Экология және оның қыскаша даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 20:53, реферат

Краткое описание

Экология ерте заманда пайда болған. Себебі тірі организмдердің оны қоршаған бейорганикалық және органикалық заттарға әсері қандай болатынын білу қажет болды. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра бастаған.Экологияның даму кезеңін үш этапқа бөлуге болады.
1 этап – Х1Х ғасырдың 60-шы жылдарына дейін. Бұл аралық экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл этапта тірі организмдердің қоршаған ортамен және олардың өмір сүретін ортасы туралы алғашқа ғылыми шолулар жасады.
XVII-XVIII ғасырда А. Реомюр, 1734 ж. т.б. ғалымдар өздерінің көртеген биологиялық жазбаларында экология туралы жаза бастады.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 25.08 Кб (Скачать файл)

Қазақстан  республикасының  министрлігі Л.Н.Гумелев атындағы  ЕҰУ

 

 

Сөж

 

Тақырыбы:Экология және оның қыскаша даму тарихы

 

 

 

Орындаған :Махмудова  З

 

 

 

 

Экология ғылымының даму тарихы

Экология ерте заманда  пайда болған. Себебі тірі организмдердің оны қоршаған бейорганикалық және органикалық заттарға әсері қандай болатынын білу қажет болды. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра бастаған.Экологияның даму кезеңін үш этапқа бөлуге болады.

1 этап – Х1Х ғасырдың 60-шы жылдарына дейін. Бұл аралық экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл этапта тірі организмдердің қоршаған ортамен және олардың өмір сүретін ортасы туралы алғашқа ғылыми шолулар жасады.

XVII-XVIII ғасырда А. Реомюр, 1734 ж. т.б. ғалымдар өздерінің көртеген биологиялық жазбаларында экология туралы жаза бастады.

Осы кезде Ж. Ламарк (1744-1829ж) және Т. Мальтус (1766-1834ж) ең алғашқы рет  адамның табиғатқа көп зиян келтіріп жатқаны туралы ескертулер жасап жаза бастады.

2 этап – Х1Х ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдарына дейін. Бұл кезеңде экология өз алдына ғылым болып шықты. Осы кезеңнің басында К.Ф. Рулье (1814-1858ж), Н.А. Северцова (1827-1885ж) және т.б. көптеген орыс ғалымдары экологияның алғашқы принциптерін және түсініктемелерін берді. Олар осы күнге дейін күшін жойған жоқ.

1809-1882ж Ч. Дарвин органикалық  өмірдің негізгі факторларын  ашты. Оны ол “өмір сүру үшін күрес” деп атады.

Одан кейін 1834-1919ж неміс  ғалымы биолог-эволюционист биологияның  негізгі бөлігі экология деп атады (1866ж).

“Экология” грек тілінен  аударғанда ол үй туралы ғылым деген  мағынаны білдіреді (ойкос – үй, тұратын жер; логос – ілім, білім). Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай берді: “Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен өсімдіктердің өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық өркениеттерінің бүкіл жиынтығын зерттейтін ғылым деп айтамыз”. Бұл анықтаманы Э.Геккель “Организмдердің жалпы морфологиясы” деген кітабында берді.

ХХ-шы ғасырдың басында экология өз алдына ғылым болып шықты. Осы  аралықта Ч.Адамс (1913ж) экология туралы бірінші анықтама берді және оданда басқа негізгі шолулар басылып шықты.

ХХ-шы ғасырда орыстың  ғалымы В.И. Вернадский “биосфера” туралы ғылым еңгізді.

30-шы және 4-шы жылдары  (ХХ ғасырдың) экологияның дамыған  кезеңі. Экологияның классикалық  бағыттарының біріккен кезеңі. Мысалы: өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, микроорганизмдер экологиясы.

1935 ж А. Тенсли ағылшын эколог-зерттеуші “экосистеманы”, одан кейін В.А. Сукачев “биогеоценоз” деген ұғымдарды еңгізді.

Экосистема – тірі организмдердің белгілі бір уақытта өмір сүретін ортасы, сонымен қатар топырақтың климаттық физикалық, химиялық өзгерістері және әртүрлі организмдердің сыртқы ортамен әсерлесуі.

Бұл терминді әртүрлі көлемдегі  биоценозға қолдануға болады.

- микроэкосистема (аквариум, шалшық, арық)

- мезоэкосистема )талшық, жапырақты орман, жалпақ жапырақты орман)

- макроэкосистема (океан,  тропикалық орман)

Ең кішкентай экосистема ол жалғыз ағаш барлық сонда өмір сүретіндермен, ең үлкен экосистема жер шарындағы “биосфера”. Экологиялық система табиғи және жасанды болады. Мысалы, жасанды экосистема космостық кеме.

Ғалымдар барлық жер бетіндегі  тірі организмдеріді үш үлкен болкқа бөледі:

Продуценттер – жер  бетіндегі тірі организмдер жай бейорганикалық қосылыстардан күннің энергиясының әсерімен күрделі органикалық заттар түзеді.

Консументтер – дайын  органикалық заттарды жейтін тірі органикалық организмдер.

Редуценттер – жаны жоқ  органикалық заттарды жай бейорганикалық заттарға айналдыратын тірі организмдер.

Жаны жоқ (өлген) органикалық  заттар – құлаған жапырақтар, бұтақтар, ағаштар, өліктер және т.б.

Осы үш бөлікті экосистеманың  “биотикалық бөлігі” немесе “биотикалық” фактор деп атайды (биота - өмір, өмірлік).

Экосистемаға, организмге әсер ететін ортаның физика-химиялық жағдайлары жатады. Бұл – температура, ылғалдылық, жердің рН-ы, жел, күн сәулесі т.б. факторлар.

Бұлар “абиотикалық” фактор деп аталады. “а” деген ортаның тірі факторы емес деген сөз.

3 этап – ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдардан басталады және қазіргі уақытқа дейін. Экологияның комплексті ғылымға айналу кезеңі. Оның қатарына “адамды қоршаған ортаның табиғатың қорғау” деген ғылымда кіреді.

    Экология– жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады. 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады .

20 ғасырдың 60 – 70-жылдары,  бұған дейін негізінен биолог  мамандардың арасында ғана қолданылып  келген “экология” термині кенеттен  көпшілік арасында ең танымал  терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде ағзалардың қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр..

  Экология – ағзалардың  бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:

 1) ең жалпылама түрде – қоғамның география, әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын зерттейтін ғылыми пән;

2) адамзат қоғамының табиғи  ортамен әсерлесуін және өзара  байланыстылығын зерттеу арқылы  табиғатты ұтымды пайдаланудың  ғылым негіздерін жасайтын, сол  арқылы табиғатты сақтап, адамның  тіршілік ету ортасын оңтайландыруды  көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтіу Экологияның негізгі міндеті – адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;

3) жекелеген әлеуметтік  топтардың табиғатпен қарым-қатынасын қарастыратын адам экологиясының бір бөлігі;

4) адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың түсінуін, жеке тұлға немесе ұжым ретінде әлеуметтік-психология тұрғыдан баға беруін зерттеу.

Зерттеу нысаны ортақ болуына  байланысты әлеуметтік Экология адам Экологиясымен ұштасады. Экологияның негізі биологияда жатқанымен, қазіргі кезде ол шын мәнінде биология шеңберінен шығып, көптеген салалары қолданбалы, экономика, қоғамдық ғылымдарға ұласады. Көпшілік қауымға Экологияның биология негізінен гөрі оның табиғатты қорғау, табиғат қорларын ұтымды пайдалану (табиғатты пайдалану) сияқты қолданбалы қырлары немесе өнеркәсіптік Экология, агроэкология, урбоэкология, адам Экологиясы сияқты салалық бөлімдері көбірек танымал. Экологияның барлық салаларының теориясы негізін құрайтын биология Экологияны немесе жалпы Экологияны айрықша қарастырған жөн. Биологиялық экология – негізінен биол. жүйелерге әсер етуші қоршаған орта факторларының үш тобын (абиотикалық фактор, биотикалық фактор, анторопогендік фактор) және жердегі тірі материяның ұйымдастырылуының төрт деңгейін (дара азғалар деңгейі, популяциялар деңгейі, экожүйелер деңгейі, биосфера деңгейі) зерттейді. Тиісінше, дара ағзаның немесе белгілі бір түрге жататын азғалар тобының қоршаған орта жағдайларымен, әсіресе физикалық ортамен қарым-қатынасын зерттейтін бөлімі аутэкология деп аталады; популяциялардың құрылымы мен сан динамикасы, популяция санының реттелу механизмдері, жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау, шаруашылық мәні бар түрлер мен олардың жекелеген популяцияларын сүйемелдеу немесе керісінше санын шектеу сияқты мәселелермен демэкология (популяциялық Экология) шұғылданады; өсімдіктерден, жануарлардан және микроағзалардан тұратын күрделі жүйелердің құрылымын, дамуын, орнықтылығы мен өнімділігін, аталған азғалар топтарының арасындағы сан алуан әсерлесулерді, олардың бір-бірімен және физикалық ортамен зат және энергия алмасуын зерттеу синэкологияның үлесіне тиеді. Жер биосферасының тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктерін, қалыптасу тарихын, құрылымы мен қызмет атқару заңдылықтарын, адамның шаруашылық және өзге де әрекеттеріне байланысты биосферада болып жатқан өзгерістерді, биосфераның келешегі мәселелерін глобалдық Экология (ғаламдық Экология) зерттейді. Глобалдық Экологияның теориясы негізін В.И. Вернадский тұжырымдаған биосфера туралы ілім құрайды. Қорыта айтқанда, биология пән ретінде, Экологияға әр түрлі деңгейдегі биология жүйелердің қоршаған орта жағдайларымен әсерлесе отырып қалыптасуы, дамуы және тұрақты қызмет атқаруы жөніндегі ғылым деп қарастыруға болады. Оның зерттеу бағыттары ортаға бейімделудің экология механизмдері, популяциялардың санын реттеу, өнімділік процестерін басқару, табиғи және антропогендік ценоздардың орнықтылығы, экологиялық индикация,Экологиялық мониторинг сияқты проблемалар төңірегінде шоғырланады

 


Информация о работе Экология және оның қыскаша даму тарихы