Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 19:09, лекция

Краткое описание

Экология- биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866). «Экология» термині гректің ойдос –үй, тұрақ, мекен және логос-ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым-деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен тұрағы немесе мекенімен байланыса отырып, зерттейтін ғылым.
Э.Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасында кейіннен көптеген толықтырулар енгізе отырып өзінің зерттеулер аясын, мазмұны мен мақсат-міндеттерін кеңейте түсті.

Вложенные файлы: 1 файл

экология.doc

— 58.50 Кб (Скачать файл)

Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе.

 

Экология және тұрақты  даму пәні.Мақсаты мен міндеті.

Экология- биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866). «Экология» термині гректің ойдос –үй, тұрақ, мекен және логос-ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым-деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен тұрағы немесе мекенімен байланыса отырып, зерттейтін ғылым.

Э.Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасында кейіннен көптеген толықтырулар енгізе отырып өзінің зерттеулер аясын, мазмұны мен мақсат-міндеттерін  кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып, адамзат, қоғам, табиғат ортасындағы қарым-қатынасы және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістері адамдардың іс-әрекетімен байланыстыра  отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналады. Экология ғылымының ғылыми деңгейіне көтеріледі.

Экология ғылымының қазіргі  кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценозологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал,антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру , оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология – организмдердің арасында  болатын (түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды  айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

 

Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің  тұрақтылғын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамый-экологиялық тұрғыдан негіздеу.

 

Экология ғылымының  зерттеу нысаны – биологиялық және географиялық микро және макро –экожүйелер (түр, популияция, биоценоз, экожүйелер, т.б) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы).

 

Экология ғылымының  негізгі зерттейтін мәселелері:

  • Организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
  • Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;
  • Табиғи ресурстарды, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
  • Адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
  • Биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
  • Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру;
  • Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру;
  • Экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

 

 

                     Экологияның негізгі бөлімдері.

Экологияның бөлімдері (Аутэкология, демэкология, синэкология)

Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, демэкология және синэкология сияқты бөлімдерге бөлінеді.      

 Аутэкология  – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология терминін 1896 жылы Шретер нақты түрлер экологиясын белгілеу үшін енгізді. Аутэкологияның (грекше autos-өзім) мақсаты  дарақтардың (ағзаның) тіршілік етуінің шегін және физикалық-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді. Аутэкологияны зерттеуде негізгі назар биохимиялық реакцияларға, газ алмасу қарқындылығына, судың алмасуына және ағзаның күйін анықтайтын басқа да физиологиялық үрдістерге аударылады. Сондай-ақ  зерттеулерде маңызды орынды адамның индустриялық іс-әрекеттілігімен байланысқан ортаның ластануының, табиғи және жасанды радиобелсенділіктің ағзаға әсерін зерттеу алады.      

 Демэкология – бір тектес дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі (популяциялар, ішкі популяциялық топтар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын).    

 Синэкология -  өсімдіктердің, жануарлардың, микроағзалардың қауымдастықтарын және олардың мекендеу ортасымен қатынасын зерттейтін экология бөлімі.

Экология ғылымының  зерттеу әдістері

Экологияның зерттеу әдістері: 1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады. 2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын. Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды. Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы — «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңдар, ал 2002 жылы — «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы — Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді. Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды. Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр. Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде: экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады. 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді. Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады. Осы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан — 2030″ Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXІ ғасырдағы Күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді. Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерін кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді. Бірінші кезең (2004 — 2007 жылдар) — қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу. Екінші кезең (2008 — 2010 жылдар) — қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру. Yшінші кезең (2011 — 2015 жылдар) — қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.

Экологиялық ғылымның далалық, лобаториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.

Далалық зерттеу әдістері – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу объектілері – особь, популияция, түр және олардың табиғи бірлестіктері, т.б болуы мүмкін. Кез келген популяциялар тобына экологиялық сипаттама беру үшін физиология, биохимия, анатомия, систематика, биология, география ғылымдарының зерттеу әдістері қолданылады. Сондықтан эколог-жаратылыстану ғылымдарының ғылыми-теориялық негіздері, зерттеу әдістерін толық меңгерген білікті маман болуы тиіс. Өсімдіктер экологиясын зерттеудің өзіндік ерекшелігі бар. Геоботаник В.Н.Сукачевтың ұсынысы бойынша өсімдіктерді зерттеуде оның негзігі ассоциациясы - өсімдіктер жамылғысының бірегей құрылымын көрсететін бірлік.

Ассоциация – белгілі бір әсердің климаты, топырақ, жануарлар дүниесін, биоикемділігі мен көп түрлілігін ондағы бірлестіктердің қарым-қатынасын толық сипаттай алады. Мәселен, жусанды-изенді дала, жусанды-теріскенді дала, қарағай-қайыңды орман т.б. Бірегей ассоциациялар іріленіп формация, формация топтары өсімдіктер типтерін құрайды.

Ассоциацияға экологиялық сипаттама беру үшін кесімді түрге және өлшемге,есепке алынатын алаңдар белгіленеді.Олардың көлемі өсімдіктер тобы үшін 1,10,100 м, ормандар үшін 100-5000м аралығында алынады.

 

Өлшейтін құрал – үшбұрышты немесе шаршы түрінде болуы тиіс. Ал, биомассаны есепке алу 0,25 пен 4м аралығында алынады. Одан әрі өсімдіктердің саны және сапалы құрамы, көп түрлігі, тығыздығы, биоөнімдігі,фенологиясы арустылық реттеулі т.б қасиеттері анықталады.

Өсімдіктер құрылымы сипатталған соң сол жердің (биомез, биоценез, т.б.) геоморфология, физогеографиялық, геоботаникалық құрылымы зерттеледі. Одан соң ассоцияциалық ауыл шаруашылығындағы маңызына баға беріледі. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі сол жердің геоботанкиалық картасын жасаумен аяқталады.

Жануарлар экологиясын  зерттеу күрделі болып келеді. Себебі, жануарлардың көп түрлігі, түрленуі мен оның құрамын анықтау, абиотикалық жағдайлар, биотикалық баланыстар, көбею,

мінез-құлық,миграциясы мен ареалы жылдың әр мезгілінде өзгеріп отырады. Сондықтан жануарлардың популияцияларын зерттеуде жалпы биологиялық әдістер кеңінен қолданылдады. Зерттеудің негізгі қасиеттерін сандық есепке алудың визуальды және инструментальды жолдары бар. Визуальды есепке алуды зерттеуші организмнің белгілі бір көлемдегі (су, топырақ, т.б.) саны, тығыздығы көптүрлілігі анықталады.  Инструментльды есепке алуды арнайы  прибормен құралдар қолданылады. Есептеудің толық және таңдамалы түрлері бар. Экологиялық болжамдар жасау мен маниторинг зерттеу әдістері де жиі қолданылады. Болжамдар жасауда модальдеу принципі арқылы жүзеге асады. Табиғат ресурстарына популяцияларға т.б. объектілерге болжамдар жасаудың халық шаруашылығы мен өндірісті реттеуде маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құлманов  Айбек


Информация о работе Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе