Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 15:21, реферат
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты – саяси экономия.
Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.
Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму сатылары.
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты – саяси экономия.
Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.
Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық
дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық
теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім
мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта
алмайды. Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың
табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара
әсер етуімен байланысты мәселелерді
шешуге бейімделген мақсатты талаптарының
(әрекеттерінің) нәтижесінде пайда болады.
Бұны толығынан экономиканы зерттейт
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі
және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті
және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын
жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық
ғылым осылардың біреуі болып табылады.
Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне
заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, И
Көне Рим ойшылдары Сенека (4—65 б.д.д. жж.), Лукреций Кар (39~55 б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. "Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болды (грекше: "политейя"— қоғам, "ойкос"— үй, шаруашылық, "номос" — заң). Сонымен. саяси экономия — қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.
Экономикалық ғылым —
ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы
рет "экономия" ("ойкономия")
термині біздің дәуірімізге дейін ІІІ
ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт
(б.д.д. 430-355 жж.) және Аристотель б.д.д. 384-322
жж.) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде -
(үй шаруашылық) деп Аристотель. Құлиеленушілік
шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы
ұсыныстар жиынтығын түсіндіру.
Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізгі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек,жалпы адамзаттық көзқарасапен
бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі
жағдайды айтпағанның өзінде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзін де «жұмақ» орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал «социализмнің саяси экономиясы» туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген «социализм» сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған , зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өндірісте , бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметің зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан
Республикасы саяси
Қазақстан Республикасы алдындағы
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт – аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Траихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып,оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды – заттай жүргізілді. «Экономика» термині сонау ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос» - үй, шаруашылық, «комос» - заң. Яғни шаруашылықты (үйлерді) жүргізудің заңдары, шарушылықты пайдалана
бөлудің, ұлғайтудың тәсілдері.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI – XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте
жанданған. Еліміздің Солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-
өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнің «Экономикалық кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржуазиялық саяси экономиканың көрнекті екілдері У. Петти, А.
Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып
келе жатқан капиталистік
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап керсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия – еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап:
біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат – қаналаушы тап өмір сүреді. Мракстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалситік өндіріс орнауы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Сонымен бірге ХХ ғасырдың екіншіжартысынан
бастап капиталистік дүниеде де елеулі
өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер
(АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия),
соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур,
Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы
ғылыми-техникалық ркволюцияға бейімделіп,
әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану
нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін
айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде
еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың
тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды
басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы
сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің
әсерінен деуге болады. Себебі социалистік
қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары
капиталистік елдерге әсерін тигізбей
қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді
ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай
туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының
өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін
шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне,
өндірісте жаңа техника, технологияны
енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі
ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі
дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте
жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де
бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі
дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты
Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар
10-12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия
емес. Капиталистік дамыған елдердің артта
қалған, бұрыш отарлық тәуелділікте болған
халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан
түсірген пайдасын айтпасқа болмайды.
Ресейдегі 1917 жылғы Қазан теңкерісі экономикалық
жағышан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.
Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму сатылары