Экология негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

1.Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы
2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары
3.Экологияны дұрыс қорғай білейік

Вложенные файлы: 1 файл

рефераат.docx

— 74.61 Кб (Скачать файл)

1.   Туған өлкеміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жолдар бойы орынсыз пайдаланылуы нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла бастауы .

2.   Республикамыздың көптеген аймақтарында экологиялық апатты  жерлердің, аймақтардың көбейе түсуі.

3.   Өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы.

4.   Экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен тұрмыстық қажеттілік үшін табиғатты пайдалану арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы.

Орта мектептерде  оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше талаптарды қажет етеді.

1.   Оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар мен оқу әдістемелік құралын жасау, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

2.   Мұғалімнің экологиялық білімінің дайындық деңгейі.

3.   Жаратылыстану пәндері бойынша биоцентризм принціпіне негізделген қолданбалы, таңдау курстары арқылы экологиялық білім беру.

4.   Табиғат қорғау мәселелері мен экология бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау шаралары.

5.   Қазіргі техникалық құралдарды, оқытуды компьютерлендіруді және оқытудың интерактивті әдістерін кең түрде қолдану.

6.   Мұғалімдердің тәжірибе, оқу материалдарымен алмасу мүмкіндіктерін туғызу.

7.   Ақпарат жинақтау орталығын құру.

8.   Барлық пән мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдар, оның мәселелері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс.

9.   Мемлекеттік экологиялық саясатты жетік білуі керек.

Экологиялық білім  мазмұнын және ұстанымды зерттеген  И.Д.Зверев оқушылардың экологиялық  жауапкершілігін қалыптастыру үшін:

1.   білімді ізгілендіру ;

2.   экологиялық білімді белсенді ету ;

3.   экологиялық білімді өмірде қолдану ;

4.   білім мен іс-әрекеттің үйлесімділігі;

5.   экологиялық білім беру мазмұнын қалыптастыру керек деп өз ойын тұжырымдайды .

Экологиялық ұғымдар  сабақтастық тұрғыда ғана әрекет етеді. Ол –заңды құбылыс. Өйткені табиғатта  басы артық еш нәрсе болмайды, бәрі де бір-бірімен байланысты түрде  ғана жүзеге асады. Яғни сабақтастық-табиғаттың бір тұтастығы туралы оқушылардың  экологиялық ойлау қабілетін  үнемі дамытып отыратын маңызды  ұстаным. Экологияны оқыту жалпы  жаратылыстану ғылымдарының тәжірибесінен  әдіснамалық теориядан бастау алатыны  сөзсіз. Экологиядан білім беру барысында  оқушыларға берілетін оқу – тәрбиелік  жұмыстарының ең маңызды мақсаттары  мен міндеттерін басшылыққа алу керек . Олар-оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы кеңейтіп ғылымға деген қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін, өз бетінше шешім қабылдау, практикалық іс-әрекеті мен қабілетін дамыту, зерттеушілік қабілетін ашу және жергілікті жердің экологиялық проблемаларын шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру .

Экологиялық білімді  жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның негізгі дидактикалық ұстанымын сақтау керек. Олар негізінен-ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік  ұстанымдар. Оқушылардың экологиялық  білімді игеруі көптеген жағдайларда  оқыту әдіс – тәсілдеріне, эмоционалды  білім берудің деңгейіне, оларды табиғат қорғауға белсенді қатыстыруға  да байланысты. Орта мектепте оқушылардың  тұрақты экологиялық сауаты болуы  үшін белгілі бір табиғат құбылыстарын түсіндіріп, теориялық білімдерін практикалық  жұмыстармен ұштастырған абзал. Таным ықыласын қалыптастыру мақсатында сабақта эмоционалды материалды, жаңа фактілерді қолданған тиімді. Жаңа материалды түсіндіру алдында  проблемалық маңызды сұрақтар қойып, пікірталас тудырудың тиімді екенін тәжірибе көрсетті. Экологиялық білім  берудің ғылыми негізіне ғылым және оқу пәні ретіндегі экологияның  мазмұны, ұғымдары мен заңдары жатады. Оқушыларға экологиялық білім бере отырып, бір мезгілде табиғат қорғауға тәрбиелейміз. Себебі экологиялық білім  мен тәрбие – бір-бірінен айыруға  болмайтын тұтас үдеріс. Жалпы  білім беретін орта мектептегі экологиялық  білім мен тәрбие берудің теориялық  мәселелерін зерттей келе мынадай  басты принциптерге тоқталамыз.

1.   Оқушының  экологиялық білім мен тәрбиесін қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл.

2.   Экологиялық білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі

3.   Оқушылардың қоршаған ортаны оқып үйренудегі және көркейтудегі интеллектуалды және эмоциялық негіздегі іс-әрекетінің бірлігі

4.   Экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік деңгейде қарастыру .

Қазіргі кезде жер  шарындағы жаппай экологиялық апаттардың орын алуы және оның алдын алу мақсатында табиғатты қорғау жұмыстарын жаңа негізде  жетілдірудің қажеттілігі экологиялық  мәселенің өзектілігін көрсетеді. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан- 2030» атты жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту , ауруларды  болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды  шешу қажеттігі атап айтылған. Жолдауда айтылғандай, экологиялық нашар  ахуал бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп болып отырғанын, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың 1/3 сапасыз ауыз суды пайдаланады.

Мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру «Атамекен» (П.Р.Құрсабаев), «Елім-ай» (М.Х.Балтабаев), «Кәусәр бұлақ »(З.Ахметова) бағдарламалары ерекше орын алады. «Атамекен» бағдарламасы жалпы білім беретін  мектептегі оқу-тәрбие процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын қазақ  халқы педагогикасының тәлім-тәрбисінің – ұстанымдарына негізделген  ғылыми-педагогикалық және әдістемелік  бағдарлама . Оның негізгі мақсаты  – оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгідегі жобасын жасау, әрбір мектепте балалар  мен үлкендерді біріктіретін кеңес, топ, бірлестік құру, әрбір мектепте халықтық, ұлттық тарихи – этнографиялық  мұражаймен бірігіп әр жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептік, қалалық, облыстық, республикалық «Атамекен» тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады . Оның негізгі міндеті  26 бағыттан тұрады . 1-11 сынып аралығында қазақ халқының педагогикалық тәлім-тәрбие ұстанымдарын негізге ала отырып жүргізу . Оның 15-ші «Заман-ай» бағытында «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруды қоршаған табиғатты қорғау мәселелері , үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізу болып табылады . Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуді ұйымдастыруда жүргізілетін сыныптан және мектептен  тыс жұмыстардың орны ерекше. Бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білгенде оқушыларға экологиялық тәрбие беру өз нәтижесін беріп, қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік қатынасын қалыптастырып, қастерлеуге , аялауға үйренеді . Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие беру мақсатындағы сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар толықтай кешенді шаралардан тұрады. Мектептен тыс мекемелерде жас натуралистер станциясында, жаздық  лагерьде әр түрлі табиғатты қорғау жұмыстары жүреді . Мұнда оқушылардың қызметінің негізгі бағыттары :

  • Мектеп маңын, шағын аудандарды және территорияларды көгалдандыру;
  • Бағалы жануарлар түрлерін қорғау (барлық құстар мен аңдарды қоректендіру) т.б.

Табиғатты қорғау мақсатындағы оқушылар жұмысынын мынадай түрлері  тараған:

1.   жасыл және көгілдір жасақшылар отряды :

2.   жас орманшы ;

3.   топырақ эрозиясымен күрес отряды ;

4.   табиғаттың жас достар клубы ;

5.   демалыс және еңбек лагері ;

6.   арнаулы экспедиция мен жорықтар .

Сыныптан тыс  жұмыстардан оқушылардың экологиялық  білім мен тәрбиелігін қалыптастыру  мұғалімнің жеке басына , оның жалпы кәсіби білімі мен шеберлігіне және сыныптан тыс түрлі көпшілік қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты . Осылардың бәрі бір-бірімен үйлесімді, байланыста жүру оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие беруге мүмкіндік  береді . Табиғатты оқытып үйретуде  мұғалімдер тек қана сыныптағы сабақпен шектелсе , онда оқушылардың білімін біржақты етеді. Ол міндетті түрде сыныптан тыс жұмыстың, мектептің негізгі міндеттерін шешуге көмегін тигізетін алуан түрлерін қолдануы тиіс . Оның сыныптан тыс жұмысының басты бағыты – бағдарламада қаралған білімді тереңдету балалардың табиғатқа ұқыпты қарауы және пәрменді қорғауға тәрбиелеу. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар жүргізу үрдісінде қарапайым  заңдылықтар анықталады , табиғаттың жекелеген түрлері мен құбылыстарының арасындағы байланыстар анықталады , сан алуан табиғат кешендері қарастырылады. Бұл жұмыс балалардың табиғаттың біртұтастығы туралы түсініктерін кеңейтеді. Балалардың дұрыс дүниетанымының , ғылыми көзқарасының қалыптасуына жағдай жасайды. Мұғалімнің міндеті баланың жан дүниесіне білімқұмарлықтың  , талаптылықтың нәрін себу , балалардың табиғатқа деген тұрақты қызығушылығын, табиғат құбылыстарын зерттей білуге ынтасын қалыптастыру болып табылады .

Мектептен, сыныптан тыс экологиялық  жұмыстар:

1.   Оқушылардың білімі мен тәрбиелігінің дамуы оқу іс-әрекетінде белсенділігін арттыруға, бағдарлама бойынша берілетін экологиялық мазмұндағы материалдарды тез меңгеруіне жәрдемдеседі ;

2.   Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысы оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне мүмкіндік береді;

3.   Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні жоғары . Ол оқушылардың жеке басын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оның байлықтарын қорғау жөніндегі жауапкершілік сезімін қалыптастырып, табиғатқа деген жеке мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге көмектеседі .

Оқушыларға экологиялық  тәрбие беруге байланысты сыныптан тыс  және мектептен тыс жұмыстардың  түрлері өте көп , бірақ олардың  әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері  бола тұрса да бірдей орындалуға тиісті мынадай ортақ ұстанымдар бар :

  • Сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру тек қана ерікті түрде іске асырылады. Жүргізілген қандай жұмыстың түрі болса да оның белгілі бір қоғамдық бағыты болуы керек .
  • Сыныптан тыс жүргізілген экологиялық жұмыс түрін белгілеуде оқушының өзіндік көз қарасына, ұсынысына, қызығушылығына сүйенген жөн .
  • Ұйымдастырылған экологиялық жұмыс түрлері оқушылардың белсенді қатысуына ізденушілігіне бағыттайтындай болуы керек .
  • Жұмыс нәтижелі болуы үшін, оның белгіленген күні, мерзімі, графигі болуы тиіс .
  • Экологиялық тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отырылуы қажет .
  • Сыныптан және мектептен тыс экологиялық тәрбие жұмысына оқушыларды түгелдей қатыстыру жолын қарастыру
  • Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізгенде  оқушылардың психологиялық-физиологиялық  дамуын және жеке бас ерекшеліктерін , қабілеттіліктерін ескеру қажет .

Жақында ғана елімізде экологиялық кодекс қабылданды. Бұл  жерде еліміздегі  бүкіл мәселелерге талдау жасалып алдағы уақытта мемлекеттік тұрғыдан істелетін шаралардың мақсаттары мен міндеттері нақты атап көрсетілген. Экологиялық кодекс 9 бөлім , 47 тарау және 326 баптан тұрады . Кодекстегі мұғалімдер мен тәрбиешілер  үшін  ең қажеттісі 7 бөлім. Бұл бөлім «Қоршаған ортаның қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық» деп аталған.

ҚР-ның экологиялық  кодексінде тағы бір ерекше алға қойған міндеттердің бірі – оқытушы кадрларының  біліктілігін арттыру арқылы экологиялық   білім берудің сапасын жақсарту. Бүгінгі таңда экологиялық кодекс барлық білім беру жүйелерінде кеңінен талқылануда. Ондағы көрсетілген шараларды барлық мекемелер қызу қолдауда. Біздің міндетіміз – жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру, сөйтіп, өз жұмыстарымызда экологиялық кодексте айтылған міндеттерді үнемі басшылыққа алып отыру

Соңғы жылдары дүние  жүзінде экологиялық жағдайлар  шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері  бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі — жер  шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Оның үстіне, XX ғасырда адам ғылым  мен техниканы игеру жағынан  да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге  жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.

Әлемдік экологиялық  мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі — биосфераның ластануы. Ластану  — жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі  мен экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі  мұндай өзгерістер ірі дауылдар, су тасқындары, жанартау атқылауы, жер  сілкіну, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі, куаңшылык, өрт сиякты апаттарға апарып соғуда. Адамның табиғатты озгертуге  байланысты іс-әрекеттері ғалам-шардагы  тіршілік үшін кауіл тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жакындады.

Табиғат шектен тыс  еркіндік пен кездейсоқтыкты көтермейді. Өз кезегінде табиғат та адамның  жіберген кателіктеріне жауап ретінде  экологиялык апаттарды «сыйға»  тартады. Мысалы, коршаған ортаның химиялык ластануынан жер шарында «жылу  эффектісі», «озон тесігі», «қышқыл  жаңбырлар», «фотохимиялық у түтін» сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселелер  жиі байқалып отыр. Аталған апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты  тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың  өзгеру қаупін туғызуда. Ол соңғы жылдары  жиі болып отырған куаңшылық, шөлейттену, құрлықтағы су айдындарының тартылуынан байқалады. Мысалы, адам Қарабұғаз көлді Каспий теңізінен  топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз  деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Алайда құрғап қалған шығанақтың айналадағы ортаға, жалпы шаруашылық салаларына зиян келтіретіні ескерілмеді. Кейіннен, 25—30 жыл өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялык  даму заңына тәуелді екені айқындалды. Ғасырлык геологиялық айналымға  сәйкес әр 60—80жыл сайын теңіз  деңгейінің көтерілуі немесе төмендеуі  табиғат заңы болатын. Ал құрғап қалған шығанақ түбінен атмосфераға  жыл сайын 120—140 млн т натрий сульфатының  тозаңы көтеріліп, тек Түрікменстан мен Қазакстан ғана емес, сондай-ақ Ресей, Кавказ, Орта Азия, Түркия, Иран, Қытай, Монголия мен Еуропаның бірқатар елдері химиялық ластанып отыр. Әсіресе  Қазақстанға үлкен экономикалық зиян келтіруде. Соның салдарынан егіннің  түсімділігі мен мал шаруашылығының өнімділігі төмендеп, халық арасында түрлі аурулар көбейіп кетті. Каспий теңізінің деңгейі қайта  көтеріліп, жағалауды су баса бастады. Кейін топырақ қамал алынып, теңіз  суы шығанаққа жіберілді.

Бұл мәселелер Арал теңізіне де тән. Адамның іс-әрекетінен Арал теңізі жарты ғасырдан бері тартылып бара жатыр. Арал апаты ғаламшарлық  сипат алуда. Оның зиянды әсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекеттер сезінуде. Сондықтан да Арал мәселесіне Германия, АҚШ, Жапония, т.б. елдердің араласуы тегін емес.

Информация о работе Экология негіздері