылысу мүмкіндігі болмай қалар еді.

Таралу аймағының кеңдігі жеткілікті болса да географиялық кедергілері күшті болмағандықтан, бір немесе саны шағын дарақтардың жылыстауы мүмкін. Солай бола тұра кез келген түр ішінде популяцияның генетикалық жүйесі оқшауланган қалпында қалады. Атап айтқанда популяция сондықтан негізгі эволюциялық өлшем бірлігі болып табылады. Барлық торғайларда популяциялар- дың әрқайсысында бір мезгілде біркелкі өзгерістер пайда болады деп ойлаудын. өзі мүмкін емес. Түрлердің барлығы толығымен өзгешелігі ұқсас тұқым қуалау өзгерістерін жинай алмайды. Сөйтіп, атап айтқанда бір популяцияның ішінде тіршіліктің жаңа формасын түзуге жеткізетін үдерістер жүрмейтіні айқын болады.Егер қолайлы өзгеріс пайда болса, онда оның өзі бір популяция ішінде сұрыптаумен «орнығады», өйткені дарақ осы популяцияда көбеюмен бірге дәл осы өзгерісті ұрпақтарына береді. Бұл оң мутацияны жеткізушілер саны популяцияда бірнеше ұрпақ арқылы едәуір артады. Сонымен бірге дәл сол түрдің іргелес популяция- ларында бұл мутация сол сәтте ғана емес, тіпті еш уақытта пайда болмауы да мүмкін. Бір популяция ішінде тұқым қуалау өзгерістерінің; біртіндеп жиналуынан түршелер пайда болады.

 

Түрден кіші жүйелік санат. Сол түрдің өзге популяцияларының дарақтарынан көбінесе сыртқы (бір немесе бірнеше) түрлері айқын көрінетін кем дегенде 75% дарақ ерекшеленетін географиялық оқшауланған популяциясы осы түршеге жатады. Түршелер жиі және көп мөлшерде таралу аймағы кең түрлерде қалыптасады. Өйткені үлкен аумақтарда жағдай біркелкі бола бермейді. Жануарлардың бір түрге жататын өкілдерінде солтүстіктен оңтүстікке жылжыған кезде дене мөлшері кішірейетіні байқалған. Ал солтүстік жануарларында дененің шығыңқы бөлігі (тұмсық, құлақ) қысқалау келеді.

Бір аумақтағы әр алуан түршелер өкілдері әдетте жақсы шағылысады.Бұл генетикалық өзгерістердің жиналуы әзірше жыныстық оқшаулануға жеткізбейтініне дәлел болады. Ұрпақтар қатарында жинақтала салысымен өзгеріс шағылысуды тоқтатады, сөйтіп түршелер дербес түрлер деп аталатын болады. Бұл үдеріс, әрине, ұзақ та құрделі. Алайда ғалымдар біз өмір сүріп жүрген қазіргі кезде оның кейбір көріністерін бақылауға қол жеткізді. Мәселен, Еуразия аумағында тиіндердің бес түршесі өмір сүреді. Түршелердің әркайсысы өзге түршемен шағылысатын болып шықты. Алайда еуропалық және қиыр шығыстық ең шеткері жерлердегі түршелерінің дарақтарын аулаған кезде оларды шағылыстыру жүзеге аспай қалды.Сөйтіп, өтпелі формаларға ауысқан кезде бұл тиіндер жыныстық оқшау- ланған түршелерді түзіп те үлгерген.

Жаңа түрлер және олардық ұсақ (түрішілік) санаттары - түршелер мен популяция түзу үдерістері микроэволюция деп аталады. Микроэволюция - түр түзу көбінесе оқшаулануға негізделеді. Осыған орай ол негізгі екі: географиялық және экологиялық түр түзу типтеріне бөлінеді.

Географиялық тип кезінде аналық түрдің таралу аймағы бөлініп қалады екен, яғни оның популяциясы географиялық тұрғыда оқшауланады. Мысалы, бірнеше ондаған жылдарға созылған куаңшылық салдарынан Австралия орталығында өмір сүруге мүмкіндік іс жүзінде болмай қалғандықтан, бір кездері бірегей болған бұйра тотылар түрі географиялық оқшаулануға тап болды. Олардық таралу аймағы екі мұхиттың жағалауына ығысты, ал материк орталығында тотылар мекендемейтін, жеңіс бермейтін шөл орналасты. Қуаңшылықтың беті қайтқан кезде тотылар таралып, қайтадан материктің ортасынан орын тепті. Сөйтіп олар оқшауланған биологиялық дербес түр болып шықты. Анықтап айтқанда шағылыса алмайтын дербес түрлер пайда болды. Жеке аралдарда (Галапагосс) қорегіне қарай кунақтардың тұмсығы өзгеріп отырады . Көп жағдайда географиялық түр түзілу аналық түрдің жай ғана едәуір аумаққа таралу нәтижесі болады. Қарағайдың екі түрі осылай қалыптаскан. Сібірлік қарағайдың бастапқы аналық түрі оңтүстік-шығысқа қарай едәуір жылжып, Қорей түбегіне дейін жетті. Корейдің жұмсақ ауа райы Орталық Сібірдің; қатал, күшті континенталдыауа райынан өте ерекшеленеді. Популяциялар осы жағдайларға пайдалы мутацияларды жинақтай бастады. Гүлдеу мерзімі,тұқым және қылқандар мөлшері өзгеріп, екі жаңа дербес түр: сібірлік қарағай және даурлық қарағай біртіндеп қалыптасты.

Эқологиялыц түр өзгеруде жаңа формалар бір аумақта пайда болады, яғни таралу аймағы тұтас қалпында қалады. Экологиялық түр түзу үдерісінің мәні бастапқы түр популяцияларының әр түрлі орта жағдайларына бейімделуінде, олардық оқшауланып, дербес түрлер сапасына ие бола бастауында. Сірә бұл үдеріс географиялық оқшауланудан сирегірек өтетін болса керек, алайда бұл да іске асады. Мәселен, шымшықтардың арнаулы қорекке бейімделуінен бөлінбеген алғашқы таралу аймағына дербес бес түр қалыптасқан.Түр түзудің мұндай типіне көл экожүйесінен көптеген мысал- дар келтіруге болады. Өйткені көл бір ғана географиялық нүкте ғой, оның ішінде табиғи кедергі жоқ және болуы да мүмкін емес. Алайда сонымен бірге қандай да бір көлдің әр бөлігінің экологиялық шамаластығы әр түрлі болып келеді. Мәселен, судың түбі мен беткі кабатындағы су температурасы және химиялық құрамы бойынша ерекше, сондай-ақ жағалау және орталық аумағындағы тірі ағзалар мөлшері мен типінде айырмашылық болады. Солардың әркайсысында арнаулы қорек ресурстары - біреуінде сан алуан балдырлар, екіншісінде балықтардық уылдырықтарыжәне шабақтары болғандықтан, қорек түрлері де өзгеше болып келеді. Зерттеушілер Ланао (Филиппин) көлінде бұдан 10 мың жыл бұрын бес туысқа жататын балықтардың 18 жаңа түрінің бастапқы балық түрінен түзілетінін дәлелдеді.

Информация о работе Экология жалпы мәлмет